ПЛАТФОРМАЛЫҚ БАГАЖДЫ РЕСІМДЕУ ТӘРТІБІ
125. Тарифтік емес тоқтау пункттерінен (багажды қабылдау мен беру бойынша операцияларды орындамайтын станциялар) кез келген тарифтік станциясына дейін және керісінше багажды тасымалдау жол жүру барысында асқынжүксіз жүзеге асырылады.
126. Тарифтік станциялар қатынасынан тарифтік емес тоқтау пункттеріне дейін (багажды қабылдау мен беру бойынша операцияларды орындамайтын станциялар) багаж жөнелтілген кезде жөнелту станциясы жөнелтушіге багаж квитанциясын береді, онда багаждың тағайындау пункті мен тоқтау пунктінен кейінгі тарифтік станция көрсетіледі және осындай пунктте багаж түсірілуге жататыны туралы белгі жасалады.
Қабылдап-тапсырушы тоқтау пунктінде осы поездың аялдау уақыты ішінде тікелей багаж вагонынан багаж квитанциясының орнына багажды береді.
Алушы тоқтау пунктінде багажды алу үшін багаж вагонына немесе ӘБВ-на келмеген, алудан бас тартқан, багаж зақымдалған немесе ішінара жетіспеген жағдайда багаж түсірілмейді және багаж квитанциясында көрсетілген тарифтік станцияға жеткізіледі, онда ол жалпы негіздерде беріледі.
127. Багажды тоқтау жолаушы пунктінен поездың жүру барысындағы кез келген тарифтік станцияға дейін жөнелту кезінде жөнелтуші осы поездың тұруына кестеде рұқсат берілген уақыт ішінде поездарда жүкті және багажды қабылдап-тапсырушыға тікелей багаж вагонына немесе "әмбебап багаж вагонына" тапсырады.
Багажды бақылау куәлігінде қабылдап-тапсырушы жөнелтушіге белгіленген нысандағы таңбаны береді және жіберіліп отырған багажға таңба талонын қоса тіркейді.
Төлемдер тасымалдаудың нақты қашықтығы үшін белгіленген багаж тарифі бойынша есептеледі және багажды беру кезінде алынады. Осы жағдайда багажды тағайындалған станциясының қызметкерлері багаждың салмағын анықтағаннан және әр түрлі алымдар квитанциясы немесе МД-4 нысанды квитанция бойынша барлық төлемдер алынғаннан кейін таңбаны ұсынуы бойынша береді. Багаждың салмағын және квитанцияның нөмірін станция таңбада көрсетеді.
Жолаушы тоқтау пункттерінен жолаушы тоқтау пункттеріне дейін багажды тасымалдау жүргізілмейді.
Жолаушы тоқтау пункттерінен жөнелтілетін багаждың құндылығы жарияланбайды.
128. Егер багаж қабылданған поезбен багаж келмеген жағдайда, жолаушы (жөнелтуші) тарифтік станцияға багаж квитанциясын немесе таңбаны ұсынуға міндетті, оның айналым жағында ұсынудың жылын, айын және санын көрсетумен күнтізбелік мөрқалып қойылады.
Тасымалдаушының кінәсы бойынша тағайындаудың тоқтау пунктінде багаж түсірілмеген және ол тарифтік пунктке дейін апарылған жағдайда багаж жолаушының (жөнелтушінің) талабы бойынша тоқтау пунктіне ақысыз қайтарылады.
Осы жағдайда багажды жеткізу мерзімі бұзылған болса, тасымалдаушы Заңға сәйкес айыппұл төлейді.


Платформалық багажды ресімдеу тәртібі (39.16 KB)

