Менің досым. Антоним
6- сынып (орыс мектебі)
Сабақтың мақсаты:
Оқушылар сабақ соңында дос, достық туралы сөздерді үйренеді, пікір алмасады, жаңа сөздерді үйренеді, антоним сөздерді практикада қолданады.
Күтілетін нәтиже:
Жаңа сөздерді үйренеді, антоним сөздерді меңгереді, өз ойларын ортаға салып, сыни тұрғыдан а талдау жасайды, еркін сөйлеп ойын жеткізе алады.
Сабақ түрі:
Жаңа сабақ.
Тапсырмалар: топтық жұмыс, ,жеке жұмыс .
Керекті жабдықтар: Оқулық, дәптер, постер, маркер, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңдері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе
Білім
Түсіну
Қолдану
Талдау
Сабақты бағалау
Үй тапсырмасы
| Миға шабуыл. Оқушылармен амандасу Көңіл – күйлерін түрлі смайликтерін арқылы білу. Топ ережесін пысықтау. Үй тапсырмасы. І топ.Мәтін бойынша өз ойларын айтады. ІІ топ. Мәтін бойынша жуан, жіңішке сұрақтар дайындайды. Балаларға сұрақ қоямын. Сенің досың бар ма? Ол кім? Ол қандай? Дос қандай болу керек? Бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай болмақ болып тұр?
Екі топқа екі түрлі тапсырма беремін. 1)Дос қандай болу керек. 2)Достардың жағымды, жағымсыз қасиеттері. Достардың жағымды , жағымсыз қасиеттері болады, балалар бұл сөздер бір – біріне мағыналас сөздер ме, мәндес сөздер ме, қандай мағына білдіріп тұр деген сұрақ қоямын. Қазақ тілінде мұндай сөздерді қандай сөздер антоним сөздер деп атаймыз. Тағы мысалдар сұраймын.
І – топқа мақал – мәтел беремін. Көп біл, аз сөйле. Жас – кәрінің көзі. Кәрі – жастың көзі Әдепті бала – арлы бала, Әдепсіз бала – сорлы бала Ер жігіт ел үшін туады, Ел үшін өледі. Алыстағы дұшпаннан Аңдып жүрген дос жаман. Ескі дос келгенде Жаңа достың көзінен жас шығады. ІІ – топқа мәтін беремін. Анардың достары. Анардың екі дос қызы бар. Біреуі – Айжан, екіншісі – Сәуле. Анардың шашы ұзын, бойы кішкентай. Ал Сәуленің бойы орташа , шашы қысқа. Сәуле бір жасқа үлкен, ал Айжан бір жасқа кішкентай. Олар ешқашан араздасқан емес. Үшеуі үнемі тату. Олар мектептен кейін би үйірмесіне бірге барады. Сәуле шахмат т ойнағанды ұнатады. Айжан шахмат ойынын ұнатпайды. Айжанның сөмкесі ақ, Айжанның сөмкесі қара.
Эссе «Дос қандай болу керек?»
Оқушылар сабақ соңындағы көңіл – күйлерін білдіреді. Рефлексия. 1. Бүгін мен ........ білдім. 2. Маған ...... қызық болды. 3. Маған ....... қиын болды. 4. Мен...... екендігін түсіндім.
Критериалды бағалау «5»- үй тапсырмасын орындаса, топтық жұмыста белсенділік танытса, мақал – мәтелмен дұрыс жұмыстанса, мәтінмен жұмыстанса, эссе жазса. Мәтінді мазмұндау, ІІІ деңгей. | Көңіл – күйлерін смайликтер арқылы көңіл – күй экранына көрсетеді, түстер арқылы топқа бөлінеді.Үй тапсырмасы бойынша өз ойларын айтады, жуан, жіңішке сұрақтар дайындайды. Оқушылар сұрақтарға жауап береді.
Дос, немесе менің досым
Екі топ постер жасап, оны қорғайды. Бұлар бір – біріне қарама – қарсы мағына білдіріп тұр. Антоним сөзге мысалдар айтады.
Мақалдардың ішінен антоним сөздерді тауып, орыс тіліне аударады.
Мәтін ішінен антоним сөздерді тауып, орыс тіліне аударады.
Оқушылар 5 минуттық эссе жазады. |