Меню
Разработки
Разработки  /  Право  /  Планирование  /  Прочее  /  План конспект занятия по дисциплине "Уголовное право"

План конспект занятия по дисциплине "Уголовное право"

Состав преступления представляет собой совокупность объективных и субъективных признаков, закреплённых в уголовном законе, которые в сумме определяют общественно опасное деяние как преступление. Признаки состава преступления закрепляются в нормах общей и особенной части уголовного права. Их можно условно разделить на четыре подсистемы: признаки объекта, субъекта, объективной и субъективной стороны преступления.

Наличие в деянии всех признаков некоего состава преступления является основанием для признания его преступным и привлечения совершившего его лица к уголовной ответсвенности; отсутствие хотя бы одного из них означает, что отсутствует и состав преступления в целом, а деяние при этом признаётся не преступным.

18.04.2018

Содержимое разработки

Сабақтың тақырыбы: «Қылмыс, қылмыс құрамы»

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларға қылмыс ұғымын, қылмыс құрамын түсіндіру.

  2. Оқушыларда материалистік – диалектикалық көзқарас қалыптастыру.

  3. Оқушыларды тәртіпке, Отансүйгіштікке тәрбиелеу

Сабақ түрі: конференция

Сабақ барысы:

1- баяндама. Қылмыстық құқықтағы қылмыс түсінігі

Қылмыстық құқық дегеніміз — құқық саласының негізгі түрлерінің бірі ретінде қылмыстың түсінігі мен белгілерін, қылмыс үшін қылмыстық жауаптылықтың негізі мен шектерін, сондай-ақ қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың шарттарын анықтайтын кұқықтық нормалардың жиынтығы.

Қылмыстық құқық міндеттері — әлеуметтік құндылықтарды қорғау және қылмыстардың алдын-алу, болдырмау болып табылады. Қылмыстың алдын-алу заңда көзделген жеке мақсаттардың бірі қылмыстан сақтандырумен тығыз байланысты әрі онымен шарттас. Осы екі міндеттің мазмұны қоғамдық қатынастарды қорғауды, басқа жаңа қылмыстарды болдырмауды, қылмыс жасаған тұлғаға ықпал ету шараларын қолдануды сипаттайды.

Қылмыстық Кодекс 1997 жылы шілде айының 16 жұлдызында Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексі қабылданып, ол 1998 жылы 1 қаңтардан бастап заңды күшіне енді. Аталған Қылмыстық кодекстің 3-бабында қылмыстық жауаптылықтың негізін былай анықтайды: қылмыс жасау, яғни қылмыстық заңда көзделген қылмыс құрамының барлық белгілері бар әрекет қылмыстық жауаптылықтың бірден-бір негізі болып табылады.

Қылмыс — Қылмыстық кодексте жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты қоғамдық қауіпті әрекет (іс-әрекет немесе әрекетсіздік) қылмыс деп аталады.

Жасалған әрекетті қылмыс деп тану үшін оны қылмыстық заң нормаларында бекітілген тиісті қылмыс құрамдарымен салыстыру қажет.

Егер қылмысты жасау — қылмыстық жауаптылыққа тартуға іс-жүзінде негіздеме бола алса, қылмыс құрамы — оның заң жүзіндегі негіздемесі. Бұл екі негіздеме өзара тығыз байланыс­ты, екеуі бір бүтінді құрайды. Қылмыс құрамы заң бойынша анықталмаса, қоғамға қауіпті әрекет қылмыс болып саналмайды, қандай да бір қылмыс құрамының нышандарының болуы, егер жасалған әрекетте осы нышандар болмаса, қылмыстық жауапқа тартуға негіз бола алмайды.

Қылмыс құрамының негізгі белгілері:

1) қылмыстың объектісін сипаттайтын белгілер: қылмыстық қол сұғушылықтан қылмыстық заң бойынша қорғалатын қоғамдық қатынас;

2) қылмыстың объективтік жағын сипаттайтын белгілер: объектіге зиян тигізетін немесе зиян тигізу қаупін тудыратын қоғамға қауіпті іс-әрекет;

3) қылмыстың субъективтік жағын сипаттайтын белгілер: кінә, қасақаналық, абайсыздық;

4) қылмыстың субъектісін сипаттайтын белгілер: жеке тұлға, есі дұрыстық, қылмыстық жауаптылық жасы, арнаулы субъекті. Қылмыс құрамының осы негізгі белгілері кез келген қылмыс құрамында болады және олардың біреуінің болмауы қылмыс құрамының жоқтығын көрсетеді. Жоғарыда аталған қылмыстың объектісін және объективтік жағын сипаттайтын белгілер қылмыстың объективтік ақиқаттылығын көрсетеді, сол себепті қылмыс құрамының объективтік белгілері деп аталады.

Қылмыстың объектісі — қылмыстық қол сұғушылықтан зиян келетін иемесе зиян келуі мүмкін қоғамдық қатынастар. Біздің ойымызша, кейбір заң әдебиеттерінде көрсетілген: «Қыл­мыстың объектісі дегеніміз сол қылмыстық әрекеттің неге бағытталғанын айтамыз» деген көзқарастармен келісуімізге болмайды. Өйткені, «бағытталған» деген термин арқылы абайсызда жасалатын қылмыстың объектісін анықтауға болмайды. Тіпті қасақана жасалатын қылмыстардың өзіне кінәлінің қылмыстық жүріс-тұрысының бағытталуы нақтылы кол сұғушылықпен үйлесе бермейді. Кез келген қылмыс материалдық игіліктерге емес (заттар, ақша), т.б. қоғамдық қатынастарға қол сұғады. Ол қоғамдық қатынастар әрекет етуші қылмыстық заңмен қорғалуы қажет (ҚР ҚК 2-бабы). Қылмыскер қауіп төндірген қоғамдық қатынастың сипатына қарай, қылмыстың қоғамға қауіптілік си-паты анықталады. Қоғам ушін қылмыстың объектісі неғұрлым құнды болса, соғұрлым жасалатын қылмыстың ауырлығы да көп болады. Қылмыстың объектісі дегеніміз — кінәлі қылмыстық қол сұғушылық жасаған, қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастар болып табылады.

Қылмыстың объективтік жағы қылмысты істеген адамның мінез-құлқының сыртқы көрінісін білдіреді. Объективтік жақ ең алдымен, қоғамға қауіпті мінез-құлық актісінің сыртқы көрінісі, ол адамдардың әрекеті немесе әрекетсіздігі арқылы көрініс табады. Қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік нысандары мен түрлері қылмыстың заң тұжырымдарында әр түрлі және жан-жақты. Бірқатар қылмыстың объективтік жағын сипаттауда оның міндетті белгілеріне уақыт, орын, жағдай, қылмысты жасау тәсілдері де жатады. Қылмыстарды ажыратып жіктеуде, оның қоғамға қауіптілігінің дәрежесін белгілеуде, қылмысты саралауда объективтік жақтың осы белгілерінің маңызы өте зор.

Қылмыстың субъективтік жағын және субъектісін сипаттайтын белгілер қылмыс жасаған адамның субъективті ерекшелігін көрсететіндіктен, қылмыс құрамының субъективтік бел­гілері деп аталады.

Субъективтік жақ қылмыстың ішкі жағын, мәнін және мазмұнын сипаттайды. Қылмыс жасаған адамның ішкі дүниесінде, оның еркімен санасын- да өтетін психологиялық процестің көрінісі. Демек, қылмыстың субъективтік жағы бұл негізінен адамның психикалық іс-әрекетінің қылмыс істеуге тікелей байланысты жағының көрінісі болып табылады. Субъектив­тік жақтың белгілеріне кінә, ниет және мақсат жатады. Кінә кез келген қылмыс құрамында болғандықтан, ол қылмысты саралаумен тығыз байланысты. Ал кейбір қылмыс құрамының субъ­ективтік жағының белгілеріне қылмыстың ниеті мен мақсаты жатады.

Қылмыстың субъектісі дегеніміз — қоғамға қауіпті іс-әрекетті жасаған және заңға сәйкес сол үшін мемлекеттің алдында қылмыстық жауаптылықты көтеруге қабілеті бар адамды айтамыз. Қылмыс субъектісін сипаттайтын белгілерге жеке тұлға, ақыл-есі дұрыстық, қылмыстық жауаптылық жасына жету, яғни 16 жасқа толу жатады (кейбір қылмыстар үшін 14. 18 жасқа жету міндетті). Көрсетілген белгілермен қатар, арнаулы белгілерді қажет ететін адам қылмыстың арнаулы субъектісі бо­лып табылады.

Қылмыс құрамының элементтерінің әрбір кезге сәйкес тән белгілері болады. Кейбір ғалымдар мұндай белгіні «түрлік белгі» деп атайды. Қылмыс құрамына мұқияттылықпен таңдап алынған түрлік белгілер ғана қосылады.

Түрлік белгілер дегеніміз — барлық қылмыстарға ортақ, олардың қоғамға қауіптілігі және құқыққа қайшылығын білдіретін жиынтығының көрінісі болады.Түрлік белгіге жатпайтын тек қана жекелеген қылмысқа тән белгілер қылмыс құрамына қосылмайды. Сондықтан олар қылмыс құрамынан тысқары болады да, осыған байланысты қылмысты саралау үшін маңызы болмайды. Мысалы, біреудің мүлкін ұрлағанда (ақша, зат, құжат т.б.) немесе ол ұрлықтың қашан болғаны қылмысты саралауға әсер етпейді. Түрлік белгі сол немесе басқа қылмыстың міндетті белгілері болып табылады. Осы түрлік белгінің біреуі жоқ болса, онда қылмыс құрамы да болмайды. Қылмыс құрылымының арнаулы (факультативті) белгілері бола­ды. Бұл белгілер бір құрылымдар үшін міндетті, екіншілері үшін міндетті емес болып табылады, яғни бұл заң шығарушының кейбір қылмыс құрамдарын сипаттау үшін қолданылатын бел­гілер. Оған: қылмыстың зардабы, уақыты, орны, қылмыс істеу тәсілі, құралы, қылмыстық ниет, мақсат, қылмыстың заты, қылмыстың арнаулы субъектісі жатады. Бұл белгілер қылмыс құрамында аталып көрсетілсе, онда олар сол құрамның қажетті белгілері болып табылады. Қылмыс құрамында көрсетілмеген жағдайда, олар қылмысты саралауда әсер етпейді, тек қана жаза тағайындалғанда есепке алынады.

2- баяндама. Қылмыс ұғымы

Занды бұзу фактілері, қылмыс жасау, мүлікті ұрлау, эко­номика аясындағы қылмыс, лауазымдық қылмыстар сияқты қауіпті қылмыс түрлері мейлінше кең тараған. Бұлар мемлекет, қоғам үшін қауіпті. Сондықтан да қылмыспен аяусыз күрес жүргізу өзекті мәселе болып қалып отыр.

Қылмыстық заңның өзіндік міндеттері жеке адамды, оның құқықтары мен бостандықтарын, меншігін, табиғи ортасын, қоғамдық және мемлекеттік мүдделерді, барлық құқық тәртібін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау болып табылады.

Қылмыс дегеніміз — Қылмыстық Кодексте жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты қоғамдық қауіпті әрекет (іс-әрекет немесе әрекетсіздік). Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің Ерекше бөлімінде көзделген қайсыбір әрекеттің белгілері формальды болса да, бірақ елеулі маңызы болмағандықтан қоғамдық қауіпті емес, яғни жеке адамға, қоғамға немесе мемлекетке зиян келтірмеген және зиян келтіру қаупін туғызбаған іс-әрекет немесе әрекетсіздік қылмыс болып табылмайды (ҚК, 9-бап). Осы анықтамадан көрініп тұрғандай, қылмысқа қоғамдық қауіптілік және құқық бұзушылық сияқты манызды белгілер тән.

Қоғамдық қауіп дегеніміз - қылмыстың әлеуметтік мәні, оның материалдық белгісі ашылатын жағдай. Егер де теріс әре­кет қоғамдық бар қатынастарға нұқсан келтіріп, өзінің сипаты бойынша халық мүддесіне қайшы келсе, ол қоғамдық тұрғыдан қауіпті.

Қылмыс құқықтың, белгілі бір нормасын бұзатын іс-қимыл, сондықтан да ол заңсыз. Егер де істелген іс-қимыл қылмыстық заңда көзделген болса, ол қылмыс деп танылады.

Қылмысты тәртіпсіздіктен және басқа да құқық бұзушылықтан ажырата білу керек. Мұндай шек қоюшылық проблемасының тәжірибелік маңызы зор: оған адам тағдыры, қылмыстық істің әділ шешілуі тікелей байланысты. Қылмыстың тәртіпсіздіктен айырмашылығы мынада, ол мемлекеттік тұрғыдан ерекше қорғалатын қоғамдық қатынастарға айтарлықтай елеулі зиян әрі нұқсан келтіретіндіктен, қоғамдық қауіпті әре­кет болып табылады. Сондықтан да онымен күресте қылмыстық-құқықтық шаралар қолданылады.

3 – баяндама. Қылмыстық заң және құқықтық кылмыстың негізгі ұғымдары

Қылмыстық кұқықтың деректік көздеріне әр түрлі қылмыс­тық заңнамалар жатады. Солардың ішінде ерекше орын алатын қылмыстық заң. Қылмыстық заң жасалған қылмыс үшін қылмыстық жауаптылықты белгілейтін, мемлекеттік биліктің жоғарғы органдарының нормативті актісі. Қылмыстық заңнама мем­лекеттік биліктің құзыретті органдары қабылдайтын қылмыстық-кұқықтық актілердің жиынтығы. Қазақстан Республикасы Конс-титуциясының 61-бабына сәйкес біздің елімізде заңдарды қабылдау Қазақстан Республикасы Парламентінің құзыретінде. Қыл­мыстық заң кылмыстық құкықтың негізгі дерек көздерінің бірі. Сондықтан басқа да қылмыстық-құқықтық нормативтік актілер (Конституция мен халықаралық шарттан басқа) тек осы қылмыс­тық заңға сәйкес келу керек. Қазақстан Республикасында қыл­мыстық заңның ең маңыздысы 1997 жылы 16 шілдеде қабылданған Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі.

Кылмыстық құқық қылмыстық заңнаманың міндеттері мен қағидаттарын, қылмыс ұғымын, қылмыстық жауапкершіліктің негізін, қылмыстың түрлері мен белгілерін, жазаны, қылмыстық жауапкершілік пен жазадан бостудың негіздерін анықтайтын заңды нормалардың жиынтығы.

Мемлекеттің, жеке және занды тұлғалардың мүдделерін қыл­мыстық қол сұғудан қорғау барысында туатын қоғамдық қатынастар қылмыстық құқықтың пәні болып табылады.

Қылмыстық құқықтың субъектісіне қылмыс жасаған жеке тұлғалар мен мемлекеттің құзыретті органдары (тергеу, проку­ратура, сот т.б.) жатады. Аталған субъектілердіңөзара құқықтары мен міндеттері осы қатынастың мазмұнын құрайды. Мем­лекеттің құзыретті, құқық қорғау органдары қылмыс жасаушыларды жауапқа тартуға құқы бар әрі міндетті. Сол сияқты қыл­мыс жасаған субъектіде заң алдында жауап беруге міндетті. Сонымен бірге жауапқа тартылған қылмыс жасаушының құқықтары бұзылмай, заң бойынша сақталуы қажет.

Қылмыстық құқықтың жүйесі жалпы және ерекше сияқты екі бөлімнен тұрады. Жалпы бөлімде ерекше бөлімнің баптарын дұрыс түсініп, қолданудың жалпы ережелері мен институттары, тұлғаның қылмыстық жауапкершілігі туралы мәселелер, қыл­мыстық заңнаманың міндеті, қылмыстық жауапкершіліктің негіздері, қылмыстық заңның әрекеттік шегі, қылмыстың, жа-заның жалпы ұғымы, жаза тағайындау, жаза мен қылмыстық жауапкершіліктен босату тәртібі жайындағы мәселелер көрсе- тіледі.

Ерекше бөлімде қылмыс және оның белгілері деп саналатын әрекеттерді көрсететін нормалардың жиынтығы шоғырланған.

Қылмыстық құқықтың міндеттері: адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, меншікті, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығын, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау, бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігін қорғау, сондай-ақ қылмыстардың алдын алу болып табылады. Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін қылмыстық жауаптылық негіздері белгіленеді, жеке адам, қоғам немесе мемлекет үшін қауіпті қандай әрекеттер қылмыс болып табылатыны айқындалады, оларды жасағаны үшін жазалар мен өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шаралары белгіленеді.

Сонымен, қылмыстық заңнамалардың төмендегідей 3 міндетін атап көрсетуге болады: 1) қорғау; 2) аддын-алу (профи­лактика); 3) тәрбиелік.

Қорғау — қылмыстық-құқықтық шараларды қолдана отырып қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау міндеті. Ол үшін қылмыстық заң қылмыстық әрекеттердің шеңберін, түрін және оған қолданылатын жазаның мөлшерін анықтайды.

Алдын-алу (профилактика) міндеті қылмыстың алдын алу, оны болдырмаудың жолдарын қарастыру немесе қылмыс жасаған тұлғаның қайта қылмыс жасамауының алдын алу. Бұл мақсаттар әр түрлі қылмыстық-құқықтық шаралар қолдану арқылы іске асырылады.

Тәрбиелік міндетті қылмыстық құқықтың барлық институттары мен нормалары атқарады (жаза, қажетті қорғаныс, мәжбүрлі қажеттілік т.б.)

Қылмыстық құқықтың қағидаттары деп мемлекеттің қыл­мыстық құқық саласындағы саясатының, қылмыспен күресудің іс жүзіндегі құралдарынын мазмұнының негізіне қойылған тіректі мұраттар мен бастамаларды айтамыз.

Сондай қағидатгардың бірі заңдылық қағидаты. Оның мәні қылмыстық әрекет пен жаза тек қана қылмыстық заңмен анықталуы керек. Әрекет не әрекетсіздік қоғамға қаншама қауіпті болса да, егер оларда қылмыстың құрамы болмаса тұлғаны қыл­мыстық жауапкершілікке жасанды түрде тартуға болмайды.

Азаматтардың заң және сот алдында теңдігі қағидаты. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 14-бабында көрсетілгендей, қылмыс жасаған адамдар шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және муліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, сеніміне, қоғамдық бірлестіктерге қатыстылығына, тұрғылықты жеріне немесе өзге де кез келген мән-жайларға қарамастан заң алдында бірдей.

Тек қылмыстық әрекеті не әрекетсіздігі үшін кінәлі болған тұлғаны ғана қылмыстық жауапка тарту қағидаты. Адам соларға қатысты өз кінәсі анықталған қоғамдық қауіпті әрекеті (іс-әрекет немесе әрекетсіздігі) және пайда болған қоғамдық қауіпті зардаптар үшін ғана қылмыстық жауапқа тартылуға тиіс. Объективті айыптауға, яғни кінәсіз зиян келтіргені үшін қыл­мыстық жауаптылыққа жол берілмейді. Қасақана немесе абайсызда әрекет жасаған адам ғана қылмысқа кінәлі деп танылады. Абайсызда жасалған әрекет Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті бабында арнайы көзделген жағдайда ғана қыл­мыс деп танылады.

Келесі қағидат есі дұрыс, Қылмыстық кодексте көрсетілген жасқа толған жеке адам ғана қылмыстық жауапқа тартылуға тиіс. Есі дұрыс емес, жасы Қылмыстық кодексте белгіленген жасқа толмаған адам қылмыстық жауапқа тартылмайды.

Негізгі қағидаттардың бірі әділеттілік қағидаты. Оның мәні соттар жасалған қылмыстың қоғамдық қауіптілігін, сотталушының жеке басының, оның кылмыс жасағанға дейінгі және қылмыс жасағаннан кейінгі мінез-құлығы ерекшеліктерін, қылмысты ауырлататын және жеңілдететін жағдайларды, отбасы жағ-дайларын ескере отырып жаза тағайындаулары кажет.

Қылмыстық құқықтың тағы бір қағидаты ол ізгіліктік қағидат. Ізгілік адамды адам, кісі, тұлға ретінде тану, оның ар-ожданын, намысын, қадір-қасиетін, бақытқа, жақсылыққа, өркениетке ұмтылуын сыйлау, мойындау. Сондықтан, жаза тағайындау барысында ізгілік қағидатына сүйене отырып жасалған қылмысқа тиісті жазадан жұмсақтау жаза тағайындау.

4 – баяндама. Қылмыстық - құқықтық қатынастар.

Қылмыстық іс-қимылдардың, қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату, дәргерлік сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану барысында қалыптасады. Қылмыстық кодекстің 9-бабында көрсетілгендей, Қылмыстық кодексте жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты қоғамдық қауіпті әрекет (іс-әрекет неме­се әрекетсіздік) қылмыс деп танылады. Қылмыстың төмендегідей 4 белгісі бар: қоғамдық қауіптілігі, құқыққа қарама-қайшылығы, кінәлілігі, қылмыстық жауаптылығы.

Кінә. Адам соларға қатысты өз кінәсі анықталған қоғамдық қауіпті әрекеті (іс-әрекет немесе әрекетсіздігі) және пайда бол­ған қоғамдық қауіпті зардаптар үшін ғана қылмыстық жауапқа тартылуға тиіс. Объективті айыптауға, яғни кінәсіз зиян келтір­гені үшін қылмыстық жауаптылыққа жол берілмейді. Қасақана немесе абайсызда әрекет жасаған адам ғана қылмысқа кінәлі деп танылады. Абайсызда жасалған әрекет Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті бабында арнайы көзделген жағдайда ғана қылмыс деп танылады.

Тікелей немесе жанама ниетпен жасалған әрекет қасақана жасалған қылмыс деп танылады. Егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті екенін ұғынып, оның қоғамдық қауіпті зардаптары болуының мүмкін екенін немесе болмай қоймайтынын алдын ала білсе және осы зардаптардың болуын тілесе, қылмыс тікелей ниетпен жасалған қылмыс деп танылады.

Егер адам өз іс-әрекетінін (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті екенін ұғынып, оның қоғамдық қауіпті зардаптары болуы мүмкін екенін алдын ала білсе, осы зардаптардың болуын тілемесе де, бұған саналы түрде жол берсе не бұған немқұрайды қараса, қыл­мыс жанама ниетпен жасалған деп танылады.

Қылмыстық жауаптылық негіздері

Қылмыс жасау, яғни Қылмыстық кодексте көзделген қыл­мыс құрамының барлық белгілері бар әрекет қылмыстық жауаптылықтың бірден-бір негізі болып табылады. Бір қылмыс үшін ешкімді де қайталап қылмыстық жауапқа тартуға болмайды (ҚК-тың 3-бабы). Қылмыс құрамы деп қоғамдық қатынастарға қоғамдық тұрғыдан қауіпті қол сұғушылық әрекетін си-паттайтын, қылмыстық занда белгіленген негізгі белгілерінің жиынтығын түсіну керек.

Қылмыс құрамының белгілері: объекті, субьекті, объективтік жене субъективтік тараптар болып табылады.

Қылмыс объектісі дегеніміз — қылмыс бағытталған, қыл­мыстық қол сұғушылықтан зиян шегетін жақ. Олар қылмыс­тық заңмен қорғалатын нақты қоғамдық қатынастар бұл қаты-настарды қол сұғушылықтың объектісі емес, мәні болып табылатын нақты заттардан, материалдық және рухани игіліктерден ажырата білу керек.

Қылмыс субъектісі болып тек жеке тұлға, адам ғана таны­лады. Занды тұлғалар қылмыс субъектісі болып табылмайды. Қазір қылмыс субъектісі ретінде заңды тұлғаны да тану мәселесі талқылануда.

Он алты жасқа толған азаматтар қылмыстық жауапқа тар-тылады. Алайда, заңтізбесі Қылмыстық кодекстің 15-бабында көрсетілген белгілі бір қылмыстарды (мысалы, адам өлтіру, зорлау, қарақшылықпен шабуыл жасау, ұрлық, қаскүнемдік, ауырлататын мән-жайлар кезіндегі бұзақылық және т.б. үшін) жасаған жағдайда, заң он төрт жастағыларды қылмыстық жау­апқа тартуға рұқсат береді.

Қылмыс құрамының обьективтік жағы деп әрекеттің не­месе әрекетсіздіктің сипатын, қылмыс жасаудың әдістері мен тәсілдерін түсіну керек. Қылмыс белсенді әрекет жолымен (мысалы, мемлекеттік қаражатты, құндылықтарды жүйелі түрде шығын жасау) немесе әрекетсіздік, іске бейғам қарау жолда-рымен жасалуы мүмкін.

Алайда, кез келген теріс әрекеттің бәрі қылмыс емес. Егер де теріс әрекет пен қылмыс нәтижесінің арасында себепті байланыс болып, ол қоғамға қауіпті және заңға қайшы болса ғана қылмыс.

Қоғамдық қауіптілік пен жазалаушылық деңгейі қылмыстың жасалған жағдайына, шарттарына және уақытына да (мысалы, астық жинау науқаны кезеңінде астық ұрлау қаупі елеулі түрде артады) байланысты болып келеді.

Қылмыс құрамынын, субъективтік жағы қоғамға қауіпті теріс әрекетті жасаған адамның кінәсынын болуымен сипатталады. Қылмыстық құқықта кінә дегеніміз — қаскүнемдіктің немесе аңғалдықтың нысанында бейнеленетін адамның өзі жасаған қылмысқа психикалық қатынасы деп түсіну керек.

Қылмыс құрамынын, субъективтік жақтарын дұрыс анықтауға әділеттіліктің және зандылықтың міндеттерін шешу, қылмыс құрамын жіктеу тікелей байланысты.

Сонымен, адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін аталған төрт белгінің байқалуы негіз бола алады. Егер олардың бірі жоқ болса, теріс әрекет қылмыс деп бағаланбайды.

Мұғалім:


«Қылмыстық құқықтағы қылмыс түсінігі» - тақырыбы қазіргі кездегі актуальды тақырыптардың бірі. Қылмыстық құқық дегеніміз — құқық саласының негізгі түрлерінің бірі ретінде қылмыстың түсінігі мен белгілерін, қылмыс үшін қылмыстық жауаптылықтың негізі мен шектерін, сондай-ақ қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың шарттарын анықтайтын кұқықтық нормалардың жиынтығы.

Қылмыстық құқық міндеттері — әлеуметтік құндылықтарды қорғау және қылмыстардың алдын-алу, болдырмау болып табылады. Қылмыстың алдын-алу заңда көзделген жеке мақсаттардың бірі қылмыстан сақтандырумен тығыз байланысты әрі онымен шарттас. Осы екі міндеттің мазмұны қоғамдық қатынастарды қорғауды, басқа жаңа қылмыстарды болдырмауды, қылмыс жасаған тұлғаға ықпал ету шараларын қолдануды сипаттайды.

Қылмыстық заң жасалған қылмыс үшін қылмыстық жауаптылықты белгілейтін, мемлекеттік биліктің жоғарғы органдарының нормативті актісі.

Қылмыстық заңнама мем­лекеттік биліктің құзыретті органдары қабылдайтын қылмыстық-кұқықтық актілердің жиынтығы. Қазақстан Республикасы Конс-титуциясының 61-бабына сәйкес біздің елімізде заңдарды қабылдау Қазақстан Республикасы Парламентінің құзыретінде. Қыл­мыстық заң қылмыстық құкықтың негізгі дерек көздерінің бірі. Сондықтан басқа да қылмыстық-құқықтық нормативтік актілер (Конституция мен халықаралық шарттан басқа) тек осы қылмыс­тық заңға сәйкес келу керек. Қазақстан Республикасында қыл­мыстық заңның ең маңыздысы 1997 жылы 16 шілдеде қабылданған Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі.

1997 жылы шілде айының 16 жұлдызында Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексі қабылданып, ол 1998 жылы 1 қаңтардан бастап заңды күшіне енді. Аталған Қылмыстық кодекстің 3-бабында қылмыстық жауаптылықтың негізін былай анықтайды: қылмыс жасау, яғни қылмыстық заңда көзделген қылмыс құрамының барлық белгілері бар әрекет қылмыстық жауаптылықтың бірден-бір негізі болып табылады.

Қылмыс — Қылмыстық кодексте жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты қоғамдық қауіпті әрекет (іс-әрекет немесе әрекетсіздік) қылмыс деп аталады.

Азаматтық құқық реттелетін қоғамдық қатынастар негізінде мүліктік қатынастар болып табылады. Материалдық игіліктермен, мүлікпен, жұмыспен, қызмет көрсетумен, ақшамен, құнды қағаздармен, басқа да мүліктермен байланысы бар қоғамдық қатынастар мүліктік қатынастар деп аталады. Мұндай қатынастар иелену немесе мүліктің тиістілігіне карай (заттық қатынас) мүліктің (тиістілігіне карай) меншік иесінің қайтыс болуына байланысты заттың тағдырын шешу (мұрагерлік қатынас) тәрізді қатынастар тұрғысынан көрінсе, онда олар азаматтық заңмен реттеледі.

Қорыта айтсақ, тақырыптың қойылған мақсаты орындалды деуге болады.











9



-75%
Курсы повышения квалификации

Современные подходы к организации наглядного метода обучения истории и обществознания

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
План конспект занятия по дисциплине "Уголовное право" (104 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт