Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп Тасмола ОЖББМ Мерзiм 20/01. 2017 жыл№18
Тақырып: §18 Адамның азаматтық тұлғасы
Құндылық: Сүйіспеншілік .
Қасиеттер: жақсы көру және кішіпейілдік; жомарттық; аянбай қызмет ету.
Мұғалiм Китарова Л.Т К. Класс 7 Оқушылар саны13
Сабақ мақсаты:
Міндеттері:
| Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер) |
Сабақ барысы: «Өзін- өзі тану» сабағының ережесін «5-Т» қайталап, сабаққа қатысқандары үшін әр балаға 20 ұпайдан беремін. Оқушылардың оқу құралдарын «5 затты» тексеріп, ұпайларын түгендейміз. 1.Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi. Нұрға бөлену Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет. 2.Үй тапсырмасын тексеру: §18 «Адамның азаматтық тұлғасы». «Менің азаматтық ұстанымым» тақырыбында эссе | Сабақ барысын талдау: |
3.Дәйексөз. «Үлкен болып қалу үшін ғаламда, үлкен арман керек екен адамға!» М.Шаханов 1. Арман деген сөзді қалай түсінесіңдер? 2.Адам болу үшін қандай қасиеттер керек деп ойлайсыңдар? 3.Сендер не туралы армандайсыңдар?
|
|
4.Әңгiмелеу «Азаматтық формуласы» С.Әшімбаев 1. Осындай жағдайларда қандай азаматтық көрсетер едіңдер? Ойларыңмен бөлісіңдер. 2.Жеке тұлғаның азаматтық қасиеттері туралы не айтар едіңдер? 3. Елімізге адал қызмет етуіміз керек пе?
|
|
5.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. 1. «Адам» деген сөзге постер 2. «Азаматтық» деген сөзге постер 3.Азаматтық көрсеткен кезі туралы әңгімелеп беру |
|
6.Топпен ән айту. «Байлық пен бақыт» Сөзі мен әні М.Шахановтікі |
|
7.Үй тапсырмасы. №19 Алтын бесік Атамекен |
|
8.Соңғы тыныштық сәтi.
Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады. Мұғалім жәй дауыспен: - Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Рахмет! Көздеріңді ашуға болады. |
|