Меню
Разработки
Разработки  /  Психологу  /  Уроки  /  Прочее  /  «Өзіңді қабылдаймын»

«Өзіңді қабылдаймын»

Студенттерге арналған тренинг сабақ, Мақсаты : Білім алушылардың бір – бірімен өзара қарым – қатынасын қалыптастыру негізінде топтағы ұжымшылдықты нығайту. ЕРЕЖЕ: 1. Құпиялылық 2. Бір-бірімізді тыңдаймыз және сөзді бөлмейміз 3. Белсенді боламыз 4. Бір-бірімізге ренжімейміз 5. «қазір» және «осында» принціпі
01.06.2020

Содержимое разработки

Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжі













«Өзіңді қабылдаймын»

тренинг сабақ

























Психолог: Муктарова А.С





2019 жыл



Мақсаты :  Білім алушылардың  бір – бірімен өзара қарым – қатынасын қалыптастыру негізінде топтағы ұжымшылдықты нығайту.

ЕРЕЖЕ:

  1. Құпиялылық

  2. Бір-бірімізді тыңдаймыз және сөзді бөлмейміз

  3. Белсенді боламыз

  4. Бір-бірімізге ренжімейміз

  5. «қазір» және «осында» принціпі

  « Менің тренингтік есімім»

Шарты: Топ дөнгелек болып отырады, қатысушылар кезекпен сәлемдесіп, әр  білім алушы есімін айта отырып,бүгінгі тренингте оны қалай атау керектігін айтады.


«Жер сілкінісі» қыздыру жаттығуы

Мұнда топқа қатысушы адамдар 3-3-тен болып тұрады. Екеуі шатыр  және бір адам олардың астында тұрады. Жүргізуші шатыр деген команда бергенде, шатыр жасап тұрған қатысушылар ауысуы керек. Жүргізуші «адамдар» деген команда бергенде, шатыр астындағы адамдар орнын ауыстырады. Ал егер, «жер сілкінісі» деген команда болғанда, барлығы орын ауыстыруы керек.


«Ұқсастық  шегі» жаттығуы

Шарты :  Қатысушылар  жұптасып  отырады , А 4 қағаз  беті  және  қалам  қажет .  Жанындағы  жұбына  қарап  , ұқсастықты  тауып  ,  »  Біздің  ұқсастығымыз» деп  А 4 қағаз  бетіне   жазады . Ұқсастық  табу  үшін  4 мин  уақыт  беріледі . Жаттығуды  орындағаннан  кейін ,  жұп  бір – бірінің  жазған  ұқсастығын  оқып ,өз  ойларын  айтады .

«Пульс  ойыны»

Дөңгеленіп  отырамыз . Қатысушылар  бір – бірінің  қолынан  ұстайды  . Бір  ойыншы  ортаға  шығады . Жүргізуші    «басталды» деген  белгі  бергенде   ойыншылар кезекпен  қолдарын  қысады .  Ортадағы  ойыншы  пульстың  қайда  кетіп  бара  жатқанын  табу  қажет .  Жүргізуші  «тоқта  «деген  белгі  береді.


«Суретті аяқта» жаттығуы

Қатысушыларға алдын ала даярлаған плакатта немесе тақтада  бір  нүкте салынады. Оқушылар   кезек -кезек шығып,сол нүктеден бастап бір сызықтан салады, соңында шыққан суретті бағалап ,әркім өзі жүргізген сызық арқылы нені бейнелеуге тырысқанын және қандай сурет нәтижесінде шыққанын бағалайды.


«Менің құндылықтарым» жаттығуы

Адамдар қоғаммен араласу барысында әр түрлі жақсы қасиеттерді игерген, ал қазір жағымды қарым қатынас орнату үшін адамға қандай қасиеттер мен біліктілік қажет екенін айтыңдаршы!  Барлығының ойын тыңдап қортынды жасалады.»



«Бірақ сен ...» жаттығуы.
Мақсаты: тренингке бір қалыпты қарқын енгізу, әр қатысушы өзіне төмендегі тұжырымдардың 1 еуін таңдап қағазға жазып қояды. Шеңбер бойымен отырған барлық қатысушы сөйлемді «бірақ сен ..» деп жалғастырады. Шеңбер бойымен сөйлемдерді жалғастыру:
 Мен кішкентай бойлымын, бірақ …
 Мен кейде ұстамсызбын, бірақ …
 Мен ұялшақпын, бірақ …
 Мен жалқаумын, бірақ …
 Мен сөзге жоқпын, бірақ …
 Мен тым көнгішпін, бірақ …
 Мен бақылау жұмысын екіге жаздым, бірақ …
 Мен үнемі тым қиялдап кетемін, бірақ …
 Мен әнді жақсы айта аламын, бірақ …
 Мені тез күлдіруге болады, бірақ …
 Мен қырсығып қаламын, бірақ …

 Мен ашушаңмын, бірақ …

 Мен көп сөйлеймін, бірақ …
Талдау: Осы тапсырманы сендерге орындау ұнады ма? Саған не қиындық келтірді? Қандай әсер алдыңдар?

Қортынды  Бір-бір бетке қатысушы  балалардың аты-жөні жазылады. Сол бетке кез келген бала сол балаға тілектерін және  не сыйлайтынын  мысалы: «Қанат мен саған  үлкен бақыт сыйлаймын немесе саған ашық мінез сыйлаймын!»   деп жазуы керек.



-80%
Курсы повышения квалификации

Организация дистанционного обучения для лиц с ОВЗ и инвалидов

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
«Өзіңді қабылдаймын» (41 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт