Меню
Разработки
Разработки  /  Всем учителям  /  Уроки  /  10 класс  /  Открытый урок "Пән таңдаймын"

Открытый урок "Пән таңдаймын"

Урок предназначен для учащихся 10 класса и разработан по технологии" БиС". Данная разработка рекомендована молодым специалистам и направлена на формирование у учащихся логического и творческого мышления.

18.01.2018

Содержимое разработки



«Бекітемін» «Келісемін»

«Шығыс Қазақстан облысы оқу-тәрбие ісінің меңгерушісі Семей қаласы білім бөлімі» ММ Р.К.Жундибаева ___________ « №27 ЖОББМ» КММ директоры

А.Е. Сулейменова ____________




«Биоақпараттандыру және синергетика» технологиясы




10 сынып

Сабақ тақырыбы:«Пән таңдаймын»

Ауызша сабақ - 1 картасы
















Өткізген мұғалім: Шинжина Л.Т.









2016-2017 оқу жылы


Сабақ тақырыбы: Пән таңдаймын.

Сабақ мақсаты : сабақта норматив талабына сай оқушылардың оқу материалын 63% меңгеруіндегі логикалық және сыни тұрғыдан ойлау шапшаңдығын, сөздік қорын, ақпараттық құзіреттілігін дамыту. Жетістікке жеткен адам көрсеткіші ретінде, пәнді сапалы меңгеруге қызығушылық таныту және ынталандыру.

Міндеттері:

Білімділік: «БжС» технологиясының «Ауызша сабақ -1» картасы бойынша «Пән таңдаймын» тақырыбы төңірегінде мәлімет беру, өз түсінгендерін практикада қолдана білу.

Дамытушылық: зейінді, ойлау жылдамдығын, есте сақтауды дамыту және сабаққа қызығушылықтарын арттыру, сөздік қорларын молайту.

Тәрбиелік : тиянақты болуға, достыққа, ұйымшыл бола білуге тәрбиелеу. Мамандықты дұрыс таңдай білуге жетелеу.

Сабақ типі: «БиС» технологиясы бойынша жаңа тақырыпты түсіндіру.

Технология: «БиС» технологиясы, «Ауызша сабақ -1» картасы .

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, матрица, тірек сөздер, сын тұрғысынан сұрақтар , қарама-қарсы сұрақтар;

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі (оқушылармен амандасу, сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту( слайд көрсету)

(Ұжымды белсендіру үшін сынып көшбасшысына сөз беріледі).

ІІ.Соңғы өткен тақырыптар бойынша сөздік қорды тексеру

(сөздік норма - 63-тен жоғары, уақыты 5 минут)

Қарама-қарсы сұрақтар:

1. Компьютер деген не?

2. Компьютердің қандай пайдасы бар?

3. Оның қандай зияны бар?

4. Компьютерді ең алғаш кім ойлап тапты?

5. Дербес компьютер қандай құрылғылардан тұрады?

6.Дербес компьютердің пайда болуы қай ғасырдан бастау алады?

7.Алғашқы микропроцессор қай елде құралды?

8.ОС Windows компьютерлік бағдарламасы қашан пайда болды?

9.Дербес компьютерлер пайдалану мақсатына қарай нешеге бөлінеді?

10.Оқуға арналған дербес компьютерлер неге арналған?

11.Мамандандырылған дербес компьютерлердің қызметі қандай?

12.Шағын дербес компьютерлер не үшін керек?

13.Кеңсе жұмысына арналған дербес компьютерлер қандай жұмыс түрлерін жасауға бағытталған?

14.Ғаламтор деген не?

15.Ғаламтордың адам өмірі үшін қандай маңызы бар?

16.Қандай іздеу жүйелерін білесің?

17.Ғаламторға тәуелді болу деген не?

18.Ғаламторды кім ойлап тапқан?

19.Қандай браузерлерді білесің?

20.Ғаламтор күні деп қай күн бекітілді?

Матрицаны толтыру, пайызды анықтау.(Балалардың жауабы саналады, тақтаға белгі қойылады).


ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Мұғалім жаңа тақырыпқа қысқаша кіріспе мәлімет береді.

 Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев “Қазақстан өздерің сияқты жас мемлекет, сондықтан біздің болашағымыз да жастар”,- деп тегіннен-тегін айтқан жоқ. Мемлекетіміздің бүгіні мен ертеңі жас ұрпақтың еншісінде болғандықтан, сендер  сауатты, білімді, бәсекеге қабілетті болуларың үшін өз мамандықтарыңды дұрыс таңдап, дұрыс игеріп,  өмірден өз орындарыңды дұрыс таба білулерің керек! Әрине, мамандықтың түрі көп (слайдтар көрсету).

Мамандық таңдау – өте жауапты іс. Өйткені мамандық таңдау- өзіңнің тағдырыңды таңдау. Ол сенің жұмысың ғана емес, өзің араласатын ортаң, өмірің.Сондықтан да қазіргі кезден бастап,сол таңдаған мамандықтарыңа сәйкес пән таңдауларың керек.

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы осы жайында болмақ (сабақ тақырыбы айтылады)


а) Қабылдауды ұйымдастыру. Тірек сөздермен жұмыс.

Тірек сөздерге түсінік беру.

Тақтадағы тақырыпқа байланысты тірек сөздерді балалар

1 минут ішінде оқып, есте сақтайды. Белгіленген уақыт біткен соң сөздер жабылады. Балалар естерінде қалған сөздерді дәптерлеріне жазады. Жазып болған соң, дәптерлерін бір-бірімен ауыстырады. Есте сақтаған сөздерінің саны сұралады Сонан соң жазу ашылады да, балалар қалдырып кеткен сөздерді дәптерлеріне жазып алады. ООМ-на (оқушылардың партада отыруы бойынша ) бірінші баға енгізіледі, тақтаға белгі қойылады.


Пән

Мамандық

Болашақ

Қызығу

Армандау

Таңдау

Талаптану

Іздену

Ерекшелік

Икемділік

Ақ халатты абзал жан

Адам жанының арашашысы

Адал қызмет ету

Шешім қабылдау


  • Оқу, есте сақтау - 1 мин

  • Оқушылар есте сақтаған сөздерін жазады – 1 мин.

  • Дәптерлерін алмасады.

  • Тексеру(14 сөзден 7 сөзді жеңіл есте сақтау) Матрицаны толтыру, пайызды анықтау.


ІҮ. Ойлауды ұйымдастыру.

Мәтінмен жұмыс- (4 минут)

Балалар мәтінді оқып, одан тірек сөздерді тауып, тақырып бойынша мазмұнын ашуы тиіс (4 минут). Сонымен бірге балалар мәтінді көңіл қойып оқуға нұсқау алады. Себебі, мұғалім сабақты сұрау барысында ұсақ детальдарға көңіл қоятындығын ескертеді.

Мәтін:

Пән таңдаймын

Өмірде мамандықтың түрі көп. Әр мамандықтың өзіндік ерекшелігі бар. Дәрігер адамдарды емдесе, мұғалім оларды оқытады, әнші ән айтады, құрылысшы үй салса, тігінші киім тігеді.Тағы басқа да мамандықтар туралы айта беруге болады. Адамдар мамандықты жүрегінің қалауы бойынша таңдауы керек. Өйткені, әрбір адамның болашағы таңдаған мамандығына тікелей байланысты. Өз ісін жақсы көріп, үлкен жауапкершілікпен атқарғанда ғана бақытты болады.Ал жүрегі қаламаған мамандық иелері көп қиындықтарға кездеседі.

Сондықтан мамандық таңдау барысында алдымен өз бойыңдағы икемділікті, қызығушылықты, болашақта жұмысқа орналасу мүмкіндігін де ескеру қажет деп ойлаймын. Мұндай маңызды мәселе жөнінде ішкі ойыңды ата-анаңмен бөлісіп әрі ақылдаса отырып дұрыс шешім қабылдаған жөн.

Әкем менің физика пәнін таңдап, инженер болғанымды қалайды.

Менің анам — дәрігер. Дәрігер — әрі қызық, әрі қиын мамандық.

Мен анамның жолын қуып, дәрігер болғым келеді. Болашақта жақсы білім алып, халқыма адал қызмет етсем деймін. Мен ақ халат киген дәрігерге кішкентай кезімнен қызығамын. Дәрігерлер адам жанының арашашысы ғой. Мен сол ақ халаттылардың бірі болуды армандаймын. Сондықтан биология пәнін таңдаймын. Өз алдыма мақсат қойдым, талаптанып көп оқимын, ізденемін.

Ал менің ағам мектепте оқып жүргенде әдебиет пәнін таңдады. Филолог болғысы келді. Ол ақындардың өлеңдерін қызығып оқитын. Өзі кейде өлең жазатын. Ағама қазақ тілі мен әдебиетінен өте талантты, мықты білімді мұғалім сабақ берді. Оның сөз өнеріне сүйіспеншілігін де оятқан осы кісі болатын. Ағам әлі күнге дейін ол кісіге үлкен рақметін айтады. Мектепте оқып жүрген кезінде сол апайы сияқты мұғалім болғысы келетін. Міне, қазір өз мектебінде қазақ тілінен сабақ беріп жүр.


Ү.Алғашқы түсінікті тексеру.

(Мұғалім барлық оқушыларға мәтін бойынша сұрақтар қояды).

Жаңа мәтін бойынша қиылыс сұрақтарға жауап беру


Қиылыс сұрақтар:

1.Адамдар мамандықты қалай таңдауы керек?

2.Әрбір адамның болашағы неге тікелей байланысты болады?

3.Адам қандай жағдайда бақытты болады?

4.Қандай адамдар қиындықтарға кездеседі?

5. Мамандық таңдау барысында нені ескеру қажет?

6. Маңызды мәселе жөнінде шешім қабылдағанда кіммен ақылдасқан жөн?

7.Әкесі қандай пәнді таңдағанын қалайды?

8.Анасының мамандығы қандай?

9. Дәрігерлер қандай адамдар?

10.Болашақта кім болғысы келеді?

11. Ол үшін не істеу керек?

12.Ағасы мектепте оқып жүргенде қандай пәнді таңдады?

13.Ол қандай мамандық иесі болғысы келді?

14.Ағасы нені қызығып оқитын?

15.Ағасына қандай адам адам сабақ берді?

16. Оның сөз өнеріне сүйіспеншілігін оятқан кім?

17. Ағасы әлі күнге дейін кімге рақметін айтады?

18.Қазір ол қайда жұмыс істейді?

19.Сен өзің қандай пәнді қызығып оқисың?

20. Болашақта қандай мамандық иесі болғың келеді?

(тақтаға белгі қойылады)


ҮІ. Алғашқы бекітуді ұйымдастыру.

Сын тұрғысынан сұрақтар қою.

Мұғалім оқушыларға сұрақ қойған кезде әдейі қате жауаптарымен береді. Дұрыс болса- «иә», қате болса- «жоқ» деп толық жауап беруі керек. Сын тұрғысынан сұрау кезеңі диагностикалық болып есептеледі. Бұл кезеңде мәтінмен жұмыс істеудің сапасы анықталады. Бұл кезең балалардың жұмыс істеу деңгейін, яғни, оқу техникасының көлемін және жылдамдығын көтеруді қалыптастырады.


Сыни сұрақтар:

1. Өмірде мамандықтың түрі аз.

2. Дәрігер адамдарды оқытса, мұғалім оларды емдейді.

3.Мамандықты жүрек қалауы бойынша таңдау керек.

4.Мамандық таңдау барысында өз бойыңдағы икемділікті, қызығушылықты ескерудің керегі жоқ.

5. Ата-анаңмен ақылдасу керек.

6. Дәрігер болу - оңай мамандық.

7. Дәрігер болу үшін биология пәнін таңдаудың керегі жоқ.

8. Инженер болу үшін қазақ тілі пәнін таңдау керек.

9. Әрбір адамның болашағы таңдаған мамандығына тікелей байланысты болмайды.

10. Адам өз ісін жақсы көрсе, бақытты болмайды.

11. Жүрегі қаламаған мамандық иелері қиындық көрмейді.

12. Дәрігерлер адам жанының арашашысы.

13.Ол мектепте оқыған кезінде дәрігер болғысы келетін.

14.Ол өз алдына мақсат қойған жоқ, көп оқымады.

15.Ол болашақта жақсы білім алып, халқына адал қызмет етуді армандаған жоқ.


16.Ағасы әлі күнге дейін ата-анасына рақмет айтады.

17.Ағасының сөз өнеріне сүйіспеншілігін оятқан - ата-анасы.

18.Ағасы мектепте оқып жүрген кезінде инженер болғысы келетін.

19. Адам өз мамандығын жақсы көрсе, бақытты болады.

20.Ағасы қазір мектепте физика пәні мұғалімі.

(тақтаға белгі қойылады)


ҮІІ. Талдау (5минут беріледі)

Тақырып бойынша сөздік қорын тексеру.

Эссе жазу (оқушы деңгейіне байланысты сөздер де жазады)

Сөздік қор 63сөз болуы керек.

(тақтаға белгі қойылады)


ҮІІІ Қорытындылау: Матрица қорытындысы бойынша оқушыларға баға қойылады.

IX.Бағалау: 4-5 белгі – 5 ұпай

3 белгі – 4 ұпай

2 белгі – 3 ұпай

X. Үйге тапсырма : 4 белгіден кем алған оқушылар тапсырма алады.
























-85%
Курсы профессиональной переподготовке

Учитель, преподаватель математики

Продолжительность 300 или 600 часов
Документ: Диплом о профессиональной переподготовке
13800 руб.
от 2070 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Открытый урок "Пән таңдаймын" (151.14 KB)