Меню
Разработки
Разработки  /  Технология девочки  /  Планирование  /  8 класс  /  Отбасыдағы кіріс және шығыс

Отбасыдағы кіріс және шығыс

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға үй экономикасы жайлы түсінік беру.Отбасы бюджетіндұрыс ұйымдастыруды,кіріс және шығыс кезін есептеуді үйрену. Білімділік: Оқушыларға үй экономикасы оның маңызы мен мақсаты жөнінде түсінік беру. Дамытушылық: Логикалық ойлау,жүйелі жоспар құру,іскерлік қабілеті дамыту. Тәрбиелік:Үй бюджетін жоспарлауға,шеберлікпен атқаруға тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: оқулық,интерактивті тақта,тест карточкалары,жұмыс дәптері Пәнаралық байланыс:экономика,математика,тарих,қазақ тілі
27.11.2019

Содержимое разработки

Сынып: 8

Сабақтың тақырыбы: Отбасындағы кіріс шығыс
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға үй экономикасы жайлы түсінік беру.Отбасы бюджетіндұрыс ұйымдастыруды,кіріс және шығыс кезін есептеуді үйрену.
Білімділік: Оқушыларға үй экономикасы оның маңызы мен мақсаты жөнінде түсінік беру.
Дамытушылық: Логикалық ойлау,жүйелі жоспар құру,іскерлік қабілеті дамыту.
Тәрбиелік:Үй бюджетін жоспарлауға ,шеберлікпен атқаруға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық,интерактивті тақта,тест карточкалары,жұмыс дәптері
Пәнаралық байланыс:экономика,математика,тарих,қазақ тілі
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру бөлімі:

«Ақшаны сыйласаң ол да сені жақсы көреді»немесе «Тиыннан сом құралады» деген мақалдар біздің бүгінгі сабағымызға қатысты айтылғандай.Біздің барлығымыздың отбасымыз бар.Біз онда тәрбиеленеміз,демаламыз,еңбек етеміз,барлық қуаныш пен қиыншылықты бірге бөлісеміз.Барлығының ортақ ісі – отбасын дұрыс ұстап,әр мүшенің дамуына мүмкіндік туғызу.Отбасындағы шаруа ақылдасып шешіледі.Отбасы табысты да барлығына ортақ.Оның мүшелерінің керегіне жұмсалады.Жұмыс істеп табыс табу арқылы отбасы қоры жиналады.олай болса «Отбасы бюджеті»біздің отбасымыздың экономикасы
Жаңа сабақ
Мақсатымыз:
1-топ: табысты құрастыра отырып
2- топ: кіріс
3- топ:шығыс көзін есептеу.
4-топ:үнемдеуді үйрену.

1- Топ: «Тарихшыларға » тапсырма
Үй табысы деген не?
«Бюджет»- сөзі ақша салатын әмиян деп аударылады екен.Біз әр күнімізді,мерекені,жұмыстың бәрін жоспарлаймыз.Сол секілді ақшаны да санап,жоспарлы жұмсаған дұрыс.Үй бюджеті дегеніміз үйге кіретін барлық табыстарды және шығындарды тиімді құрастырып,есептеп отыру.
Бюджет қалай тиімді болады?Ол үшін отбасылық кірістерді және шығыстарды дұрыс құрастыру қажет.
Кірістер дегеніміз – барлық ақшаларыңыз.Шығыстар дегеніміз жаратылып жатқан ақша.Кірістерге шәкртақы,зейнетақы,айлық жалақы,құнды қағаздар,жәрдемақы.т.б жатады.
Шығыстарға –салық,азық –түлікке жұмсалатын қаржы,киім- кешек,жиһазға жететін қаржы.
2- Топ: «Экономистерге » тапсырма
Тест сұрақтары,дәптерге орындау.
1.Отбасылық бюджет ол-
А)Бергілі бір уақыт мезгіліндегі кіріс және шығыс көзі.
Ә)ақшалай немесе заттай құндылық
Б)отбасылық кіріс және барлық бағалы заттар,қарыздар,кірістер,шығыстар және т.б қажеттіліктер жазатын журнал.
2.Табыс дегеніміз-
А) шығыс қажеттілігі үшін жұмсалатын қаржылар.
Ә)тепе –теңдікті сақтау үшін берілетін мүмкіндіктер
Б)өндірістен,жеке адамнан ақшалай заттай бағалы қағаздай алатын құндылықтар.
3.Болжам жасалынбаған шығыстар:
А) тамаққа
Ә)коммуналдық қызмет
Б) тұрмыстық мәдени шығын
4.негізгі сатып алу ережесі:
А)кездейсоқ сауда жасау.
Ә)заттың сапасын,кепілдік мерзімін көру
Б)ыңғайлылығы, қолайлылығы
В) сапасы,ерекшелігі
5.Зат қандай талаптарға жауап береді?
А)құны,бағалы
Ә)ыңғайлы,қолайлы
Б)ерекше,сапалы
6.Отбасылық қажетіліктің қайсысы материалдық шығынға жатпайды?
А)Тамақ пен киімге жұмсалған қаржы
Ә)білімге,қоғаммен араласуға
Б)үйге,жиһазға,тұрмыстық заттар жұмсалған қаржы
3- топ: «Математиктерге»тапсырма
«Отбасы бюджеті»ойынын ойнаймыз.кімнің отбасында таразы басы қалай тартады екен?
1.Отбасының айлық жалақысы
2.Көлік ұшін жұмсалатын қаржы
3.Тамаққа жұмсалатын қаржы
4.Шәкіртақы,зейнетақы,жәрдемақы
5.Құнды қағаз
6.Жалданған пәтер үшін ақы алу.
7.үйірме,секция,репититорлық қызмет көрсету.
8.Сыйақы
9.Әр түрлі салықтар,комуналдық қызмет пен несие
10.Киімге,жиһазға жұмсалатын қаржы.
11.Жеке шаруа қожалығынан түсетін қаржы
12.Тұрмыстық мәдени қызметтер. (кино,театр,музей,туған күн, той)
13.Үнемдеу,жинақ соммалары
14.Жоспарланбаған шығындар.
Жауабы:1,4,5,6,8,11,13- кірістер
2,3,7,9,10,12,14 – шығыстар.
Егер тең болса тепе – теңдік жағдайда біреуі басым болуы да мүмкін.
4 - Топ: «Тілшілерге»тапсырма
1. «Табыс»деген сөз нені білдіреді?
2. Отбасы табысы дегеніміз не?
3. Жоспарлау дегеніміз не?
4. Үй экономикасының маңызы неде?
Тақырып бойынша қортынды сұрақтар:
1.Үй бюджеті дегеніміз не?
2.Кірістер дегеніміз не?
3.Шығыстар дегеніміз не?

Үйге тапсырма.оқушыларды бағалау.

-75%
Курсы профессиональной переподготовке

Учитель, преподаватель технологии

Продолжительность 300 или 600 часов
Документ: Диплом о профессиональной переподготовке
13800 руб.
от 3450 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Отбасыдағы кіріс және шығыс (31 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт