География пәні мұғалімі: Алдамбергенова Акнур Сериккызы
Тақырыбы: Орталық Қазақстан.
Сыныбы 9 «А»
Тақырыбы: §37. Орталық Қазақстан
Мақсаты:
Білімділік: Орталық Қазақстанның жер бедері, климаты, табиғат ресурстары, халы туралы жалпы мәлімет беру.
Дамытушылық: Орталық Қазақстанның өнеркәсіпті аймақтарының қоршаған ортаға тигізіп жатқан зияны туралы айта отырып, оларға экологиялық тәрбие беру.
Тәрбиелік: Оқушыларды аудан туралы өз бетінше қорытынды жасай білуін дамыту.
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, мәтінмен жұмыс, әңгімелеу, баяндау, топпен жұмыс, картамен жұмыс, дәптермен жұмыс т.б.
Құрал-жабдықтар: Қазақстанның әкімшілік картасы, атлас, кескін карта, тірек схемалар, карточкалар, оқулық, видеорлик т. б.
Сабақтың барысы
| Сабақтың кезеңдері | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушылардың іс-әрекеті | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Ұйымдас-тыру кезеңі 5 минут | Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Шаттық шеңберін құрып, әр түрлі суреттер жабыстырылған үш түрлі түсті қағаздарды оқушылар өз қалаулары бойынша алады. Сағат тілімен суретке байланысты бір-бірлеріне тілек айтады. Түстер бойынша 3 топқа бөлінеді. Кіріспе сұрақтарын қояды. Марал шаруашылығымен айналысатын аудан. Қазақстанның аласа тауларын ата. Қалалар мен қала халқының санының өсуін не деп атаймыз? Қала ішіндегі мемлекет? Чилидің астанасы? Қазақстан үшін көліктің ең басты түрі? Чадтың астанасы? Қазақстанның зоналарын ата. Қырғызстанның астанасы? Алматы қаласында орналасқан Қазақстандағы ең ірі кондитер комбинаты. Қазақстанмен шектесетін мемлекеттерді ата. Елімізде цемент зауыты қай қалада орналасқан? Әзірбайжанның астанасы? | Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Мұғаілмнің нұсқауы бойынша топқа бөліну. Кіріспе сұрақтарына жауап беру. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Үй тапсырма-сын сұрау кезеңі 10 минут | «Миға шабуыл» әдісі арқылы үй тапсырмасы сұралады. 1.Қазақстан жер көлемі жағынан дүние жүзінде, Еуразияда, ТМД-да нешінші орында? 2.Аумақтық ұйымдастыру дегеніміз не? 3. Мамандану дегеніміз не? Олар қандай жағдайларға байланысты қалыптасады? 4. Солтүстік Қазақстан қандай өнім шығаруға маманданған? 5.Экономикалық аудан дегеніміз не? 6.Қазақстанды экономикалық аудандарға бөлген ғалым? 7. Өндірістің маманданған салалары дегеніміз не? 8. Өндірістің қосалқы салаларына не жатады? 9. Қызмет көрсету салаларын ата. 10. Аумақтық өндірістік кешен дегеніміз не? 11. Өнеркәсіп орталықтары, тораптары мен аудандарына түсінік бер. 12. Қазақстанның экономикалық аудандарымен облыстарымен бірге картадан көрсет. Облыс орталықтарын ата. 13. Аймақтарды дамыту үшін қандай бағдарлама бар? | Үй тапсырмасы бойынша сұрақтарға оқушылар жауап беруі тиіс. Картамен жұмыс жасайды. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Жаңа сабақ кезеңі 15минут | Мұғалім жаңа тақырып бойынша түсінік береді. Көлеміне Еуропаның Англия, Бельгия, Голландия, Дания сияқты мемлекеттері қабат сиын кететін бүтін бір облыста жарты ғасыр бұрын төрт мың адамы бар бір ғана қала – Қарқаралы болды. Қарағанды облысының алып жатқан орны Ұлытау қыраттарынан Қарқаралы, Қарағайлы, Қызыларай тауларына дейін 1000 км-ге созылып, Қазақтың ұсақ шоқысы – Сарыарқаны түгелімен қамтиды. Жер бедері ұсақ шоқылы, қуаңшылық басым. Ауданның шығыс жағының жер бедері кейде көтеріңкі, аласа таулы, қыратты, адырлы болып келеді. Климаты тым континентті, жазы өте ыстық. Шаңды дауылдар жиі тұрады, суға тапшы. Табиғат ресурстарына тас көмір, мыс, корунд, әктас, отқа төзімді саз, пирофилит және құрылыс материалдары кездеседі. Өлкенің негізгі байлығы жер қойнауындағы кен орындары – Қарағанды алабының кокстелетін тас көмірі мен Жезқазған, Қоңырат, Саяқ мыс кендері. Құрылыс материалдары ауданның кез келген жерінде бар. Сонымен қатар, темір, марганец кендері, полиметалдар, сирек металдар кездеседі. Экономикалық ауданда темір мен марганецтің 40-қа жуық кен орындары белгілі. Маңыздылары: Ақтау,Үшқатын, Қамыс, Қаражал, Қарсақпай, Балбырауын, Жезді, Найзатас. Полиметалдар құрамында қорғасын, мыс және түсті металдар болады.Аудандағы маңызы бар полиметалл кен орындары: Гүлшат, Қызылеспе, Ақшағыл, Алаайғыр, Қарағайлы, Жәйрем. Сирек металдардан аудан аймағынан вольфрам, молибден, ванадий, висмут, сурьманың, т.б. мол қоры табылған.Вольфрам,молибден-Жоғарғы Қайрақты, Шығыс Қайрақты, Қоңырат, Қараоба кеніштерінде өндіріледі. Табиғи сирек кездесетін күміс, рений, кадмий, висмут, кобальт, сынап, сурьма металдары Орталық Қазақстанның мыс кендерінде мол. Республикамыздағы ерекше кокстелетін көмірдің және шойын мен болаттың, марганец кенінің 100 %-ы Орталық Қазақстанда шығарылады. Республикамыздағы вольфрам, молибден, мыс кендері түгел дерлік осы ауданда өндіріледі. Аудан аймағында су тапшылығы шешу мақсатымен Ертіс-Қарағанды каналы салынған. Жезқазған, Балқаш зауыттарында дүниежүзінде теңдесі жоқ жоғары сапалы мыс кені өңделеді. Қарағанды облысы асбест қоры жөнінен республикада екінші орында. Өнеркәсіптік мәні бар кен орындары Ешкіөлмес, Қарсақбай қыраттарында орналасқан. Халқы. Ауданның байырғы тұрғындары-қазақтар. Жалпы халқының саны - 1339.4 мың адам.Басқа ұлттардан орыс, украин, неміс, татар, беларусь, корей, молдовандар тұрады. Халықтың орташа тығыздығы 1 км2-3.1 адамнан келеді. Ауданның орталық бөлігінде халық, тығыз, ал шығысында сирек қоныстанған. Халықтың басым көпшілігі өндіріс тораптарының маңында шоғырланған. Орталық Қазақстанда қала халқы басым (86%). Қала халқының басым бөлігі Қарағанды,Теміртау, Жезқазған, Балқаш өнеркәсіп тораптарында тұрады. Көмір өндірудің артуына байланысты,оған жан-жақтан адамдардың ағылып келуі есебінен қала халқы тез өсуде. Ауыл қалқы аудан көлемінде әркелкі орналасқан,басым көпшілігі солтүстікте өзендер торы жие аудандарда шоғырланған. Қарағанды облысы туралы видеоролик көрсету (8 минут) | Жаңа тақырыпты меңгереді. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Жаңа тақы-рыпты бекіту кезеңі 10 минут | Топтарға жеке тапсырма беріледі. 1-топ. «Иә неме жоқ» әдісі.
2-топ. Семантикалық карта
3-топ. Географиялық диктант. Қарағанды облысы - ...............................түгелімен қамтиды. Жер бедері ........................., ....................................... Табиғат ресуртарынан .............................................................................................. кездеседі. Темір мен марганецтің ................... жуық кен орындары бар. Көлеміне Еуропаның ............................................................................. сияқты мемлекеттері сыйып кетеді. Марганец кенінің ............ Орталық Қазақстанда шоғырланған Су тапшылығын шешу мақстаымен ................................... каналы салынған. Талшықтас жөнінен Қарағанды облысы республикада .......... орында. Талшықтастың ірі кен орындары ................................................... 2012 жылы ............жұмыс орны іске қосылды.Сирек металдардан аудан аумағында ..................................................................... кездеседі.
Картамен жұмыс. « Карта бойынша саяхат » ойыны арқылы әр топқа географиялық объектілер атаулары беріледі. Сол атауардың не екенін немесе не өндірілетінін атап, картадан көрсету қажет. 1-топ. Қарағанды – орталық қала, көмір өндіріледі. Сарыарқа – орталық Қазақстандағы тау. Сарысу – өзен Жезді – марганец кен орны Гүлшат – полиметалл кен орны Ұлытау – тау Кент – тау Балқаш – мыс зауыты 2-топ. Жезқазған – мыс зауыты Қызылеспе полиметалл кен орны Нұра – өзен Қарасор – көл Қаражал – темір-марганец кен орны Ақсораң – Сарыарқа тауының ең биік нүктесі (1566м) Жәйрем – полиметалл кен орны Қызылтас – тау 3-топ. Теміртау – қара металлургия Үшқатын – марганец кен орны Тоқырау – өзен Қарақойын – көл Балбырауын – темір кен орны Сәтбаев – мыс кен орны Атасу – темір-марганец кен орны Қоңырат – мыс кен орны Дәптермен жұмыс. Кесте толтыру.
| Тапсырмаларды орындау. Картамен жұмыс. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Бағалау кезеңі | Сабаққа белсене қатысқан оқушылар бағаланады. Тапсырмалар бойынша топтар бір-бірлерін бағалайды. | Оқушылар бағасымен танысады. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Үйге тапсырма беру кезеңі | §36. Орталық Қазақстан. Кескін картаға түсіру. | Үй тапсырмасын күнделікке жазып алады. |


Орталық Қазақстан (29.23 KB)

