Меню
Разработки
Разработки  /  География  /  Уроки  /  11 класс  /  Орта білім беру мазмұнын жаңарту

Орта білім беру мазмұнын жаңарту

Кіріспе

Ұлы ғалым, философ Әбу Насыр Әл – Фараби : «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек, тәрбиесіз берілген білім–адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне қауіп әкеледі» -деген екен. Сонымен баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл-әрекеті ойын арқылы байқалады, сондықтан оның мәні ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» — деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады.

Педагогикалық үрдісті жетілдіру ойынның алар орны жөнінде қазақстандық ғалым Н. Құлжанова да зерттеген. Ойын бала үшін еліктеу, инстинкт күнделікті негізгі іс-әрекет және өмірі деп дәлелденген. Н.Құлжанованың айтуы бойынша ойынды әдептілік, тәрбиелік мақсатқа пайдалану-болашақ өміріне түзу жол салу, үлкендерге еліктеу және өмірдің талаптарына сай бейімдеу деп түсіндірген. Себебі, ойын-оқу, еңбек іс-әрекеттері мен бірге адамның өмір сүруінің маңызды бір түрі. Ойын баланың барлық қабілетінің дамуына, айналасындағы дүние жайлы түсініктерінің кеңейуіне көмектеседі. Халқымыз ойындарғы тек балаларды алдандыру, ойнату әдісі деп қарамай, олардың мінез-құлқының қалыптасу құралы деп ерекше бағалаған. Ойын балалардың негізгі іс-әрекеті ретінде психологиялық, анатомиялық-физиологиялық, педагогикалық маңызы зор қызметтер атқарады. Ойын баланың даму құралы, таным көзі, білімділік, тәрбиелік, дамытушылық мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға реттінде қалыптасуына ықпал етеді. Ойынды әрбір адам ойнап өседі, ойынды көп ойнаған адамның дүниетанымы кең, жаны таза, жүрегі нәзік, нағыз сезімтал тұлға болмақ. Ал кей балалар ойында шынайы өмірді бейнелесе, кей балалар ішкі сезімін білдіреді. Ойынның дамуына және баланың ойынға араласуына әсер ететін қызықты ойынның түрлері өте көп. Мысалы, қазақ халқының ұлттық ойындары, бұл ойынның алғашқы танымы десек артық болмас.

Әр заманның өзіне тән экономикалық, саяси-әлеуметтік және идиологиялық ерекшеліктері болатыны айқын. Сол сияқты, бүгінгі күннің ұрпақ тәрбиесіне деген өз талабы, өз ерекшелігі бар. Халқымыз «Тауына қарай аңы, заманына қарай заңы» — деп айтқандай, Қазақстан Республиасының Білім туралы заңында: білім алушылар мен тәрбиелеушілер, педагог қызметкерлер мен ересек жұртшылық арасында әр түрлі: спорт жарыстар, ұлттық ойындар, семинарлар, конференциялар сондай-ақ, іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу көрсетілген.

Ұлттық ойыындар өзінің бастауын халықтық педагогикасының тұңғиығынан алады. Қазақстан ұлттық ойындары ерлікті, өжеттікті, батылдықты, шапшаңдықты сонымен қатар мінез-құлықтық ерекшеліктерімен бірге күш-молдығын, білек-күшін, дененің сомданып шығуын қажет етеді. Сонымен бірге бұл ойындар әділдік пен адамгершіліктің жоғары принцптеріне негізделген.

Ұлттық қимыл-қозғалыс ойындары атадан балаға, үлкеннен кішіге мұра болып жалғасып, халықтың дәстүрлі шаруашылық, мәдени, өнер тіршілігінің жиынтық бейнесі де, көрінісіде болған. Халық арасында «Денсаулық -зор байлық» деп тегін айтылмаған. Демек, кезінде ұлттық ойындарды көп ойнап, жүгіріп, далада, таза ауада жүру –жас организмнің дұрыс та сергек өсуінің көзі болған және де балалар ойын ойнаған кезде көпшіл, Отанның болашақ азаматы болуға, халқына адал қызмет етуге бағытталған.

І бөлім. Қазақ халқының ұлттық ойындарының зерттелуі мен даму тарихы.

1. Ұлттық ойындардың түрлері туралы түсінік және мерекелерде ойналатын ойындар жайлы ұғым.

Ұлттық ойындар жөнінде зерттеп, ол жайында пікір айтып, тұжырым жасаған ғалымдар мен ойшылдардың еңбектеріне тоқталатын болсақ, өйткені кез келген нәрсенің шығу тегі мен қалыптасу жолдары болатыны тарихтан белгілі. Сол сияқты ойын тарихының да өзіндік құпиялары жетерлік. Ойлап қарасақ, «ойын» деген сөз айтуға оңай болғанымен оның түпкі мағынасы өте күрделі, әрі сан қырлы ұғым. Ол-адамның болмыстық стратегиясы, яғни әмбебап құбылысқа жатады және адамдық қарым-қатынастарды мүмкін етеді. Сондықтан оны нақты ережемен түсіндіру мүмкін емес. Бұны ұғу үшін философия, әлеуметтану, мәдениеттану, жантану, педагогика, математика, информатика ғылымдарына жүгінуге тура келеді. Егер, мысалы, психология мен физиология жануарлар, балалар, ересектер ойындарын салыстыра отырып, оларға феноменологиялық түсіндірме берсе, онда математикалық ойын теориясы конфликтер теориясы негізінде таңдау стратегиясына үлкен көңіл бөледі. Ойын жайындағы еңбектерді қарастыру барысында бұған деген ойшылдар көзқарасының өзі сан алуан болғанын, ойынның әр түрлі аспектілерде қарастырылғанын байқаймыз. Соның нәтижесінде ойын мәселесінің теориялық сипатта шешімнің көптүрлілігін аңғарамыз. Бұл түсінікті де, өйткені жалғыз рационалдық парадигма мен пәндік бастауларды елемеуге сүйенген классикалық философияда ойын феномені ғылыми талдаудың объектісі бола алады. Сол сияқты ұлттық ойындардың өзіне терең зерттеуді қажет етеді, яғни « ғылымның қай саласы болмасын өз тарихын терең зерттеп алмайынша алға баспайды. Демек зерттеудің өз тарихынан бастау – ғылым жетістіктерін игерумен қатар, оның одан әрі дамуына үлкен мүмкіншіліктер туғызады ». Дәл осы жағдай қазақ халқының ұлттық ойындарының даму тарихына да қатынасы бар. Халықтың ұлттық және спорттық ойындарының да өзіндік тарихи даму жолдары, қалыптасу кезеңдері тәрбиелік маңызы халықтың саяси әлеуметтік – экономикалық дамуының негізінде болды.

Ұлттық ойындары ертеден – ақ жалпы этнографиялық әдет – ғұрыптарымен бірге дамып, жетіліп, ендігі жерде өз алдына бір бөлек зерттеуді керек ететін – қазақ совет этнографиясының бір бұтағы бола тұрса да, күні бүгінге дейін бірде – бір тарихшы – этнограф ғалымдардан мән беріп зерттеген ешкім болмады. Тек, М. Таникеевтің Қазақстанның Россияға қосылған дәуірінен бастап, Октябрь революциясына дейінгі аралықты қамтыған педагогика ғылымдарының кандидаттық диссертациясы бар. Бұл еңбектің құндылығы сол, бірінші рет қазақтың ұлттық ойындары ұлттық мәдениеттің бір саласы болғандықтан өз бетінше тарихи зерттеуді керек ететіндігі жайлы пікір айтты. Ұлттық ойындардың жалпы қалыптасу кезеңі біздің заманымызға дейінгі ХІІ – ІХ ғасырлардағы Қазақстан жеріндегі көшпелі тайпалардың құрылу дәуірі, өйткені ойындардың қай – қайсысы болмасын, қай кезеңде дамымасын, олар тек өндірістік қарым – қатынастың қалыптасуына негізделген. Кезіндегі өндіріс күштерінің құралына пайдалануға икемделген тас, ағаш, сүйек т.б. табиғи заттар осы дәуірдегі қалыптасқан ұлттық ойындарына да сол өндіріс құралдарының материалдары қолданылды. Мәселен, күні бүгінге дейін мәнін жоймаған « асық » ойындарына кез келген сүйек емес жануарлардың асықтарын икемдеді.

Асық ойыны. Қазақта әр үйдің баласы сойған малдың, әсіресе қойдың, арқардың асығын жинайды. Асықты қынамен бояйды. Қорғасын құйып сақа жасайды. Асық ойыны күндіз де, түнде де, түзде де ойналады. Балалар күндіз далада ойнағанда екі бала белгіленген жерге ( 7 – 12 қадам ) асықтарды тігіп көмбеден атып тигізуі керек. Сақа тиген асықты алады. Ұтылған жақ жаңадан асық қояды. Мұндай ойында сақа өте қымбат. Сақа үлкен, салмақты асықтан болады. Кейде сақаны салмақтырақ ету үшін асыққа қорғасында құяды. Арқардың асығы үлкен болғандықтан сақаға қолайлы саналады. Асықтың алшы, тәйке, бүге, шіге деген аттары бар.

Ал асықтың «хан талапай» деген түрі үйде түнде ойналатын ойын. Онда бір топ асықты шашып жіберіп, сақаға тигізбей, алшы тұрған асықты екінші алшы тұрған асықпен, тәйке түскен асықты екінші тәйке тұрған, сол сияқты шік немесе бүк түскен асықтарды өзі сияқты түрде жатқан асықпен атып тигізген асығын алып отырады. Егер асық сақаға тиіп кетсе, онда «күйіп кеттім» деп асық салып айып төлейді. Осы сияқты асық ойындарының бірнеше түрі бар: Алшы, көтеріспек, кетсін бір, құмар, омпы т.б. Алшы. Асық ойнаушылардың саны 4 – 8 балаға дейін жетеді. Көнге барлық ойыншы бір–бірден асық тігеді. Содан соң иірген кезде алшы түскен сақаның иесі – бірінші, тәйке түскеннің иесі – екінші осылайша, кімнің нешінші болып ататындығы анықталады. Содан ары қарай ойын жалғаса береді.

Ендігі асық ойынының бірі – «кетсін бір».бұл ойынды жасөспірімдер мен мектеп оқушылары екі – екіден топқа бөлініп ойнайды және көп асық ұтуларына болады. Құмар – бұл да асық ойынының бір түрі. Бұл ойында бозбалалармен, жігіттермен қоса әдетте ересектер де ойнайды. Ойынға өте жақсы жонылған, табаны қайралған төрт асық керек.

Асық ойынының тағы бір түрі,бұл «омпы» ойыны. Асықты мұртынан на болмаса жамбасынан тұрғызуды омпы дейді. Оны тегіс алаңда, жазық жерде ойнайды. Екі баладан он балаға дейін қатысса ойын қызықты өтіп, ешкімді жалықтырмайды.

Ал «Бестас» ойынына кезкелген тастар емес, ұстағанда қолға сиятындай, домалақ тастар пайдаланған. Бұл ойында ойнаушылардың саны екіден бес-алтыға дейін барады. Ойын тақыр жерде өтеді. Бауырсақтай доп-домалақ бес тас қажет. өйткені сүйірленген тастар ойнағанда, иірген кезде өз еріктерімен домалап түспей біріне бірі бөгет жасайды және қолда ұстауға да ыңғайсыз. Сонымен балалар ең алдымен кім кімнен кейін ойнайтындғын бес тасты жоғары лақтырып, алақанның сыртына түсіріп, содан қаршып қағу арқылы кезек алысады. Ең көп қаршығаны бірінші, одан азы екінші, тағысын тағы солай кете береді. Демек бұл тастар, табиғи заттар өндірістік қарым – қатынастың дамуына қандай әсерін тигізсе ұлттық ойындардың қалыптасуына да сондай маңызды болды. Ұлттық ойындарының қалыптасуына тек балаларға ғана керектігімен дамып қойған жоқ, ересектердің күнделікті тіршіліктегі қозғалысымен көңіл көтеріп, демалыс уақытын өткізудегі қолданылған еңбектің бір түрі ретінде дамыды.Әртүрлі қозғалмалы ойындар тайпалық одақтарда ересектер арасында дамыды да кейін келе жас өспірімдер де қалды.Себебі үлкендерден көргенін бала да, күн ұзақ далада үй ауласында ермек етеді. Бұдан өзі ертеңгі ортаның азаматы болғанда басынан өткізетін өмірін, болашақтағы еңбегін қазір ермек етіп отырғандығы байқалады.Көшпелі қазақ тайпаларының арасында ұлттық мәдениеттің бір саласы ретінде қалыптасқан ұлттық ойындар әлеуметті-экономикалық жағдайдың өзгеруіне байланысты өзгеріп дамып отырады.Алғашқы феодалдық қатынас кезіндегі қалыптасқан ұлттық ойындарында болған кезеңді өзгеріс, бірінші рет топқа бөлініп ойнай тын ойындар пайда бола бастады.Ондай ойындардың алғашқыларының бірі күні бүгінге дейін мәнін жоймаған « ақсүйек » ойыны.

Ұлттық ойындардың келесі бір даму кезеңі ХV ғасыр яғни Қазақстан жерінде алғашқы хандықтардың қалыптасу дәуірі. Бұл қазақ халқының ұлттық ойындарының дамуының жаңа бір сатысы болды. Бұл кезеңдегі ойындардың көбіне қоғамдық құрылыстың ерекшелігіне қарай жеке адамның рөлі арқау болып, таптық элементтер араласты. Қазіргі Қазақстан жерін мекендеген ең алғашқы рулардың әдет – ғұрыптарының негізінде дамыған алуан түрде ойналатын қазақтың ұлттық ойындары, көшпелі халықтың дала табиғатына сай дами берді. Қазақтың әдет – ғұрыптарының, ойын – сауықтарының түпкі негізі мал өсіру мен экономикалық қарым – қатынастың дамуына байланысты болған.

Ұлттық ойындардың білімділік, тәрбиелік рөлі мен мәні.

« Адам өркениетке бейім болуы үшін балалық шақты бастан кешуі міндетті, егер ойын мен қызыққа толы балалық шақ болмаса, ол мәңгілік жабайы болып қалған болар еді » деп К.Чуковский бала денесінің дамуы мен ой – дүниесінің өркен жаюы және білімділік, тәрбиелік рөлі мен мәні ойынға тікелей тәуелді екендігін атап көрсеткен. Қазақ халқының ұлттық ойындарының білімділік және тәрбиелік маңызы жасөспірім ұрпақты ел қорғауға, бауырмалдыққа, ұлттық патриоттық сезімді дамытуға негізделеді. Ұлттық ойындарды қолдану мәселелерін Т.Ш.Қуаныш (1997), Б.Төтенаев (1994), М.Тәнекеев (1977), А.Б.Бүркітбаев (1997), Е.С.Сағындықов (1991) сияқты ғалымдарымыз көтеріп келеді. Олардың пікірінше, ұлттық ойындар – шаттық сезімдер көзі және ұлағатты тәрбиелік күш. Баланың адамгершілік сезімталдығын, шығармашылық қиял – қабілеттерін, адамгершілік сапасы мен көзқарасын, мәдениетін, ой — өрісін кеңейтіп, сөз өнеріне, қоғам, табиғат өміріндегі әсемдікті аңғарып, бойына сіңіре білуге тәрбиелеуде ойынның ұлттық салт – дәстүрдің айрықша орын алатыны жайлы қазақ халқының тұңғыш этнограф – ғалымы Ш.Уәлиханов, көрнекті ағартушы – педагог Ы.Алтынсарин, қазақ зиялылары А.Байтұрсынов, Ж.Аймаутов, М.Дулатов, Н.Қожанова, М.Жумабаевтің « Педагогика » еңбегінде балаларға рухани тәрбие берудің жолдары мен әдістері көрсетілуімен қатар, қоршаған дүниені қабылдауға жан көріністерін ( есту, сипап сезу, иіскеу, татып көру, ес, қиял, ойлау) бірлікте дамытудың маңызы жайында құнды пікірлер айтып ой түйіндерін тұжырымдаған. Оқулықта адамгершілік сезімдері жайлы ғылыми ұғымдар да әр қырынан ашылған. « баланың маңайында сөйленетін сөздер әдепті, сұлу болуға тиіс », — деп балалардың адамгершілік дамуындағы үлкендердің рөліне ойын арқылы тоқталады. Балалар ойындарының тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп, А. С. Макаренко былай деп жазды: «Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ересек адам үшін еңбектің, жұмыстың, қызметтің қандай маңызы болса, нақ сондай маңызы бар. Бала ойында қандай болса, өскен соң сондай болады. Ал Н.Крупская өзінің көптеген еңбектерінде ойынның бала өміріндегі маңызына үлкен мән берген. Қандай ойын болсын, әйтеуір бір нәрсеге үйретеді, ең бастысы, баланы мұқияттылыққа, еңбекке, жолдасымен ынтымақта болуға баулыйды. Ойын балалар үшін оқу да, еңбекте яғни айналадағы дүниені тану ойын тәсілі арқылы байқалады. Ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңу жолын үйретіп қана қоймай,балалардың ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады яғни ойын – баланың жан серігі іспеттес. Әрбір елдің ойыны сол елдің қоғамдық идеологиясына, тұрмыс – тіршілігіне, айналысатын кәсіп – шаруашылық ерекшеліктеріне байланысты. Ойын сырттай қарағанда анау айтқандай қиындығы жоқ, оп – оңай тәрізді көрінуі мүмкін. Ал іс жүзінде бала үшін ойынға қатысты балалармен бірге өзінің ойлаған ойын іске асыру оңай емес. Ойын кезінде жолдасының айтқаны мен келісіп оны құрмет тұтудың өзі адамгершілікке бастайтын жол. Ойын арқылы әр баланың игі бастамасын қолдап, оның бойындағы жақсы қасиеттерді өрбіте өзіндік мінез – құлқын қалыптастырады. Баланың әдепті, көргенді, қайырымды болып өсуі қоршаған ортасына, үлкендерге байланысты екені мәлім. Бала өмірде көрген – білгендерін, ойға түйгендерін ойын арқылы қалай бейнелесе, яғни үлкендердің, көрсеткен үлгі — өнегеміз қандай дәрежеде болса, балалардың да тәлімділігі оны айқын балгілейді.. А.А.Диваев « Қазақ балаларының ойындары » мақаласында ер балалар мен қыздардың саз балшықтан жануарлардың түрлі мүсіндерін жасау, қуыршақтарына киім тігу қабілеттері көрсетіліп, « Соқыр теке », « Көк сиыр », « Бөрік жасырмақ » т.б. ойындардың тәрбиелік мазмұнын ашады. Сондай – ақ « Қырғыз жастарының көне ойындары » мақаласында, тойда, айттарда ауыл жастарының ат жарыстары « Қыз қуу », « Көкпар », « Аударыспақ » т.б. ойындары жайында мағлұматтар береді. Әрине бұл ойындардың дене тәрбиесінде алатын орны өзгеше.

А.Байтұрсынов ұлттық ойындардың тәрбиелік жағын айтқандай : «Ұлттық ойындар арқылы әдептілікке, имандылыққа, силастыққа тәрбиелеуге болады, ойын баланың ой өрісін дамытады ». Шынында да ойын кезінде оқушының жеке басындағы қасиеттері дамиды, ойын баланы үйретеді, тәрбиелейді, өзгертеді. Сондықтан « Көп ойласаң, дана боласын, көп ойнасаң бала боласың деп, бала өміріндегі ойынның маңызына ерекше мән берген». В.А.Сухомлинский « Ойынсыз ақыл ойдың қалыпты дамуы жоқ және олай болуы мүмкін емес. Ойын – дүниеге ашылған үлкен жарық терезе сияқты, сол арқылы баланың рухани байлығы мен жасампаз өмірімен ұштасып, айналасындағы дүние туралы түсінік алады. Ойында балалардың ойы ұшқын білуге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты деген ». Осыған байланысты Қазақстан Республикасының « Білім туралы заңында », жеке адамның рухани және күш – құат мүмкүндіктерін ашу, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негізін қалыптастыру, жеке адамның шығармашылық және эстетикалық қабілетін дамыту қазақ халқының мәдениеті мен салт – дәстүрін соның ішінде ұлттық ойындарды оқып үйрену үшін жағдайлар жасау, жалпы білім беретін мектептерде оқушылардың денсаулығын сақтау, денешынықтыру мен ұлттық ойындарды жетілдіру міндеті қойылып отыр, яғни, рухани бай, азаматтық ары таза, ой еңбегі сай, сегіз қырлы, бір сырлы азаматтарды тәрбиелеуді талап етуде. Ұлттық ойындардың тәрбиесі барысында қимыл – қозғалыс пен жаттығулар – жас жеткіншекті батылдыққа баптап, сымбатты етіп сомдау, ептілікке баулу, сонымен қатар, тазалыққа үйрету, сергек демалу, бой жазу, ой еңбегі барысындағы шаршағанын басу, сарп еткен күш – қайратты толықтыра білу. Жан жақты үйлесімді дамыған азамат тәрбиелеудің бір негізі – мектеп қабырғасында ұлттық ойындарды жақсарту, оны халықтық тәрбиемен ұштастыру. Мектептерде балалардың дене тәрбиесі барысында қозғалмалы ойындарға жетекші рөль берілді. Ақыл – ой немесе дене күшін дамытуға бет бұрылды. Бұл қасиеттердің бірінсіз — бірін дамытуға болмайтыны, олардың тығыз байланыста екені ескеріледі. Соның нәтежиесінде қоғамымызда ақылынан қара күші басым немесе өзінің ақылымен ойлаған ойын іс жүзінде қолдана алмайтын жігерсіз, толыққанды емес адам тәрбиеленіп келеді. Ендігі біздің мақсатымыз – дене тәрбиесі жүйесін жетілдіру арқылы болашақ өркениетті қоғамның ерікті, өз бас бостандығын қорғай алатын, бүкіл адамзат құндылығын бағалайтын, адамгершілік, имандылық, ізгілік мінезі қалыптасқан, іскерлігі жоғары, дені сау азаматтарды тәрбиелеу.

II бөлім. Ұлтымыздың қымбат қазынасы – тоғызқұмалақты дәріптеу.

Тоғызқұмалақтың шығу тарихы. Тоғызқұмалақ – әлемдік мәдениетінің озық үлгілерімен бой теңестіре алатын зияткерлік (интеллектуалдық) ойын, логикалық ойлау өнері. Археолог -ғалымдарының пайымдауынша ойынның пайда болу мерзімі 4000 жыл шамасын қамтиды. Жасөспірім ұрпақтың дене шынықтыру тәрбиесімен қатар, ақыл-ойынын дамуына да зор мән берген бабаларымыз осы ойынды ойлап тауып, зердегілік және зияткерлік даму құралы ретінде қолданған. Қазақ халқының тарихи-мәдени мұраларының түрлері сан алуан. Олардың қай-қайсысы болса да адамға, оның игілігіне қызмет етуге бағытталған. Ал, осындай аса құнды мәдени игіліктердің бірі – қазақтың ұлттық ойындары. Көне мәдениет пен әдеби туындылар, ең алдымен халық жиналған думанды -сауықта, ойын-той үстінде дүниеге келген. Әйгілі жазушы Мұхтар Әуезов: « Біздің халқымыздың

14.01.2018

Содержимое разработки

33

Сынып: 10 Күні:

Тақырыбы: Дүниежүзілік шаруашылықтың салаларын орналастыру факторлары, Кибернетика және ҒТР жағдайындағы адам факторының рөлі

    Білімділік: Дүниежүзілік шаруашылықтың дамуы, олардың орналасу факторлары туралы білім беру

          Дамытушылық: Оқулық мәтіні мен қосымша ақпаратты пайдаланып, қазіргі заманғы дүниежүзілік шаруашылықтың салалары, оның орналасу факторларын. сипаттау.  Қосымша ақпарат көздері арқылы қазіргі заманғы ғылымға негізделген жоғары технологиялық салалармен таныстыру.

      Тәрбиелік: Қазақстандағы шаруашылық туралы айтып өту. Оның маңыздылығы

Үй тапсырмасын тексеру.

1. 4 оқушыға сұрақ қоямын, сендер жауап бересіңдер;

2. 4 оқушы тест жұмысын орындайсыңдар;

3 2 оқушы карточкамен жұмыс істейсіңдер.

Жауаптарын бағаланады.

  1. Білімнің негізін өзектілеу (негіздеу). Үй тапсырмасын тексеру. Сұрақтарға жауап беру

І Сұрақ – жауап

  1. ҒТР дегеніміз не? ( ғылыми - техника үрдіс аса жедел қарқынмен дамып, дүние жүзінің көптеген елдер мен шаруашылық салаларын қамтыған құбылыс)

  2. ҒТР заманында өндірістің орналасуына қандай факторлар себепші болады? (дамыған мемлекет пе, дамып келе жатқан немесе мешеу мемлекет пе осы фактор болып табылады , ғылыми –зерттеу жұмыстарына көп қаржы жіберетін мемлекет пе деген факторымыз бар, білім беру жүйесі жоғары дәрежеде болатын факторлар да әсер етеді)

  3. ҒТР- дың ғылыми – техникалық прогресс қандай айырмашылығы бар? (ғылыми –техникалық прогресс ұзаққа созылып тұратын құбылыс, ал ғылыми – техникалық революция бұл қарқынды тез арада дамыған құбылыс)

  4. Қазақстанға қатысты ҒТР ұғымын қолдануға бола ма? (тәуелсіздік алғаннан бастап Қазақстанда ҒТР бар деп есептеуге толық болады. Білім беру жүйесі уақыт және өмір талабына сай қайта құру сөзсіз ізгі ниеттен туған, ұлы мақсатты көздейтін процесс екенің қазіргі мемлекетіміздің басты ойы)

ІІ Тест

  1. Ғылыми зерттеулер мен оларды жетілдіруге жұмсалатын шығындардың үлесі

А. Эволюция В. ҒТР С. Жасыл революция

Д. Электрондандыру Е. Ғылымды көп қажет ету

  1. ҒТР тән ерекшеліктердің бірі немен айқындалады?

А. Өндіріс процесі кезінде адам рөлінің өзгеруі

В. ҒТР тек қана әскери өндірістік кешенін қамтиды

С. Ғылыми жаңалықтардың және оларды өндіріске қолданудың арасындағы уақытты қысқарту

Д. ҒТР адамның тіршілік әрекетін және оның барлық салаларын өзгертеді

Е. ҒТР ге мұндай ерекшелік тән емес

  1. Ғылыми техникаға көп көңіл беретін мемлекеттер

А. АҚШ, Жапония, Кения, Ресей

В. Жапония, Германия, Ресей, Мадрид

С. АҚШ, Испания, Жапония, Қазақстан

Д. Ресей, Жапония, Ақш, Бангладеш

Е. Жапония, АҚШ, Германия, Франция

  1. Қазіргі кезеңде ҒТР-дың қандай базасында өзгерістер көп болып жатыр?

А. Өндірістік-техникалық

В. Өндірістік - металлургиялық

С. Өндірістік – ауыл шаруашылық

Д. Өндірістік – сауда базасында

Е. Өндірістік - энергетикалық

  1. Қай мемлекетте «Білім беру – ғылым - өндіріс» жүйесі жоғары қалыптасқан?

А. АҚШ В. Жапония С. Ұлыбритания

Д. Германия Е. Ресей

ІІІ Карточкамен жұмыс

  1. ҒТР мешеу елдерде қарқынды дамыған жоқ. Себебін түсіндір. (ҒТР мешеу елдерде дамыған жоқ, себебі мешеу елдердің басты мақсаты – халықтың ең басты мәселелері – тамақ өнеркәсібі мен, денсаулық сақтау бағыттарды қаржыландыру. Мешеу мемлекеттердің ақша қоры аз болғандықтан – олар ғылымға жіберетін капитал деген ұғымды қарастырмайды. Әлеуметтік салаларға көңіл бөліп, ҒТР –ды ең ақырғы орынға қояды деуге де болады. Басқа мемлекеттер мешеу елдерге инвестиция беруге асықпайды, себебі ол қаржыны бостан босқа желге шашу деген ойға келеді, осындай пікір бар).

  2. ҒТР - дың адамға кері әсері. ( атомдық уақытта өмір сүру өте ауыр, себебі – адамның денсаулығына өте көп зияны бар. Генетикалық бөлікте адамның құрылысы өзгеріске ұшырайды, мысалы адамның ағзасына атом бомбасының әсері және де ұялы телефондар да көптеген зиян әкеледі)

ІҮ Сұрақтарымызға жауап алдық, тесттің қорытындысы шықты, карточкамен де жұмыс бітті. Келесі сабағымыздың бөлімі - ҒТР туралы, мен мынадай қорытынды жасағым келіп отыр. Бәріміз біз ХХІ ғасырда өмір сүріп отырмыз, осы ғасырымыз – атомдық, ғылыми – техникалық заман деп аталады. Қай жерге қарамасақ та, бізді қоршап отырған ғылымымыздың туындылары өте көп.

Ал енді кішкене тарихқа назар аударып сендерге дайындаған менің презентациям бар. Оның атауы – ЭКСПО көрмесі. Неге ЭКСПО- ға мен назар аудардым?

Дұрыс, себебі ЭКСПО көрмесі, Нобель сыйлығы сияқты – бұл ҒТР - дың көрсеткіштерінің бірі болып табылады.

Жаңа сабақ

Дүниежүзілік шаруашылық – бұл ұлттық экономиканы халықаралық еңбек бөлінісі бірлік жүйесімен байланыстыратын глобалды экономика. Дүние жүзілік шаруашылықта халықаралық экономикалық қатынас бөлінеді.

Олар келесі формада болады:

 халықаралық сауда;  

капитал шығару және халықаралық несие;

 халықаралық валюталық қатынас;

 халықаралық жұмыс күші миграциясы;  

ғалым және техника облысында халықаралық айырбас.
Кибернетика (грекше kybernetіke – басқару өнері, ағылшынша cybernetіcs) – басқару жүйелеріндегі ақпаратты алу, сақтау және өңдеу ісінің жалпы заңдылықтары жайлы ғылым. Кибернетикадағы зерттелетін негізгі нысандар – кибернетикалық жүйелер дерексіз (абстракт) түрде, яғни олардың табиғаты физика мазмұнына байланыссыз зерттеледі. Мұндағы басқару жүйелері ұғымына техника қана емес, кез келген биологиялық, әкімшілік және әлеуметтік жүйелер де жатқызылады.

Кибернетика - 1) табиғат пен қоғамдағы басқару мен байланыстың жалпы заңдары туралы ғылым; практикалық мағынада — күрделі жүйелер мен организмдердегі кері байланыс туралы ілім; 2) ақпарат жинау, жеткізу, түрлендіру, басқару жайындағы ғылым. Кибернетикалық жүйелерге мысал ретінде автоматтық реттеуіштерді, компьютерлерді, адамзат қоғамын және т.б. Келтіруге болады. Кибернетиканың теориялық өзегіне ақпарат, алгоритмдер, автоматтар теориясы, операцияларды зерттеу, оңтайлы басқару теориясы, бейнелерді айыру-тану теориясы кіреді. Электрондық есептеу машиналары кибернетика мөселедерін шешудің негізгі техникалық құралы болып саналады. Н.винердің еңбектерінде келтірілген күрделі жүйелер мен организмдердегі кері байланыс жайындағы ілім; 3) техникалық, биологиялық, өлеуметтік және т.б. Жүйелердегі басқарудың жалпы принциптері туралы ғылым.[2]

Бекіту сұрақтары:

  1. Дүниежүзілік шаруашылық дегеніміз не?

  2. Дүниежүзілік шаруашылықтың салаларын ата?

  3. Кибернетика ғылымы дегеніміз не?

  4. Кибернетикаға не жатады?

Үйге тапсырма: Киберенетика туралы реферат, Дүниежүзілік шаруашылық

-75%
Курсы повышения квалификации

Интерактивные методы в практике школьного образования

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Орта білім беру мазмұнын жаңарту (23.81 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт