Оқу әдістемелік бөлім бастығының орынбасары (ЖБ): | Ж.Асқарова | |
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: VІ | Мектеп: Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахымов атындағы Шымкент республикалық «Жас ұлан» мектебі | |
Күні: 6.12.2018 | Мұғалімнің аты-жөні: Н. Джапаров | |
Сабақ № | Рота/взвод: 10б | |
Сабақтың тақырыбы: | Өрмелеу. Биіктігі 4м арқанға аяқтың көмегінсіз өрмелеу. | |
Сабақтың мақсаты: | -білімділік-арқанға өрмелеу: үш тәсілмен арқанға өрмелеу (арқанның биіктігі – 2,5-3 м); -тәрбиелік-тұлғаны оң қасиеттерге тәрбиелеу, оқу және жарыс әрекеттерінде ұжымдық әрекеттестік пен ынтымақтастықтың межелерін сақтау: -дамытушылық-дамыту және сауықтыру бағытындағы дене жаттығулары, базалық спорт түрлерінің іс-қимыл әдістері мен техникасы арқылы қимылдық тәжірибені байыту, қимыл-қозғалыс мәдениетін қалыптастыру,дене шынықтыру және спорт туралы, олардың тарихы, қазіргі дамуы және салауатты өмір салтын қалыптастырудағы рөлі туралы білімдерді игеру. | |
Пәнаралық байланыс | Биология, физика | |
Алдыңғы білім | Гимнастикалық орындықта орындалатын жаттығулар. | |
Ресурстар | Секундомер, ысқырық | |
Сабақ барысы | ||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері | |
Сабақтың басы 4 минут 8 минут | Сапқа тұру, кезекші баяндауы, сәлемдесу. Сабақ міндетін хабарлау. Орнында және қозғалыста Орындалатын саптық жаттығулар. Саптық жаттығулар,қозғалыс кезінде Орындалатын саптық жаттығулар, жүру түрлері,ажырау және қосылу арқылы бір колоннадан екі колоннаға сап құру,қиғаш- тап қарама- қарсы бағытпен және жылан- ша жүру. | |
Сабақтың ортасы 23 минут | Дайындық жаттығулары. 1.Сапқа тұру, жаттығулардың техникасы туралы түсіндіру және оны көрсету. 2. Қауіпсіздік ережесімен таныстыру. Арқаңға өрмелеп шығу жаттығулары. 1.Орындықта отырып, қолды шынтақ буынынан бүгіп, арқанды аяқпен қысып ұстау арқылы қолмен бірден жоғары тартылу. 2.Арқанға «байланып тұру», яғни өрмелеп бара жатып тоқтау. 3.Арқанға асылып тұрып, аяқты алдыға соза жоғары көтеру. 4.Асылып тұрған қалыпта аяқтың үшін қолға тигізу. 5.Үш тәсілмен арқанға өрмелеу (арқанның биіктігі – 2,5-3 м). а) аяқты бүгіп асылып тұрып, тізені кеудеге жақындата прқанды не табанмен, не аяқтың үстімен немесе тіземен қысып ұстау. б)қолды шынтақ буынынан бүгіп, арқанды аяқпен қысып ұстау арқылы қолмен бірден жоғары тартылу. в)арқанды аяқпен ұстауды сақтай отырып,екі қолды кезекпен ауыстырып ,арқанның жоғарғы жағынан ұстау. 6.2,2,5 және 3м еңкейтілген арқанмен (аяқтың көмегінсіз қолмен өрмелеу, кейін гимнастикалық төсенішке секіріп түсу. 7.Бұл да сондай ,кейін қолмен саумалдап түсу. 8.,2,5 және 3 м –лік биіктірге бекітілген тіке түсірілгшен арқанға қолмен өрмелеу, төменгі қолдардың және аяқтардың көмегімен түсу. 9.Бұл да сондай ,кейін аяқтың көмегінсіз қолдармен түсу. 10.Мүмкін қателерді талдау. | |
Сабақтың соңы 5 минут | Үй тапсырмасын қабылдау. Оқушылардың организімін қалпына келтіру. 1. Оқушыларды жалпы сапқа тұрғызу, 2.Жаттығуларды орындап оқушылардің демнің қалпына келтіру. 3.Қолды және аяқты қағып соғуы. Үй тапсырмасын беру. |