Меню
Разработки

"Орманға саяхат "

Тақырыбы Орманға саяхат

Мақсаты : балаларға орман туралы түсіндіру.

19.01.2019

Содержимое разработки


Тақырыбы: «Орманға саяхат»

Білім салалары: денсаулық, таным, шығармашылық, әлеумет, коммуникация

Бөлімдері: Тіл дамыту, сурет, дене шынықтыру, қ.м.ұ..т қоршаған ортамен таныстыру.

Мақсаты: 1) Сөздік қорын молайту, Өз ойын ашық,еркін айтуға дағдыландыру.

2) Дәстүрден тыс әдісті пайдалану арқылы достарына көмектесе білуге баулу.

3) Табиғатты қорғауға, әдемілікті көре білуге тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: орманға саяхат

Билингвальді компонент: күз – осень, орман – лес.

Оқу қызметінің барысы: Мативациялық – қозғаушылық

Шаттық шеңбері

Қайырлы таң, Алтын Күн!

Қайырлы таң, Көк аспан!

Қайырлы таң, Жер –ана!

Қайырлы таң, Достарым!

Қайырлы таң, Қонақтар!

Тәрбиеші: Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар: Күз.

Тәрбиеші: Дұрыс. Ал кім күз туралы тақпақ біледі?

Әсел

Сап – сары маңай

Сап – сары тоғай

Соңғы әнін айтып

Құс кетті қайтып

Ардақ

Ел егінді жинайды

Қырманға дән симайды

Әліби

Нан атасы - бидаймын

Елге астық жинаймын

Дәнім толып піскенде

Қауызына симаймын

Азамат

Ой, алақай, тамаша

Шашу шашты жапырақ

Абай

Алтын, сары, қызыл, көк

Алуан - алуан жапырақ

Күзгі бақта күлімдеп

Көз тартады атырап

Залина

Здравствуй, здравствуй осень золотая,

Соком сладких яблок налитая.


Ұйымдастырушылық – ізденістік

Ғажайып сәт

Есік қағып, ішіне торғай келеді, аузына хат қыстырып алған.

Тәрбиеші: Балалар бізге кім келді?

Балалар: Торғай.

Тәрбиеші: Бұл жай хат емес екен балалар, бізде өзімен бірге орманға серуендеуге шақырып келіпті. Балалар торғаймен бірге саяхатқа барамыз ба? Балалар орманға барғанша жолда әртүрлі кедергілер кездесуі мүмкін.

Тәрбиеші: Балалар сендер орманда жүру ережесін білесіңдер ме?

Орманда айқайламау керек, ысқыруға болмайды, ағаш бұталарды сындыруға, от жағуға, қоқыс тастауға болмайды.

Тәрбиеші: Балалар саяхатқа немен шығамыз? Орманға қандай көлікпен баруға болады?

Балалар: Машинамен, пойызбен, ұшақпен, автобуспен

Тәрбиеші: Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын. Шешуін табамыз. Сол көлікпен барамыз.

Жұмбақ

Арқасында ауыл жүр

Ала тайым шауып жүр.

Балалар: Автобус

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар. Өте жақсы.

Бакты ашамыз

чик – чик

Жанармайды құямыз

с-сссссс

Моторды қосамыз

Др-др-др

Ал енді автобус оталды ма?

пип-пип

Жолға шығайық

Ортада айналып жүреді. (Автобустың дыбысы шығады).

Тәрбиеші: Балалар, біз орманға да келдік. Мына жер қандай тамаша. Кәне, отырамыз.

Тәрбиеші: Балалар, алдымыздан не шықты?

Балалар: Өзен, су

Тәрбиеші: Мына өзен қандай?

Балалар: Жіңішке өзен
Тәрбиеші: Аттап өтуімізге болады екен. Ал мына өзен қандай?

Балалар: Жалпақ өзен.

Тәрбиеші: Бұл өзеннен өту үшін көпір жасайық, ол үшін жанандағы таяқшаны қойып өтейік.

Тәрбиеші: Балалар, бізді кім қарсы алды?

Балалар: Аю

Аю: Сәлеметсыңдар ма, балалар!

Аю: Ойын ойнаймыз: «Жапырақтар жинаймыз»

Қоян шығады

Қоян: Балалар, менімен билегілерің келе ме?

Би: «Қояндар»

Балалар: Кім қоян туралы тақпақ біледі?

Алима

Ақ қоян-ау,ақ-қоян

Үркек қоян, сақ қоян

Қаша берсен орманға

«Қорқағым» деп ат қоям

Тәрбиеші: Балалар кім аю туралы тақпақ біледі?

Әлия

Қорбандаған аюдың

Құлпынайы көп екен

Теріп – теріп алайық

Қалтамызға салайық

Тәрбиеші: Балалар кім түлкі туралы тақпақ біледі?

Рамазан

Өзі қу

Жүрген жері шу.

Тәрбиеші: Балалар кім қасқыр туралы тақпақ біледі?

Әліби

Мен көк жал қасқырмын

Малшыны састырдым

Аш болсам ұлимын

Ауылды торимын

Тәрбиеші: Балалар, бұл ненің дауысы?

Балалар: Құстардың

Тәрбиеші: Сеңдерге не болды сонша шулап?


Құстар: Біздің қарнымыз ашты

Тәрбиеші: Олай болса, біз сендерге жем берейік!

Тәрбиеші: Балалар, мына жем сауыттарға жем салыңдаршы. (ыдыстар салынған сурет карточкаларына бояуға, саусақтарын малу арқылы нүктелер салу) Міне, балалар, сендер құстарға да көмектесіңдер.

Тәрбиеші: Балалар, балабақшамызға қайтар уақыт та болды.

Кәне автобусымызды тексерейік.



Күтілетін нәтиже:

Біледі: Күз мезгілі ерекшеліктерін

Игереді: Түрлі пішіндерді ойын арқылы

Меңгереді: Аңдарға, құстарға көмектесуді.













-75%
Курсы повышения квалификации

Развитие речи детей дошкольного возраста в соответствии с ФГОС ДО

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
"Орманға саяхат " (18.97 KB)

Похожие файлы

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт

Вы смотрели