Меню
Разработки
Разработки  /  Биология  /  Уроки  /  8 класс  /  Организм құрылымын қалпына келтіру, олардың өсуі мен энергия жинақтауы үшін қоректік заттардың маңызы.

Организм құрылымын қалпына келтіру, олардың өсуі мен энергия жинақтауы үшін қоректік заттардың маңызы.

Организм мен сыртқы орта арасында жүретән барлық химиялық реакциялардың жиынтығы зат алмасу немесе метаболизм (гр.е метаболе – өзгеру,алмасу) деп атайды. Метаболизм 2 ге бөлінеді. 1. Пластикалық алмасу (ассимляция, анаболизм). 2.Энергетикалық алмасу (диссимиляция, катаболизм).

19.04.2018

Содержимое разработки

Күні : 13.03.2018ж.

Пән:Биология

Сынып:8

Сабақтың тақырыбы: Организм құрылымын қалпына келтіру, олардың өсуі мен энергия жинақтауы үшін қоректік заттардың маңызы.

Сабақтың мақсаты: 1.Зат алмасу-тірі организмдерге тән қасиеттермен таныстыру.

2. Оқушылардың білім-білік дағдыларын дамыту.

3. Жауапкершілікке, қоршаған ортаға саналы көзқараста болуға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа.

Сабақтың әдісі: жаңа техналогия элементтерін пайдалану.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,слайд, білім ленд,суреттер, кесте,оқулық, электронды оқулық.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау

Биологиялық диктант.

1.Белгілі бір тағамды қажетсіну сезімін...деп айтады.(тәбет)

2....жоғалту көптеген аурулардың әдеттегі белгісі.(тәбетті)

3.....пайдаланғанда,адам тағамнан улануы мүмкін.(сапасыз немесе ескі өнімдерді)

4.Қауіпті асқазан ішек ауруларына...жатады.(дизентерия,іш сүзегі,тырысқақ)

5.....ауруларды да кейде жұқпалы аурулар түрінде байқалуы мүмкін.(ішекқұрт)

6.Жақсы піспеген...ішекқұрт ауруларын жұқтыру көзі болуы мүмкін.(балық,ет)

7.....белгілері:іштің ауруы,құсу,іш өту,бас ауру,бастың айналуы.(улану)

ІІІ . Жаңа сабақты түсіндіру.

Организм мен сыртқы орта арасында жүретән барлық химиялық реакциялардың жиынтығы зат алмасу немесе метаболизм (гр.е метаболе – өзгеру,алмасу) деп атайды. Метаболизм 2 ге бөлінеді. 1. Пластикалық алмасу (ассимляция, анаболизм). 2.Энергетикалық алмасу (диссимиляция, катаболизм).

Пластикалық алмасу-биосинтез реакцияларының жиынтығы: жаңа жасушалар, олардың органоидтері мен жасушааралық заттардың түзілуіне және энергия жинақталуына жұмсалатын жай заттардан күрделі заттардың түзілуі. Пластикалық алмасу есебінен жасуша бөлінуі, дамуы және өсуі жүзеге асады.

Энергетикалық алмасу-жасуша құрамына кіретін органикалық қосылыстардың энергия бөліп, тотығуы мен ыдырауы жүретін процесс.

Нәруыздар-организм ұлпасының жасушаларының түзілуіне қатысатын негізгі құрылыс материалы.

Органикалық қосылыстардың айналымы.

Нәруыздар



Көмірсулар Майлар

Майлар алмасуы. Майлар өсімдікті және жануартекті тағамдар құрамына кіреді. Олар адам денесі массасының 10-20 пайызын құрайды.

Көмірсулар алмасуы. Көмірсулар организмге, негізінен, өсімдіктекті тағамдармен, сондай-ақ аз мөлшерде жануартекті тағаммен түседі. Олар дене массасының 1-2 пайызын құрайды.




Көмірсулардың алмасу сызбанұсқасы.

Ас қорыту ферменттері


Өсімдіктекті тағам (крахмал) + Қант Глюкоза

Бауыр гликогені Қанға

Адам тамақ ішпей 40-50 күн, ал сусыз бірнеше күн ғана тіршілік ете алады. Адам денесіндегі минералды заттардың жалпы мөлшері, шамамен 4,5 пайыз құрайды.


4.Қорытынды: Кестелерді дәптерлеріңе толтырыңдар

Органикалық қосылыстардың алмасуы.

Органикалық қосылыстар

Қызметі

Ыдырау процесінде не түзіледі?

Нәруыздар

Майлар

Көмірсулар




Бейорганикалық заттардың алмасуы

Бейорганикалық заттар

Қызметі

Су


Минералды тұздар



5. Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:

1.Зат және энергия алмасудың маңызы қандай?

2.Пластикалық алмасу дегеніміз не?

3.Нәруыз алмасуы қалай жүреді?

4.Көмірсулар алмасудың қандай ерекшеліктері бар?

5.Майлар алмасуы қалай жүзеге асады?

6.Су мен зат алмсуда, тұтас организмде қандай рөл атқарады?

7.Минералды тұздардың адам организміндегі рөлі қандай?


Үйге тапсырма: §48 Баяндама «Энергетикалық алмасу және оның кезендері»


-75%
Курсы повышения квалификации

Экологическое воспитание учащихся

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Организм құрылымын қалпына келтіру, олардың өсуі мен энергия жинақтауы үшін қоректік заттардың маңызы. (35.79 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт