Батыс Қазақстан обл, Ақжайық ауданы О.Исаев ОЖББМ
Досмакова Ш. Н. Бастауыш сынып мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктердің көбеюі
Сабақтың мақсаты: 1. Өсімдіктердің тұқымнан көбейетінін көрсету,
өсімдік және оның мүшелері жайында
ұғымдарды қалыптастыру.
2.Танымдық тапсырмалар, сұрақтар арқылы
оқушылардың дүниетанымын, шығармашылық
қабілеттерін дамыту.
3.Табиғатқа деген ізгілік сезімдерін ояту,
табиғатты сүюге, өсімдіктерге қамқорлық
жасап, күте білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, суреттермен жұмыс, түсіндіру.
Сабақтың көрнекіліктері: сюжетті суреттер, слайдтар.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
Табиғат біздің анамыз,
Табиғатқа баламыз.
Иіліп сәлем береміз,
Біз әдепті баламыз.
Балалар, сабақта денемізді тік ұстап, партада түзу отырамыз.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.
3 — 4 оқушыдан түсінгендерін сұрау.
Сұрақтар арқылы білімдерін бекіту.
1. Жемістер нешеге бөлінеді?
2.Шырынды жемістерді ата?
3.Құрғақ жемістерді ата?
4.Тұқымы ішінде болатын жемістерді ата?
5. Шикі күйінде пайдаланатын жемістерді ата?
ІІІ.Жаңа сабақ.
1.Кіріспе әңгіме.
«Ой қозғау»
Сұрақ — жауап:
— Табиғатты нелер құрайды?
— Аспан, ай, күн, жұлдыз, тау, тас, ағаш, көл, аң, жануарлар.
— Табиғат нешеге бөлінеді?
— Тірі табиғатты ата. – Өсімдік, жануарлар, адам.
— Өлі табиғатты ата. – Жер, ай, су, күн, ауа, күннің жылуы, жарығы.
Ендеше өсімдік табиғаттың бір бөлігі екен. Өсімдіктер орманда, далада, тауда да, суда да өседі.Бүгін біз осы өсімдіктердің қалай көбейтіндігі туралы білетін боламыз.
Біздің елімізде өсімдіктердің түрлері өте көп. Өсімдіктердің тіршілік ету мерзім әр түрлі. Кейбір өсімдіктер бірнеше ай, енді біреулері ұзақ уақыт тіршілік етеді. Көбею – барлық тірі табиғатқа тәне қасиет. Көбею дегеніміз — әр өсімдіктің өзі сияқты ұрпақ қалдыруы. Сол өсімдіктің санын көбейту. Өсімдік тұқымнан, пиязшықтан, түйнектен, тамыр сабақтан, қалемшеден, жапырақтан көбейеді.
Өсімдіктер көбіне тұқымдары арқылы таралады. Мысалы, бақбақ өсімдігінің тұқымдары үлпілдек болады. Шамалы жел соқса желмен ілесіп ұша жөнеледі.
Пиязшық – бақша пиязы, қазжуа.
Түйнектен – мысалы, картопты анықтап қарасаңдар, оның бетінде көзшелер бар. Сол көзшеден жерге отырғызған соң тамыр жайып өседі.
Қалемшеден немесе бұтақтан – кез келген ағаштан өскінді кесіп алуға болады.
Жапырақтан – бөлме өсімдігінің кез келгенінің жапырағын алып суға салып қойсаң қалай өскенін көруге болады.
Тамыр сабақ арқылы көбейетін өсімдіктерге арамшөптер жатады. Мысалы сендер жазда бақшада арамшөптерді жұласыңдар, бірақ 3-4 күннен кейін барсаңдар сол жерге тағы да шөптер өсіп тұрғанын көресіңдер (неге ?)
Өйткені олардың жер астында тамырлары қалып қояды екен.
Сергіту сәті
Мұғалім: мына жұмбақтардың жауабын айтыңдаршы
1. Көктемде жерге енемін,
Ылғалда өсіп-өнемін.
Менің өскен жемісім,
Қыс бойғы сенің қорегің. (Тұқым)
2. Аспай піскен,
Қайнамай түскен. (Жеміс)
IV. Оқулықпен жұмыс.
— Дауыстап кезекпен оқыту суреттер бойынша жұмыс
— Тұқым көктеп өсуі үшін қандай ерекше жағдайлар керек?
(су, ауа, топырақ, жылу)
Сәйкестік тесті
1.Бұл не?
өнеді сабақ
өседі тұқым
көбейеді тамыр
қурайды гүл
2.Қай бөлігі пайдалы?
картоп жемісі
қызанақ тамыржеміс
сәбіз дәні
бидай түйнегі
Білімді жинақтау және жүйелеу.
Жедел хат
Көбею — барлық тірі ……………………қа тән қасиет. Өсімдік тұқымнан, пиязшықтан, …………………….., сабақтан көбейеді.Топыраққа еккен тұқымнан жаңа …………………. өніп шығады. Осылай өсімдіктердің жер бетіндегі …………………. жалғасады.
V.Сабақты қорытындылау.
1.Өсімдіктің көбейтетін бөліктерін ата?
2.Қандай өсімдіктер жер асты бөліктерінен көбейеді?
3.Картоп қалай көбейеді?
4.Қандай өсімдіктер жерүсті бөліктерінен көбейеді?
5. «Мұртша» дегеніміз не?
VI. Үйге тапсырма беру.
VII. Бағалау
• «Келісемін, келіспеймін» әдісінде қойылатын сұрақтар.
• Ағаштардың бұтақтарын сындырамыз. Келіспеймін.
• Көктемде әкеммен бірге аулаға жас шыбықтар отырғызамын. Келісемін.
• Саябақта өсіп тұрған гүлдерді аяғыммен басып таптаймын. Келіспеймін.
• Бөлме гүлдеріне су құйып, жапырақтарын дымқыл шүберкепен сүртіп отырамын. Келісемін.
• Өсімдікке зиян келтірген адам- зиянкес адам деп есептеледі. Келісемін.
• Жеген балмұздағымның сыртын кез келген жерге шашып кетемін. Келіспеймін.
• Табиғаттағы өсімдіктерді қорғау, көбейту-әр адамның міндеті.. Келісемін.
• Орман тоғай ішінде оттықпен ойнаймын. Келіспеймін.
• Өсімдіктер -адамның досы. Келісемін.
• Мен өз елімнің табиғатын жақсы көремін. Келісемін.
Көбею — барлық тірі табиғатқа тән қасиет. Өсімдік тұқымнан, пиязшықтан, қалемшеден, сабақтан көбейеді.Топыраққа еккен тұқымнан жаңа өскін өніп шығады. Осылай өсімдіктердің жер бетіндегі көбеюі жалғасады.


7 тәул 14 сағат 5 тәул 16 сағат 5тәул 20 сағат = 56 5 онд 6 бірл = 10 онд 100" width="640"
Оралым – Атамекенім (14.36 MB)

