Тақырыбы: Өмір –баға жетпес сый.
Мақсты: өмір құндылықтарының мәнін ашу арқылы адам өмірінің сипаты мен тірлігі туралы ұғымдарын кеңейту. Өмір сырын түсіну , өмір сүру жолдары туралы өзіндік орнын , өмірлік бағдарын дамыту.
Әдісі: семинар-тренинг,пікірталас.
Қатысушылары: 8 «Б» сынып оқушылары.
Мұғалім: Халқымыз өмірді ағып жатқан өзенге теңейді, өйткені өмір өзен тәрізді тоқтаусыз ешкімге білінбей өтіп жатады. Сол ағын өзенде өз орнын тауып жатқан бақытты адамдар болса, керісінше тепіреш көріп қайғы шеккен адамдар да кездеседі.Демек ,өмірде өз ағысымыз бен тура табуымыз үшін қоршаған ортадан өз орнымызды таба білуіміз қажет.
1. «Сәлем –сөздің анасы» демекші бірінші оқушылармен келген қонақтармен сәлемдесіп аламыз. Бұдан кейін оқушыларды топқа бөліп, орындарға отырғызамыз.1.Үшбұрыштар. 2.Төртбұрыштар. 3. Шеңбер
2.«Мен өзімді таныстырғым келеді» бөлімі боыйнша әрбір оқушы өз есіміне сын есім жалғап , айтып шығады.мыс: «Мен зерек Заринамын» т.б
3.«Өмірдің мәні неде?» деп аталатын бейне ролик тамашалаймыз . Содан кейін экранға өмір туралы сұрақтар қойылады:
Өмір туралы көзқарасын? 2.Өмірдің құндылығы неде? 3.Өмір қаншалықты қызық?
4. «Топтас,ойлан, талқыла» бөлімі
«Өмірдің сен үшін ең қызық сәттері» постер қорғау .Экраннан «Өмірдің мектебі» деп аталатын бейне ролик жүріп тұрады. Әр топтағы оқушылар өз жұмыстарын таныстырып , қорғайды. Сұрақтарға жауап беріп ,ойларын тиянақтайды.
5. «Өмір туралы афоризмдер» бұл бөлімде слайдтта дайындалған афориздерді оқып, танысып оларға жеке жеке тоқталып, түсінік беріп өтеді.
6. «Ақиқат орындығы» бұл бөлімде оқушыларға карточкалар үлестіріліп,таратылады аяқталмаған сөйлемдерді өз ойларымен айтып шығады. –Ең үлкен қорқыныш-бұл... –Мен мынадай адамдарға сенбеймін.... -Мен ренжимін егер... -Егер маған дауыс көтерсе..... -Мен қарсыласқанда..... -Егер мен сенімсіз болсам....
7.Өмір деген тұрмайды қап-қарадан, Өмір деген тұрады ақ-қарадан. Ақ-Қара екі арасынашып өтіп, Арымен өз бақытын тапқан адам. Келесі кезекте «Қанағат қыл басындағы бағыңа» деп аталатын бейне роликтегі бала тағдыры туралы ой-бөліс. Адам өз өміріндеде барға қанағат қып , шүкіршілік етуді үйретеді. Сондықтанда адам боп келгеннен соң кездесетін қиындықтарға мойын ұсынып, оларды жеңе білуге үйрету.
8. «Ақ жүрек» кеңес беру бөлімі.
Өмірде қиындыққа тап болып, қиындыққа тап болған адамға кеңес беру арқылы жүрегіне жылы-лық енгізу. Тақтада тұрған ақ жүректің суретіне стикерлерге жазып , тілектері мен кеңестерін жапсырады.
9.Қорытындылау. Өмір деген тұрады таң мен кештен, Ғұмырлы екі араны жан мен кешкен. Құпия жұмбақ сырлы дүниеге, Адамдар армен келіп Армен көшкен. Өмір деген екі өзен, мұң қуаныш, Толқыны:шындық-жалған,Күлкі -намыс
Ш.Сариев.
Осындай өлең жолдарымен бүгінгі дайындалған «Өмір -баға жетпес сый» деп аталатын дөңгелек үстелді аяқтаймыз.Келген қонақтар мен қатысып отырған оқушыларға рахметімді айтамын.Назарларыңызға рахмет! Қош сау болыңыздар!
«Жармыш орта мектебі» мемлекеттік мекемесі

( дөңгелек үстел)
өткізген:Буркитова.У
8 «Б»сынып
Жармыш 2015 ж


"Өмір баға жетпес сый" (43.5 KB)

