Меню
Разработки
Разработки  /  Начальные классы  /  Презентации  /  Прочее  /  Оқу үрдісін жаңарту

Оқу үрдісін жаңарту

Мұғалімнің қаншалықты білімді, шығармашыл болса, оның құзыреттілік аясында сол гұрлым кең болмақ

05.09.2017

Содержимое разработки

Оқу үрдісін жаңарту



Сырым ауданы, Жалпы білім беретін Қ.Мырзалиев атындағы

орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі

Есенгалиева Жанара Бактыгалиевна



Елбасымыз білімді ұрпақ тәрбиелеу, мемлекетімізді биіктен көрсету, дамыған 50 елдің қатарына қосылу мақсатында ұлы қадам бастады. Мемлекеттік тіл-қазақ тілін тілге тиек етіп басқа тілді оқып ,оны меңгеруге талаптансын десек, ұрпағымыз білімді болсын десек, сол ұрпақты жеке тұлға етіп, өмірдегі өз орындарын табуға бағыттайтын ұлағатты ұстаздардың біліктілігін арттырудан бастаған орынды іс болды. Білім беру жүйесінде жаңаша оқыту өте тиімді.

Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты- бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп-үйрететін орта, оның жүрегі-мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс-оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу,оны қадір тұту,қастерлеу,арындай таза ұстау-әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін,барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Алдымызға келген әр оқушы мектептен алған білімдерін қажетті уақытта қолдана ала білуге машықтану керек. Ұстаздар берген білімнің құндылығын өмір тәжірибелерінде әр уақытта қолдана білсе, аса білікті, жан-жақты дамыған тұлға болып өсуіне күмәніміз болмайды. Оқушылар мектепке келген кезде қиындыққа тап болмай, әр мәселені оңай шешіп, оқуға ынтасы артып отыратындай жағдайда болу керек.

Білім- адамзаттың терең және үйлесімді дамуын бекітетін құралдардың бірі, прогестік,әлеуметтік тұрақтылықпен ұлттық қауіпсіздіктің маңызды факторы. Қазіргі білім беру үрдісі адамның ішкі табиғи мүмкіндіктерін ашып, әр адамның өзінің «менің» сезінуге, толықтыруға көмектесетіндей, сыртқы әлеммен әлеуметтік қарым-қатынастарды өз орнын табуға, өзін шығармашылықпен өзгертуге белсенділік танытуға ықпал етуі тиіс. Бүгінгі таңдағы қоғам кәсіби білімі жетік, құзыретті бәсекеге қабілетті мамандарды талап етеді. Білікті ұстаз, білімді маман болу үшін- әрбір мұғалім өз білімін үздіксіз көтеріп отыруы тиіс. Білімін тұрақты көтеріп отыру-мұғалімдердің құқықтары әрі міндеттері,білім беру жүйесінің тұрақты дамуының кепілі, Мемлекеттің дамуының құралы болып табылады.

Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі-оның жан-жақты білімінен ұстаздық шеберлігімен, оқытудың жаңа әдістерін меңгерумен өлшенеді. Мұғалім қаншалықты білімді, шығармашыл болса,оның құзыреттілік аясы да соғұрлым кең болмақ.

«Құзыреттілік» ұғымы педагогика саласында тұлғаның субъектілік тәжірибесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым. Құзырлылық-белгілі сала бойынша жан-жақты хабардар, білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді шешім шығара алады дегенді білдіреді. «Құзырлылық – тек кәсіби білімі емес, тұлғаның жалпы мәдениеті мен шығармашылық әлеуетін дамыту қабілеті»-деп түйіндейді белгілі оқымысты Т.Г.Браже. Сондықтан бүгінгі ұстаз тек кәсіби білімін толықтырып қана қоймай, үнемі шығармашылықпен жұмыс жасауы қажет.

Қай заманда болмасын мұғалімнің негізгі мақсаты оқушыға тереңде тиянақты білім беру. Мұғалімнің педагогикалық ғылым мен озық тәжірибелер негізіндегі белгілі болып отырған оқыту әдіс-тәсілдерін игеріп, оның ең тиімдісін таңдап олардың бірнешеуінің жиынтығын түрлендіре отырып қолдануы оның шеберлігінің белгісі.

«Кемелді келешек, баянды болашаққа жетелейтін,президент жолдауында айтылғандай әл-ауқаты жоғары, білімді ұрпақты тәрбиелеу-ізденімпаз, ерік-жігері күшті шығармашылық жетістіктерге талпынған жаңашыл ұстаздардың қолында.» ХХ ғасырдағы ұстаздардың негізгі құралы қағаз бен қалам, тақта мен бор болса, жаңа заманның ұстазға қояр талабы зор. Қарапайым оқулықтарымыз электронды оқулықтармен, қара тақтамыз интерактивті тақтамен, қағаз қаламымыз компюьтермен ауысқан ХХІ ғасырдың ұстазы да заманауи ұстаз болуы қажет.

География пәнін оқытуда тиімді әдістерді пайдалану арқылы оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру, терең ойлау қабілетін қалыптастыру, оқытудың жаңа технологиясы арқылы жүзеге асады. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңында» «Білім беру жүйесінің басты міндеті- тұлғаны қалыптастыруға және кәсіби шыңдарға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу; білім беруді ақпараттандыру, ғаламдық халықаралық коммуникациялық желілерге шығу» деп, білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделген. Білім берудің маңызды шарты-оқу үрдісін жаңарта отырып, оқушылардың қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту, олардың өздігінен білім алуға құштарлығын жетілдіру, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауда мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыру. Соның бірі- күнделікті сабақтарда жиі қолданылып жүрген «Сыни тұрғыдан ойлау»-Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді. Қазіргі қоғам құзырлы, ақпараттық коммуникациялық технологияны меңгерген оқушыны талап етеді, ал мұндай оқушыны даярлау үшін мұғалім өзінің іс-әрекетіне сыни көзқараспен қарап, оқушыларды да сыни ойлауға үйрету керек.

Ал екінші ХХІ ғасыр –жаңа ақпараттық технологиялар ғасыры. Қазіргі кезде компьютер адам өмірінің барлық саласына толық енгізілді. Сондықтан ұстаздардың алдында ең негізгі ортақ міндет – өмірге икемделгіш, заман ағымына ілесе алатын жаңа тұлғаны тәрбиелеу. Соның бір жолы- компьютер тілін үйрену болып табылады. Ақпараттық технологияны оқу үрдісінде пайдаланудың негізгі көзі сабақ барысында компьютерді пайдалану, интерактивті тақталарды қолдану болып табылмақ. Интерактивті тақталардың бағдарламаларын, оның жұмыс жасау ерекшеліктері мен техникалық мүмкіндіктерін толық меңгеріп, сабақ барысында пайдалану- бүгінгі таңдағы барлық мұғалімдердің алдына қойылып отырған басты міндеттердің бірі.

Оның себебі: күнделікті дамыған қоғамның сұранысы техникалық жетістіктерді жылдам меңгеру, игерудің нәтижесінде алға дамып отыр. Мен өзім сабақ беретін сыныптарда ақпараттық технологияны аз да болса сабақ барысында қолданамын. АКТ дегеніміз мектептерде тек интерактивті тақта ғана емес сонымен қатар теледидар, сандық теледидар, интернет, ұялы телефон, ұтқыр қондырғылар, компьютер және ноутбук. География сабағын қызықты өткізудің негізгі талаптарының бірі мұғалімнің үнемі іздену, ұтымды әдіс-тәсілдерді қолдану, оқыту әдістемесін жаңартып оқытуына байланысты. Компьютерлік оқытудың келесі технологиясында орын алып отырған оқытудың тағы бір түрі ғаламторды пайдалана оқыту мәселесі болмақ. Бұл орайда әрбір ұстаз ғаламтормен байланыс жасай алу, одан қажетті ақпараттарды алу,оны өңдеу,сабақ барысында пайдалану арқылы күнделікті оқу үрдісін жалғастыра алады. Қазіргі таңда география пәнінің мұғалімдері сабақтың сапалы, әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізетін ғаламтордың мүмкіншіліктеріне сүйене отырып, күнделікті жаңа ақпараттарды, географиялық жаңа деректерді, елімізде жүргізіліп отырған инновациялық және экономикалық жаңалықтарды уақытында жеткізуге мүмкіндігі зор. Күнделікті сабақта бейне, аудиоқондырғыларын, теледидар мен компьютерді қолдану айтарлықтай нәтижелер беріп келеді.

Заман ағымына сай ондай қондырғылар оқушылардың қызығушылығын арттырып, зейін қойып тыңдаумен қатар, түсінбей қалған сәттерін қайталап көруге не тыңдауға, алған мағлұматты нақтылауға мүмкіндік береді. Оқушылар да өздері алынған ақпаратты ой таразысынан өткізіп, өңдеп онымен өз ыңғайына қарай жұмыс істей алады.

Ақпараттық технологияның тиімді жақтары мыналар. Мысалы: оқушы тілші болып зерттеулер жүргізу, режиссер болып деректі фильмдер түсіру, саяхатшы болып дүние жүзін шарлау. Қазіргі қоғамда жүріп жатқан әлеуметтік терең өзгерістер, білім беруді дамытудың жаңа жолдарын, яғни педагогика ғылымының оқыту әдістемесін өзгертуді талап етеді. Бұрынғы әдетке айналған айналған оқу үрдісінде мұғалімге басымдылық рөлі берілсе, ал қазір оқу үрдісінде оқушы белсенділік көрсетуі тиіс, оны оқытпайды, ол өздігінен оқуы керек. Ал мұғалімнің негізгі көңіл аударатын жайы әрбір оқушының жеке қызығуы мен мүмкіндіктерін ашу болмақ. Оқушының іс-әрекеті көптеген мінез-құлық параметрлерімен бағаланады. Оқушылардың өз нәтижелерін бағалай білуді үйренуі аса маңызды. Сонда баға оның жіберген қатесіне берілген жазалау емес, жеткен жетістігіне берілген мадақтау, қызығуы мен қажетін көтермелеу құралына айналады. «Тек қана есте сақталумен емес, өзінің терең ойлануымен игеріліп алған білім ғана - білім» деп, әйгілі ғалымдар айтқандай, бұл жүйенің бір ерекшелігі – кез –келген ақпараттың жан-жақты ой елегінен өткізіп барып қабылданатындығы. Оқушының шығармашылық қабілеті оның ойлауы мен практикалық әрекеттері арқылы дамиды. Сонымен қатар білім беру үрдісінде теория мен практиканы ұштастыра отырып өткізсе сонда ғана оқушылардың есте сақтау қабілеті артады. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бақылаушы, бағалаушы емес,танымдық іс- әрекетін ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана оқушы интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады. Осыған сәйкес сабаққа қойылатын қазіргі талаптар да мұғалімнен зор шеберлікті қажет етеді. Халық арасында бұрыннан айтылып жүрген «Шайнап берген ас- ас болмайды» деген мақал бар, сол сияқты мұғалімде сабақ үрдісінде материалдарды дайын күйінде бермей, оқушы ізденісіне жол ашатындай түрткі болатындай әдіс-тәсілдерді таңдап алуы қажет. Сонда ғана оқушы шын мәнінде өзіндік ойлау қабілеті бар, жеке адам болып қалыптасады.

Ұлы ойшыл, Қытай философы Конфуцийдің «Естігенімді –ұмытамын, көргенімді есте сақтаймын, ал өз ақыл-ойыммен істеген ісімді түсінемін» деген даналық сөздері осы айтылғандарды дәлелдей түседі. Қазіргі таңда қоғам талабына сай жаңашылдықпен жұмыс жасасақ, қағазбастылықтан арылудың бірден-бір жолы деуге де болады.

Француз қайраткері «Адамға оқып-үйрену өмір болу, өмір сүру үшін қажет» денендей оқыту процесін технологияландыру, осыған сәйкес оқу бағдарламаларын жасау, ғалымдар мен жаңашыл педагогтардың еңбектерімен танысу жұмыстары мұғалімдердің үздіксіз ізденісін айқындайды.Жаңаша оқытуда оқушы мұғалімнің түсіндіргенін ғана меңгеріп қоймай, оқушы өз ойын еркін анық айтуға көшеді. Бұл баланың ары қарай өзін дамытуына ықпалын тигізеді.Белгілі бір уақыт өлшемінде меңгерген білімі жайлы анық та айқын ақпараты болса,сол мақсатқа жету үшін ізденіп, жетпеген жерін толықтыруға дағдыланады. Тапқан шешімін нақты ақиқат деп қабылдамай ізденісті әрмен қарай жалғастырады. Мұғалім мен оқушы арасында тығыз байланыс қалыптасады. «Маған айтып берсең, ұмытып қалармын, көрсетіп берсең есте сақтармын, өзіме жасатсаң, үйреніп алармын» деген шығыс нақылы бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Біздің тәуелсіз еліміздің келешек ұрпағы өз ойын, пікірін терең ұстанымдарын дәләлді түрде жеткізе алатын ұрпақ болып тәрбиеленуі керек деп ойлаймын.

Ұстаз үшін нәтижеге жету шәкіртінің білімді болуы ғана емес, білімді өздігінен алуы және алған білімдерін қажетіне қолдану болып табылады. Бүгінгі бала- ертеңгі жаңа әлем. Бүгінгі күні ақпараттар ағымы өте көп. Ақпараттық ортада жұмыс жасау үшін кез келген педагог та, оқушы да өз ойларын өмір сүру ортасына сай, ақпараттық мәдениеті дамыған ,жаңа технология әдістерін меңгерген жан-жақты жетілген тұлға болуы тиіс. Осы бағытты жүзеге асыруда –еліміздің білім сапасын әлемдік деңгейге жеткізетін біз, яғни ұстаздар оқушыларды өмірге бейімдеп қана қоймай, үнемі ізденуге, тәжірибе жасап, зерттеуге, дәлелдеуге мүмкіндік беру керек деп есептеймін.

Міне,сөзімнің соңын «Адам өмірінің шегі бар, ал білімнің шегі жоқ»-деп атап өткен Елбасы оқушы жастарды ғұмыр бойы білімнің тұңғиығына терең үңілуіне шақырғандығын есте ұстаған жөн болар дегім келеді.


































-75%
Курсы повышения квалификации

Современные методы и технологии преподавания в начальной школе по ФГОС

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Оқу үрдісін жаңарту (19.11 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт

Вы смотрели