Меню
Разработки
Разработки  /  Коррекционная школа  /  Разное  /  Дошкольникам  /  Ойын арқылы балалардың сөйлеу тілін дамыту жолы

Ойын арқылы балалардың сөйлеу тілін дамыту жолы

Ойын – баланың шын тіршілігі. Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып, таңдап алады. Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды. Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады.

23.09.2017

Содержимое разработки

Ойын арқылы балалардың сөйлеу тілін дамыту жолы

«Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін дамытады, ойынсыз ақыл- ойдың қалыптасуы мүмкін емес»

В.А. Сухомлинский

Ойын – баланың шын тіршілігі. Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып, таңдап алады. Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды. Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады. Қай бала болмасын ойынмен өседі, өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз.Ол өзін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы, бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы. Баланың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады.

Ойынның түрлері:

-          Дидактикалық;

-            Қимылды;

-           Шығармашылық құрастыру;

-           Драматизм-ойындары;

-          Рөлдік-мағыналық.

Дидактикалық ойындар. Бұл ойынды белгілі ережесі мен мазмұны бойынша үлкендер  ұйымдастырады. Дидактикалық ойындардың міндеті - балалардың бағытталған және ортақ іс- әрекетін ұйымдастыру. Бұл ойын барысында бала еш мәжбүрсіз, байқамай қажетті білімдерді алады. Балалар ойын тапсырмаларына қызыға көңіл бөледі. Табу, айту, атау, ойын тапсырмасын  сапалы шешуге көңіл бөледі: сұлбаны әдемі құрастыру, суретті дұрыс таңдау.

5 жастаға бала дидактикалық ойын барысында заттардың саны мен сапасын оның атауларды, оларды сыртқы бейнесі бойынша салыстырып, есте сақтауды үйренеді. 6 жастағы бала ойын тапсырмасын сапалы шешуге қызығушылығы арта түседі. Ал 7 жасқа таман бұрынғысынша ойын әрекеті қызықтырады, бірақ көбіне ойынның нәтижесі қызықтау болады. Бұл кезде өзіндік ұйымдастыратын, бағалау, өзін-өзі бақылау сияқты қасиеттерін дамытуға ықпал ететін ойындар қолданылады. Бұл жастағы балалар үшін аспапты таны, дыбыстарды қайтала, өзің сүйетін әуенді орында деген сияқты музыкалық дидактикалық ойындар қолданылады.

Логопедиялық сабатардағы дидактикалық ойын барысында балаларды асықпай сөйлеуге тәрбиелейді; дыбыс айтуы шыңдалады, сөздік қоры молаяды. Есту зейіні мен фонематикалық естуін дамыту үшін музыкалық дидактикалық ойындардың да маңызы зор.

Қимылды ойындар. Сөйлеу тілінде кемшілігі бар балаларда қимыл бұзылысы жиі кездеседі: қимылдың епсіздігі жинақылық емес ебедейсіз, әр түрлі қимыл икемсіздігі. Сол үшін қимылды ойындардың алатын орны ерекше. Балалар қажет қимылды шыңдайды, ұжымдық ойындар ойнауды үйренді. Олар үшін дыбысталған қимылды ойындардың маңызы зор, логопедияда бұл ойындар логопедиялық ритмика деген атаумен таныс. Бұл ойындар алада дұрыс тыныс өлең мен дыбыстауды, қимылды сөзбен ұштастыруды тәрбиелеуге әсер етеді.

Шығармашылық ойындар. Бұл ойында балалар өз ойын қиялын, қоршаған әлемнен алған әсерін өз білімі мен тәжірибесін көрсете алады. Шығармашылық ойынның бір түрі құрылыс заттарымен ойнау. Бұл ойынға баланың кеңістікте бағдарлануына көлем мен сан, сапа туралы түсінігін дамытуға әсер етеді.

Құрылыс ойындарында кубиктер, қораптар, баулар, құм, сазбалшық, т.б. қолданылуы мүмкін және де құрылыс ойындарын сондай-ақ түзету мақсатында да қолданады: баланың байсалды мінезіне, сабаққа өзгерту енгізу үшін. Құрылыс ойындарын бірінші логопедиялық сабақтарда ғана қолдануға болады. Бұл баланың сөйлеуімен байланысты. Жеке заттарды атайды, сұрақтарға жауап береді.

Драммалық ойындары өте қызықты өтеді. Бұл кезде балалар сүйікті ертегілерін айтады, ертегі кейіпкерлерін салады, диалог жүргізеді. Егер қажетті киімдер мен бетперделер дайындалса ойын одан әрі қызығырақ болады. Драммалық ойыны бала бақша қуыршақтары мен де жүргізіледі. Бұл ойын бала дұрыс сөйлеуге үйренгеннен кейін ғана ойнатылады. Ойынды өткізу үшін жақсы дайындалу керек. Алдымен балаларға ертегіні оқиды, сұрақтар қояды, қимылдарды бейнелейді. Осыдан кейін ғана барып ойынға кірісуге болады.

Мағыналық-рөлдік ойындарда баланың өмір туралы түсінігі кеңейеді. Мағыналық - рөлдік ойындардың тақырыбы әртүрлі әрі балаға жақын болуы керек. Логикалық сабақтарда рөлдік ойындар бала еркін сұрақтарға жауап бере алғанда ғана ойнатылады.

Әдетте адамның жеке басының қасиеттері бес жасқа дейін қалыптасады екен. Сондықтанда да баланың жан - жақты қалыптасуы үшін мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндердің бойына жақсы, жағымды қасиеттерді сіңіре білу керек. Бала әр нәрсеге құмар, қызыққыш, ол өзінің айналасында болып жатқан өзгерісті, тамаша құбылыстарды сезінуге тырысады. Оның жан - жақты дамып, жеке тұлға болып тәрбиеленуіне, тілінің дамуын саусақ ойындар арқылы жетілдіруге болады. Ал, саусақ ойындарды балалар қызықтап ойнайды.Саусақ ойындар желелі рөлдік ойындардан тек желісі ғана емес, сондай - ақ ойнау іс - әрекетінің сипатымен ерекшеленетіні айқындалған.Саусақ ойындар ойын – қойылымдары болып саналады, бұл жерде балаларға арналған көркемдік шығармаларды сахналық қойылымдарға айналдырып, оларды кейіпкер ретінде қатыстырудың маңызы зор. Баланы ойната отырып, оның жеке тұлғасын жан - жақты дамыту. Оның бойында әдебиетке, мәдениетке, өнерге деген құштарлықты ояту.Бүлдіршіндер ойнау арқылы байланыстыра сөйлеуге, үлкендермен және өзге де балалармен тіл табыса білуге үйренеді. Жетілген диалог балалардың өз пікірін жеткізе білуге жетелейді

.Саусақ ойындарының мақсаты:Балаларға саусақ ойыны арқылы балалардың тілін, қызығушылығын арттыру және эстетикалық тәрбие берудің әдістерін анықтау және оларды үрдісті ұйымдастыру әрекетіне енгізу.

Атқаратын міндеттері:

Балалардың тілін дамыту, сөйлеу мәдениеті мен ой - өрісін, дүниетанымын жетілдіру;

Балаларды адамгершілікке баулу, ойын нақты тапқыр сөйлеуге, ақылды, салмақты ой айтуға баулу;

Баланың қиялын есте сақтауын шығармашылық қабілетін дамыту, ойдан әңгіме, ертегі шығарып айтуға дағдыландыру;

Әр баланың жеке дара әртістік, шығармашылық қасиеттерін ескере отырып, өзін қоршаған ортаға, адамдарға, құрбыларына, өзіне деген қарым - қатынас мәдениетін қалыптастыру.Ойын барысында ойын ситуациясына бейімделу, алғашқы да жекелеген элементтерді, кейінен рөлді толығымен ойнау арқылы баланың ой - өрісі, қиялы дамиды. Рөлді ойнау арқылы өз кейіпкерін алдына елестетіп қана қоймай, бала оның әрекеттерін, сезімдерін сезінеді.Осындай эмоциялық күйлер баланы бұрын байқамаған өмір көріністеріне таң қалдырып, өз сезімін мимика, ым - ишара, тағы басқа көріністер арқылы біреуге үйретеді. Саусақ ойындар балалардың ой - өрісін кеңейтеді, балаларды әңгімеге араласуға, әңгіме туралы ата - аналарына, жолдастарына әңгімелеп беруге итермелейді. Бұның бәрі сөйлеу қабілетінің дамуына, диалог түрінде сөйлеуге өзі алған әсерін монолог түрінде сөйлеп жеткізуге септігін тигізеді.Балабақшадағы театрландырылған іскерлік бағдарламасы 5 бөлімнен тұрады.Театрландырылған ойын. Кез келген өмірлік мән жайда өз құрбыластарымен және үлкендермен қарым - қатынас жасай білуге, кез - келген жұмысқа шығармашылық қабілетпен қарауға, эстетикалық сезіммен ойнау арқылы мінез құлқын дамыту.Ырғақты пластика –бұған кешенді ырғақтылық, музыкалық ойындар мен жаттығулар кіреді. Дене қозғалысының нақтылығымен еркіндігін дамытуда, өзінің денесінің сыртқы қоршаған ортамен байланысқан қарым - қатынасын сезінуге балаларды эстетикалық, психологиялық қабілетін дамытады.Театр мәдениеті:Балаларға театр өнерінің шынайы сезімдерін меңгерту.ДраматизациялауДраматизациялық ойында бала – артист, интоноция, мимика, пантомима арқылы өз бетімен бейне жасайды, өзіндік әрекет етіп рөлді ойнайды. Бұрыннан жасалған саханалық қойылымда бала ойын – драматизациясында қандай бір сюжетте ойнайды. Ойын драматизациясы көрерменсіз музыкалық сипаттағы орындау болады. Драматизация ойынның екі түрін қарастыруға болады:- Саусақтар ойын драматизациясы.Балалар атрибуттарды саусақтарына киеді. Ертегінің мәтінін айта отырып саусақтарын қимылдатып сюжет жасайды. Көріністі ширманың сыртында тұрып, немесе топта еркін қозғала жүріп көрсетеді.- Қуыршақ бибабомен ойын – драматизациясы.Бұл ойында саусақтарға қуыршақ бибабаоны киеді. Ширмада ойнайды. Бұл қуыршақтарды ескі қуыршақтардан жасауға болады.Балалар театрының бірнеше түрлері бар:Ойыншықтар театры– Бұнда балалар қысқа тақпақтарды жаттап, оның өзіне тән орындау кезінен бастап - ақ кішкене көлемді спектакельдер ойнайды. Ондағы адамдар рөлін ойыншықтар орындайды.Жіптің көмегімен басқарылатын қуыршақтарды – маринеткалар дейді. Оларды әр түрлі материалдардан жасайды. Жұмсақ ойыншықтарды да қолдануға болады.Саусақ театрында– саусақтардың көмегімен қандайда болмасын ертегіні немесе өлең - тақпақ шумағын сахналау болып табылады. Саусақ театры арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады және шығармашылық әрекетіне жол ашылады. Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан - жануарларды, құстарды және ағаштарды бейнелей алады. Саусақтарының қозғалыс қимылына қарап, бала қуанады шаттанады, сөз айтуға тырысады және өлеңде үйренген сөз шумақтарын қайталап айта отырып, есінде сақтайтын болады. Сонымен қатар балалар екі қолын қимылдата отырып, оң, сол, жоғары, төмен т.б. түсініктерді бағдарлай алуда үйренеді.Үстел үстіндегі театры- Сәбилер тобынан бастап - ақ тақпақ пен қысқа өлеңдерді айтқызғанда көркем сөздер әсерлі естілу үшін стол үстіндегі театрды қолданған жөн. Мұнда үстелде құламай тұратын және қозғалтқанда еш кедергісіз жүретін ойыншықтар қолданылады.Суреттер (картиналар) театры- Декорация мен кейіпкердің – суреттері. Олардың әрекеттері шектелген. Ойнаушының дауыс ырғағы (интонация) арқылы кейіпкердің мінез - құлқы беріледі. Кейіпкер әрекет барысында пайда болады, балалардың қызығушылығын арттырады.Стенд - кітапша театры- Бірін - бірі ауыстыратын иллюстрациялық оқиғалар көрсетіледі. Стенд - кітапшаның беттерін ашу арқылы жүргізуші әр түрлі сюжеттерді көрсеттеді (оқиғалар, кездесулер ).Фланелеграф театры- Суреттер мен кейіпкерлер экранда көрсетіледі. Оларды фланельдер ұстап тұрады. Мұндағы суреттерді балалар мен бірге ескі кітаптардан, журналдардан қиып алуға болады.Трафарет театры- Трафарет театры арқылы сөз құрамының байлығын, диалог, монологты дамытуға болады. Балалар дайын трафареттердің көмегімен болашақ кейіпкерлердің суреттерін жасайды. Оларды түрлі - түсті бояулармен бояйды, дайын бейнелерді қайшымен қияды. Бұл жерде балалардың шығармашылық ойлау қабілеттері дамиды. Ұжымдасып жұмыс істеу үрдісінде әрбір бала өзіне берілген бейненің түр - тұлғасын, қимыл - қозғалысын өзгерте алады.Көлеңкелі театр- Жарық өте жақсы түскен экранда адамдар, жануарлар және құстардың пішіндерінің қозғалысына қарауды балалар өте жақсы көреді. Ертегі, әңгіме, өлең, әндерді көлеңке театры арқылы айтуға болады. Көлеңке таетрдың қойылымын көрсетуге үш тәрбиеші қатысады. Біреуі мазмұнын оқиды, екеуі көріністі көрсетедіСаусақ ойындарының нәтижесінде:- Баланың тілі жетіледі;- Қимыл - қозғалысы артады;- Икемділігі артады;- Қисынды ойлауы дамиды;- Танымдық деңгейі артады.



-80%
Курсы повышения квалификации

Исследовательская деятельность учащихся

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Ойын арқылы балалардың сөйлеу тілін дамыту жолы (18.66 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт