Меню
Разработки
Разработки  /  Дошкольное образование  /  Видеоуроки  /  Дошкольникам  /  Ойын арқылы балалардың ойлау қабілеттерін арттыру

Ойын арқылы балалардың ойлау қабілеттерін арттыру

Ойын арқылы балалардың ойлау қабілеттерін арттыру
06.01.2020

Содержимое разработки





«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АҚ ФИЛИАЛЫ НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ











Өзіндік жұмыстың тақырыбы:

«Ойын арқылы балалардың ойлау қабілеттерін арттыру».



















Дайындаған:

70 «Құлыншақ» балабақшасының тәрбиешісі

Мәмбетәлі.М.Т.















Нұр- Сұлтан. 2019ж







«Ойын арқылы балалардың ойлау қабілеттерін арттыру»



Кіріспе

  • Мақсаты:



  • Міндеттері :



Негізгі бөлім

  1. Ойын - айналадағы дүниені танудың тәсілі.



Күтілетін нәтиже:



Ойын балалардың негізгі іс-әрекеті.

Ойын - баланың білім-білік дағдысын қалыптастыратын тәрбие.



Қортынды :



Пайдаланған әдебиеттері: Садуова.Ж. Н. Егенисова.А.Қ

Кереева.Ш.М.























Ойын арқылы балалардың ойлау қабілеттерін арттыру



Кіріспе

Ойын - балалардың оқуға,

еңбекке деген белсенділігін

арттырудағы басты құрал. Қ.Ыдырысов



Бала өмірінің алғашқы мектепке дейінгі кезеңі оның өсіп жетілуіндегі ең жауапты кезең. Бұл кезде баланың ақыл-ой қабілеті, қасиеттері және эстетикалық сезімдері қызықты, маз-мұнды ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті, еңбек, ойын процесінде жан-жақты қалыптасады. Ойын-тәрбие берудегі ең тиімді тәсіл-дердің бірі. Бала ойын арқылы күш-жігерін жаттықтырып, қорша-ған заттар мен құбылыстардың ақиқат сырын ұғынып, еңбек дағдысына үйрене бастайды, яғни болашақ ұрпақтың тәрбие жолы тәлімдік ойыннан басталады. Балалық шақ - бұл қызықты әлем. Бұл кезеңде әр бала өзінің жаман қылықтарын біледі, айна-ласын өте әдемі, таңғаларлықтай қызықты ете алады. Балалар қиялдау арқылы ойдан түрлі ойын шығарады. Ойын арқылы бала-лардың шығармашылық ой-қиялы, елестету қабілеті шарық-тайды. Ойын - тәрбие құралы. Ойынның арқасында, жан-жағын қорша-ған орта, балаға қостаушы болып табылады. Мектеп жасына дейінгі бала белсенді, ой-түсінігі мол болып, өзінің тәртібін басқара білсе, мектепте жақсы оқиды, бір мақсатқа жетемін деген ынтасы болса, бала бойындағы талпынысты дамытуға баса назар аударуымыз керек. Сондай-ақ ойын - ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті ұйымдастырғанда тәрбиеге тиімділігін үнемі ескеруіміз қажет. Ойын процесінде балалардың жағымды мінез-құлық белгілері, адалдық мақсатқа жетуге талпынушылық, көпшілік мүддесімен санасушылық сияқты қасиеттері қалыптасады. Жұмыс тәжірибемнің

 Мақсаты: 

Балаларды құбылыстарды, іс-әрекеттерді, қарым-қатынастарды белсенді түрде өзіндік ерекше-ліктерімен қайталап, ойнауға дағдыландыру, ойын әрекеті кезінде ақыл ойды дамыту, балалардың тілдерін, сөздік қорын байыту, өмірді тани білуге, сезімдерін кеңейте білуге тәрбиелеу. Сондықтан іс-тәжірибеде балалардың дене қимылдарының ептілік, шапшаңдылық, төзімділік жетілуін, кеңістікті білуін дамытатын жарыс элементтері бар спорттық ойындар, мазмұны алуан түрлі қимылды ойындарды ереже бойынша сюжеттік, сюжетсіз және атракциондарды кеңінен пайдаланған жөн. Сонымен бірге ойынды тәрбиеші мен балалардың бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде қолдануға болады. 





Міндеттері:
- Баланың қызығушылығын ояту, белсенділігін арттыру; - Ойындар арқылы баланың ойлау қабілеті мен сөздік қорын дамыту, түрлі дағдымен шеберлікті меңгеру, қиындықты жеңуге, төзімділікке баулу;

- Ойын арқылы балалардың ойында әртүрлі ережелерді сақтауға үйрету;
- Бір-бірін тыңдай білу іскерліктерін дамыту, сүйікті ойыншықтарының көңіл-күйін, өмірін, тәртібін суреттеп айтуға тәрбиелеу;
- Әр заттың қажеттілігі өзінің атқаратын қызметі және кеңістіктегі орны жайлы түсініктерін бекіту;
- Балаларды заттарға деген ұқыптылыққа, қамқорлық сезімге тәрбиелеу.
Ойын - балалардың ынтасын арттыратын құрал. Ойын эстети-калық тәрбие құралы ретінде де кеңінен пайдаланылады, өйткені балалар өздерін қоршаған дүниені бейне арқылы көрсетеді. Көптеген ойындардың мазмұнына таныс әндер, билер, тақпақтар, жұмбақтар енгізіледі. Осының бәрі тәрбиешіге балалардың эстетикалық әсерленуін тереңдетуге мүмкіндік береді. Ойын сонымен балаларды жан-жақты тәрбиелеу және дамыту құралы болып табылады. Бала ойын арқылы күш-жігерін жаттықтырып, қоршаған заттар мен құбылыстардың ақиқат сырын ұғынып, еңбек дағдысына үйрене бастайды, яғни болашақ қайраткердің тәрбие жолы, тәлімдік өнегесі ойыннан басталады. Ойын - теориялық жағынан да, практикалық жағынан да мектепке дейінгі педагогика саласындағы күрделі мәселенің бірі. Өйткені, ойын баланы тек дене жағынан жетілдіретін қимыл-қозғалыс, іс-әрекет қана емес, оларды ой еңбегіне баулу, таным түсінігін дамытып, дұрыс көзқарасқа тәрбиелеудің құралы болып табылады. Менің бұл тақырыпты таңдағандағы мақсатым, балалардың құбылыстарды, іс-әрекеттерді, қарым-қатынастарды белсенді түр-де өзіндік ерекшеліктерімен қайталап, ойнауға дағдыландыру, ойын әрекеті кезінде ақыл ойды дамыту, балалардың тілдерін, сөздік қорын байыту, өмірді тани білуге, сезімдерін кеңейте білуге тәрбиелеу. Ұжымдық сезім әрекеттерін дамыту, эстети-калық, еңбек тәрбиесін беру, жан-жақты жарасымды ойнаудың психологиялық және физиологиялық негіздерін дамыту. Ойынның тағы бір ерекшелігі - оның өзіндік әрекеттік сипаты. Балалар ойын шығарушылар, ойынды жасаушылар болып та-былады. Балалар үн-түнсіз ойнамайды. Бала жалғыз болғанның өзінде де ойыншықтармен сөйлесіп жүреді, ойынға қиялдағы қатысушылармен әңгімелеседі. Бала ойын арқылы өзін толқытқан бүгінгі күннің қуанышын ренішін, асқақ арманын, мұрат-мүддесін бейнелесе, күні ертең сол арман қиялын өмірде жүзеге асыруға мүмкіндік алады: сөйтіп бүгінгі ойын бейнелі әрекет, ертеңгі шындық, ақиқатқа айналуы сөзсіз. Ойын кезінде балалардың барлық жетістіктерін айтып өту, кемшіліктеріне ұрыспау және табыстарын мадақтау қажет екенін ұмытпау керек. Ойынға берілген осы сипаттаманы жетекшілікке ала отырып баланың тәрбиесін ойын арқылы дамытып, сауықтырып, тәрбиелеп оқытып, баланы ойынға белсенді қатыстырып, баланың жігерін қолдап, өз күшіне сенімін арттыру қажет. Әрбір ойынның алға қойған мақсаты болады, сол мақсаттың орындалуына баланың өзін ұмтылдыру қажет.



Негізгі бөлім

  1. Ойын - айналадағы дүниені танудың тәсілі.

Ойын баланың ойлау қабілеті мен сөздік қорын дамытуға, түрлі дағдымен шеберлікті меңгеруге қиындықты жеңуге, төзім-ділікке баулиды. Ойын әрекетімен практикалық әрекеттің сай келуі, баланың проблемалық жағдайларды шешуімен, өздеріне берілген тапсырманы өз бетімен шешу керек екендігін түсіне білуге көмектеседі, тапсырманы орындау кезінде балаларда белгілі бір білімді меңгеру қажеттілігі туындайды. Балаларға оқу тапсырмасы тікелей берілмейді, олар материалды еріктен тыс меңгереді. Берілетін ұғымдар дидактика ұстанымдарына сүйеніп, жеңілден қиынға қарай сатылана сабақтасып, жүйелі бір ізділікпен берілуі бала қабілетін дамытуда маңызды орын алады. «Балабақша тәрбие беру бағдарламасында» баланың денесі мен психикалық жетілуі, жеке басының дамуы үшін ойынның үлкен маңызы бар. Менің тақырыбым «Ойын арқылы балалардың ойлау қабілетін арттыру» сондықтан балалармен әр түрлі ойындарды ұйымдастыру арқылы ақыл-ой белсенділігін, танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамыту, адамгершілік қасиеттерін сөздік қорын байыту.



Күтілетін нәтиже:

 Балаларды ойындар арқылы жауапкер-шілікке мол ақыл-ойы дамыған дәрежеге жеткізу. Көп жылдық тәжірбиеден түйгенім - тәрбиеге көнбейтін бала болмайды. Тәрбиеші сол баланың жанының нәзік нүктелерін адаспай тауып, одан әдемі өрнек тоқи білуі керек. Үркектеп келген бала аз күннен соң балабақшаға өз үйіне келгендей қуанатын болса, оның жақсы тәрбиешіге жолыққаны. Сондықтан мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде тек біліммен қаруланған адамдар ғана емес, сондай-ақ, жаны көркем, нәзік, жүрегінде бүлдіршінге деген шынайы сезімі бар бапкер ғана жұмыс жасауы тиіс. Бала балабақшаға келгенде өзін жақсы сезінуі үшін топ бөлмесі жарық, көз тартатындай әсем безендірілуі керек. Қажет нәрсенің бәрін қаптатып көз алдына қоюдың керегі жоқ. Баланың айналасындағы заттар да, сол бала үшін қызмет жасап жатқан адамдардың баламен қарым-қатынасы да жарасымды болуы керек. Балаға өз қолымен жасаған жұмыстарынан көркем зат жоқ тәрізді көрінеді. Сондықтан топ бөлмесін безендірген кезде сәбилердің атсалысуына көңіл бөлген дұрыс. Қисық болса да өзі жапсырған туынды бөлшегі қараңғы түндегі айдай жарқырап, баланы қуантып тұрады. Әсіресе жоғары топ балаларымен ақылдаса отырып қимылдау керек. Балаға сұрақ бере отырып, ақыл-ойына, қиялына бір сәт еркіндік берсеңіз, оның тың, үлкен адамның ойына келмейтін жауаптар айтуы әбден мүмкін. Ақ қағаз бетіне қиғаштап сызылған бір ғана сызықты әр бала өз бетінше әрі қарай жалғастыра түрлі заттың түрін бейнелейді. Неше бала болса, сол суреттен соншама түрлі бейне көресің, баланың қиял-ғажайып ойының деңгейі осындайда байқалады. Мектепке дейінгі жастағы бала үшін айналамен танысып білудің басты жолы - ойын. Балалар сурет салуды, бояуды, түрлі дидактикалық ойындар ойнауды, сұрақтарға жауап беруді, қиып-жапсыруды, кітап қарауды ұнатады. Бірақ осы жұмыстарға баланың бәрі бірден түсініп, құлшынып кірісіп кете алмайды. Сондықтан барлық сәбидің жұмыла жұмыс жасауына жол ашатын әдістер мен тәсілдерді орнымен таңдап іске асыру – әр тәрбиешінің міндеті. Балалар түрлі ойындар ойнағанда барлығы ашылып, қызыға қатысады, жарыса сөйлеп, шаршауды білмейді. Балалардың шығармашылық ойлау мен сөйлеу процестерін дамыту үшін педагог сабақты неғұрлым қызықты ойын түрінде ұйымдастыра білсе, соғұрлым баланың дамуына қомақты үлес қостым деп айта алады.

Ойын үстінде бала айналаны толық көріп, өзіне бағындыра алады. Керекті, қызықты, таңсық нәрсені ойынға кіргізіп, өзінің жасаған ортасына кіріп кетіп, өзі қалған бейнелерімен басқа өмірі кешеді. Балалармен ойын түрінде ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері: «Сиқырлы кебістер», «Орманға серуен», «Ертегі әлеміне саяхат». Аталған оқу іс-әрекеттерінде көзделген бі-лімділік мақсат: балалардың геометриялық пішіндер, түс, көлем туралы білімдерін кеңейту, кеңістікті бағдарлауға үйрету және ойындар арқылы олардың білімпаздығын дамыту; тәрбиелік мақсаты: саяхат барысында ынтымақтастық тудыра отырып, өзара көмек, сенім, сыйластыққа тәрбиелеу. Сонымен қатар, басқа да көптеген қызықты ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерін өткіздім: «Тышқанға әдемі гүл», «Жер әлемі», «Дене шынық-тыру» т.б балалар тапсырмаларды қызыға, оңай орындап, алға қойған межеге жету оңай болады. Ертегі, ойыншық кейіпкер-леріне көмектесу баланың қызығушылығын оятып, бәсекелестігін арттырады. Сондай-ақ, ойлау, тапқырлық қабілеттерін дамытып, адамгершілік, мейірімділік қасиеттерін оятады.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің мазмұнына сәйкестенді-ріп алған әртүрлі ертегі кейіпкерлеріне балалар жұмыла көмектесіп, араласып отырады. Өздеріне мазмұны белгілі сүйікті ертегілерін өз қиялдарымен бұрып алып, басқаша аяқтайды. Мысалы, төрт жасар Алина ертегіні ойдан шығарып айтады. Бауырсаққа көмекке мысық келеді, түлкіге тышқан келеді т.б көп ертегілерді ойдан шығарады. Ойынның көптеген түрлері бар. Сондықтан ойын балалардың жас ерекшеліктеріне және өтілетін ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері тақырыбына, мазмұнына сай етіп, таңдалып алынғаны дұрыс. Мысалы, «Жеміс жинау», «Өз орнынды тап», «Жапырақ жинаймыз», «Кім тез жинайды», «Пішіндерді таңдау», «Қапшықта не жатыр», «Қолғап», «Үрмелі шарлар», «Гүлдерді құрастырайық», «Түсіне қарай таңдап ал», «Қоңжықты емдейміз» т.б көп ойындар өткіздім. «Ойын баланың жетекші әрекеті» деген сипаттама бар, өйткені ойын баланың алдынан өмір есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін дамытады.Ойын мазмұнындағы ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті жоспарлағанда көзделетін мақсат тәрбиеленушінің жас және психологиялық ерекшеліктеріне сай құрылып, оларды шығарма-шылыққа қарай жетелей алуы керек.

Ойынға педагогтар тек қана балаларды қызықтырып, уақыт өткізудің құралы деп қарамай, балаға берілетін танымдық білім мен тәрбиенің құнды негізі деп қараса ғана үлкен жетістіктерге қол жеткізіп мақсатына жете алады. Өйткені ойын арқылы ғана дамыған бала алғаш мектеп есігін ашқанда білімді, қоғамдық тәжірибені тез меңгеріп, мінез құлқын, қабілетін дамытып, дүниетанымын кеңейтіп, болашаққа қызығушылықпен қарайды. Мысалы: «Дәл тигіз», «Кім бірінші», «Мысық пен торғайлар», «Ұстап ал», «Жұбыңды тап», «Құстар мен мысық», «Ұшақтар», «Жұптасып жүгіру», «Жүгіріс», «Бос орын», «Кім жақсы секіреді?», «Мысық пен тышқан», «Торғай мен мысық», «Ақ қоян», «Жалауға дейін тез жүгір», «Күрес», «Лақтырам, қағып ал», «Допты тордан өткіз», «Лақтырамын, ұстап ал», «Жалаушаға лақтыр», «Допты тордан өткіз», «Құрсауға дәлде», «Кеглиді құлат», «Ақ сүйек», «Алысқа лақтыр», «Қай жерде тығылған, тап», «Тап та, үндеме», «Кім кетті?», «Жасырынбақ», «Лақ», «Өз орнынды тап», «Тас кімде?», «Кеглиге тиіп кетпей, допты әкел», «Допты сақинаға сал», «Кедергі жолдар». Қимыл ойындары – балаға дене тәрбиесін беру құралы. Ойын балаларға сабақта да, серуенде де өте қажет. Ойынның түпкі ниеті – бұл баланың нені және қалай ойнайтының жалпы аңықтамасы. Мысалы: «Дүкен», «Аурухана», «Отбасы», «Шаштараз» болып ойнайды. «Дүкен» ойынын ойнағанда балалар сатушы мен сатып алушының әрекеттеріне, ал «Аурухана» болып ойнағанда дәрігер мен науқастың әрекеттеріне еліктейді. Өткізілген ойынға талдау жасап,оның балаларға тигізген тәрбиелік ықпалын бағалауға,өз тобындағы сюжетті-рольді ойындарына одан әрі басшылық ету тәсілдерін ойластыруға тиіс. Ойынның ішіндегі ең негізгісі дамытушылық ойындар:есте сақтау ойындары. Логикалық ойлау қабілетіне байланысты «Сиқырлы шеңбер», «Бұлар ненің төлдері?», «Мұнда қандай жануар артық?», «Артық нәрсені тап», «Бұлардың қайсысы артық?». Мұндай ойындар баланың өзіне берілген образды көрсете, жеткізе білуге деген шығармашылық дербестігін дамытуға арналған.



























2. Ойын балалардың негізгі іс-әрекеті.

Бала ойын арқылы күш жігерін жаттықтырып, қоршаған заттар мен құбылыстардың ақиқат сырын ұғынып, еңбек дағдысына үйрене бастайды, яғни болашақ ұрпақтың тәрбие жолы тәлімдік ойыннан басталады.





Ойын-өсіп келе жатқан бала ағзасы үшін өте қажет. Ойында баланың дене күші артады, қолы қатайып, денесі шыңдала түседі, көзі қырағыланады, зеректілігі, тапқырлығы, ынтасы артып, жетіле түседі. Ойында балалардың ұйымдастырушылық дағды-лары қалыптасып шыңдалады, ұстамдылығы, іскерлігі дамиды. Дене тәрбиесі немесе спорт ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде балаларға ойынның бағытын бере отырып, оның әділ және дұрыс өтуін қадағалан жөн. Өйткені, мұның балаларға салауатты өмір салтын қалыптастыруда тәрбиелік маңызы зор. Я.А. Каменский: «Ойын - айналадағы дүниені танудың тәсілі» - деп атап көрсеткен болатын. Осы сөздің өзінен – ақ балалардың танымдық әрекетін қалыптастыруда, ойлау қабілетін дамытуда ойынның қанша-лықты маңызы бар екенін түсінуге болады. Ойынның нәтиже-сінде, баланың бойында: ойлау, тапқырлық, шыдамдылық, бел-сенділік, ұйымдатырушылық қасиеті қалыптастырылады. Бала-бақша балалары болашақ иесі болғандықтан дүниежүзілік мәдениетті танитын, өзінің төл мәдениетін білетін, сыйлайтын, рухани дүниесі бай, саналы ойлайтын деңгейі жоғары білікті болуы міндетті. Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы жинақтаған тәжірибесін, мәдениетін жасөспірімдер бойында саналы сіңіріп, қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, мінез-құлқын, өмірге деген көзқарасын, бағытын дұрыс қалыптастыру тәрбиеге байланысты.
Мектепке дейінгі мекемелерде адамгершілік тәрбиесі тәр-биелеу және білім беру үрдісінде әр түрлі іс-әрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Олармен ойынның әр түрін ұйымдастыра отырып, бір-біріне деген қайырымдылық, мейірімділік, жан-ашырлық, достық, жолдастық сезімдерді тәрбиелеуге болады. Ал балаларды қоршаған ортамен таныстыру, тіл дамыту, табиғатпен таныстыру, бейнелеу өнері ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде өлі-тірі табиғатқа деген сүйіспеншілік, үлкендердің еңбегіне қызығу мен сыйластық сияқты адамгершілік сапалары қалып-тастырылады. Баршамызға белгілі, ойын арқылы баланың дене құрылысы жетіліп, өзі жасаған қимылына сенімі артады. Баланың бойында ойлау, тапқырлық, ұйымдастырушылық, шыдамдылық, белсенділік қасиеттер қалыптасады. Ойын дегеніміз - жаттығу, ол арқылы бала өмірге әзірленеді.

біройындары болып, іс-әрекетке бағдарлайды, балалардың өзара қарым-қатынасын реттеп, олардың бойында адамгершілік сапаларды қалыптастырады.Бала алған рөлдеріне сай кейіпкердің киімін киіп, қимылын, дауыс ырғағын мәнерлі жеткізуге тырысады, көркемдік сабақтардан алған білімдерін пайдаланады, қуыршақты ұйықтату үшін бесік жырын айтып әлдилейді, бейнелеу өнері ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде жасаған ыдыс, үй жиһаздарын, қағаздан құрастырған заттарды ойын құралы ретінде пайдаланады. Мазмұнды-бейнелі ойынның ерекшелігі: оны балалардың өздері жасауында, ал ойын қызметі айқын өнерпаздық және шығармашылық сипатта болады. Бұл ойындар қысқа да, ұзақ та болуы мүмкін. Құрылыс ойынында бала сызық бойына әдемі үй құрылысын жасап, оның бояуларының бір-бірімен келісімді болуын қадағалайды. Құрылыс материалдарын пішіні, түсі бойынша симметриялы орналастырып, оларды көлемі, биіктігі бойынша салыстырады. Ойын барысында шығармашылық танытып, жаңа мазмұн ойластырып, белсенділік көрсетеді. Өзінің және жолдастарының тұрғызған құрылыстарының сапасына баға береді.Дидактикалық ойын барысында есту, көру, сезіну, қабылдау сияқты үрдістері дамып, балалар музыкалық ойыншықтар мен әр түрлі саздық аспаптардың дыбыс шығару ерекшелігін ажыратуға, заттарды пішініне, түсіне, көлеміне қарай іріктеуге, әр түрлі қимылдарды орындауға үйренеді. Қимыл-қозғалыс ойынында балалар санамақтар, өлеңдер, тақпақтар қолданады. Бұндай ойындарда балалардың ептілігі, қимылдың әдемілігі дамып қалыптасады, кеңістікті, уақытты бағдарлауға үйренеді, батылдық, тапқырлық, қайраттылық, достық, жолдастық көмек, тәртіптілік, ойын ережесіне бағына білу сияқты адамгершілік сапалар тәрбиеленеді. Бала өмір құбылыстарына болсын балалардың адамгершілік тәрбиесінің дамуында маңызБаланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл-әрекеті - ойын, сондықтан да оның мәні ерекше. Балаларға ақыл-ой, адамгершілік, дене шынықтыру және эстетикалық тәрбие берудің маңызды тетігі ойында жатыр. Ойын барысында балалар өзін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық әрекет байқатады. Сезіну, қабылдау, ойлау, қиялдау, зейін қою, ерік арқылы түрлі психикалық түйсік пен сезім әлеміне сүңгиді. Сондықтан да педагогикада бала ойынына ерекше мән беріледі, өйткені ойын үстінде қалыптасатын балалық шақтың түйсігі мен әсері адамның көңіліне өмірбақи өшпестей із қалдырады. Бала ойын арқылы өзін толқытқан қуанышын немесе ренішін, асқақ арманын, мұрат-мүддесін бейнелесе, күні ертең сол арман қиялын өмірде жүзеге асыруға мүмкіндік алады. Сөйтіп бүгінгі ойын, бейнелі әрекет ертеңгі шындық ақиқатқа айналатын кезі аз емес.






























3. Ойын - баланың білім-білік дағдысын қалыптастыратын тәрбие.

Ойын мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына игі ықпал ететін жетекші, басты қүбылыстың бірі деуге болады. Бала ойын арқылы өзінің күш-жігерін жаттықтырады, қоршаған орта мен құбылыстарды ақиқат сырын ұғынып, еңбек дағдысына үйрене бастайды. Ойын – балалар өмірінің нәрі, яғни оның рухани жетілуі мен табиғи өсуінің қажетті алғы шарты және халықтың салтын үйренуде, табиғат құбылысын тануда олардың көру, есту, сезу қабілеттерін, зейінділік пен тапқырлықтарын дамытады. «Адам өркениетке бейім болуы үшін балалық шақты бастан кешуі міндетті, егер ойын мен қызыққа толы балалық шақ болмаса, ол мәңгілік жабайы болып қалған болар еді» деп К.Чуковский бала денесінің дамуы мен ой-дүниесінің өркен жаюы ойынға тікелей тәуелді екендігін атап көрсеткен. 
Баршамызға белгілі, ойын арқылы баланың дене құрылысы жетіліп, өзі жасаған қимылына сенімі артады. Баланың бойында ойлау, тапқырлық, ұйымдастырушылық, шыдамдылық, белсенді-лік қасиеттер қалыптасады.

Ойын дегеніміз - жаттығу, ол арқылы бала өмірге әзірленеді. Баланың ақыл-ойының дамуы тек белгілі бір білім көлемін ғана емес, жалпы тәлім-тәрбиелік іс-әрекеттерді игерумен бірге, ойлау, қиялдау, есте сақтау, елестету және т.б. қабілеттерінің; танымдық, іскерлік, шығармашылық қасиеттерінің дамуын қамтиды. Бүгінгі күн талабы - баланың ақыл ойын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру, өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, заман талабына сай ойы жүйрік етіп тәрбиелеу. Ойын - баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығар-машылық қабілетін оятады. Сонымен қатар, ойын-тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан-ойға жетелейтін, адамға қиял мен қанат беретін ғажап нәрсеойындар болса баланың осы айтылған өнеге-өсиет сөздерін күнделікті тіршілікте тәжірибе жүзінде іске асырудың құралы болды. Айталық, ойын үстінде осы айтылған өнеге-өсиет бастан аяқ қолданылады, осы негізде оның бойында адамдық қасиеттер қалыптаса бастайды. Демек, ойын әр түрлі әрекетке қозғалысқа, денешынықтыруға ғана төселдіріп қоймай, өмірдің рухани азығы - үлкеннің барлық қасиетін, яғни баланың жан-жүйесіне әсер ететін этикалық, эстетикалық тәрбиені қабылдауға қалыптастырады.

«Ұшты-ұшты». Ойын .

 Бұл ойынға ересек балалар мен кішкентай балалар да қатысса қызықтырақ болады. Ойын ережесі: Бір бала ортаға шығып жиналғандарды дөңгелете, өзіне қаратып бір қатарға отырады. Содан кейін ойынның ойналу тәртібін тү-сіндіреді. Сөйтіп ойынды бастайды. Ойын жүргізуші «Ұшты-ұшты бөдене ұшты» деп қолын көтереді. Сол кезде ойнаушылар тыңдап отырады да ұшатын затқа олар да қолдарын көтереді. Ұшпайтын затты ұшты қолын көтерсе, ойын жүргізушімен бірге қолдарын көтерген ойыншылар жазасын тартады. Ал ұшатын затты айтқанда, қолдарын көтермей қойса, онда жаза тартады. Сондықтан ойын жүргізушінің әр айтқан сөзіне өте сақ болу, қырағы болу керек. Ойын жүргізуші ұшатын зат пен ұшпайтын затты ұйқастырып айтып ойыншыларды ылғи да жаңылдырып отыруға тырысады.





Қортынды :

Осыдан келіп ойын туралы мынандай  тұжырым жасалады:
а) ойын - тәрбие құралы, ақыл-ойды, тілді ұстартады, сөздік қорды байытады, өмірді танытып, сезімді кеңейтеді тәрбиелейді.
ә) ерік және мінез  қасиеттерін бекітеді, адамгершілік сапаны  жетілдіреді.
б) ұжымдық сезім әрекеттері өсе түседі.

в) эстетикалық   тәрбие    беру- өнерді, көркемдікті түсіндіру құралына айналады.

г) еңбек тәрбиесін беру мақсаттарын шешуге мүмкіндік береді. 
д) дене күшінің   жетілуіне   көмектеседі - ойын баланы жан-жақты жарасымды тәрбиелеудің психологиялық және физиоло-гиялық негіздері болып табылады. Ойын арқылы ғана дамыған бала алғаш мектеп есігін ашқанда білімді, қоғамдық тәжірибені тез меңгеріп, міңез-құлқын,ерік-жігерін, қаблетін дамытып, дү-ниетанымын кеңейтіп, болашаққа қызығушылықпен қарайды. Ата-аналарды  ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттеріне, күн тәртібі бойынша жүргізілетін тәрбиелік шараларға, тестік байқалуарға, ойын сауықтарға, т.с.с. басқа шараларға тек бақылаушы ретінде ғана емес, білімдік, танымдық жұмыстарда үлес қоса отырып, балаларына білікті көмек көрсете алатындай жағдайда қатысты-рамын. Балаларға және ата-аналарға тапсырманың жаңа үлгілерін жасауға және типті жаңа дамыту ойынын ойлап табуға, яғни жоғарғы деңгейді шығармашылық іс-әрекетпен айналасуға мүмкіндік береді. Ойынды әрбір балаға даму деңгейі бұдан да гөрі табыстырақ болатын өз мүмкіндіктерінің шырқау шегіне дейін көтерілуге мүмкіндік береді. Ойынды баланың кішкене кезінен бастап шығармашылық дамуын өрістетуге мүмкіндік береді: олардың сатылық-тапсырмалары үнемі даму қабілеттілігі-нен асып түсіп жататын шарттар қояды. Ата-аналар осы ойын-дарды балаларымен бірге ойнай отырып, өзі де байқамай өте қажетті біліктілік - ұстамдылық, баланың өзі ойлауына кедергі келтірмеу, бала жасай алатын нәрсені ол үшін өзі жасамау секілді әдеттерге дағдыланады.












































































































-80%
Курсы повышения квалификации

Формирование у детей навыков безопасного участия в дорожном движении

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Ойын арқылы балалардың ойлау қабілеттерін арттыру (250.98 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт