Қордай ауданы білім бөлімінің
әдістемелік кабинеті.
Ашық сабақтың тақырыбы:
“Тұңғыш Президент күні”
(4-сынып)
№50 Масаншы орта мектебінің
орыс сыныбындағы қазақ тілі мен
әдебиеті пәні мұғалімі
Мусарова Щехуар Тащирқызы
Масаншы ауылы
2017-2018 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: Тұңғыш Президент күні
Сабақтың мақсаты: жаңа сөздермен таныстыра отырып оқушылардың қоршаған орта, табиғат туралы білетіндерін тереңдете түсу
Міндеттері: 1. Ойларын қазақ тілінде нақты жеткізе білуге оқушылардың қазақ тілінден сөздік қорын және есте сақтау қабілеттерін дамыту.
2. Қазақ тілінде сөздік қорларын мейлінше молайта отырып, қазақ тіліне тән дыбыстарды қатесіз дұрыс айтуға, сөзжұмбақ шешуге дағдыландыру.
3. Сауатты да білімді мемлекеттік тіл-қазақ тілінде еркін сөйлей білетін отансүйгіш адал азамат болуға, тілге қызығушылыққа баулу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдіс - баяндау, әңгімелеу ,сұрақ – жауап, тәсілдері : сөзжұмбақ , сөздікпен жұмыс.
Пән аралық байланыс: дүниетану, математика, орыс тілі, бейнелеу өнері.
Сабақтың көрнекіліктері: қима – бүктеме қағаздар, кеспе әріптер.
І Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру:
А) сәлемдесу
- Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, ұстаздар, әріптестер.
- Сәлеметсіңдер ме, балалар.
- Сәлеметсізбе.
Қане балалар біз үш топқа бөлінейік.
Ұяң, үнді, қатаң топтар.
- Біздің Отанымыз қай Республика?
- Біздің Отанымыз Қазақстан Республикасы.
- Қазақстан Республикасының Елбасы?
- Қазақстан Республиканың Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
- Қазақстан Республикасының рәміздері не?
- Қазақстан Республикасының рәміздері - ту, елтаңба, әнұран.
2. Үй жұмысын тексеру.
Қане, балалар үй жұмысын тексеремін.
Үйге қандай тапсырма берілген?
Үйге алтыншы тапсырма берілген. Сұрақтарға жауап беру.
3. Қайталау:
- Өткен сабақты қайталайық.
Қазақстан мерекелері
Қандай мерекелер бар?
3. Жазбаша жұмыс.
Қане, балалар, кім маған айтады, бүгін қай күн?
Бүгін қаңтардың он жетісі.
Дұрыс, ал аптанның қай күні?
Сәрсенбі
Ал ертең қай күн?
Ертең бейсенбі
Кеше қай күн болған?
Кеше сейсенбі
Дұрыс, дәптерге жазамыз :
Қаңтардың он жетісі
Сынып жұмысы.
ІІ Жаңа сабақ: 1. Кіріспе
2.Сабақтың тақырыбымен таныстыру
«Тұңғыш президенттің» суреттің көрсетіп. Бұл кім?
Бұл президент
бүгінгі біздің сабақтың тақырыбы «Тұңғыш Президент күні».
Сөздікпен жұмыс:
Қане, балалар, жаңа сөздермен танысайық.
Сөздік:
МҰРАЖАЙ – МУЗЕЙ
РӘМІЗДЕР - СИМВОЛЫ
ЖЕКЕ ЗАТ – ЛИЧНЫЕ ВЕЩИ
ТҰҢҒЫШ -ПРЕЗИДЕНТ
1 – тапсырма: «мәтінді оқы, орыс тіліне аудар».
Астанада Ақорда, президент мәдениет орталығы, Президент мұражайы бар. Мұражай 2005 жылы ашылды. Мұражайда «Рәміздер залы», «Атамекен» залы бар. Мұражайда президенттің сыйлықтары, суреттері, жеке заттары бар.
Мұражай өте үлкен және әдемі
Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс.
№1
Көп нүктенің орнына а немесе ә әріпін қойып,көшіріп жазындар.
Ж...яу, ж....й, ш...й, д...птер, ...демі, с...біз, с...н, т...р, т...н, с...л.
№2
Көп нүктенің орнына ұ немесе ү әріптерін қойып, көшіріп жазындар.
Ж...мыс, к...н, қ...с, т...н, т...р, б...гін, с...т, д...кен, б...л, ...шқыш, м...ғалім.
2 тапсырма.
Балалар, қане тақырып бойынша біз дыбыстарға саяхат жасайық.
Бірінші қазақ тіліне тән дыбыстарды қайталап кетейік.
Қазақ тілінде неше тән дыбыстар бар?
Оларды атаңдар.
Ә,І, Ғ, Ү, Ұ, Қ, Ө, Һ, Ң.
Дыбыстар неше түрге бөлінеді?
Дауысты дыбыстар неше түрге бөлінеді?
Дауыссыз дыбыстар неше түрге бөлінеді?
Ә – қандай дыбыс?
Мынау сөздердің ішінен жоғалған әріпті тап.
ҰМ Қ - дауыссыз, қатаң
Е Ң – дауыссыз, ұяң.
МІР Ө –дауысты жіңішке
БҮГ Н І - дауысты жіңішке
К Н Ү - дауысты жіңішке
Ж МБАҚ Ұ – дыуысты, жуан
С РСЕНБІ Ә - дауысты жіңішке
Фонетикалық талдау
Сағаттар – са-ғат-тар
С – дауыссыз,қатаң
А – дауысты, жуан
Ғ – дауыссыз, ұяң
А – дауысты, жуан
Т – дауыссыз, қатаң
Т – дауыссыз, қатаң
А – дауысты, жуан
Р – дауыссыз, үнді
Сергіту сәті:
Адам не істейді?
Адам ойлайды, жүреді, сөйлейді.
5 -тапсырма: дүріс аудармасын тауып жаз.
Бүгін – 1 желтоқсан. 1. Ты ходил в музей
Мен алаңға бардым. 2. В школе нет занятий
Сен мұражайға бардың 3. Сегодня 1 сентября
1 желтоқсан – мереке күні. 4. Я ходил на площадь
Мектепте сабақ жоқ. 5. 1 декабря – праздничный
6 тапсырма. Сөйлем құрап үйрен
Президент
Президент күні
Бүгін – президент күні
Бүгін – астанада Президент күні
Сандарды реттімен айт.
«Ғажайып алаң»
Ал мына кесте де қандай сандар жоқ?
| 1 |
| 3 | 4 |
| 6 |
| 8 |
| 10 |
|
| 12 |
| 14 | 15 |
| 17 |
| 19 |
|
IV Бекіту: қайталау.
Сендер бүгінгі сабағында не білдіңдер?
V Қорытынды:
А) үйге тапсырма:
115 бет. 2 тапсырма, және сөздікті жаттау.
Б. Оқушылардың білімдерін бағалау.
Балалар сау – болыңдар. Қонақтармен қош айтысайық.
Сау болыңыздар!


"Нұрсұлтан Назарбаев" (29.33 KB)

