Меню
Разработки
Разработки  /  Математика  /  Уроки  /  5 класс  /  Натурал сандардың 2-ге,5-ке және 10-ға бөлінгіштік белгілері

Натурал сандардың 2-ге,5-ке және 10-ға бөлінгіштік белгілері

Д?птерлері?ізді ашып, б?гінгі к?нні? жадысы мен та?ырыпты жазып ?ояйы?.

Саба?ымызды? та?ырыбы – Натурал сандарды? 2-ге,5-ке ж?не 10-?а б?лінгіштік белгілері. ?лы ?алым Пифагор: ?р сан ?зіндік ерекшілікке ие» деген екен.

- ?алай ойлайсы?дар, саба?ымызды? ма?саты ?андай?

- Сонымен, бізді? орта? ма?сатымыз натурал сандарды? б?лінгіштік белгілері бізді ?иын жа?дай?а ?алдыра алмайтынды?ын к?рсету. Оларды сенімді т?рде б?лінгіштік белгілерін таба алатын боламыз

30.12.2016

Содержимое разработки

Уақыты: 26.12.16 ж.

Класс: 5«б»

Пәні: Математика

Сабақтың тақырыбы

Натурал сандардың 2-ге,5-ке және 10-ға бөлінгіштік белгілері

Сабақ типі

Бекіту сабағы

Сабақ түрі

«Ертегі елінде»

Мақсаты

Натурал сандардың бөлінгіштік белгілерін пайдалана қолдана отыра, оны есептер шығаруда тиімді пайдалана алу дағдыларын жетілдіру, тақырып бойынша оқушылардың білімін жалпылау және жүйелеу, әр түрлі деңгейдегі тапсырмалар орындау арқылы шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту, сауатты жазуға бейімдеу, өзіндік таным әрекеті, топта ынтымақтаса жұмыс істеу құзіреттіліктерін қалыптастыру.

Күтілетін нәтижелері

Есеп шығарудың тиімді жолдарын үйренеді, бұрын білетін тақырыппен байланыстырады, топпен жұмыс істейді. Есептердің шығарылу жолдарын бір – біріне түсіндіреді, өзгенің қатесін түзейді. Оқушылар жекелеме, жұппен, топпен жұмыс істей отырып идея бөліседі, өнім жасалады, талдайды, жинақтайды, қорытындылайды, бағалайды.

Сабақтың өтілу формасы

Өзара әрекеттестіктің интерактивті формасы (фронтальды, жеке, топтық, жұптық жұмыстар).

Әдіс-тәсілдері

сыни ойлауға үйрету, диалогтық оқыту, АКТ, практикалық, формативті бағалау.

Бақылау формалары

өзін-өзі бақылау, бірін-бірі бақылау, мұғалімнің бақылауы.

Техникалық жабдықтар мен қажетті ресурстар

компьютер, интерактивті тақта, рефлексия материалдары, жеке карточкалар, плакаттар.

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ұйымдастыру

Мұғалімнің кіріспе сөзі, сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлаймын.

Оқушыларды бір-бірімен күлімдеп амандасып, сабақты жақсы көңіл-күймен бастауын сұраймын.

Үй тапсырмасын дұрыс жауап үлгісі бойынша тексеру: №607 610.

Амандасады, ынтымақтастық атмосферасын құрап, спорттық құралдар түрлерімен топтарға бөлінеді, топ басшыларын сайлайды.

Үй тапсырмасын эталон арқылы бірін-бірі тексереді, бағалайды.

Қызығушылықты ояту

Тақтада Тәуелсіздік күніне арналған  суреттері көрсетіледі. Бағыттау сұрағын қоямын Еліміз егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болғанымызға мінекей 25 жыл болып қалыпты, яғни Тәуелсіздігіміздің күміс тойын тойлағалы отырмыз. Балалар сендер Тәуелсіз мемлекетте жарқын өмір сүріп жатқан бақытты бүлдіршінсіңдер. Өмірлерің мәнді де сәнді болсын, аспанымызды бұлт шалмасын деп тілек тілеп ертеңгілігімізді бастаймыз. «Оқушылар, суреттен нені байқап отырмыз?» Оқушылар, биыл осы ҚР тәуелсіздігінің 25 жыл толуына орай тойлағалы отыр екен«Білімді тек көтеріңкі көңіл-күймен жақсы меңгеруге болады.Білімді сіңіру үшін, оны жақсы тәбетпен жұту керек». Оның кеңесіне еріп, назарымызды шоғырландырып, білімді шын ниетпен сіңірейік, себебі ол кейін бізге қажет болады.

Слайд№1.

Дәптерлеріңізді ашып, бүгінгі күннің жадысы мен тақырыпты жазып қояйық.

Сабағымыздың тақырыбы – Натурал сандардың 2-ге,5-ке және 10-ға бөлінгіштік белгілері. Ұлы ғалым Пифагор: Әр сан өзіндік ерекшілікке ие» деген екен.

- Қалай ойлайсыңдар, сабағымыздың мақсаты қандай?

- Сонымен, біздің ортақ мақсатымыз натурал сандардың бөлінгіштік белгілері бізді қиын жағдайға қалдыра алмайтындығын көрсету. Оларды сенімді түрде бөлінгіштік белгілерін таба алатын боламыз.

Сыни ойлана отырып, сұрақтарға жауап іздейді, талдайды.

Сабаққа қызығушылықтарын арттырады.

Сабақтың мақсатын ашады.

Ортақ девиз айта отырып, практикалық тапсырмаларды әр түрлі формада орындайды, диалогтық қарым-қатынас орнатады.

Қайталау сұрақтарына ауызша, есептерге жазбаша жауап береді.

Серігеді.

Мағынаны тану

II Дилогтық оқыту. Ұлттар бойынша саяхат.

Слайд №2.«Натурал сандар туралы білімің болсын саналы» девизімен саяхатқа шығамыз. (хормен)

Слайд №3.

2.1. Фронтальды сұрау (Илья Ильин).

1. Қандай цифрлар жұп цифрлар деп аталады?

2. Қандай цифрлар тақ цифрлар деп аталады? (мысал келтір)

3. Жұп сандар ман тақ сандарға мысал келтіріңдер?

4. Қандай сандар 2-ге бөлінеді? (мысал келтір)

Слайд №4.

2.2. Қателерді тауып, дұрыстаңыз. (топтық жұмыс)

Жұп цифрлар:1,3,0,5,2,4,8,9

Тақ цифрлар: 0,1,2,4,5,7,8

2-ге бөлінгіштік белгілер:2,5,4,6,7,8,9

Слайд №5. (жауабы)

Слайд №6, 7

2.3. Өз бетімен жұмыс (Денис Тен) (жеке жұмыс)



Слайд 8.

2.4. Тарихи мәліметтер.

«Ергежейлі» деп аталатын сандар бар екен.

Олар біздің өмірде қандай мағына береді?

0,001 бөлшегі өте кішкентай сан. Мысалы, 0,001с – бұл уақыт арасында дыбыс ауада 33 см-ге таралады екен, ал 700-800 м/с жылдамдығымен атылған оқ 70 см ұшады. Жер шары болса бұл уақытта 30 метрге айналады, ал кіп-кішкентай маса қанатымен жоғарым-төмен қағып үлгереді.





Бағыт алады.



Сұрақтарға жауап береді.















Топтық жұмысты сыни ойлана отырып, атқарады.

















Өз бетімен жұмыстануға машықтанады, шешім іздейді.











Жаңа мәліметпен танысып, қызығады, есте сақтайды.

Сергіту сәті

Слайд №9.

2.5. Физкультминутка.

- Мен бір сөз айтамын, математикаға байланысты болса, екі қолымызды жоғары көтереміз, болмаса отырып-тұрамыз.


Слайд №10.

Есеп шығармай математика пәні өтпейді, олай болса:

2.6. Галиб Джафаров.

Оқулықпен жұмыс (1-2-3)

№612.

Шығарманың оқылған беттері оқылмаған беттерінен 4есе артық. Шығармада 145 бет болуы мүмкін бе, әлде 144 бет болуы мүмкін бе?Немесе 142 бет болуы мүмкін бе?

№624.

Хайуанаттар паркіне әкелінген еттің жартысы жолбарыстарға берілді, қалған жартысы қасқырларға берілді. Одан қалғанының жартысын бөрілерге бергенде, 8 кг ет қалды. Хайуанаттар паркіне неше килограмм ет әкелінген?

№621.

0,3,4,5 цифрларын бір рет қана пайдаланып:
1)2-ге бөлінетінін;
1)5-ке бөлінетінін;
1)10-ға бөлінетінін;
1)2-ге бөлінбейтінін;

Слайд №11.Құрастыру

Жүк машинасы кірпіш әкелді. Жүк машинасында қандай сан-кірпіштер бар?Сан кірпіштерден басқа сандарды құрастырамыз.

2, 5 және 7 үш сан-кірпіштерді алып, олардағы сандардың көбейтіндісін табамыз. Қандай сан шықты, жай сан ба әлде құрама сан ба? 2 және 11 екі сан-кірпішті аламыз, ондағы сандардың көбейтінділерін былай табамыз: 2 * 2 * 11. Қандай сан шықты, құрама сан ба әлде жай сан ба? Әрі қарай оқушылар өз беттерімен құрастырулар орындайды (Құрамында сан-кірпіштердің саны әр түрлі болатындай 2 мысалдан құрастырады). Жаттығудан кейін оқушылар өз беттерімен(жазбаша) мына сұрақтарға жауап береді: "Жай сандарды көбейткенде қандай сан шығады?"



Топтаса отырып, практикалық жұмысты орындайды, талдайды, ортақ шешім шығарады, қорғайды.



Білімдерін жинақтайды.

Ой толғаныс

Рефлексия«Көңіл-күй гүлшоғы»

Ал енді көңіл-күй гүлшоғын дайындайық. Қызыл гүл – сабақ қызықты болды, жаңа нәрселер білдім, өзім жақсы түсіндім, жасыл гүл - сабақ қызықты болмады, ешнәрсе түсіне алмадым.

Топ басшысының бағалау парағын толтыру.Ынтымақтастық шырағын сөндірмейік!




Сабаққа қатысымы бойынша өзін-өзі, бірін-бірі және сабақты бағалайды, алға мақсат қояды.

Слайд №12.

Үй тапсырмасы. (Шығармашылық жұмыс)

«ҚХА- 20 ізгі іс» атты республикалық эстафета.

Тапсырма «математикалық шығарма» деп аталады. «Қыс және спорт» сөздерін қолданып есеп құрастыру. Мүмкіндігінше 2 амалдан тұратын есеп болу керек. + №1001 есеп В тобынан.



Үй тапсырмасын жазып алады, бағалану үшін мұғалімге күнделіктерін әкеледі.


-80%
Курсы повышения квалификации

Современные педагогические технологии в образовательном процессе

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Натурал сандардың 2-ге,5-ке және 10-ға бөлінгіштік белгілері (759 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт