«Айгөлек» ортаңғы тобының ұйымдастырылған ашық оқу қызметінің технологиялық картасы
Тәрбиеші: Шадманова Жадыра Бекетовна Күні: 17. 11. 2016 ж Білім беру саласы: Коммуникация Бөлімі: Сөйлеуді дамыту Тақырыбы: «Нан ел байлығы» Мақсаты: Білімділік: Нан туралы түсініктерін кеңейту, нанның қандай жолмен келетінін, слайд бойынша айтып түсіндіру. нанды қадірлеуге үйрету. Дамытушылық: Нанның дастарханға қалай келетінін айтып, балалардың қызығушылығын арттыру. Нанға, еңбекке байланысты тақпақ, мақал - мәтелдер, тиым сөздер сұрақ - жауап қоя отырып балалардың сөздік қорын, тіл байлығын, ой - өрісін дамыту, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру.
Тәрбиелік: Балаларды адам еңбегін, еңбекке деген қызығушылығын және нанды құрметтеуге тәрбиелеу. Әдіс - тәсілдері: Әңгімелесу, сұрақ - жауап, ойын - жаттығу.
Көрнекілігі: нақыл сөздер, түрлі суреттер, Слайд-шоу Алдын ала жұмыс: мақал, тақпақ, тиым сөздер жаттату. Белингвалды компанент: аспазшы-повар-cook, нан- хлеб-bread. Астық-мука-flour
| Оқу қызмет кезеңдері | Тәрбиешінің қызметі | Балалардың қызметі |
| Себепті қызығушылығының ояту кезеңі | Балалар музыка әуенімен топқа кіреді. Ғажайып сәт: Аспазшы апай алдымыздан шығады. Балалар сәлеметсіздер ме. мені таныдыңдар ма? Мен кіммін? аспазшы-повар-cook, Мен сендерге арнап ұннан қамыр дайындап қойдым. Сендер маған бөлке жасауға көмектесесіздер ме? Жарайды ендеше ұнның қандай жолмен келетінінін бейне жазба арқылы тамашалайық | Балалал топқа жарты шеңбер болып тұрады Балалар аспазшымен амандасады. Ия танимыз, сіз аспазшысыз аспазшы-повар-cook, Балалар көмектесуге қуана келіседі. Балалар бейне жазба тамашалайды |
| Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі | (бейне жазба тамашалай отырып, әңгімелеу) Балалар, суретте не көріп тұрмыз, қане әңгімелеп берейікші. Дұрыс айтасыңдар, қолдарымызды жуып келдікпе? Олай болса алдымызға алжапқыш тағып алайық. Барлығыңа ұннан жасалған қамыр беремін, осы қамырдан енді маған әдемі етіп бөлке жасап беріңдер. Мен ас үйге апарып, пісіріп алып келемін. (аспазшы шығып кетеді) Ал ендеше аспазшы апайымыз келгенше ойын – жаттығуы арқылы, бойымызды сергітіп алайық.
Сергіту сәті.
(Осы кезде аспазшы келіп балаларға дайындаған бөлкелерін алып келеді) Мінекей балалар жасаған бөлкелеріміз тәтті болып пісті, қазір әбедте жерсіңдер. |
- жерді трактормен жыртып жатыр, жерге тұқым сеуіп жатыр. Одан егін өніп шығады. Жаз бойы егінді суарып, күтіп баптайды. Ал, күзде егінді комбайнмен орып, машинаға тиейді. Жүргізушілер машинамен астықты қабылдау орындарына жеткізеді. Ол жерде бидайдан астық дайындайды. Астық-мука-flour Ұндарды наубайханаларға таратады. Наубайханаларда ұннан неше түрлі нан пісіреді. сол нандарды дүкен сөрелерінде көреміз. Балалар, тағам түрлерін айтады.Нан, тоқаш, печенье, пряник, торт, перок, бауырсақ ұн алынады. Ал ұннан неше түрлі тағамдар пісіреді. Жуынып таза жүруіміз, дұрыс тамақтануымыз, және де жаттығулар жасап, спортпен айналысуымыз қажет. Балалар алжапқыштарын тағып алып тоқаш жасайды
Балалар орындарынан тұрып, бір бірінің арқаларына қимылмен жаттығуды айтып, жасайды. Балалар өздерінің жасаған бөлкелерінің піскеніне қуана қарайды. |
| Оқу қызметін бағалау кезеңі | Балалар аспазшы апайға рахметімізді айтайық. - Балалар, осы бидайға, нанға байланысты не білесіңдер? Ендеше балалар аспазшы апайға арнап, нан туралы, тақпақ, мақал, тиым сөздер айтып берейік. - Ой, жарайсыңдар балалар, нан туралы тақпақ, мақал - мәтел, тыйым сөздерді жақсы айттыңдар. Міне балалар, біздер сондықтан нанды шашпай, баспай қастерлеу керекпіз. Бидайды егіп, баптап, жинап, қамбаға құятын егіншілердің еңбегі зор, олардың еңбегін құрметтеу керек. Белингвалды компанент: аспазшы-повар-cook, нан- хлеб-bread. Астық-мука-flour Балаларды мақтап мадақтау. Смайликтер тарату. | Балалар аспазшы апайға рахмет айтады. Балар нан туралы тақпақтар мен мақалдар, және тиым сөздер айтады Балала аспазшымен қоштасады. аспазшы-повар-cook, нан- хлеб-bread. Астық-мука-flour |
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Нанның дастарханға келу жолдарын.
Қандай түсініктерді игерді: Нанға, еңбекке байланысты тақпақ, мақал - мәтелдер, тиым сөздер айту арқылы, нанның қандай қиын жолмен, еңбекпен келетінін игереді.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Үлкендердің еңбегін құрметтейді, нанды қастерлейді

"Нан _ ел байлығы" (56.5 KB)

