Меню
Разработки
Разработки  /  Литература  /  Уроки  /  5 класс  /  Нәсіраддин Сералиев"Аңсау"әңгімесі

Нәсіраддин Сералиев"Аңсау"әңгімесі

Б?л 5 клас?а арнал?ан саба? жоспары.Та?ырыбы :Н?сіраддин Сералиевты?"А?сау"??гімесі.

11.05.2017

Содержимое разработки

Пәні:қазақ тілі

Класы:5 а

Мерзімі:4.05.2017

Сабақтың тақырыбы

Нәсіреддин Сералиев «Аңсау»

Мақсаты

Оқушылардың Аңсау әңгімесінен алған білімдерін тапсырмалар арқылы бекіту;

Оқыту нәтижелері

Сын тұрғысынан ойлауға үйренеді. Шығармашылық қабілеттері өседі.

Әдіс-тәсілдері

Сұрақ-жауап, талдау, дәлелдеу

Пайдаланылған ресурстар

Сұрақ-жауап,шығармашылық ізденіс,жұптық,топтық жұмыс

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс –әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушылармен сәлемдесу.

2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру

4.Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен

мақсаты туралы хабарлау

Оқушылар оқу құралдарын алып сабаққа дайындалады.

Үй тапсырмасы

Сен ақылды болсаң екен жатқа сұрау

Оқушылар тақырыпты қайталап,сұраққа жауап береді

Жаңа сабаққа кіріспе

Ой қозғау\

Жазушының  өмірбаяны.

  1. Н. Сералиев 1930 жылы 25 қазанда Қызылорда  облысында, Қармақшы  ауданы,  Қашқансу  деген  жерде  туған.

  2. 1944 жылы Абай  атындағы  жеті  жылдық   мектепті  бітіріп,  сол  жылы  Қызылорда педагогика  училищесіне  түседі.

  3. 1948 – 1952 жылдары Гогаль  атындағы  педагогикалық   институттың  Тіл   және   әдебиеті  факультетін  бітірген.

 Жазушы             Әңгіме  жазудың шебері












Еңбекқор              Н. Сералиев                  Қызметкер

 

Білімді

Шығармалары.

Әңгімелері:  «Ұшталған  қарындаш»,  «Намыс»,  «Ақ  лақ  пен  қара  лақ»,  «Ақбөпе»,   «Ақ  қайық» т.б.

Повестері: «Ыстық  күлше»,  «Алтын  ғұмыр,алғашқы  махаббат», «Дәукен  атайдың  немерелері»,  «Қаңтар», т.б.



Оқушылар өз ойларын ортаға салады

Жаңа тақырыпты меңгерту

Мағынаны тану

Жаңа  тақырып бойынша топтарға  берілетін  тапсырмалар. (топ  мүшелері түстер  таңдап,   берілген  сұрақтарға  жауап  береді).

  1. Ақылды қария – ағып жатқан  дария.

  2. Кәріге құрмет – балаға  міндет.

  3. Үлкенді сен  сыйласаң,  кіші  сені  сыйлайды.

Кіші  сені  сыйласа, кісі  сені  сыйлайды.

Әңгімені  баяндау.

І топ:  Қалымбет   қарияның  қалаға  келуі, базар  аралауы, далада қалуы.

ІІ  топ: Аулада  ойнап  жүрген  баланың ( Ермектің)  қарияға  жолығуы.

ІІІ топ:  Қарияны  қарсы  алған  Ермектің  анасы.Олардың  шәй  ішіп, әңгімелесуі.

ІҮ  топ: Даладан  Ермектің  үйге  келіп, атасымен  ойнауы, ұйықтауы.

Ү топ:  Қалымбет  қарттың  жолға  шығуы, Ермектің  анасының  ризашылықпен  шығарып  салуы.


Топқа бөліну,көшбасшы сайлау,ұйымдасып жұмыс жасау

Білімдерін бекіту

1.Оқулықпен жұмыс

Жазушы   әңгімеде   қандай  қасиеттер  көрсетеді. Осы  әңгімені  оқи  отырып,  біз  қандай  болуымыз  керек?

Тақтаға:

  1. Сыйластық – ата мен  келіннің  арасындағы,

  2. Парасаттылық – құдайы қонақты  күту,

  3. Инабаттылық – Ермектің анасының  инабаттылығы,

  4. Сүйіспеншілік – атаға деген  сағыныш,

  5. Ата – анаға деген  баланың  махаббаты

  6. Жақсылық – қарияны үйге  қабылдау,

  7. Қайырымдылық – атаның балаға  өз  атасы  болуы,

  8. Адамгершілік – ізеттілік  көрсету,

  9. Кішіпейілділік – келіннің үлкеннің  алдында  кішілік  көрсетуі,

  10. Қарапайымдылық – ауылдың қариясы.

Құтты  қонақ: Қазақ  халқында: «Құтты  қонақ  келсе,  қой  егіз  табады»- деген  нақыл  бар.  Бұл  қонақ – келген  кезінде   түскен  отбасында  бір  жақсылық,  қуаныш  болатын  қонақ.

Ерулікті  қонақ: Қоныста  отырған  ауыл  үстіне көшіп  келген  отбасын  құрметтеп,  ерулік  асқа  шақырылған  қонақты  осылай  атаған.

Өз болжамдарын келтіру

Рефлексия

Қорытындылау.Сабақ туралы пікірлерін «Мен білемін» парағына жазады


Бағалау

Ауызша бағалау

«Өте жақсы», «Жарайсың»


Үйге тапсырма

Түсініп оқу




-80%
Курсы повышения квалификации

Основы тайм-менеджмента. Эффективное управление временем

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Нәсіраддин Сералиев"Аңсау"әңгімесі (20.34 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт