
Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы
Мамыр негізгі мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі Жақыпбаева Ғалия
Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ
Мақсаты:
Білімділік:
Оқушылардың мақал-мәтел туралы білімдерін кеңейте түсу, мақал-мәтелдер жаттату, жұмбақтар жасыру және екі тілді қатар үйрену арқылы ақыл-ойын толықтыру, ертегі айтқыза отырып сөздік қорын арттыру.
Дамытушылық:
Оқушылардың мақал-мәтелге және жұмбақтарға деген қызығушылықтарын,
ой-өрістерін дамытып, жақсы қасиеттерін қалыптастыру .
3. Тәрбиелік:
Аталы сөздерді бойына сіңіре отырып әдепттілікке, адамгершілікке, инабаттылыққа, салауаттылыққа, үлкенді сыйлауға тәрбиелеу.
Әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, топтастыру, салыстыру, сергіту, инцерт.
Көрнекілігі: Слайд, суреттер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, кітаптар, кесте.
Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Психологиялық дайындық кезеңі.
Үлкенге де – Сіз!
Кішіге де – Сіз!
Сәлем бердік Сіздерге,
Құрметпенен – Біз!
2. Негізгі бөлімі:
Мақал-мәтелдер
Мақал-мәтелдер – ауыз әдебиетінің бір түрі. Мақал-мәтелдерде көбінесе нақыл, ақыл айтылады. Жаманнан сақтандырып, жақсыны үлгі етеді.
Мақал
Мақал – өмір құбылысын жинақтай отырып, түйінді пікір айтатын ықшам сөз өрнегі.
Мысалы: Еңбек етсең емерсің.
Мәтел
Мәтел – халық арасына көп тараған белгілі бір ойға, ұғымға ишарат жасайтын, астарлап, жұмбақтап айту мәні басымдау болатын халық мұрасы.
Мысалы: Оқу инемен құдық қазғандай.


Топтастыру әдісі
Мақал- мәтелдер
1. Тіл, сөз, өнер, білім туралы
2. Еңбек пен бірлік туралы
3. Ерлік пен ынтымақ туралы
4. Ақылдылық пен шыншылдық туралы
5. Отан, халық туралы
6. Достық, жолдастық, шыншылдық туралы
Мақал - мәтелдер айтайық:
1. Өнер алды - қызыл тіл.
2. Еңбекпен тапқан нан тәтті.
3. Татулық – ынтымақ белгісі.
4. Ашу дұшпан, ақыл дос,
Ақылыңа ақыл қос.
5. Отан отбасынан басталады.
6. Досы көпті жау алмайды.
Жасырын сөзді табайық:
Суретпен жұмыс: Бөлмедегі заттарды шашпа (жақсы, жаман).
1. Аға әдепті болса, іні әдепті,
. . . әдепті болса, сіңлі әдепті.
Апа – сестра
Суретпен жұмыс: Үлкендерге көмек бер (жақсы, жаман).
2. Үлкенге ізет,
. . . құрмет.
Кіші – младший
Суретпен жұмыс: Білім басы – бейнет, соңы зейнет (жақсы, жаман).
3. . . . – білім бұлағы
Кітап – книга
Кітаптарды жыртпай ұқыпты қарау керек
Суретпен жұмыс: Қыс кезінде қалың киім кию керек (жақсы, жаман).
4. Жаз шанаңды сайла,
. . . арбаңды сайла.
Қыс – зима
Суретпен жұмыс: Жеке бас тазалығын сақта (жақсы, жаман).
5. . . . байлық денсаулық.
Бір – один
Суретпен жұмыс: Жолдасын тастаған жолда қалар (жақсы, жаман).
Достықтың екі түрі бар:
Біріншісі – адал дос,
Екіншісі – амал дос.
Ертегі – сказка
Оқушылардан достық туралы білетін ертегілерін сұрау.

Жұмбақ
Жұмбақ – ауыз әдебиетінің ертеден келе жатқан түрі. Ол – адамдардың бір нәрсенің белгілерін екінші нәрсенің белгілері арқылы жұмбақтап айту өнері. Жұмбақ мақал-мәтел сияқты тақпақтап, ұйқастырылып айтылады. Жұмбақтар өте ертеден келе жатқанмен, әр уақытта халық оның жаңа түрлерін ойлап шығарып отырған. Мұхтар Әуезов “Жұмбақ адамның дүниетану жолындағы ойының, қиялының шамасын білдіреді” деген.

Топтастыру әдісі
Жұмбақтар
1. Адам және сабақ, спорт туралы
2. Жан-жануарлар және жәндіктер туралы
3. Табиғат және құстар туралы
4. Жеміс-жидек, тағам туралы
5. Алфавиттік жұмбақтар және жұмбақ айтыс
6. Техника және заттар туралы
Жұмбақтар
1. Доп-домалақ іші қуыс пәле,
Қайта-қайта семіруде, әне. /Доп/
Сергіту сәті:
Оң аяқ,
Сол аяқ,
Жаттығу оңай-ақ.
Теп допты туралап,
Қақпаға оң аяқ.
2. Тал басында түндіксіз отау. /Ұя/
3. Аласа ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар. /Қозы/
Ән: «Қошақаным қайда екен?»
4. Қара сиырым қарап тұр,
Қызыл сиырым жалап тұр. /Қазан, от/
5. Аспай піскен, қайнамай түскен. /Жеміс/
6. Жайлауда бар,
Қыстауда жоқ.
Жасылда бар,
Қызылда жоқ. /Ж/
7. Жуынамын деп жазғаны-ай,
Күннен-күнге азғаны-ай. /Сабын/
8. Оңға да бұрады,
Солға да бұрады.
Тәртіп сақтап әрқашан,
Жолды нұсқап тұрады. /Бағдаршам/

9. Тоғыз белбеу,
Қос жібек,
Екі мұрын,
Бір шүмек. /Домбыра/
Ән: «Домбырасыз сән қайда»
3. Сабақты қорыту:
Мақал
Біреуге ор қазба, өзің түсесің.
Суретпен жұмыс: Кез-келген мәселені тату жолмен шеш (жақсы, жаман).
Тату-тәтті тұрайық,
Аман-есен жүрейік, – деп сабағымызды аяқтаймыз.
4. Үйге тапсырма:
Кестені толтыру
| Бұрын білгенмін | Бүгін білдім | Білгім келеді |
|
|
|
|
5. «Кітаптар әлеміне саяхат» .







Мың бір мақал, жүз бір жұмба (858.14 KB)

