Жac ұpпaқтың жaңaшa oйлaнуынa, oлapдың бipтұтac дүниeтaнымының қaлыптacуынa, әлeмдiк caпa дeңгeйiндeгi бiлiм мен бiлiк нeгiздepiн мeңгepуiнe ықпaл eтeтiн жaңaшa бiлiм мaзмұнын құpу жaлпы бiлiм бepу жүйeciндeгi өзeктi мәceлe. Бүгiнгi opтa бiлiм бepу iciнe қoйылap тaлaптap бұpынғыдaн дa күpдeлi әpi мaңызды. Өйткeнi зaмaнaуи қoғaмдa дaмудың жaңa кeзeңi күтiп тұp. Бiлiм бepу caлacындa жaңa тeхнoлoгиялapдың eнуi oқушының oйлaну cтилiн, мұғaлiмнiң oқыту әдicтeмeciнe жaңaртуды қажет етеді. Жаңашылдықтың артуына байланысты рефлексияның педагогикадағы алатын орнының мәні артып отыр. Өзін-өзі дамытумен қатар индивидтің жан мен тән үйлесіміне сәйкес өз ойын жинақтау қабілетін бейнелейтін рефлексия ұғымы пайда болды .
Қаншалықты кең тараса да, бір қарағанға тұрақты болып көрінгенімен, «білім» түсінігі көп мəнділігімен ерекшеленеді. Əдетте, бұл термин мазмұны жағынан келесідей түсініктемелерге ие болуы мүмкін: білім – жалпыадамзаттық құбылыс; білім - əлеуметтік мəдени мұра; білім – жүйе; білім – педагогикалық процесс; білім – нəтиже. Бүгінгі таңда дүние жүзінде білімнің әлеуметтік ролі артып, адамның болашағы оның алған білімінің сапасына, ойлау деңгейіне байланысты болып отыр. Осы тұрғыда жаңа технологияның тиімді әдіс-тәсілдерін жас ұрпақтың бойына сіңіре отырып қоршаған ортаны қорғауға, салауатты өмір салтына тәрбиелеу – ұстаздардың басты міндеті болмақ. Ол үшін әрбір ұстаз үнемі шеберлігін арттырып отырмаса, оқушы деңгейінің дамуы төмендейді. Осының бәрі бір күннің іс-әрекеті емес, оған көп уақыт, ізденіс қажет. Қазір дамыта оқыту идеясының оқыту үрдісіне енуіне, жаңашылдықтың артуына байланысты рефлексияның педагогикадағы алатын орнының мәні арта түсіп, адамды, білімді дамытудың шарттарының бірі болып отыр. Сондықтан бұл қазіргі кездегі білім саласындағы көкейтесті мәселелер қатарына жатады[1,12-б]. Рефлексияның мәні – адамның өзінің білімін, білімінің негізін, оларды меңгерудің жолдарын анықтау. Мұғалімнің рефлексиялық қызметінің мақсаты: педагогикалық әрекеттің негізгі компонентерін есіне түсіріп, олардың мәнін, алынған нәтиженің «дұрыс» не «бұрыс» болғанын дәлелдей алу, қолданылған әдіс пен құралдардың тиімді не тиімсіз болғанына байланысты өзіндік көзқарасын білдіру, орындалып өткен әрекеттің нәтижесін зерттеу. Тек сонда ғана алдағы жұмыстарда дұрыс мақсат қойып, алға қарай шығармашылықпен жылжудың жобасын жасау мүмкін болады.
Рефлексия (лат. Reflexio – кейінге оралу) – бейнелеуді, сондай-ақ таным актисін зерттеуді білдіретін термин. Әртүрлі филос. жүйеде рефлексияның мазмұны бірдей емес. Лоқтың ойынша, түйсік сыртқы заттармен тікелей ұштасады, ал бақылау сананың ішкі іс-әрекеттеріне бағытталғанда рефлексия ерекше білімнің бастамасы болмақ. Лейбниц үшін, рефлексия – адамның жан дүниесіндегі өзгерістерге көңіл бөліп, елеушілік, Юмнің ұйғарымынша, идеялар – сырттан қабылдайтын әсерлерді рефлексиялау. Гегель үшін, рефлексия - екі түрлі нәрсенің мысалы, мен құбылыстың өзара бейнеленуі. «Рефлекстеу» термині сананы өз-өзіне үңілдіруді өз психикалық күйіне ой жүгіртушілікті сипаттайды[2,354-б.].
Көрнекті ғалымдар Ш.А.Амонашвили, В.И. Загвязинский т.б. педагогикалық рефлексияны жаңаша ойлау стиліне жатқызады. В.А. Кан-Калик, А.В.Мурдик, Н.Д.Хмель т.б. маманның педагогикалық әрекетке дайындығының құрамына даралық, шығармашылық, авторлық ізденістер мен қатар жетілген педагогикалық рефлексияны да жатқызады. «Рефлексия – адамның өз істерінің мәнін түсіну, олар туралы ойлану барысында өзіне өзінің нені, қалай жасағаны туралы толық және анық есеп беруі немесе өзі әрекет барысында басшылыққа алған ережелер мен кестелерді мойындауы не жоққа шығаруы»[3,23-б.].
Рефлексиялық мәдениеті қалыптасқан адам өзінің тұлғалық және кәсіби стереотиптерін шығармашылықпен өзгерте алады. Бұл - өзіндік сана, өзі-өзі ұйымдастыру, өзін-өзі талдау, өзін-өзі іске қосу, өзін-өзі бағалау сияқты кәсіби мәнді сапалармен сипатталады.
Рефлексиялық қабілеті дамыған ұстаз өз оқушыларында осы сапаны дамытуды, дарытуды әсте есінен шығармайды. Қазіргі білімдік мақсаттарға сай білім алушыны рефлексия жасауға дағдыландыру мұғалімнің басты міндеттерінің бірі болғандықтан, ол-сабақтың да негізгі компоненттерінің бірі болуы тиіс. Сабақ барысында мұғалім де оқушылар да рефлексия жасауды үйренеді. Рефлексия деген өз жұмысына талдау жасау. Осы жерде ұлы данышпан Абай қарасөздерімен үндестікті көре аламыз. "Егер де есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір, өзіңнен өзің есеп ал! " деген, біз өзімізге есеп бере отырып, іштей кемшілігімізді мойындаймыз, ол кемшілітің кету себебін бірге іздейміз. Алдағы жұмыстарда ондай кемшілікті жібермеуге тырысамыз. Осы рефлексия арқылы оқушының да қажеттілігін білеміз, оларды да жинақылыққа баулимыз. Оқушының да бірден-бір өзіндік пікірін білудің жолы - рефлексия[4,63-б.].
Ғалым Раддоктың "Оқушы үні" жобасы арқылы өз кезегінде оқушыларымыздың байқамай жүрген мүмкіндіктерін көрдік. Бұл оқушының қажеттілігін айқындап, оқу үдерісіне өзіндік пайдасын тигізді. "Оқушы үні" жобасында оқушы өз пікірін ашық білдіреді, бұл пікірдің оқушы үшін де, мұғалім үшін де жетістікке әсері мол. Мысалдар келтіре кетсек: бастауыш сынып оқушылары өзі жасаған әрекеттеріне ауызша баға беру, суреттер салу түрінде, ал орта және жоғарғы сынып оқушылары қазақ тілі сабағында кестелер, диаграммалар, сауалнамалар толтыру, эссе жазу сияқты рефлексифті жұмыс түрлерімен айналыса алады. Онда оқушылар алған білімдеріне, тапсырмаларына қорытынды жасап, пікір айтуға дағдыланады, ойын ортаға салды. Нәтижесінде оқушылар өз -өздерін реттейді. Жүйелі сөйлеуге, ойын ашық жеткізе білуге, талдау жасауға үйренеді. Сабақтың жақсы не жаман, мағыналы не мағынасыз, көңілді не көңілсіз өтуіне байланысты оқушылар эмоцияларын білдіріп отырды. Осыдан мұғалім өзіне қорытынды жасауына, өзіне баға беруіне болады[5,124-б.].
Қазіргі қоғамымызда белгілі бір жетістіктерге қол жеткізу үшін алған білімнің сапалы да жүйелі болғаны дұрыс. Сондықтан білім беруші мұғалімге де, білім алушы оқушыға да ізденіс пен шығармашлықта жұмыстану талап етіледі. Мұғалімдер үнемі даму үстінде болып, өз идеяларын оқытудың барысында жаңашылдықпен жетілдіріп отырғаны дұрыс. Ал, жаңашылдықтың артуына байланысты рефлексияның педагогикадағы алатын орнының мәні артып отыр.
Рефлексивтік іс-әрекет оқушыға өзіндік талдау кезінде ғана байқалатын өзіндік жеке дара ерекшеліктерін тануына мүмкіндік туғызады. Білімді саналы түрде өзіндік қорыту, яғни рефлексия нәтижесінде ғана жүзеге асады. Рефлексия нәтижесі дегеніміз – міндеттерді шешу тәсілдерін түсіну. Рефлексияның қай түрі болмасын мақсатпен тікелей байланысты.
Мұғалімнің рефлексиялық қызметінің мақсаты: педагогикалық әрекеттің негізгі компонентерін есіне түсіріп, олардың мәнін, алынған нәтиженің «дұрыс» не «бұрыс» болғанын дәлелдей алу, қолданылған әдіс пен құралдардың тиімді не тиімсіз болғанына байланысты өзіндік көзқарасын білдіру, орындалып өткен әрекеттің нәтижесін зерттеу. Тек сонда ғана алдағы жұмыстарда дұрыс мақсат қойып, алға қарай шығармашылықпен жылжудың жобасын жасау мүмкін болады.
Рефлексиялық мәдениеті қалыптасқан адам өзінің тұлғалық және кәсіби стереотиптерін шығармашылықпен өзгерте алады. Бұл - өзіндік сана, өзі-өзі ұйымдастыру, өзін-өзі талдау, өзін-өзі іске қосу, өзін-өзі бағалау сияқты кәсіби мәнді сапалармен сипатталады.
Рефлексиялық қабілеті дамыған ұстаз өз оқушыларында осы сапаны дамытуды, дарытуды әсте есінен шығармайды. Қазіргі білімдік мақсаттарға сай білім алушыны рефлексия жасауға дағдыландыру мұғалімнің басты міндеттерінің бірі болғандықтан, ол-сабақтың да негізгі компоненттерінің бірі болуы тиіс. Сабақ барысында мұғалім де оқушылар да рефлексия жасауды үйренеді. Рефлексия деген өз жұмысына талдау жасау. Осы жерде ұлы данышпан Абай қарасөздерімен үндестікті көре аламыз. "Егер де есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір, өзіңнен өзің есеп ал! " деген, біз өзімізге есеп бере отырып, іштей кемшілігімізді мойындаймыз, ол кемшілітің кету себебін бірге іздейміз. Педагогикалық практикада қолдануға болатын мысалдар келтіре кетсек: бастауыш сынып оқушылары өзі жасаған әрекеттеріне ауызша баға беру, суреттер салу түрінде, ал орта және жоғарғы сынып оқушылары сабақтарда кестелер, диаграммалар, сауалнамалар толтыру, эссе жазу сияқты рефлексифті жұмыс түрлерімен айналыса алады.
Оқушыларды рефлексия жасауға үйретуде мәселенің психологиялық жағына мән беру тиімді. Мұғалімнің басты міндеті: оқушының өткізген күні немесе істеген жұмысы жайлы айтқысы, ойымен бөліскісі келетіндей психологиялық ахуал жасау. Әсіресе баланың өзі жасаған әрекеттеріне байланысты басынан өткен сезімдерін қайта оралта алуы, ол жайлы қағазға түсіруі немесе басқаша суреттеуі ерекше жағдайды талап етеді.
Рефлексияның тиімділігін атап көрсетер болсақ, оқушы үшін:
Рефлексия – оқушыны өз – өзіне есеп беруге баулиды;
Рефлексия арқылы оқушы өз қажеттілігін білдіре алады;
Рефлексия арқылы оқушының өзіндік көзқарасы қалыптасады;
Рефлексия арқылы білімін молайта алады;
Рефлексияның нәтижесінде сыни көзқарас қалыптасады;
Өз – өзіне баға бере алады;
Білім алуға деген қызығушылық жоғарылайды.
Мұғалім үшін:
Ақпаратпен күнделікті жұмыс;
Шығармашылыққа деген ынта-жігері артуы;
Әрбір оқушының пікіріне құлақ түру;
Оқушылардың пәндік білім сапасын арттыра алуы;
Өзіндік сынның қалыптасуы;
Сыни ойлауға жетелеу;
Мысалдар келтіре кетсек: бастауыш сынып оқушылары өзі жасаған әрекеттеріне ауызша баға беру, суреттер салу түрінде, кестелер, диаграммалар, сауалнамалар толтыру, эссе жазу сияқты рефлексифті жұмыс түрлерімен айналыса алады. Онда оқушылар алған білімдеріне, тапсырмаларына қорытынды жасап, пікір айтуға дағдыланады, ойын ортаға салады. Нәтижесінде оқушылар өз-өздерін реттейді. Жүйелі сөйлеуге, ойын ашық жеткізе білуге, талдау жасауға үйренеді. Сабақтың жақсы не жаман, мағыналы не мағынасыз, көңілді не көңілсіз өтуіне байланысты оқушылар эмоцияларын білдіріп отырды. Осыдан мұғалім өзіне қорытынды жасауына, өзіне баға беруіне болады.
Рефлексияны әр түрлі жүзеге асыруға болады, сабақтың соңында әр тақырыптың соңында, сабақ этаптарының арасында, тарау соңында. Ол ақырындап оқушының ішкі рефлексиясына ұласуы керек.
Рефлексияның төмендегідей түрлері бар:
оқу материалының мазмұнының рефлексиясы;
көңіл-күй және эмоционалдық жағдайдың рефлексиясы;
іс-әрекет рефлексиясы.
Оқу материалының мазмұнының рефлексиясы
Оқу мәліметінің мағынасының рефлексиясы оқыту субъектінің өз іс - әрекетін саналы түрде ой елегінен өткізіп, оларды және білуге, өзіндік дұрыс сезінуге көмектеседі.
Іс - әрекет компоненттерін еске түсіру, санадан өткізу, оның мәнін, түрін, өзекті мәселелерін белгілеу, шешу жолдарын аңықтау.
Эмоциалық көніл күйінің рефлексиясы
Көңіл-күйдің рефлексиясы сабақтың басында немесе аяғында топпен эмоциалдық байланыс орнату үшін қолдану тиімді. Адамның көңіл - күйі бейнеленген карточкалар, көңіл - күйдің түстін бейнелері, эмоциалдық сурет рәсімдерін қолдануға болады.
Іс-әрекеттік рефлексиясы
Әрекеттік рефлексия оқу мәліметтерінің әдіс - тәсілдерін ұғыну ықтималдарың береді. Оны үй тапсырмасын сұрау кезінде қолдану тиімді. Сабақтың аяқталған кезіңде әрекеттік рефлексия тәсілі арқылы барлық сабақтың барысында әр оқушының белсенділігін бағалау мүмкіншілігін береді. Шығармашылық іс-әрекетке, іздемпаздық жұмыстарға талдау жасай білу үйретеді. Жеке іс-әрекетін ұйымдастырып өз бетімен сараптау, жоғары танымдық қызығушылық негізінде шығармашылық бағыттылығының тұрақталуы іс - әрекеттерді объективті бағалап, кемшіліктерді жоюға, жауапкершілікпен қарауға бейімдейді.
Рефлексияның бұл түрлерін
жеке
топтық
жұптық түрде өткізуге болады.
Оқушыларды рефлексия жасауға үйретуде мәселенің психологиялық жағына мән беру тиімді. Мұғалімнің басты міндеті – оқушының өткізген күні немесе істеген жұмысы жайлы айтқысы, ойымен бөліскісі келетіндей психологиялық ахуал жасау. Әсіресе баланың өзі жасаған әрекеттеріне байланысты басынан өткен сезімдерін қайта оралта алуы, ол жайлы қағазға түсіруі немесе басқаша суреттеуі ерекше жағдайды талап етеді.
Мұғалім оны оқыту үрдісінде, қолданған әдіс-тәсілдерінің барысында және іс- әрекетінің нәтижесінде байқатуы мүмкін. Оқу барысында оқушы оны бойына сіңіреді. Егер оқушыда жақсы мінез-құлық болса, ол онда өзінің оқудағы жетістігін тұрақты ұстап тұра алады және өзін-өзі жетілдіреді. Яғни, нәтижелі оқу жақсы мінез-құлыққа тікелей байланысты.
Қорыта айтқанда, рефлексия – көп қырлы, кіріккен әрекет. Рефлексия – адамды, білімді дамытудың шарттарының бірі. Соңдықтан бұл қазіргі кездегі білім саласындағы көкейтесті мәселелер қатарына жатады. Шығармашылық рефлексия – мақсатқа жету нәтижесі, қорытынды ғана емес, жаңа білім мен жаңа мақсаттарға бастама бола алады. Сонымен қатар, шығармашылық рефлексия – жеке тұлғалық құндылық сапаларын қалыптастыруда және өзіндік даму бағытын айқындауда, оқушының жеке тұлғасын қалыптастыруға бағытталған шығармашылық іс-әрекетте ішкі жан дүниесінің ресурстары арқылы ой қорытуға мүмкіндік береді.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
Құзырлылық амалының негізгі ұғымдары – К.С.Құдайбергенова Алматы 2007;
Н.Д.Хмель. Жалпы білім беретін мектептегі педагогикалық процесс. Алматы, «Ғылым»,2002ж.;
Б.З.Вульфов,В.И.Харькин. Педагогика рефлексии. М., «Наука», 2011ж.;
А.А.Деркач. Акмеологические основы развития профессионализма. 2015ж.;
Ұстаздық шығармашылық – Б.А.Тұрғынбаева Алматы 2007