Мақсаты: Мектебімізде өткізіліп жатқан «Алтын күз» мерекесіне ұйымшылдықпен қатыса отырып, күз-байлық, күз-береке, күз-молшылдық, күз-шаттық, күз-қуаныш екеніні оқушы санасына жеткізу. өздеріне ерік бере отырып, ауызбіршілікке, ынтымақтастыққа баулу.
1-Жүргізуші: Кеш жарық, қымбатты ұстаздар, оқушылар! «Арайлы алтын күз» атты күзгі бал кешіне қош келдіңіздер. Бәрекелді, мерекелі алтын күз құтты болсын. Қасиетті күз мезгілінің бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.
2- Жүргізуші:
Біздерде ойын сауық басталады,
Тамаша күй тартылып ән салады.
Қошеметтеп қол соғып отыралық,
Ұмытарсыз күні бойы шаршағанды-дей отыра бүгінгі күз мезгіліне арналған мерекелік концертімізді ашық деп жариялаймыз!
1-Жүргізуші:
Жапқандай жапырағымен іздерді
Қуантып байлығымен ізгі елді
Бір тойдырып қайту үшін елімді,
Сабырлы сары алтын күз келді.-демекші балалардың «алтын күзге»деген тақпақтарын қабыл алыңыздар.
«Айгөлек» шағын орталығының орындауында тақпақтар.
2-Жүргізуші:
Аққудай әдеміміз, сұлу жанбыз,
Әр үйде шығатұғын жаңа таңбыз.
Жан сұлуымен тән сұлуын тепе – тең ғып,
Еріксіз өзімізге қаратармыз, - дей отырып, ару қыздарымызды «Радуга» биімен ортаға шақырайық.
1-4 «а» сынып қыздарының орындауында, би «Радуга».
1-Жүргізуші:
Алтын,сары,қызыл, көк
Алуан-алуан жапырақ
Күзгі бақтар күлімдеп
Көз тартады жалтырап
Қыстың жақын қалғанын
Жапырақтар білгендей
Желмен ұшып барады
Жерге қонып үлгермей
Жапырақтар жамырап
Сайға барып бекінді
Анасынан ажырап
Қалған бала секілді- дей отыра, ду-қол шапалақпен, құрметті ата- аналарымызды ойын ойнауға шақырамыз.
Ата- аналардың қатысуымен, «Күзгі жапырақтар» ойыны.
2-Жүргізуші:
Ойынның шарты:
Ортаға 2 ата-ана шығады. Әр адамның жан-жағында жапырақтар шашылып жатады. 1-минуттың ішінде, түйреуіштердің көмегімен, өздерінің киімдеріне барынша көп жапырақтар іліп алуы керек. Үстіне ең көп жапырақ ілген адам ойында жеңімпаз атанады.
1-Жүргізуші:
Салқын сыз, дымқыл тұман соңына ерген,
Жылауық бұлттары бар қанат көрген.
Күз келді мезгілінде арқаланып,
Күн барма байлығын ол тегін берген!?
Біз оны күтіп жүр ек әуел баста-ақ,
Кеттік те қызу істі дереу бастап
Астық жеміс, мақтасын …. –бар байлығын
Алып қалдық еңбекке айырбастап – дей отыра, «Айгөлек» шағын орталығының еркеде, сұлу қыздарының «Жемістер» атты биін тамашалайық.
Би: Жемістер.
(Би билеп болған соң, сахнаға Малика, Батырхан, Нұралы шығып таппақ айтады).
Малика:
Шөп сарғайып ,
Өңі тайып.
Дала сұры қашады
Бой жаза алмай,
Денең мұздап тоңады
Айтшы Батырхан
Бұл қай кезде болады?
Батырхан:
Қазан болды молшылық
Дәулет қорын қалады
Заңғар көкке жол сызып,
Құстар қайтып барады
Бұл құбылыс Малика
Күзде ғана болады.
Малика:
Көк аспаным мөлдіреп,
Шуақты көзім елжіреп
Асыр салып жүретін
Сары көйлегім желбіреп,
Айтшы Нұралы
Бұл қай мезгілдің келгені?
Нұралы:
Жайдары күз, жарқын күз
Аяулы күз,алтын күз
Дәнге толы кең далам
Дариядай шалқар күз
Малика, бұл Алтын күздің келгені.
2-Жүргізуші:
Алтын күз сізбен бірге шуақ шашсын,
Көңілдің серіппелі күйін ашсын
Бақ пен шаттық бірге қатар қонып
Береке бірлікпенен ортақтассын – деп, ата-аналарымызды тағы да бір ойынға шақырамыз.
Ойын: «Кірпілер».
1-Жүргізуші:
Ойынның шарты:
Сыныптың артқы жағында, ыдыста кішкентай доптар бар, кірпілердің мақсаты, 1 барғаннан барынша көп допты қолдарына сығызып, сыныптың алдында тұрган ыдыстарға әкелу. Ойын барысында киімдерін қолдануға болады. Яғни, киімдеріне салып тасуға болады, бірақ киімдерін шешіп қолдануға болмайды. Барынша көп доп әкелген кірпі жеңіске жетеді.
2-Жүргізуші:
Баршаға өнер сүйер жар саламыз
Үкілі үміттерді қарсы аламыз
Күйге енейік баршамыз ерекше бір
Сіздер үшін би билеп, ән саламыз.
Самет Қарлығаштың орындауында, ән «Таңғы жаңбыр».
1-Жүргізуші:
Тырна көкте тыраулап
Қош қош айттым кеттім деп
Шөптің басы қыраулап,
Күзде келіп жеттім деп - кішкентай бүлдіршіндеріміздің тақпақтарын тыңдайық.
2-Жүргізуші:
Қолшатырлар көбейіп,
Бұлт тұмшалады өңірді.
Келді міне алтын күз ,
Аспан жасы төгілді -деп, кішкентай бүлдіршіндеріміздің орындауында, «Қолшатыр» биін тамашалайық.
Би: Қолшатыр.
1-Жүргізуші:
Осынай тамаша көңіл –күймен, кешімізді тағы бір керемет ойынмен жалғастырайық.
Ойын: «Өз түсіңді тап».
2-Жүргізуші:
Ойнның шарты:
Ортаға 4 ата – ана мен 4 бала шығады. Оларға орамалдар таратылады. Музыка басталған соң, барлығы сыныпта қозғала бастайды. Оқушылар бір – бірімен кездесіп қалса, қолдарындағы орамалдарымен алмасады. Музыка тоқтатылғаннан кейін, ата – аналар қолдарындағы орамалдарын көтереді. Оқушылар өздерінің орамалдарының түстері қай ата – анамен сәйкес келгенін тауып, жүгіріп бару керек.
1-Жүргізуші:
Бүгін мейрам, бүгін той,
Қуанышты күн біліп қой!
Күзгі бақтай сыңғырлап,
Алақанды соғып қой.
1-4 сыныптардың орындауында флешмоб.
2-Жүргізуші:
Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше
Осымен концертіміз аяқталды.
1-Жүргізуші:
Шалқып, тасып әніміз,
Жадырасын жанымыз.
Бүгінгі күз кешінде
Би билейік бәріміз – деп, ата-аналар мен оқушыларды биге шақырамыз!
Ақмола облысы
Егіндікөл ауданы
КММ Ушаков орта мектебі
Мерекелік іс-шара
Тақырыбы: «Арайлы алтын күз.»
Өткізген: Турарова А.Т
2016-2017 оқу жылы


Мерекелік іс-шара "Күзгі бал" (27.25 KB)

