Меню
Разработки

"Мерейлі отбасы"

Отбасылық сайыс. Ата -аналармен балабақша арасындағы қарым - қатынасты нығайту мақсатында өткізуге болатын тәрбие сағаты.

24.01.2018

Содержимое разработки

Отбасылық сайыс 
Тақырыбы: «Мерейлі отбасы»
Мақсаты: Балабақша мен ата –аналар арасында ынтымақтастық орната отырып, ата-ана мен бала арасындағы мейірімділікті,адалдықты,ізеттілікті қалыптастыру. 
Жүргізуші: 
Бүгін біздің бақшада дүбірлі той, 
Ден қойып тыңдаңыздар,көңілді қой. 
«Мейірлі отбасы» сайысында, 
Көрейік тамашаны, сергісін бой. 
Мейірімділік – жаратылысты уыздай ұйытқан ең басты құндылық. Мейірімділік, татулық, достық, болмаса күллі әлем мағынасыз болып, зұлымдық билеп алар еді. Өйткені ғаламдағы барлық нәрсе мейірімнен жаратылған. «Мейірімді отбасы» дегенде, көз алдымызға уыздай ұйыған тату-тәтті, бақытты отбасы елестейтіні анық. Осы мейірімділіктің, татулықтың, бірліктің туын ұстаған отбасыларды ортаға шақырайық. 
1. Садуовтар отбасы.
2. Тлемисовтар отбасы.
3. Какимовтар отбасы.

(Отбасылар музыка ырғағымен қарсы алынып, тиісті орындарға отырғызылады). 
-Құрметті ата –аналар! «Біз мейірімді отбасы» атты отбасылық сайысына қош келдіңіздер! Аспанымыз ашық, күніміз жарық болсын деп шеңбер бойына тұрып, бір – бірімізге мейірімімізді төге отырып «Әрқашан күн сөнбесін!» әнін орындайық. 
Ән : «Әрқашан күн сөнбесін!» 
Жүргізуші: 
Өнерпаздар өнерін салыстырып, Бәйге үшін терлетер шабыстырып. Әділдікті қолдайтын баға беріп, Жіберейік қазыларды таныстырып. 
Сайысымыздың әділ бағасын беріп, жеңімпазын анықтайтын әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар. 
Сайыс шарттары мынадай:

  1. «Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер» — таныстыру.

  2. «Білгенге – маржан…» — сұрақ-жауап.

  3. «Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» — қолөнер бұйымдарын қорғау.

  4. «Тәрбие тірегі отбасында» — жағдаят сұрақтарына жауап беру.

  5. «Өнерлі өрге жүзер» — отбасылар өнері.  

 БИ. «Вальс» балалардың орындауында.

ӘН.«Әлди,әлди бөбегім» қыздардың орындауында. Қорытынды: Тәрбиеші жалпылама қорытынды жасап, әділ қазылар алқасы берген бағасысмен таныстырып мынадай номинациялар бойынша марапаттаулар жүргізеді: «Өнегелі отбасы»;

  1. «Ең өнерлі отбасы»;

  2. «Ең білімді отбасы».

  3. «Үлгілі отбасы»  

Тақырыбы: «Әдептілік, әдемілік»

Мақсаты: Әдептілік туралы үйрету.Кішіпейілдікке, сыпайылыққа, биязылыққа, әдептілікке тәрбиелеу.Сөздік қорын арттыру, танымдылық қызығушылығын арттыру.
Көрнекі құралдар: сурет, слайд,автобус макеті.



Жылулық шеңбері: Шеңберге тұрып бір бірімізге жақсы лебіздерімізді білдірейік.

Қайырлы күн.

- Аспанымыз ашық болсын.

- Деніміз сау болсын.

- Ауырмайық.

- Отанымыз тыныш болсын.

- Дос болайық.

- Тату болайық.



    • Балалар,бүгін біз сендермен әдептілік, әдемілік туралы әңгімелесеміз.

    • Өздерің әдепті деген сөзді қалай түсінесіңдер?

Балалардың жауаптары.

Суретпен жұмыс. Слайд көрсету.

- Ал,мына суретте не көріп тұрсыңдар?

    • Істеген істері туралы не айтасыңдар?

    • Өздерің не істер едіңдер?

    • Жағдаятты сұрақтар. Балалардың пікірлері.

Сергіту сәті: Апам үшін күнде мен

Отын ағаш жарамын.

Су құямын гүлге де,

Дүкенге де барамын.

Жуамын ыдыс аяқты.

Жылай қалса бөпеміз,

Уатамыз ойнатып.

Автобуста, аялдамада болатын жағдайлар.Балалардың орындауында шағын көрініс.

    1. ші көрініс: Ауыр сөмкесі бар әже, автобусқа мінгелі жатыр.Балалардың әрекеті.

2-ші көрініс:Автобус толған адамдар,бос орын жоқ,үлкен адам ата немесе әже түрегеліп тұр. Балалардың әрекеті.

Балалардың мақал мәтел, тақпақтары.

    • Балалар мынау не? Не жетіспейді?

    • Күннің көзі. Оның сәулелері.

    • Ендеше балалар, әдептіліктің сиқырлы сөздері болады екен соны әр сәулесінде

жазулы тұр, мен оқып тұрамын сендер күннің сәулесін жапсырыңдар.

    • Қандай сиқырлы сөздер болады екен? Оларды не үшін айтамыз?

Балалардың жауаптары.

Қорытынды: Балалар сонымен әдептілік сөзін қалай түсінесіңдер? Әдепті,әдемі болу үшін не істеу керек? Балалар сендер күнде таңертең қайда келіп жүрсіңдер?Яғни балабақшада да әдептілік ережесін сақтайық. Мен сендерге мына тапсырманы беремін ,сендер суреттерді геометриялық пішіндер ішіне жапсырасыңдар.

1 топ үшбұрышқа «Шуламайық!» белгісін безендіреді (сурет аузы ашылған бала және аузын қолмен басып тұрған қол)

2топ шаршыға «Сәлемдесейік!» , «Қоштасайық!» белгісін (қолдарын түйістіріп тұрған және күлімдеп тұрған бейне)

3топ дөңгелекке «Ақырын жүрейік» белгісін (аяқтың іздері)

4топ төртбұрышқа «Тату болайық!» белгісін (геометриялық пішіндерден құрастырылған қолдарын ұстаған адамдар бейнесі)

Ережені қайталау, балаларды мадақтау.





















-80%
Курсы повышения квалификации

Организация профилактической работы по ВИЧ-инфекции: формы и методы работы

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
"Мерейлі отбасы" (17.66 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт