Күні:14.10.16ж
Білім беру саласы: Таным.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Құрастыру.
Тақырыбы: Менің үйім
Мақсаты:Құрылыс материалдарынан өз үйін құрастыру,ойлануға , өздігінен шығармашылықпен әрекет етуге баулу, құрастыру дағдыларын қалыптастыру, өз үй –іші,отбасына деген сүйіспеншілік сезімдерге тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: Үлгі суреттер , құрылыс материалдарының жиынтықтары.
Сөздік жұмыс: көп қабатты үй, үйдің іргетасы.
| Оқу іс-әрекетінің кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
| Мотивациялық-қозғаушы лық | Шаттық шеңбер. Қуанамын мен де, Қуанасың сен де. Қуанайық достарым, Жарқыраған күнге! -Сәлеметсіңдер ме, балалар! |
Мазмұнына сәйкес қимылдар жасайды
Сәлемдеседі. |
| Ұйымдастырушылық - ізденістік |
Балалардың өздері тұратын үйлері жайында әңгімелету.Мекен жайларын сурау. Балалармен бірнеше үйлердің суреттерін қарап , талдау жасау. Өз үйлерін қалай құрастыруға болатынын ойландыру. -Әр бала құрылыс материалдарынан өз үйлерін құрастырады, үйдің іргетасы ,қабырғалары ,төбесі, терезелері, т.б бөліктерін тауып алады.Үйдің айналасында не бар екенін бейнелеу үшін қағаздар , ұсақ ойыншықтар беріледі. |
Өз үйлеріне ұқсас үйді табады.
Құрылыс материалдарынан өз үйлерін құрастырады. |
| Рефлексия-лық түзетушілік | Өз үйлерінің құрылыстарын жасағандарын қарап шығып , оның жетістіктерін мадақтап қорытынды жасау.
| Әр бала өзінің жасаған үйлерін көрсетеді.
|
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Құрылыс материалдарынан құрастыра білуді.
Игереді:Үйлердің құрылысы жайында: іргетасы, қабырғалары, төбесі,терезесі,есігі түсініктерін игереді.
Меңгереді: Үй құрастыра алуға дағдыланады.

Менің үйім технологиялық карта (19.75 KB)

