Меню
Разработки
Разработки  /  Дошкольное образование  /  Уроки  /  Дошкольникам  /  "Менің сүйікті балабақшам!"

"Менің сүйікті балабақшам!"

Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаев: «Спорт - игiлiктi iс. Спортта мiнез –құлық, мәдениет қалыптасады. Спортпен айналысқан адам ар ұятқа тиетiн iс жасамайды. Жастайынан дене тәрбиесімен шұғылданған адам бүкiл ғұмыр бойы табыска жетуге талпынады. Мен мұны өз тәжiрибемнен бiлемiн», - деуi тарих сахнасының төрiнен спорт қозғалысының өзiндiк орны бар екендiгiн делелдейдi. Өсіп келе жатқан ұрпақтың денсаулығы- осы кезеңдегі ғана емес, сонымен қатар болашақты нақты болжайтын қоғам мен мемлекеттің маңызды көрсеткіші. Білім мен тәрбие беру саласының алғашқы сатысы балабақшаларда дене тәрбиесі маңызды орын алады. Ол мектеп жасына дейінгі балалардың денсаулығын нығайтуға және өз беттерімен қимылдар жасай білуді үйретуге бағытталған.

Бүгінгі

26.06.2017

Содержимое разработки

Технологиялық карта.

Күні: 13.01.2017 жыл

Білім беру саласы: Әлеуметтік.

Ұйымдастырылған оқу-іс әрекеті: Өзін-өзі тану.

Тақырыбы: «Менің сүйікті балабақшам»

Мақсаты: балабақшаға деген сүйіспеншілік сезімдерін дамыту.

Міндеттері: 1.үлкендердің еңбегін бағалауға үйрету.

2.балабақшаға деген мақтаныш,құрмет сезімдерін дамыту.

3.Айналасындағы адамдарды жақсы көруге, құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: дәптер,түрлі түсті қарындаштар,сюжеттік суреттер.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап,түсіндіру,әңгімелеу,көрсету.


Кезеңдер



Тәрбиешінің іс-әрекеті


Баланың іс-әрекеті



Мотивациялық-ізденушілік


1. Шаттық шеңбері:

Тәрбиеші балалармен бірге шеңбер құрып,бір-бірімен амандасады..

Бақшамызға барғанда,

Жолыққан бар жандарға.

Ертемен ақ пейілмен,

«Қайырлы таң!» деймін мен.

-Шеңберге тұрады.



-балалар бірге қайталайды


Ұйымдасырушылық- ізденістік



2.Әңгімелеу:М.Әлімбайдың «Біздің балабақшада» өлеңін оқу.

Өлең жолдарын сұрақ-жауап арқылы талдау:

-Балабақшаға неше жастарыңда келдіңдер?

-Балабақшада қандай мамандар жұмыс атқарады?

-Балабақшаға қай кезде келесіңдер?

-Қай кезде қайтасыңдар?

-Балабақшаға келген кезде алғашқы айтатын сөздерің?



-өлеңді зейін қойып тыңдайды.

-сұрақтарға жауап береді.




Ұйымдастырушылық- ізденістік


3.Дәптермен жұмыс: «Балабақшамды гүлдендіремін» тақырыбына сурет салу.

4.Сергіту сәті:

5.Дәйексөз: «Сәбиіңмін сенің балабақшам менің»

6.Ғажайып сөздер:-Қайырлы таң! Қайырлы күн! Кеш жарық! Сәлеметсіз бе! Рахмет!


.

-өлең жолдарына қимыл жасайды.


-жаңа сөздерді қайталайды.

Рефекстік-түзетушілік

7.Қорытындылау:

-Бүгін не туралы әңгімелестік?

-Балабақшада сендерді кімдер қарайды?

-Балабақша туралы тақпақ айтқызу.

8.Жүректен жүрекке

-Қолдарына ойыншық жүректерін алып, балабақшада жұмыс істейтін апайларға жылы лебіздерін айтады.!


-сұрақтарға жауап беру арқылы қорытындылайды.





-тілектер айтылады



Біледі: балабақша туралы түсінікті;

Игереді: балабақшада жұмыс істейтін маман иелері туралы білімді;.

Меңгереді: жаңа сөздерді;



Толтырған: Есжанова А.С.

Тексерген: Апбасова Г.Қ.

-80%
Курсы дополнительного образования

Ландшафтный дизайн

Продолжительность 72 часа
Документ: Cвидетельство о прохождении курса
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
"Менің сүйікті балабақшам!" (19.42 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт