Менің өмірлік қағидам.
Ғылым,білім,ізденіс-
Өз-өзіңді тануың
Танымасаң өзіңді
Не пайда оқып,жарығым,-деп
білімге деген көзқарасымызды өзгерту, жаңаша ойлауда, яғни айналадағыларымызбен тек жақсы ойлармен бөлісуді талап етеді.Адам баласы үшін шынайы өмірдің мәні білімді игеруде жатыр. Адамның жаратылыс мақсаты — көріп- білу,үйренгенін басқаға үйрету. Сондықтан біз психологтар оқушыларымызды өздерінің ішкі «мендік» құпия-сырларын ашып,танып біреулеріне барымызша жол көрсетіп қолдай білу керекпіз.Тамаша өмір сүру үшін, өмірдің жақсы, жағымды заңдылықтары барекенін саналарына сіңдіре білуіміз шарт. Әрине, балалармен біздің арамыздағы қарым-қатынасымыздың сапасы «Өмір» атты шыңға шығаратын жолдарға төсейтін матаны, қандай сападағы жіптен тоқимыз соған байланысты. Жақсы өмір сүрудің мен білетін бірінші заңдылығы «Алдымен өзіңе көмектес, содан кейін басқаға көмегіңді бересің ». Бұл сөзге тереңірек бойласақ «Өзіңнің жүрегіңдегі қараңғылық пен қайшылықтарды жеңе алмасаң , айналаны өзгертуге күш салмай-ақ қойғаның әбден дұрыс болады». Осы ережені шындыққа айналдырып тәрбие ісіне қолдансақ,- деймін. Бақытты әрі еркін адам,жүрген жерінде бақыт пен берекенің дәнін сеуіп жүреді. «Ұстаз бен шәкірт» заңы,алдымен өзіміз жетістікке жетіп,содан кейін барып сол ұлы жолды балаларға үйретуіміз қажет. Егер маған «Сіз қай кезде бақытты болдыңыз және қалай?» десе,мен былай жауап берер едім. «Мен әр атқан таңға бақыттымын әр жарық күн маған жақсы, әр бір жаңадан жаңарып атқан таң ,жасым есейген сайын ақылға,шапағат нұрына толып, өтіп кеткен жылдарымнан дакеремет».Яғни,мен өткен күндерімнің бәрін жақсы көремін, бірақ-та әр жаңадан атқан таңымды одан-да артық сүйемін. Өзіңді қоршағандардың бәрін сүй, сүйе біл, мені сыйлаулары керек деген ойдан аулақ бол. Әр ауылдың адамы біледі «Құдықтан суды алған сайын, оның суы тазара түседі». Өмірдің ғажабы-жүрек сезіміңнің жан толықтығы, қоршаған адамдарың сені іздеп сенің болғаныңды тілеп, әр қашан қастарында жүргеніңді қалап тұрса. Осының өзі бақыт,-дер едім. Енді жақсы өмір сүрудің екінші заңдылығы«Егер сен ішкі жан дүниеңмен жүрегіңде қуаныш сезімін сезіне алсаң, осы сезімді жақындарыңмен бөлісу» дер едім. Біздің өміріміздің нормасы қуаныш пен сыйлық сыйлай білу, ал одан да тамашасы қуаныш пен сыйлықты қабылдай ала білу. Сыйлықтың бәрі жақсы. Сыйлық деген қорапқа салып оралған зат болуы міндет емес.
Сыйлық – ол тамаша айтылған сөз, әдемі айтылған өлең, дос жаранмен жүздесуосының бәрі- СЫЙЛЫҚ. Жаңа атып келе жатқан таң да, нөсерлетіп құйған жаңбыр да, сыйлық. Өйткені Алла тағала адамдарға ең керемет сыйлықты берген,- дер едім, ол – Өмір.
Сіздерге айтарым өмірлеріңді құр өкпемен,қызғаныш, қайғымен толтырмасаңдар екен. Егер сіздің проблемаларыңыз көбейсе жауабын өзіңізден іздеңіз . Бұл өмірде шешілмейтін мәселе жоқ. Шешілмейтін – тек өмір,дегім келеді.
Менің өмірлік қағидам «Қоршаған адамдарға көмек беріп олардың да, өзімнің де, жақсы жаққа өзгеруіне жол ашу. Өйткені өзің өзгермесең басқаны да, өзгерте алмайсың. Адам құйып қойған қалып емес, ол уақыт өткен сайын, өзгеріп кемелденіп тұруы керек».
Өмірлік бағдарым «Әр кезде алдыма мақсат қойып, сол мақсатқа жету өйткені, мақсатсыз адам табысқа жете алмайды. ».
Менің идеалым «Әр кезде жүрегінде мейірімділік нұры шашылып және сол нұрымен адамдардың жанын жадырататын АДАМ