Меню
Разработки
Разработки  /  Начальные классы  /  Уроки  /  3 класс  /  Менің мерейлі отбасым

Менің мерейлі отбасым

Менің мерейлі отбасым әр оқушы өзінің отбасы туралы айтады.

31.01.2018

Содержимое разработки

Қысқа мерзімді жоспар

Пән: дүниетану


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

3-бөлім «Уақыт»

Мектеп: Ш.Уәлиханов атындағы №10 орта мектеп-гимназия


Мерзімі: 2-тоқсан

Мұғалімнің аты-жөні: Нурмолданова А.Е.

Сынып:

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:


Сабақ тақырыбы

Менің мерейлі отбасым

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.1.1.1 Отбасы мүшелерінің арасындағы туыстық қатынастарды түсіндіру.

3.1.1.2 Әулет шежіресін құру.

Сабақ мақсаттары

Туыстық атауларды білу және туыстық қатынасты анықтау.

Бағалау критерийлері

Туыстық атауларды біледі және туыстық қатынасты анықтайды.

Тілдік мақсаттар

Оқушылардың сөздік қоры туыстық атауларды үш тілде атап үйренумен толығады.

Мектеп миссиясы мен мектеп пайымдауы және жаһандық азаматтықтың іске асуы

Отбасының құндылықтарды сақтаудың маңыздылығын біледі.

Құндылықтарды дарыту

Отбасының шежіресін құру арқылы үлкенге құрмет, кішіге ізет білдіруге үйренеді.

Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі және әдебиеті, математика пәндерімен байланысады.

АКТ

Әулет шежіресіне таныстырылым жасайды.

Алдыңғы меңгерілген білім

Оқушыларда климаттық белдеулер туралы білім қалыптасты.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

ОМ таныстыру

  • отбасындағы туыстық қатынастарды түсінесің;

  • әулет шежіресін жасауды үйренесің.

(Ж) Адамдардың өмір салты

Суреттерге қара.

Бұрынғы және қазіргі адамдардың өмір салты туралы айтып бер.

Бұрын қазақ отбасылары қандай болған?.


Бұрынғы кездегі тұрғын үй. Бқрынғы кездегі көлік.


Қазіргі кездегі тұрғын үй. Қазіргі кездегі көлік.

(Ұ) Оқушылар уақыттың ерекшелігі туралы талдайды.

Ойын «Уақыт кестесі»

Адамдардың өмір салты. Суретке қарап қазіргі адамдар мен қазіргі адамдардың өмір салты туралы айту.

Уақыт ерекшеліктері:

Тез өтеді, қайтып келмейді және орны толмайды, уақытты дұрыс пайдалану, уақытты жүйелеу.






Сабақ ортасы

30 минут
























Мәтінді оқу

Ертеректе қазақ отбасы үлкен болған. Бір шаңырақ астында бірнеше адам: атасы мен әжесі, әкесі мен шешесі, балалары, немерелері бірге тұрған. Қазіргі заманда жастар отбасын құрғаннан кейін ата-анасынан бөлек тұра береді. Отбасындағы барлық тәлім-тәрбиені бала жастайынан өз бойына сіңіріп өседі. Ал өзі есейіп отбасын құрған кезде сол алған тәрбиені балаларына береді. Сондықтан отбасында бала тәрбиесіне үлкен мән беріледі.

Шежіре жеті ата ұғымымен таныстыру

(Ұ) «Өрмек» ойыны. Оқушылар шеңберге тұрып бір-біріне иірілген жіпті береді де туыстық терминдерін айтады. Оқушылардан не көріп тұрғанын сұрау. Олар өрмек шықты деп айтуы мүмкін. Туыстық байланыстар осы жіп сияқты нәзік, сондықтан туыстық қатынасты бағалау керекпіз деген қорытындыға келеді.


Әр адам өзінің шыққан тегін білуі керек. Ата-баба туралы деректерді «шежіре» немесе «жеті ата» деп атайды. Шежіреде рудағы немесе әулеттегі барлық ата- бабалар мен ол ардың ұрпақтарының есімдері жазылады. Қазақ ха лқы «әр адам жеті атасын білуі тиіс» деп есептейді.

(Қ) Орындап көр. Оқушыларға келесі тапсырма ұсыну:

әртүрлі әдіспен уақыт пен отбасын байланысын көрсету.

Оқушылар «уақыт сызығына» отбасы мүшелерінің туған күндеріне, туған айларына, жасына қарай орналастыра алады.

(Ж) «Уақыт қадамына» орналастыру. Таңертең кім барлығынан ерте тұрады? Жұмыстан ең кеш келетін кім?

Бұл тапсырманы орындау арқылы оқушылар адамның өмірі уақытқа тәуелді деген қорытындыға келеді.



(Ө,Қ) Оқушылар шежіре ағашына өз отбасының мүшелерін жазады. Таныстырылым жасайды.

Отбасы құндылықтары туралы айтады.








Уақыт терминдері, жыл мезгілдері, туыстық терминдері жазылған карточкалар, «уақыт сызығы» немесе «уақыт қадамы», иірілген жіп.

Флипчарт қағаздары, фломастерлер, қарындаштар.

















Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия

-Уақытты неге бағалау керекпіз?

-Сендерге уақыт жеткілікті ме?

Оқушылар отбасы мүшелерінің санына орай сапқа тұрып, шеңбер құрады.

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Оқушылар тақырып бойынша айтқан әңгімелері мен топтық жұмысқа қосқан үлестері үшін мадақталады.


Қабілеті жоғары оқушылар топты сырттай бақылап, көп үлес қосып отырған оқушыларды анықтауға көмектеседі.

Оқушылар «уақыт сызығына» отбасы мүшелерінің туған күндеріне, туған айларына, жасына қарай орналастыра алуы бағаланады.


Сабақ оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып жоспарланды. АКТ-да таныстырылым 2 минутқа жоспарланды.



























-80%
Курсы повышения квалификации

Профилактика нарушения зрения у детей и подростков

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Менің мерейлі отбасым (6.03 MB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт