Меню
Разработки
Разработки  /  Внеурочка  /  Презентации  /  11 класс  /  Мен және менің мамандығым.

Мен және менің мамандығым.

«Армансыз адам – қанатсыз құспен тең» - деп дана халқымыз бекер айтпаса керек. Балалақ шағыма көз жүгіртер болсам, алдымда арман атты биік шың тұрғанын көрер едім.

Иә, менің арманым алға жетелеп, алып ұшқан сезіммен мектеп қабырғасынан да түлеп ұштық. Әр түлектің бойында болатын сезімді мен де өз бойымнан өткіздім. Мен үшін арман болған Алматы қаласына да жол тарттым.

06.02.2018

Содержимое разработки

Алматы облысы Панфилов ауданы «Ә.Қастеев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Мектеп психологы. Мұқашева Анар Сатқынбайқызы

Эссе

Мен және менің мамандығым.

«Армансыз адам – қанатсыз құспен тең» - деп дана халқымыз бекер айтпаса керек. Балалақ шағыма көз жүгіртер болсам, алдымда арман атты биік шың тұрғанын көрер едім.

Иә, менің арманым алға жетелеп, алып ұшқан сезіммен мектеп қабырғасынан да түлеп ұштық. Әр түлектің бойында болатын сезімді мен де өз бойымнан өткіздім. Мен үшін арман болған Алматы қаласына да жол тарттым.

Әрбір адамға жақсы маман болып қалыптасуы үшін білім, тынымсыз еңбек, өзіне деген сенімділік, мақсатына жетуге деген ерік- жігер, тиянақтылық сияқты қасиеттер қажет. Бала деген өсіп келе жатқан жас шыбық емес пе! Әр оқушының бойына өзіне деген сенімділік пен өмірге деген көзқарасы мен құлшынысын дамыту кез келген психологтың қолынана келе беретін іс емес.Қиыны мен қызығы көп кездесетін психолог мамандығын таңдадым. Қазіргі таңда жаһандану дәуірінде ғылым мен техниканың даму кезеңі. Білім ордаларына қойылатын талап та өзгеше: бәсекеге қабілетті , өзіне сенімді,шығармашыл, дарынды, көп тілід меңгерген , білімді тұлға қалыптастыру.Оқушыетіп, қайғысына ортақтасып, оқушыларымыздың барлығы да бос уақыттарында дерлік ғаламтор желісінде отырып,ойындар ойнап, одан қалса көгілдір экран алдында шетелдік ән тыңдап, фильмдерді көріп отыратындығы бәрімізге аян. Осындай себептердің нәтижесінде оқушыларымыздың мінез – құлқында, тәлім – тәрбиесінде өмірге деген көзқарастарында көптеген қиыншылықтар туындауында.Бұл жерде мектеп психологына да артылар жүк ауыр.

Психолог әрбір оқушының жан дүниесін түсіне отырып, көмекке зәру жанға дер кезінде қолдау көрсетіп, қуанышына қуанып, қателігі болса түзеп, жақсылығы болса, мадақтап отыруға жұмыс жасайды.

Мен өз мамандығымды шексіз сүйетін маман ретінде жұмыс жасай жүріп, халқымыздың адам жаны туралы көне ғасырдан бері айтылып келе жатқан ойларымен таныспын. Қазақтың ғұлама ғалымдары Әл Фараби мен Абай, Шәкәрім Құдайбердіұлы жан мен тән туралы ойларын қандай даналықпен айтып кеткен десеңізші. Жан мен тән үндестігіне бұрыннан көңіл бөле білген дана халық екендігіне көз жеткізуге болады. Мектеп психологы ретінде мен өз оқушыларыма осы ғұлама ғалымдарымыздың еңбектерін алға қойған мақсат, міндеттерін айтып, әр адам өз алдына жеке тұлға болып қалыптасуы керек деген шешімге келулеріне көмектесіп келемінн . Мен өз еңбегімнің жемісі ретінде шәкірттерімнің жанын түсініп, өмірге деген қызығушылықтарын аша білсем,еңбегім еш кетпегендігі деп білемін. Елбасымыз биылғы «Рухан жаңғыру – болашаққа бағдар» атты халыққа жолдауында «Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет» - деп бекер айтпаса керек. Мен өз шәкірттерімнің дәл осы елбасымыз айтқандай білімді, көкірек көздеріне сәулесі бар ұрпақ болатынына сенемін. 



-75%
Курсы повышения квалификации

Профессиональная компетентность педагогов в условиях внедрения ФГОС

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Мен және менің мамандығым. (15.92 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт