Меню
Разработки
Разработки  /  Психологу  /  Уроки  /  9 класс  /  "Мен және мамандықтар әлемі"

"Мен және мамандықтар әлемі"

"Мен ж?не маманды?тар ?лемі" та?ырыбында 9-сынып о?ушыларына арнал?ан тренинг. Тренинг ма?саты: о?ушыларды? маманды? та?дауда ма?сат ?ою алу, жоспарлау, маманды?ты д?рыс та?дай білуге ке?ес беру

11.05.2017

Содержимое разработки

«Бекітемін» _________________________________

Тақырыбы: «Мен және мамандықтар әлемі»

Мақсаты: болашақ мамандық таңдаудағы мақсат қоя алу және жопарлау дағдысын қалыптастыру

Міндеттері: болашақ мамандық таңдау мақсатын түсіну

бірлесе әркет етуді түсіну, бейімделу

конструктивті бірлесен әрекет ету дағдысын дамыу

топта жұмыс істей алу үшін қолайлы жағдай туғызу

рефлексияны дамыту

өзін-өзі тану, тұлғалық ерекшеліктерін дамыту, өзін-өзі көрсету,өзіне сенімділікті ұялату

Күтілетін нәтиже: сын тұрғысынан ойлай алуды дамыту, өз іс-

әрекетімен өзгенің іс –әркетін үйлестіре алу

болашақ маандық таңдау маңыздылығын түсіну



Түрі: тренинг

Аудитория: 9-сыныптар, 15 оқушы

Қолданылатын материалдар: бояулар, қарындаштар,ватман,А4

форматты қағаздар

Барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі. Кіріспе сөз. (10 минут)

1.Сәлемдесу: «Сәлем, сен болашақта...».

Әр қатысушы шеңберге тұрып, көршісімен сәлемдесіп,

«Сәлем, менің атым,...., Сені көргеніме қуаныштымын!Сен менің ойымша

болашақта, 5 жылдан кейін сен...» деп өз ойын айтады.

2. Топ ережесін құру.

ІІ.Негізгі бөлім.

  1. Жетекші ой...

Қазір сіздер өз болашақтарыңыз туралыойлайтын жасқа келдіңіздер.

Солай ғой? Яғни, мамандық таңдау, жопарлау т.б..Айтыңыздаршы, сіздер

болашақта қандай маман иесі болатындықтарыңызды шештіңіздер ме?

Қиыны да сол, тұлғалық ерекшеліктеріңізге, қабілет пен мүмкіндіктеріңізге

сәйкес келетін мамандық таңдау, солай ма? Олай болса, бүгін біз «Мен және

мамандықтар әлемі» атты сабағымызда мамандық таңдауға қадам жасап

көрелік. Дайынбыз ба?

  1. Сергіту сәті. Жаттығу: «Ең. Ең...» (5 минут)

Біз бүгінгі сабағымызда түрлі сынақтардан өтеміз.Ол үшін бізге өзара

түсіністік, қолдау, зейін мен тапқырлық керек. Ал енді мына жаттығу бізді

сергітіп, негізгі жұмысқа жетелейді деп ойлаймын. Қазір сіздерге тілікшелер

беріледі, онда жазылған сөзді ары қарай тапқырлықпен жалғастыру керек.

1.Ең жасыл мамандық

2. Ең күлкілі мамандық

3. Ең қауіпті...

4. Ең ақшалы...

5. Ең ақылды

6. Ең әдемі...

7. Ең ыстық...

8. Ең тыныш...

9. Ең жылдам...

10. Ең ұзын...

11. Ең Ең қиын...

12. Ең салмақты...

13. Ең тәтті...

14. Ең дөңгелек...

15. Ең дауысты...



  1. Жаттығу: «Аралға саяхат...». 10 минут .

Ал енді, көзалдарыңызға елестетіңіздер, сіздер үлкен, әдемі кемемен

демалысқа саяхатқа шықтыңыздар. Жағалаудан алысқа кеткен кезде, кеме апатқа ұшырап, сіздер ғажайып көмегімен тірі қалдыңыздар. Және елсіз аралға тап болдыңыздар.

Міне, сіздер, елсіз аралдасыздар, сіздерді таппауы да мүмкін, ол белгісіз. Ал сіздердің міндеттеріңіз – тірі қалу, өмір сүру. Болған оқиғаның қауіптілігін және қиындығын түсініңіздер. Жақын бірнеше жыл бойы сіздер осы аралда қаласыздар.Түған елге оралудың еш мүмкіндігі жоқ. Адамдар кейде мұндай жағдайда өз сабырлықтарын жоғалтып, ұрысып, төбелесіп жатады. Ал, мен сіздерді сабырлыққа шақыра отырып, бір-бірлеріңізге қолдау жасау керектігі арқылы ары қарай жылжи алатындықтарыңызды айтқым келеді.Сіздерге аралды аралап, оны танып білу керек. Ондағы өмірлеріңізді қалыптастыру керек.

Олай болса сіздерге бірінші тапсырма, мына ватманға сол аралдың картасын салыңыздар.Оған ат ойлап табыңыздар. Яғни сол аралды өздеріңіз ойлап табуларыңыз керек. (Оқушылар ватманға бояу, қалам көмегімен арал картасын салады.)



  1. Жаттығу: «Елсіз аралдағы мамандық...» 5 минут.

Ал енді осы аралда ары қарай өмір сүру үшін әркім өзіне белгілі бір міндет жүктеп алу керек және елсіз аралда өзіне бір мамандықты таңдау қажет. Ол мамандық атқаратын міндетімен сәйкес келу керек.

(Оқушылар тілекшеге өз мамандықтарын жазады)

Талдау:

*Экстремальды жағдайда мамандық таңдау оңай болды ма?

*Таңдаған мамандықтарыңыз сіздің қабілетіңізбен мүмкіндігіңізге сай келді ме?

*Топта қандай адагершілікті қасиеттер байқалды?



  1. Релаксация. «Құтқарушы самолет».

Ал енді, орындыққа жайғасып отырыңыздар. Қолдарыңызды тізеге қойып. Арқаларыңызды орындыққа сүйеп, еркін отырыңыздар. Қөзімізді жұмамыз.Елсіз аралдан біз енді өзіміз туған елге оралатын кез келді. Сіздерді үстеріңізден ұшып бара жатқан самолет байқап қалып, құтақып қалды.

Міне, арада 10 жыл өтті. Сіздер ересек адам болдыңыздар. Жас мамансыздар. Ал енді ойланыңыз , енді сіз қандай маман иесісіз? Немен айналысып жүрсіз? Қайда жұмыс істейсіз? Неге қол жеткіздіңіз? Осыны көз алдыңа елестетіңіз!

Ал енді, ол жерден кері қайтіп, сыныпқа ораламыз. Көзімізді ашып, бір-бірімізге қараймыз!

  1. Жаттығу: «Болашақтағы таңдау...»

  • Өзімізді қалай сезіндік?

  • Қандай мамандықты таңдадық?

  • Ол мамандық сізге ұнай ма?

Қолдарыңа қалам алып, соңғы таңдаған мамандықтарыңызды жазыңыздар.

Ал, енді экстремальды жағдайдағы таңдаған мамандық пен бейбіт кезде таңдаған мамандығыңзды салыстырыңыз.

  • Бір-біріне сәйкес келе ме?

  • Елсіз аралдағы мамандықты қандай мақсатта таңдап едіңіздер?

  • Ал, болашақтағы мамандықты таңдаудағы себеп не болды?



  1. Рефлексия.

  • Айтыңыздаршы, сіздер үшін не қызық болды?

  • Нені үрендіңіздер?

  • Мамандық таңдаудаға шешуші не нәрсе юолды?

  • Сынақтан өтуге не көмектесті?

  1. Қортынды. «Өрмекші торы».

Жіптің көмегімен әр қатысушы бір-біріне бере отырып, болашаққа

тілек айтады.















-75%
Курсы повышения квалификации

Система работы с высокомотивированными и одаренными учащимися по учебному предмету

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
"Мен және мамандықтар әлемі" (43.5 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт