Меню
Разработки
Разработки  /  Всем учителям  /  Разное  /  Прочее  /  "Мен – қазіргі заман педагогімін"

"Мен – қазіргі заман педагогімін"

Ұстаз болу – жүректің батырлығы, Ұстаз болу – сезімнің ақылдығы. Ұстаз болу – мінездің күн шуағы, Ұстаз болу – адамның асылдығы.

11.01.2018

Содержимое разработки

Аблахатова А.А.

ШҚО Білім басқармасы «Бизнес және сервис колледжі» КМҚК


Мен – қазіргі заман педагогімін


Ұстаз болу – жүректің батырлығы,

Ұстаз болу – сезімнің ақылдығы.

Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,

Ұстаз болу – адамның асылдығы,-

деген Ғафу Кайырбековтің өлең жолдарын оқығанда, мен өзімді бақытты сезінемін. Ұстаз болғаныма мақтанамын. Өйткені ұстаз – мақтан тұтар мамандық. Адам Ата, Хауа Анадан бері жұмыр басты пендені ойландырып, толғандырып келе жатқан, қоғам өзгерсе де, қажеттігін жоймайтын үлкен мәселе – шыр етіп дүниеге келген нәрестені өмір сүруге дайындау. Баланың жан дүниесі - өзінше бір әлем. Ал ұстаз - сол әлемді шартарапқа жетелеуші. Ұстаз - бала болмысына өзгеріс енгізуші, бағыт-бағдар беруші, ата-ананың сенімді көмекшісі.

Осындай қызығы мен қиындығы қатар жүретін мамандыққа келуім кездейсоқ емес. Бұл – маған тегімнен дарыған тектілік қасиет болса керек. Өз туған жерінде ең алғаш мектеп ашып, бала оқытқан нағашы атам Ғайрылбәдет - әулетіміздегі ұстаздар династиясының алтын қазығы. Осы сара жолды жалғастырған анам мен апайым да ұлағатты ұстаздар. Сондықтан ұстаз болу менің де бала кезімнен бергі арманым еді.

Ұстаздық жолымның бастау алғанына сегіз жылдай уақыт болса да, әр сабағымда алғаш өткізіп тұрғандай жауапкершілікті сезінемін. Бойымдағы бар білімді, асыл қасиеттерімді шәкірттеріме арнай білсем, олардың жүрегіне жол тауып, халқымыздың әдет-ғұрпын, тарихын танып білуге талпындырсам, таңдап алған мамандығын құрметтеуге әрі Отанды, адамзатты сүюге тәрбиелесем, менің мақсатымның орындалғаны деп білемін. Осы сегіз жылдың ішінде әр түрлі жағдайлардың болатындығына, оған барлық уақытта дайын болу керектігіне көзім жетті. Баламен жұмыс мұғалімнің өзін де ұстамдылыққа, ойланып сөйлеуге, ұстаздың ұлылығын көрсетуге бағыттайды екен.

Бала жүрегі - кішкентай күйсандық. Ол сандық кілтін тапсаң ғана ашылады. Мұғалімнің қолында әр кезде сол кілт жүруі керек деп ойлаймын.

Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші адам – Мұғалім деп білемін. Сондықтан өз жұмысымды ата-аналармен тығыз байланыста жүргізуді бірінші кезекке қоямын.

Біздер, қазіргі заман педагогтары, күнделікті өмірдің жай ғана адамы емес, болашақты құрушыларды, адамзаттың сәулетті болашағын жасаушыларды тәрбиелеп отырғанымызды ойласақ, мұғалім мұратының қандай болатыны өзінен-өзі айқын. Ендеше, өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздардың жөні де,  жолы да бөлек.

Тәуелсіз еліміздің берік тірегі – білімді ұрпақ. Ендеше жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған келелі мәселе – оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып, саналы, рухани бай, салауатты, жан-жақты дамыған жеке тұлға даярлау – бүгінгі ұстаздар қауымының басты парызы екені баршаға аян. Мен әр сабағымда білім берудің қазіргі заманғы озық технологияларын, әсіресе, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді пайдалануға тырысамын. Өйткені, ақпараттар ағыны ағылған, түрлі хабарлар тасқыны тасыған жаңа ғасырда мұғалім, озық техникалық, электрондық құралдарды, компьютерді жетік меңгерген, өз пәнін өмірмен байланыстыра алатын, ақпаратшыл және ұлтының кемеліне келіп толысуына, рухани өсуіне, әдеби-мәдени дамуына басты ықпал жасаушы, ұлтжанды патриот болу керек деп есептеймін.

Ертеңгі болашағымыздың сапалы білім, саналы тәрбие алуы – қазіргі қоғамдағы ұстаздарға байланысты. Оның ішінде маған да байланысты.

Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд: «Жай мұғалім хабарлайды, Жақсы мұғалім түсіндіреді, Керемет мұғалім көрсетеді, Ұлы мұғалім шабыттандырады», - дейді. Білім беру жүйесі мамандардан кәсіби икемділік пен ұтқырлықты, сан қырлы шығармашылық қызмет пен өзін - өзі басқару, өзін - өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті қажет етеді. Қазіргі жас буын - еліміздің келер күнгі келбеті.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев қазіргі мұғалімнің қоғамдағы орнын бағалай отырып: «Сіздер мен біздер тек болашақ буынды ғана емес, жалпы азаматтық қадір-қасиеттердің мән-маңызын түсінетін, жаны да, тәні де таза, білімді патриот азаматтар буынын тәрбиелеуге міндеттіміз»,- деген еді.

Ұстаздық қызметті ерекше ұлықтаған халқымыз өзінің ең қымбаттысын – балаларын оқытып, тәрбиелеуді бізге, мұғалімдерге, тапсырған. Сондықтан кездесетін қиындықтарға қарамастан, білім сапасын арттыру, баланы тәрбиелеу – мұғалімдер қауымының міндеті.

"Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға”, «Адамның адамшылығы ... жақсы ұстаздан» деп ұлы Абай айтқандай, мен қандай болсам, алдымдағы шәкірттерім де сондай боп шығарын түсінемін.

Шынында да, алдымдағы әр баланың болашағы – менің қолымда. Оқушыларымның қоғамның белді азаматы болып қалыптасып кетуіне  Қазақстан Республикасының ұрпақ тағдырын сеніп тапсырған азаматы ретінде үлес қосамын. «Қалдырған ізім шәкірт жадында мәңгілік жаңғырып тұрар» ҰСТАЗ деген атқа лайық болсам, менің де арман биігінің шыңына шыға алғаным деп ойлаймын.    

Тегі,  мен – бақытты  жанмын. Олай  дейтінім,  менің  өмір жолымда  әрқашан  дана  адамдар  қасымнан  табылды.  Олар  менің  ұстаз  боп  қалыптасуыма  өздерінің  өнеге-үлгісімен,  ақыл-кеңесімен,  әсіресе,  маған  артқан сенімімен  үлкен  әсер  етіп,  жөн  сілтеді.  Бірінші - анам,  өмірдің  даналығын  бойына  жинаған асыл анам арқылы  ұлылық  пен кішілікті  түсініп, өсіп келемін деп ойлаймын.  Екінші – орта  және  жоғарғы  буында  жетелеп келген, келе жатқан асқан ұлағат иесі, ұстаздардың ұстазы Жұмабекова Шолпан Жұмағалиевна, Кельдыбаева Қапия Теміржановна, әдістемелік көмегін аямай, ұстаздықтың қыр-сырын меңгерткен Оразаева Бақтыбала Фазыловна және ақыл-кеңесін беріп, үйретуден жалықпаған, екінші анам болған Жоламанова Нағима Ахметқызы тәрізді  мұғалімдер.  Олар  әрқашанда қасымнан  табылып,  бүгінгі  күнге  жөн  сілтеп,  менің таңдауымның  дұрыс  екеніне  сенімімді  бекітіп  берді.  Мен  бүгінде  басымды иіп, ҰСТАЗДАРЫМА алғысымды айтамын. Олардан  алған  өнеге,  олардың биік тұлғасы әрдайым жадымда болады.

Ұлы Абайдың: «Ақырын жүріп анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға»,- деген қасиетті қағидасы - менің әрдайым жүрегімнің түкпіріндегі ұстанымым.

Мен – қазіргі заманның педагогімін, ол деген - өзгені тәрбиелей жүріп өзіңді тәрбиелеу, үйрете жүріп үйрену, өзгенің бақыты үшін аянбай тер төгу, өмір бойы іздену, оқу деп түсінемін. Ұстаз болу – жүрек жылылығын, мейірім шуағын, адамгершілік ұлылығын баланың бойына дарыту. Ұстаз білімді, еңбекқор, бала жанын түсіне алатын болса ғана ұстаздық кәсіптің шыңына жете алады деп ойлаймын. Олай болса, ең алдымен өзімді өзім танып, үздіксіз ізденіп, аяусыз еңбектенуім керек.

Эссемді мына бір тамаша өлең шумақтарымен аяқтағым келеді:

«Мұғалім мен ұстазда бар айырма,
Ұстаз деген - жақсы әндегі қайырма.
Мұғалім, ол - бар болғаны мамандық,
Жеткенінше жеті өнерлі шайырға.
Ұстаз деген - ұлағаттың шайыры,
Қадірінің тиетұғын қайыры.
Ұстаз деген - шуағы мол шапағат,
Шаршамайтын, шалдықпайтын, тәйірі.
Ұстаз деген - ұстаз болып туғандар,
Ұлылықты ұлықтаған имандар.
Ұрпағының ертеңіне жол ашып,
Өмірінің әр шақтарын қиғандар.
Қимағандар — ұстаз емес, мұғалім,
Мұғалім боп, ұстаз болмау - күнә мың.
Қара тақта, ақ бор ғана қолданып,
Ұстатты ұстаз дүниенің құлағын...»
Жақсы ұстаздың шын мәңгілік пайдасы,
Өзіне обал арзан дәріс, айласы.
Ұстаз болу - бақыт, әрі абырой,
Ұстаз деген – шәкірттердің айнасы.


-80%
Курсы повышения квалификации

Развитие человека от рождения до смерти: психология развития и возрастная психология

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
"Мен – қазіргі заман педагогімін" (50.5 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт