Меню
Разработки
Разработки  /  Начальные классы  /  Планирование  /  4 класс  /  Мен Қазақстан азаматымын

Мен Қазақстан азаматымын

• Оқушылар тақырыпқа сәйкес шығарма түрлерімен танысады. Шығарма мазмұнына сәйкес түрлі дереккөздерден: иллюстрация, әдеби кітаптар, мультфильмнен нақты ақпаратты табу мүмкіндігін қарастырады. Оқу мақсатына сәйкес дауыстап, түсініп, іштей, мәнерлеп, сын тұрғысынан бағалап, көз жүгіртіп оқу дағдылары жетілдіріледі.
09.09.2020

Содержимое разработки



Пән: Әдебиеттік оқу

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 4-сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Мен Қазақстан азаматымын

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.2.1.1 Шығарманы дауыстап түсініп, рөлге бөліп, мәнерлеп оқу, теріп оқу, шапшаң оқу

4.3.2.1 Таныс мәтінге жаңа кейіпкерлер қосу, жаңа сюжеттер енгізу,

өлең (төрт жолды) жазу

4.1.3.1 шығарманың тақырыбы және қорытынды бөлімі негізінде сюжеттің дамуын болжау, оның себебін түсіндіру

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар жасай алады:

• Оқушылар тақырыпқа сәйкес шығарма түрлерімен танысады. Шығарма мазмұнына сәйкес түрлі дереккөздерден: иллюстрация, әдеби кітаптар, мультфильмнен нақты ақпаратты табу мүмкіндігін қарастырады. Оқу мақсатына сәйкес дауыстап, түсініп, іштей, мәнерлеп, сын тұрғысынан бағалап, көз жүгіртіп оқу дағдылары жетілдіріледі.

Оқушылардың көбі жасай алады:

• Әдеби көркемдегіш құралдарды (теңеу, эпитет) анықтауды жалғастырады Материалды өңдеу және тұжырым жасау мен себеп-салдарлық байланысын сызба түрінде көрсете алу әрекеттері жүйеленеді.Шығарманың құрылымын, әр түрлі стильде жазылғанжұмыстарды жетілдіреді, өз бетінше орфографиялық, пунктуациялық қатені табу және түзетудің жолдары қарастырылады.

Оқушылардың кейбірі жасай алады:

• Оқушыларды түрлі жанрдағы . шығармалармен таныстыру арқылы Ұлы дала тарихы, Отаны туралы шежіре сырлары, Туған жердің табиғаты туралы ойларын ортаға салады. Бөлімде Отанға деген құрмет, сүйіспеншілік, қазақстандық патриотизм құндылықтарын қалыптастыру мақсаты қарастырылады.

Жетістік критерийлері

  • Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен мəтіндегі негізгі ойды анықтай алады.

  • Берілген тақырып бойынша өз көзқарасын білдіріп, ой қорыту жасай

  • алады.

  • Оқу мақсатына сәйкес дауыстап, түсініп, іштей, мәнерлеп, сын тұрғысынан бағалап, көз жүгіртіп оқу дағдылары жетілдіріледі.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Сабақ барысында жаттығуларды орындау, сын есімді анықтауға арналған әдебиеттік оқу пәннен алған білімдерін пайдаланады.

АКТ қолдану дағдылары

БАҚ және мультимедиялық құралдарды пайдалану;

Дерекқордан және интернеттен ақпаратты іздеу;

Бастапқы білім

Мәтіннің түйінді ойын өмірмен байланыстыра алады. Отан,Қазақстан, азамат, туған жерсөздерінің мағынасын ұғады.

Сабақтың барысы

Сабақтың

жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

(Ұ) «Сиқырлы қапшық»

Қапшыққа салынған саны бірдей қызыл,сары,жасыл шариктер таңдап алуды ұсынамын. Осы түстер бойынша оқушыларды 3 топқа бөлемін:

1-топ: «Мергендер» (қызыл түсті)

2-топ: « Ептілер » (сары түсті)

3-топ: « Жүйріктер» (жасыл түсті)

Шаттық шеңбері

Дене мүшелерімен амандасу (көзбен, қол алысып, құлақпен, аяқпен амандасу)

Мұғалім: — Екі көз не үшін керек?

Оқушы: — Жақсыларды көру үшін.

Мұғалім: — Екі құлақ не үшін керек?

Оқушы: — Ақыл – кеңес тыңдау үшін.

Мұғалім: — Екі қол не үшін керек?

Оқушы: — Елге көмек беру үшін.

Мұғалім: — Екі аяқ не үшін қажет?

Оқушы: — Шетте жүрсең,

Туған жерге жету үшін

Мүғалім: — Ал басың не үшін керек?

Окушы: — Бәрін-бәрін ойлау үшін.

Дұрыс балалар, олай болса мен сендердің құлақтарың, көздерің, қолдарың мен аяқтарыңа саулық тілеймін.

Жұмыс ережесін келісу

Алдыңғы білімді еске түсіру (жеке,жұпта,топта, ұжымда)

(Ұ) «Допты қағып ал» тәсілі бойынша сыныпқа сұрақтар қоямын.

ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау.

Оқу мақсатын таныстыру

Күтілетін нәтижені анықтау






Оқушыларды топтарға бөлуге арналған суреттер.


Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.


Алдыңғы білімді еске түсіру тапсырмалары

Сабақтың ортасы

Ширату тапсырмасы.

(ЖЖ)«Қойын дәптер» әдісі арқылы жүргізіледі. Өтебай Қанахиннің өмірі мен шығармашылығы жайлы мағлұматтар

жинақтап, тірек сөздер арқылы мәліметтер қорын толықтырады.

Аты-жөні


Туған жылы


Шығармалары


Ақпарат


Жаңалық


(Т) «Түсініп оқы» айдары«Джигсо» әдісі бойынша жүзеге

асырылады. «Туған жер» мәтінін төрт бөлікке бөліп, топтағы

1-ден 4-ке дейін нөмірленген оқушылар өз нөміріне сәйкес

бөлікті оқиды. Басты мақсат – мәтінді оқу, ақпаратпен танысу.

Содан кейін топтар құрамы өзгертіліп, жаңа «сарапшылар» тобы

құрылады. Мақсаты – тақырып бөлігінің мазмұнын бірлесе игеру, қиын жерлерін талқылап, бір-біріне түсіндіру. Бастапқы топқа оралып, әр оқушы мәтіннің өз бөлігін

баяндайды:

- тірек сөздер кестесі;

- мәтін жоспарының сызбасы;

- кластерлер;

- мәтіннің мазмұны бойынша кестелер немесе диаграммалар

арқылы түсіндірулері мүмкін.

Дескрипторы:

1. 1. Мәтінді оқып, ақпаратпен танысады.

2. 2. Мәтін мазмұнын топта талқылайды.

3. 3. Тірек сөздер кестесі арқылы түсіндіреді.

ҚБ: Смайлдер арқылы топ ішінде бірін-бірі бағалауын ұйымдастыруға болады.

(Ұ) «Жаңа сөздер сандығы» айдары бойынша оқушылардың

мәтін бойынша түсінбеген сөздерінің мағынасын топ ішінде

талдап, түсініктеме жасауларына ықпал ету.

Құндақ, ризық, маңғаз, сайып келгенде сөзінің мағынасын ашу.

Құндақ – сәбиді жаялыққа сап, жұмсақтап ораған бөлеуі,

жөргек

Ризық – бұйырған нәсіп, ырыс

Сайып келгенде – қорыта айтқанда

«Дәлелде» айдары бойынша «Қосжазба күнделігі» әдісі арқылы мәтіннен берілген үзіндінің мағынасын ашады.

Мақсаты: Берілген үзіндіні өз сөзімен шығармашылық

тұрғысынан түрлендіріп жеткізуге мүмкіндік беру

Тиімділігі: Оқушылардың кез келген шығарманың үзіндісін өз сөздерімен түрлендіріп жеткізе алу дағдыларын арттырады.

«Туған жер» мәтінінен

үзінді

Автордың пікірін мысалдар

келтіріп дәлелдей аламын







Дескрипторы:

1. Мәтіндегі негізгі пікірді анықтайды.

2. 2. Автор пікірін мысал келтіру арқылы дәлелдейді.

ҚБ: «Оң көрші» әдісі арқылы әр топ көрші топтың жұмысын

дескрипторлар негізінде бағалайды.

(ЖЖ) «Өзгертіп оқы» айдары

Әр жұп оқулықтағы кестеге сәйкес мәтіннің екінші және соңғы

абзацын үлгідегідей өзгертіп оқиды.

(ЖЖ) «Түсіндір» айдары бойынша азаматтық парыз, міндет

туралы соңғы абзацты оқып, түсінгендерін әңгімелейді.

Дескрипторы:

1. Мәтіннің соңғы абзацын түсініп оқиды.

3. 2. Өз жұбына әңгімелейді.

ҚБ: «Смайлдер» әдісі

Дәптермен жұмыс.


Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.




Белсенді оқу тапсырмалары.




Оқулық

Жұмыс

дәптерлері,

Оқулық













Сабақтың соңы

Жаңа білім мен тәжірибені қолдану.

Ойтолғаныс кезеңі.

(Т) «Қорытындыла» айдары бойынша «Келіңдер, біздің қалаға!» тақырыбына жарнама-постер жасайды.








Дескрипторы:

Тақырыпқа сай жарнама құрастырады.

4. Жарнаманы дауыс ырғағын келтіріп оқиды.

«Галереяға саяхат» әдісі бойынша жұмыс нәтижелерін сыныпқа жариялайды.

ҚБ: «Менің бағам» әдісі бойынша басқа топтар өзі қойған бағаға сәйкес смайлды беріп кетеді.

Мақсаты:

Үй тапсырмасы: «Сен өз ауылыңды/қалаңды білесің бе?»

тақырыбында викториналық сұрақтар дайындап жазыңдар.

(ҚБ) “Екі жұлдыз, бір тілек” әдісі.

Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда)

«Білім сандығы» кері байланыс.


















Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,

толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.





Оқушылар сабақтан алған әсерлерін кері байланыс парағы тапсырмалары арқылы білдіре алады.

Қосымша ақпарат

Саралау. Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға

қандай міндет қоюды жоспарлайсыз?

Дереккөздер: Кейбір оқушылар басқа сыныптастарына қарағанда анағұрлым

күрделі дереккөздермен жұмыс істей

алады.

Бағалау. Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау парақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен сабақжоспарымды орындап үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?


Қорытынды бағалау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиындықтары туралы не

білдім? Менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектеседі, неге көңіл бөлу керек?

1.

2.







-80%
Курсы повышения квалификации

Система работы с высокомотивированными и одаренными учащимися по учебному предмету

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Мен Қазақстан азаматымын (126.5 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт