Тәрбие сағатының тақырыбы: Мен өз елімнің патриотымын
Мақсаты:
1. Оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елін, тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.
2. Оқушылардың таным белсенділіктерін, қызығушылықтарын, Отанға деген мақтаныш, патриоттық сезімін дамыту.
3. Оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой-пікірін білдіре алатын оқушыларды тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
Сұрақтарға жауап бере алады, постер жасап, талдай алады.
Тақырып бойынша білгендерін өз сөздерімен айта алады, өздігінен қорытынды шығара алады.
Керекті жабдықтар: Интерактивті тақта, түрлі - түсті маркер, флипчарт.
Көрнекіліктер:
Отанды сүю – отбасынан басталады.
Отансыз адам, Ормансыз бұлбұл.
Кісі елінде сұлтан болғанша, Өз еліңде ұлтан бол.
Тәрбие сағатының өту барысы:
Мұғалім әрекеті:
1. Ұйымдастыру.
Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы: Мен өз елімнің патриотымын. Отаным, елім – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз. Біз, Қазақстанның патриотымыз! Алдымен «патриот» деген кім, ол қандай адам деген сұраққа анықтама берейік.
- Балалар «патриот» деген сөзді қалай түсінесіңдер?
- «Патриот» қандай болу керек деп ойлайсыздар? Ол қандай қасиеттерге ие болады?
(Сұраққа жауапты постерге түсіру. Бөлінетін уақыт – 5 мин.)
Мұғалім сөзі: (Оқушылардың жауабын толықтырады)
Патриот – ұлтын сүйетін, өз тарихын, туған тілін құрметтейтін, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан салт – дәстүрін дәріптейтін, ұлттық қадір – қасиетімізді арттыруға үлес қосатын саналы тұлға. Туған елі үшін үнемі тер төге қызмет етіп, халқымыздың мол рухани құндылықтарын бағалай білетін асыл тұлға.
Патриотизм – қажет уақытта өзіне әрбір адамның «бұйрық» беріп, «сын сағатта істей алмаймын» дегенді жеңе білу.
Патриотизм - өз Отанына деген махаббат, адалдық.
Елбасы Қазақстан халқына жолдауында «Біздің балаларымыз бен немерелеріміз сырт елден гөрі Отанында өмір сүргенді артық көретіндей, өйткені өз жерінде өзін жақсы сезінетіндей болуға тиіс. Біздің еліміздің әрбір азаматы өзін өз жерінің қожасы ретінде сезінуге тиіс» – деп атап өткен болатын. Ел Президентінің бұл сөзі жастарға серпіліс беріп және оларға үлкен сенім артатынының дәлелі. Елім, жерім, тілім деген әрбір қазақты патриот дейміз.
Отан деген не?
(Балалардың пікірлері)
– Отан – бұл біз тұрып жатқан жер. Біздің туып, өскен ауыл. Отан- бұл біздің ата- әжеміз, әке-шешеміз, туыстарымыз.
– Дұрыс, Отанына деген сезім – әр азамат үшін ең маңызды сезім. Оны алуан шығармалар, өлеңдер, суреттер арқылы сезінуге болады. Дарынды ақындар, суретшілер, музыканттар өз туған жерінің ғажайып табиғатын, сұлулығын көптеген өлеңдер, суреттер, музыкалық шығармалар арқылы мақтан етіп жазған.
Мағынаны таңдау.
Үш топқа қағаз таратылады оқушылар берілген қағазға топ атына сай болу үшін қандай болу керектігін жазады, топтан бір оқушы шығып түсіндірп өтеді.
Мысалы: отаншыл болу үшін не істеу керек? оз отанын сүю т.б.
Постер қорғау «Патриот деген ол ….»
Әскери міндетке жауапкершілікпен қарау;
Туған жерге деген ыстық сезім;
Ата- баба өсиетіне адал болу;
Өз Отанын күшті, айбынды ету, гүлдендіруге ұмтылу;
Бойындағы күш- қуаты мен білімін Отан игілігі мен мүддесі үшін жұмсау;
Ана тіліне деген құрмет;
Өз халқының әдет- ғұрпын және салт- дәстүрін құрметтеу;
Елдің тарихын құрметтеу;
Қазақстанда мекен ететін халықтарға деген құрмет сезім;
Өз халқының әлеуметтік, мәдени жеңістері үшін мақтану;
Мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарау;
Заңға бағыну;
Үкіметті сыйлау;
Қандай да бір қастандық әрекеттерден Отанын қорғауға дайын болу;
Туған жерге, ата- бабасы жатқан жерге құштарлық;
Республиканың экономикалық, қорғаныстық әлеуетін тыңбай нығайту;
Басты байлығымыз – табиғат пен қоршаған ортаны гүлдендіру
Сұрақ-жауап ойыны.
Сұрақтары.
ҚР елтаңбасында не бейнеленген? – (тұлпар ,шаңырақ,жұлдызша.күн
Қазақстан өз тәуелсіздігін қай жылы алды? – (1991 жыл 16 желтоқсан)
«Отан қорғау» дегенді қалай түсінесің?
Қазақстан қандай мемлекеттермен шектесіп жатыр?. Қытай, Ресей, Қырғыз, Өзбек, Түрікменстан, Әзірбайжан республикаларымен
Әнұранның авторларын ата? – (Ш.Қалдаяқов,Ж.Нәжмединов,Н.Назарбаев.)
ҚР тұңғыш президенті кім? – (Н.Н.Әбішұлы)
ҚР неше облыс бар? – (14 облыс)
Қазақ хандығының құрылғанына неше жыл?
Тұңғыш қазақ ғарышкері кім? – (Тоқтар Әубәкіров)
Конституция күні? – (30 тамыз)
Облысымыздан шығатын газет? –
ҚР тәулсіздігін алғанына биыл неше жыл толады?
“ Туған жеріңе не бересің? ”ойыны
– Сендер тұрып жатқан жер, яғни Орда ауылы қандай ағашпен бай ? Қарағайдың қандай пайдасы бар? Оқушылардың жауабы
Ағаш – адамның күнкөрісіне қажет және рухани өмірде ерекше орын алатын табиғат нысаны. Тәуелсіз Қазақстанның болашағы сендерсіңдер! Еліміздің көркейуіне, гүлденуіне «Туған жеріңе не бересің? ”ойыны арқылы өз үлестеріңді қосыңдар.
– Міне, сендерге қарағай ағашын дайындадым.
– Ағашқа не жетіспейді? жапырақтары
– Сендердің парталарыңда жапырақтар жатыр. Дайын тұрған жапыраққа «Туған жеріңе не бересің?» сұрағының жауабын жазып, оқып, қарағай терегіне ілеміз. Мысалы: әдемі үй салу…).
( Жұмыс аяқталған соң, жапырақтарды жинап, ағашқа әр бала жапырағын іледі.)
Жақсылық –рефлексия
(Балаларды ортаға шақырып, шеңбер құрастыру)
– Менің қолымда ақ түсті бір шүйке жіп. Қазір мен оны шеңбер бойы жіберемін. Қолға түскен жіпті саусаққа орап, алысқа жетелейтін армандарыңды тілеңдер. (Жіп мұғалімге келеді.)
– Бізбен жіп не істеді?
– Қалай ойлайсыңдар, бұл жақсылықтың белгісі ме? (Балалардың пікірі)
– Дұрыс, жіп бізді біріктірді. Әрқашанда бірге болуымыз керек, бір-бірімізге көмектесуіміз керек. Бір шаңырақ астында тату өмір сүруіміз керек. Мектепте болып жатқан әр түрлі шаралардан қалыспауға, өзіміздің үлесімізді қосуға ұмтыламыз. Қазақ халқының дәстүрін, тілін құрметтеп, еліміздің өсіп-өркендеуі жолында тынбай еңбек еткенде ғана, еліміз де көркейіп, гүлденеді.
Тәрбие сағатын Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен аяқтағым келіп тұр: “ Өз Отанының патриоты болу – Қазақстанды өз жүрегінде ұялату ”.

Мен елімнің патриотымын (49.92 KB)

