Меню
Разработки
Разработки  /  Биология  /  Уроки  /  8 класс  /  Мидың құрылысы, бөлімдері, үлкен ми сыңарлары

Мидың құрылысы, бөлімдері, үлкен ми сыңарлары

Миды? ??рылысы туралы толы? ма?л?мат беру.Адам миыны? осы атал?ан б?лімдеріні? ??рылысында?ы арнайы ерекшеліктерді аны?тау, о?ушыларды? ойлау, ?орытынды жасау ?абілеттерін дамыту

25.01.2017

Содержимое разработки

278 орта мектеп









Мидың құрылысы, бөлімдері, үлкен ми сыңарлары








Биология пәні мұғалімі:Теңізбаева Гүлсезім








2016-2017оқу жылы.



8 сынып. Биология

Сабақ тақырыбы: Мидың құрылысы, бөлімдері, үлкен ми сыңарлары

Мақсаты:

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға мидың негізгі бөлімдерінің құрылысы мен атқаратын қызметтері туралы білім беру;

Дамытушылығы: Адам миының осы аталған бөлімдерінің құрылысындағы арнайы ерекшеліктерді анықтау, оқушылардың ойлау, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік міндеттері: Мидың бөлімдерін талдай отырып, өз беттерімен жұмыс істеуге дағдыландыра отырып, оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу.


Сабаққа көрнекіліктер: ми құрылысының суреттері, слайдтар, кесте, электрондық оқулықтан үзінді.

Сабақта қолданылатын әдіс – тәсілдер: топпен жұмыс.

Сабақ барысы: I Ұйымдастыру;

II Үй тапсырмасын сұрау.

Тест жұмысы.

1-нұсқа

1) Ішкі секретция бездерінен бөлінетін сұйықтық ....

а) фермент;

б) пигмент;

в) гармон;

г) лимфа.

2) Аралас бездерге жататындар ...

а) қалқанша без;

б) жыныс бездері;

в) гипофиз;

г) ұйқы безі.

3) Қалқанша безден бөлінетін гармон жетіспесе болатын аурулар

а) Базедов ауруы;

б) акромегалия;

в) микседема;

г) кретинизм

4) Адам ағзасында йод жетіспегенде болатын ауру...

а) Кретинизм;

б) миксидема;

в) алқым ісуі;

г) Базедов ауруы.

5) Қалқанша маңы бездерінен

бөлінетін гармон...

а) адреналин;

б) тироксин;

в) өсу гармоны;

г) паратгормон.

6) Жүйке жасушасы ....

а) гармон;

б) пигмент;

в) нефрон;

г) нейрон.

7) Қозуды шеткі мүшелерден орталық жүйке жүйесіне өткізетін нейрон....

а) байланыстырғыш;

б) сезгіш;

в) қозғағыш;

г) дендриттер.

8) Орталық жүйке жүйесіне жататындар...

а) жүйкелер;

б) ми;

в) нейрон;

г) жұлын.

9) Жүйке жүйесінің шеткі бөлімдеріне жататындар....

а) нейрондар;

б) аксон;

в) жұмыс жүйкелері;

г) жұлынның ақ заты.

10) Гипоталамус мидың қай бөлігінде орналасқан...

а) ортаңғы ми;

б) алдыңғы ми;

в) аралық ми;

г) мишық.




2-НҰСҚА

1) Ішкі секреция бездерінің қызметін реттейтін орталықтың орналасқан орны....

а) алдыңғы мида;

б) гипоталамуста;

в) аралық мида;

г) мишықта.

2) Мида орналасқан ішкі секреция безі...

а) гипофиз;

б) бүйрекүсті безі;

в) қалқанша безі;

г) ұйқы безі.

3) Қалқанша безден бөлінетін гармон...

а) Вазопрессин;

б) тироксин;

в) окситоцин;

г) меланин.

4) Бүйрекүсті бездерінің қыртыс қабатының жарақаттануынан болатын ауру-

а) Базедов ауруы;

б) Аддисон ауруы;

в) Кретинизм;

г) Миксидема.

5) Кейде «көңіл күй» гармоны деп аталатын гармон –

а) окситоцин;

б) тимозин;

в) адреналин;

г) тироксин.

6) Қозуды орталық жүйке жүйесінен мүшелерге жеткізетін нейрон-

а) сезгіш;

б) қозғалтқыш;

в) байланыстырғыш;




г) аксон.

7) Нейронның өсінділері-

а) дендриттер;

б) денесі;

в) аксон;

г) ядросы.

8) Жұлынның атқаратын қызметі-

а) тағамды сіңіру;

б) рефлекстік;

в) өткізгіштік;

г) зат алмасу.

9) Жұлынның және мидың қабықшалары-

а) тамырлы;

б) қатты;

в) кілегейлі;

г) жұмсақ.

10) Жұлынның жүйкелері –

а) сезгіш;

б) байланыстырғыш;

в) аралас;

г) аксон.

Тест сұрақтарының жауаптары интерактивті тақтада шығып тұрады . Оқушылар бір-бірінікін тексереді.

Бағалау:

А) 10,9 – «5»

Б) 8,7,6 – «4»

В) 5,4 – «3»

С) 2,1 – «2»

III Жаңа тақырып:

Жүйке жүйесі





ОЖЖ

Шеткі





Ми

Жұлын

Жүйкелер

Жүйке түйіндері





Талдау және рефлекторлық қызмет атқарады

Рефлекторлық өткізгіштік қызмет атқарады

Ортақ қабықтағы аксондардың ақ заты

Дене сұр заты және дендриттер





Топтарға бөлу.

I – топ «Ми»

II – топ «Сопақша ми»

III – топ «Артқы ми»

IV – топ «Ортаңғы аралық ми»

V – топ «Үлкен ми сыңарлары»

I – топ «Ми»

Ми бассүйектің ми сауытының ішінде жатады. Мидың орташа салмағы шамамен 1300-1400 г. Адамның дарындылығы мен ақылдылығы мидың салмағына байланысты емес. Ми 20 жасқа дейін дамиды. Мидың бөлімдеріне байланысты сұр заты тұтас немесе ақ заттарының әр жерінде топтанып жатады, оны «ядро» дейді. Мидың ақ затынан өткізгіш жолдар түзіліп, миды жұлынмен байланыстырады.

II – топ «Сопақша ми»

Сопақша ми – жұлынның жоғарғы шетінің жалғасы. Сопақша мидың төменгі шеті жіңішкелеу, жоғарғы шеті жуандау. Сопақша ми арқылы жүзеге асатын рефлекстер:

1) қорғану (жөтелу, құсу, түшкіру, жас бөлу, көзді жыпылықтату);

2) тамақ (ему, жұту, сөз бөлу, асқорту бездері);

3) жүрек, қантамырлар (жүрек пен қантамырлар жұмысын реттеу);

4) автоматты түрде жұмыс істейтін тынысалу орталығы өкпе жұмысын жақсартады;

5) есту ақпараттарын басқарады.

III – топ «Артқы ми»

Артқы миғамишық пен ми көпірі жатады. Ми көпірі ортаңғы ми мен сопақша мидың аралығына орналасқан. Сопақша ми мен ортаңғы миды байланыстырып тұратындықтан ми көпірі дейді. Ми көпір арқылы төменірек орналасқан бөлімдерден қозу келеді.

IV – топ «Ортаңғы аралық ми»

Ортаңғы ми - артқы ми мен аралық мидың арасында орналасқан. Ол алдыңғы ми мен артқы миды бір – бірімен жалғастырып тұрады. Мидың бір бөлімі арқылы жоғары және төмен қарай өткізгіш жүйке жолдары өтеді. Теріде пигменттің түзілуін реттейді.

Аралық ми – ортаңғы мидың алдыңғы жағында жатады. Көру төмпешіктері мен төмпешік асты аймақтан (гипоталамус) тұрады. Аралық ми зат алмасу, жүрек – қантамырлары жүйесі, ішкі секреция бездері, зәр шығару, ұйқы жұмысын реттейді.


V – топ «Үлкен ми сыңарлары»

Үлкен ми сыңарлары оң жақ және сол жақ сыңарлардан тұрады. Сыртындағы сұр заты ми қыртысын түзеді. Қыртыста 14 миллиардтан нейрондар болады. Қыртыс ми сыңарларының сыртын тұтас жауып тұрады. Ми қыртысы орталық жүйке жүйесінің ең жоғарғы бөлімі. Әрбір ми сыңарында 4 бөлік бар: маңдай, төбе, самай, шүйде. Ми сыңарында іші ми сұйықтығына толы 2 қуыс болады. Ол сұйықтық ұсақ қантамырларымен қосылып, жүйке жүйесіндегі зат алмасуды қамтамасыз етеді, жүйке жасушаларын қорғайды.

































Мидың бөлімдерін атаңдар. Олардың қызметі қандай?

Қызметін оқушылар интерактивті тақтада өздері толтырады.

Ми

Қызметі

Ортаңғы ми

Сопақша ми

Артқы ми

Аралық ми

Алдыңғы ми

IY. Жаңа тақырыпты бекіту : . Сөзжұмбақ





Тігінен:

1. Қақпа бұлшықеттерінің үйлесімді жиырылуын реттейтін ми бөлігі....

Көлденеңінен:

1. Сопақша ми мен ортаңғы миды байланыстырып тұратын бөлім....

2. Пигменттің түзілуін реттейтін ми бөлігі...

3. Рефлекстік (түшкіру, көзді жыпылықтату, тыныс алу, асқорыту) бездерінің жұмысын реттейтін ми бөлігі...

4. Сезім мүшелерінің орталығын реттейтін ми бөлігі...

5. Ішкі секреция бездерінің жұмысын реттейтін ми бөлігі....


Үйге тапсырма: § 15. Мидың құрылысы, бөлімдері. Кесте толтыру .



-80%
Курсы повышения квалификации

Организация и сопровождение олимпиадной деятельности учащихся

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Мидың құрылысы, бөлімдері, үлкен ми сыңарлары (71.5 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт