| Күні: Сынып: 1 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||
| Сабақтың тақырыбы | Математика әлеміне саяхат | ||
| Сабақтың мақсаттары | Барлығы: Өткен тақырыптарды еске түсіреді. Көбі: Өткен тақырыпты қайталап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды. Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады. | ||
| Жетістік критерийлері | Өткен тақырыптарды көпшілігін дұрыс қайталай алады. | ||
| Құндылықтарды дарыту | Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. | ||
| Пәнаралық байланыс | Өнер, ана тілі сабағы | ||
| АКТ қолдану дағдылары | Аудиожазба , таныстырылым. | ||
| Тілдік құзыреттілік | Цифр, геометриялық фигуралар, сандарды салыстыру | ||
| Сабақ барысы | |||
| Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |
| Сабақтың басы Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру 5 минут | Бала, бала, балапан Қане, қайсы, алақан. Саусақтарың әйбат, Былай-былай ойнат. – Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш! |
Шаттық шебері
| |
| Сабақтың ортасы 8 минут
| Жұмбақ жасыру. Аяз қысып , өрнек сызып, Терезеңді торлайды. Кейде ұйытқып, кейде ұлып, Ұйытқып боран соғады Айтыңдаршы балалар бұл қай кезде болады?
3 – 2 = 1 + 0 = 7 – 5 = 6 – 3 = 3 + 1 = 5 – 3 = 2 + 2 = 2 + 1 = Балалармен сыныпты бір айналып шығу. - Мына кейіпкерлер қай мультфильмнің кейіпкерлері? - Осы кейіпкерлерде бізбен бірге саяхат жасайды. Машаның тапсырмасы: Адасқан сандар 5 7 10 4 1 3 0 1 8 2 Қасқырдың тапсырмасы: Сандардың көршілерні тап. ...5... ...6... ...3... ...8... |
Таныстырылым, оқулықпен жұмыс
А4 қағаз | |
| Сергіту сәті 1 минут | Тарсылдатпай едендi Орнымыздан тұрып ап Жүгiрейiк бiр уақ. Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш. Аяқты алға созайық Тiк көтерiп, қозғайық. Тым сылбыр да болмайық Алға қарай озбайық. Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш. | Сергіту сәтіне арналған жинақ | |
| Қызықты тапсырма 8 минут
Аяқталуы
16 минут
| Жолбарыстың тапсырмасы: Сандарды салыстыр. 5 8 9 7 20 50 80 30 15 19 30 10 14 16 50 70
Панданың тапсырмасы: Геометриялық фигураларды сәйкестендір. Аюдың тапсырмасы: Шамаларды салыстыр: 2 кг 6 кг 1 0 см 9 см 4л 7 л 8 л 5 л 7 кг 9 кг 3 см 8 см |
А4 қағаз, маркер. | |
| Сабақтың соңы 2 минут
| Рефлексия Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бас бармақ саалынған суреттер арқылы бағалау.
|
Бас бармақтар | |
| Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?
| Пәнаралық байланыс Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |
| Қолдау көрсету. Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. |
Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)
| Өнер, ана тілі сабағы Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. | |


Математика әлеміне саяхат (72.07 KB)

