Меню
Разработки
Разработки  /  Математика  /  Уроки  /  2 класс  /  «Математика білгірі» сыныптан тыс іс-шара

«Математика білгірі» сыныптан тыс іс-шара

1: о?ушыларды есеп шы?ару?а да?дыландыру, ал?ан білімдерін жетілдіру. 2: м?нда?ы ?ле? есептер, ертегі есептер, с?зж?мба?ты шешу ар?ылы логикалы? ойлау ?абілетін дамыту. Тез есептеуге, есте са?тау, логикалы? ойлау ?абілеттерін дамыту. 3: п?нге ?ызы?ушылы?ын арттыру. О?ушыларды? ?з ойын еркін айта білуге ?алыптастыру

23.03.2017

Содержимое разработки

Сынып: 1

Тақырыбы: «Математика білгірі» сыныптан тыс іс-шара
Сабақтың мақсаты
1: оқушыларды есеп шығаруға дағдыландыру, алған білімдерін жетілдіру.
2: мұндағы өлең есептер, ертегі есептер, сөзжұмбақты шешу арқылы логикалық ойлау қабілетін дамыту. Тез есептеуге, есте сақтау, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
3: пәнге қызығушылығын арттыру. Оқушылардың өз ойын еркін айта білуге қалыптастыру
Түрі: Танымдық ойын сайыс сабағы.
Әдісі: сұрақ - жауап, көрнекілік, ізденушілік, ойын, құрастыру.
Көрнекіліктер: сөзжұмбақ, бейнелі сөз, санамақ, викторина, тест, ертегі есеп, өлең есеп, слайд.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
- Құрметті ұстаздар, оқушылар сіздер 1-сыныпта өтетін «Математика білгірі» атты сайыс сағатына қош келдіңіздер!. сайысымыздың негізгі мақсаты әр түрлі математикалық ойын тапсырмаларды орындау арқылы білімдерін, одан әрі тереңдету. Алған білімдерін пысықтау. Сайыс сағатымызда өлең есептер, сөзжұмбақтар, бейнелі сөздер беріледі. Солардың жауаптарын дұрыс айтуларыңыз керек. Әр дұрыс аталған жауаптарға, бір ұпайдан қосылып отырады. Сайыста көп жинаған топ «жас математик» номинациясына ие болады. Ал ұпайды аз жинаған топ сайысқа белсенді қатысқаны үшін «алғыс хатпен марапатталады»
Уа, халайық, халайық
Бәріне жар салайық
Бүгінгі кеш төрінде
Математика елінде
Есеп шешіп жарысып
Жұмбақ шешіп аңдысып
Шабыт тасып, шалқысып
Көңілді кеш жасайық
Жұмбақ шеру жасайық
Мұнда қызық табылар
Жұмбақ, есеп бәрі бар
Ал сайыскер балалар
Білімдеріңді сынайық. – деп бүгінгі сайыс сағатында сынға түсетін үш топпен таныстырып өтейін.

1-топ «Алғырлар» тобы.

2-топ «Білгірлер» тобы.

3-топ «Тапқыштар» тобын қошеметтеп қойыңыздар.

Психологиялық ахуал қалыптастыру

«Қызыл өрік» биі.

Құрметті сайыс қатысушылары, ұстаздар сайысымыздың әділ қазылар алқасын сайап алайық.

__________________________________________________________________________

1-тапсырма

Әр топ үй тапсырмасы бойынша берілген санамақтарын айтып берсін. Қарсылас топтар жауап берсін.

1-топ «Алғырлар» тобы.

Онжан тапқан

Он жаңғақтан

Екіден-ақ

Еппен санап,

Балжан алды,

Әлжан алды,

Қалжан алды,

Қанша қалды?

(Төртеу)

2-топ «Білгірлер» тобы.

Ала шапан киініп,

Қарбыз жатыр үйіліп.

Қарбыздарды шетінен

Санап шықтым екіден.

Бесеу болды жүп саны,

Нешеу болды түп саны?

(Он)

3-топ «Тапқыштар»

Көлден ұшты жеті қаз,

Қайтып қонды екі қаз.

Қонбады оның нешеуі,

Қане, кім тез шешеді?

(Бес)

2-тапсырма

Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік

Сөз кезегін математикаға берелік,

Арамызда тапқыш достар көп екен

Солардың енді жауаптарын көрелік- деп сайысымыздың келесі кезеңіне көшейік. Топтарға ортақ математикалық жұмбақтар жасырамын. Қай топ жауабын біледі, жауап беріп отырады.

3-тапсырма

Енді топ мүшелерінің білімін сынап көрелік. Әр топқа тапсырмалар беремін. Қай топ дұрыс орындаса жеңіске жетеді.

1-топ «Алғырлар» тобы.




2-топ «Білгірлер» тобы.

3-топ «Тапқыштар».

4-тапсырма

Ендігі сайыс кезеңінде топ мүшелерінің қолөнер шеберлігін байқаймыз. Әр топ өз беттерінше берілген тапсырмаларды орындайды.




Рефлексия

Оқушылар «Алма ағашы» әдісі арқылы бүгінгі сабақтан алған әсерімізді көрсетейік. Кімге сабақ өте қатты ұнаса қызыл алманы аламыз. Ұнамаса сары түсті алманы таңдаймыз.

Ендігі кезекті әділ қазылар алқасына береміз.

-80%
Курсы повышения квалификации

Организация и сопровождение олимпиадной деятельности учащихся

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
«Математика білгірі» сыныптан тыс іс-шара (1.17 MB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт