Долдашева Замзагуль Муканбеткалиевна
Қостанай облысы,
Қостанай ауданы,
Озерный орта мектебінің
бастауыш сынып
мұғалімі.
1 – сынып
Сабақтың тақырыбы: Мал атасы
Сабақтың мақсаты:
- Білімділік: Оқушыларға дауыссыз дыбыстар туралы түсінік беру. Дауыссыз дыбыстарды сөз арасынана таба білуге үйрету. «Төлді қалай шақырады?» өлеңі туралы түсінік беру.
- Дамытушылық: Есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздік қорларына молайту.
- Тәрбиелік: Әдемі жазуға тәрбиелеу, малды сүюге, күтуге тәрбиелеу.
- Сабақтың түрі : аралас сабақ
- Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: «Мал атасының» суреті, дауыссыз дыбыстар, сөздер
- Пайдаланатын әдіс-тәсілдер:
сұрақ-жауап, ойын
- Пәнаралық байланыс : дүниетану
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі:
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де.
Қуанайық достарым
Арайлап атқан күнге.
II. Үй тапсырмасын сұрау
- -Үйге қандай тапсырма берілді?
- -«Қоян» туралы әңгіменің мазмұнын кім айтып береді.
Қыста қандай аңдар түстерін өзгертеді?
“ тонын” өзгертетін аңдар
сәбіз жинау” ойыны
Дауысты
дыбыстарды
ата
Сөз неден
құралады?
Дыбыстар
нешеге
бөлінеді?
Мына сөздерден
сөйлем құра:бардым,
ауылға, мен
Дыбыстар
немен
таңбаланады?
Дыбыс пен
әріптің
Айырмашылы-ғын айт.
Жаңа сабақ
- -Дыбыстар нешеге бөлінеді?
- -Екіге
- -Қандай?
- -Дауысты және дауыссыз
- -Дауыссыз дыбыстарды ата
Дауыссыз дыбыстар
Мал атасы
Жылқы пірі –
Қамбар ата.
Қой атасы –
шопан ата
Ешкі атасы –
Шекшек ата
Түйе пірі –
Ойсылқара
Сиыр атасы –
Зеңгі баба
Дауыссыз дыбыстардың астын сыз.
Қамбар ата, Зеңгібаба,
Ойсылқара,
Шопаната, Сексеката
Дауыссыз дыбыстардың астын сыз.
Қ а мб а р а т а, З е ңг і б а б а,
О йс ы лқ а р а,
Ш о п а н а т а, С е кс е к а т а
«Құлыншағым»
Құлыншағым – құндызым
Құлдырайды, шабады.
Жылтылдаған жұлдызым
Құстай қанат қағады.
Ә. Тәжібаев.
Әбділда Тәжібаев
- 1909 жылы 4 ақпанда Қызылорда қаласында дүниеге келген. Ақын, драматург, әдебиет зерттеуші. Қазақстан-ның халық жазушысы, филология ғылым-дарының докторы, профессор.
- “ Толағай” ертегісінің авторы.
Төрт түліктің төлдерін қалай атайды?
Төлді қалай шақырады?
Қой баласы қоңырым,
Қойдай жуас момыным.
Шопаната түлегі
Қошақаным, қайдасың?
Пұшайт, пұшат!
Жауын жауса, бақырған,
Ешкі атасын шақырған.
Өрісте өскен жануар,
Шөкетайым, қайдасың?
Шөре, шөре!
Жолға шықсам, көлігім,
Жапанда жүрсем, серігім.
Қамбарата өсірген,
Құлыным менің, қайдасың?
Құрау, құрау!
Тілімен мұрнын жалаған,
Тілімен бойын тараған.
Көкке мұрнын шүйіріп,
Көз төңкеріп қараған,
Зеңгібаба өсірген,
Әукешім менің, қайдасың?
Аухау, аухау!
Екі көзі танадай,
Екі өркеші баладай,
Елпеңдеген ойнақтап,
Енесіне қарамай,
Ойсылқара баласы,
Ботақаным, қайдасың?
Көс,көс!
Сабақты пысықтау
- 1) Төрт түлікті ата.
- 2) Төлдерді қалай шақырады?
- 3) Қой, сиыр, түйе, жылқы, ешкі
сөздеріндегі дауыссыз дыбыстарды ата.
Төрт түліктің пірлерін табыңдар.
Үйге тапсырма
- 19-жаттығу
Қолданған әдебиеттер
- Ана тілі. 1-сынып, Атамұра.
- Дүниетану. 1-сынып, Атамұра.
- Әбебиеттік оқу.(көрнекілігі) 2-сынып, Атамұра

Мал атасы, төлдері мен пірлері (6.73 MB)

