Сабақтың тақырыбы: Мақсат және себеп-салдар үстеулері.Домбыра.
Мақсаты.
1. Білімділік. Үстеудің мағыналық түрлері туралы түсінігін тереңдету, мақсат және себеп –салдар үстеуі туралы ғылыми негізде білім бере отырып, практикада қолдана білуге білім, білік, дағдыларын қалыптастыру. Қазақ халқының негізгі ұлттық аспабы-домбыра туралы түсінік беру. Оның шығуы, құрылысы туралы аңыздарға тоқталу
2. Дамытушылық. Дүниетанымын, ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру, сөйлеу тілін жетілдіріп, сауатты жазуға дағдыландыру.
3. Тәрбиелік. Оқушылардың танымдық қабілетін арттыру, өз ойын еркін жеткізуге жетелеу. Атадан мирас болып талай ғасыр орнын жоғалтпай сақталып келген халық мұрасының аманатын бүгінге мақтаныш ету және болашақ ұрпаққа насихаттау;
Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, проблемалық ізденіс,СТО.
Пәнаралық байланыс: Әдебиет,музыка
Сабақ түрі: Жаңа сабақ
Көрнекілік құралдар: Семантикалық кесте, күй таспа, музыкалық аспаптар,сөзжұмбақ.
Сабақтың техникалық құралдары: мультимедиялық кабинеттің қондырғылары.
Сабақ жоспары:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Өткен сабаққа шолу
3. Жаңа сабақ: Сөзжұмбақ.
а)Мақсат және себеп үстеуі туралы түсінік
ә)Деңгейлік тапсырмалар
б) ) Мәтінмен жұмыс
в) Домбыра туралы аңыз. «Ақсақ құлан» күйін тыңдау.
4. Жаңа сабақты бекіту.Тест
5. Қорытындылау
6. Үй тапсырмасын беру
Сабақтың өту барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Оқушылармен сәлемдесу,түгендеу.
б) Психологиялық әзірлік.
II. Өткен сабаққа шолу:
Білімді жан - жақты тексеру кезеңі.
1. Үстеу дегеніміз не?
2. Үстеудің мағыналық түрлерін атаңдар.
3. Туынды үстеудің жасалуын түсіндіріңдер.
4. Күшейткіш үстеу дегеніміз не?
5. Сын - қимыл үстеуі нені білдіреді?
6. Ұлттық ойын түрлері.
7. Ұлттық ойынның пайдасы. /ақпараттық жоба./
Үй тапсырмасын бекіту.Қызығушылығын ояту. . Сөзжұмбақ.
III. Жаңа сабақ
ІІ. Мағынаны тану
Өткен сабақта біз үстеу, үстеудің құрамдық түрлері туралы өттік. Осы сабақта біз үстеудің мағыналық түрлерімен, соның ішінде мақсат,себеп-салдар үстеуімен танысамыз.(тақырыбы мен мақсаты хабарланады, ай мен күнді жазғызу). Үстеудің мағыналық түрлерін айту. /слайд/
Жалқыдан жалпыға қарай түсіндіру әдісі.- Балалар, тақтаға қарайық.
1. Мағаш енді әдейі салмақты сабырмен сөйледі./мақ.ү/ 2.Жолаушылар енді шарасыздан аттың басын қоя берді./себеп/3. Сөйлей-сөйлей шешен боласың./себеп/ 4.Ұлжан қалаға оқығалы келді./ мақсат/
Проблемалық сұрақтар арқылы оқушылардың жаңа материалды өздігінен меңгерулеріне мүмкіндік беру.
Осы сөйлемдерден етістікпен тіркесіп тұрған үстеулерді тауып, сұрақ қойыңдар.
Сөйлемдердегі үстеулерді құрамы мен тұлғасына қарай талдаңдар. Сөйлемде қандай қызмет атқарып тұр?
Сонымен, балалар, мақсат үстеу дегеніміз не екен? Өздеріне ереже шығартып, өзара топатрмен тексерту, оқулықтағы ережемен салыстыру.
Оқушылар осы мысалдар арқылы өздері ереже шығарып, оны кітаптағы ережемен салыстырады. Өздері мысал келтіреді.
Мұғалім оқушылардың мақсат үстеуі бойынша алған түсініктерін тұжырымдайды. (Интерактивті тақтадағы сызбалар арқылы)
Есіңе сақта!
Мақсат үстеуі не мақсатпен? қалай? деген сұраққа жауап беріп, іс-әрекеттің, қимылдың орындалу мақсатын білдіреді. Мысалы: әдейі айтты, қасақана кетіп қалды, жорта білмегенсіді, әдейілеп шақырды.
Себеп-салдар үстеуі не себепті? қалай? неге? деген сұрақтарға жауап береді. Себеп-салдар үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің болу себебін білдіреді. Себеп-салдар үстеуіне: құр босқа, лажсыздан, босқа, амалсыздан, бекерге, шарасыздан сөздері жатады. Бұл сөздер етістікпен тіркесіп қолданылады. Мысалы, босқа ренжіді, лажсыздан келісті, т. б.
Есіңе сақта!
• Мақсат үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің орындалу мақсатын білдіреді.
• Сұрақтары: не мақсатпен? қалай?
• Мақсат үстеуі етістікпен тіркесіп қолданылады.
• Құрамы жағынан негізгі, туынды,дара, күрделі болып бөлінеді.
• Себеп-салдар үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің орындалу себебін білдіреді.
• Сұрақтары: не себепті? қалай? неге?
• Себеп-салдар үстеуі етістікпен тіркесіп қолданылады.
• Құрамы жағынан негізгі, туынды, дара,күрделі болып бөлінеді
Грамматикалық тапсырмалар орындау.
1-тапсырма. Болжау стратегиясы.
«Сәйкестендіру ойыны»/ауызша/
Әдейі
Жорта
Лажсыздан
Шалқасынан
Құр босқа
Қасақана.
айтты
келіспеді
қайтты
көнді
жасады
құлады
2- тапсырма. Мына үстеулерді қатыстырып, сөйлем құрастыр.
1. Әдейі, жорта, қасақана.
2. Лажсыздан, босқа, амалсыздан
3- тапсырма.
І деңгей.
1. Еріншекке (қашанғыдан? Қашанғы?) оңай?
2. (Қашан?) тұрған жігіттің ырысы артық?
3. Синонимдерін жаз.
Құр- босқа, бекерге.
Әдейі- жорта, қасақана.
Қыруар-- көп, бірнеше, бірталай.
4.Талдауға: босқа, қасақана, биыл, шалқасынан.
ІІ деңгей.
1. .... Құмарланып шаттанба
Ойнап,...... күлуге.
2...... бәрі қашады
..... аспанды басады.
(жұлдыз)
3. Синонимдерін үстеумен жаз.
Кірпік қаққанша – (тез, лезде, шапшаң)
Тайға таңба басқандай – (дәл, анық)
Осы жыл – биыл.
4. Талдауға: Лажсыздан, бекерге, тектен-текке, амалсыздан.
4-тапсырма.
Семантикалық кесте
Мысалдар
Мезгіл
Мекен
Сын - қимыл
Мөлшер
Күшейткіш
Мақсат
Себеп – салдар
1.Өңкей
2.Бірталай
3.Амалсыздан
4.Күндіз
5.Әрең
6.Осында
7.Қасақана
Оқытушы сөзі
Жұмбақ
Тиіп кетсе жылаған,
Дауысы көпке ұнаған
Даусы бар,жаны жоқ,
Шертсең күйі,әні көп
Құлағын он бұра,
Ол не......
Екі ішектің бірі қатты,
Бірін сәл-сәл кім бұра.
Нағыз қазақ, қазақ емес,
Нағыз қазақ-домбыра-деген өлең жолында айтылғандай, бүгін біз ең ежелгі, ең жетілген әрі нағыз табиғи ұлттық аспап-домбырамен танысамыз.
-Кімнің үйінде домбыра бар?
-Домбыраның құрылысын кім біледі? Сұрап, толықтыру. Басы, құлағы, пернелері, мойыны, ішегі, ойығы, шанағы, тиегі, түймесі.
-Домбыраны көрсете отырып, құрылысын түсіндіру.
Домбыраның құрылымы
Домбыра негізгі үлкен үш бөліктен тұрады:
шанағы(кеудесі), мойны және басы;
-Шанақта дауыс шығаруға арналған ойық, үлкен тиек және ішекті тартып
тұратын түйме орналасқан ;
-Мойын пернелерге бөлінген;
-Басында ішекті тартып бұрауға арналған екі құлақ бар. Құлаққа екі ішек тағылады. Құлақ домбыраның күйін келтіруші роль атқарады.
Домбыраны шебер тартатын өнер адамдары бар. Домбыра қазақ халқының арасында өте кең тараған, қос ішекті ішекті шертіп ойнайтын аспабы.
Қай ұлт болмасын өзінің ұлттық музыкалық аспаптары болады. Музыкалық аспап белгілі бір ұлттың музыкалық өнерін насихаттаушы құрал болып табылады.
Жаңа сөздер.
Аспап-инструмент
Қос ішекті-двухструнный
Тиек-подструнная подставка
Пернелер-струны
Рухын көтеру-воодушевлять
Жаршысы-проповедник
Сезім-чувство
Қарағай-сосна
Домбыра.
Қазақ халқының музыкалық аспаптары сан алуан. Біздің ерте заманда өмір сүрген ата-бабаларымыз аспапты ойлап тауып, қолдан жасап ойнай білген екен. Ең алғаш пайда болған аспаптар – домбыра және қобыз аспабы.
Домбыра-қазақ халқының ертеден келе жатқан қос ішекті музыкалық аспабы.Қазақ өзінің тарихын, өмірін, сезімін домбыра арқылы баяндаған.Домбыраның шанақ,мойын,тиек,ішек,перне сияқты бөліктері бар.
Домбыраны самырсын,шырша,қарағай секілді ағаштардан жасайды. Шерткенде үні таза болу үшін ағашты әдейі суға қайнатады.Ерте кезде ішегін, пернесін ешкінің ішегінен жасаған.
Домбырада көптеген музыкалық шығармалар орындалады. Ән, күй, терме, жыр, толғау, тіпті классикалық шығармаларды да орындауға болады.
Бұрын ел арасында бірталай әнші, жыршылар мен күйшілер өмір сүрген. Олар ел аралап, домбырамен тойларда ән салып, халықтың көңілін көтерген. Жаугершілік кездерінде домбырадан төгілген күй адамдардың рухын көтерген. Аты аңызға айналған ержүрек батыр Махамбет те домбырада ән салып, күй тарта білген. Ал ұлы күйшілер, күй өнерінің алғаш негізін қалаған Құрманғазы, Дина, Дәулеткерей, Тәттімбеттердің домбыра аспабында ойнау шеберлігі туралы сөз басқа.
Домбыра аспабын қазақ халқымен бірге жаралған деп айтуға болады. Бүгінде бұл аспапта ойнауды арнайы оқу орындарында үйретеді.
Қазір домбыра – ұлттық болмысты бейнелейтін символ, ұлттық музыка өнерінің жаршысы.
Мәтінмен жұмыс.
а) Жаңа сөздермен сөз тіркесін құрастыру. /ауызша/
ә) Мәтінді дауыстап бір-бір сөйлемнен оқу
б) Сөздікпен жұмыстанып мәтінді аудару.
в) Мәтіннен үстеулерді тауып,сұрақ қой.
г) . Сұрақтар құрастыру.
1-тапсырма.
«Кім тапқыр?» ойыны. «Домбыра» сөзінің әріптерінен басталатын сөйлемдер құрастыр./тақтаға жазу/
Д-
О-
М-
Б-
Ы-
Р-
А-
2-тапсырма. /ауызша/
1деңгей. Мәтінге сұрақ құрастыр.
2деңгей. « Домбыра»тақырыбында сұхбат құрастыру.
ІІІ деңгей.
4 жол өлең құрастыр.
3-тапсырма.Семантикалық кесте./жазбаша/
|
Мысалдар | Негізгі үстеу
| Туынды үстеу | Бірігу арқылы жасалған үстеу | Қосарлану арқылы жасалған үстеу | Тіркесу арқылы жасалған үстеу | Қайталану арқылы жасалған үстеу |
| Емін-еркін |
|
|
|
|
|
|
| Күні кеше |
|
|
|
|
|
|
| Енді-енді |
|
|
|
|
|
|
| Ақырын |
|
|
|
|
|
|
| Сұңқардайын |
|
|
|
|
|
|
| Биыл |
|
|
|
|
|
|
Мәтіннен үстеулерді тауып,ажырат.
| Мезгіл үстеулер | Мекен үстеулер | Қимыл - сын үстеулер | Мөлшер үстеулер | Күшейткіш үстеулер | мақсат үстеулер | Себеп-салдар үстеулер |
|
|
|
|
|
|
|
|
4-тапсырма.
«Кім көп біледі?» ойыны/ауызша/
Мұны ермек демейін,
Мықтап көңіл бөлейік.
Үлкен кіші қуанар,
Мақал айтып берейік.
Құрамында үстеуі бар мақал - мәтелдер айту.
Еріншектің ертеңі бітпес.
Ақсақ қой түстен кейін маңырайды.
Жылы - жылы сөйлесең, жылан інінен шығады.
Көш жүре түзеледі.
Қайтып келер есікті қатты жаппа.
Еріншекке бүгіннен ертең оңай.
Ерте жатып, кеш тұру - еріншектің белгісі
IY. Жаңа сабақты бекіту.
-Небір қуанышты, қайғылы, мұңды оқиғаны домбырамен жеткізген.
Домбыраның шығуы мен құрылысына байланысты аңыздар бар. Кім біледі?
«Ақсақ құлан» ертегісін слайдтағы суреттердің орналасуы бойынша айткызу.
Міне, балалар, қазақ халқының ұлттық музыкалық аспабы – домбыра туралы айтылар аңыз да, шертілер сыр да өте көп. Біз бүгін сабақта ол туралы біраз мағлұмат алдық.
Енді осы күйді тыңдап көрейік. Күй «Ақсақ құлан» деп аталады.
(Үнтаспадан күй тыңдалады.)
-Міне бұл ертегіден не түсіндіңдер? Оқушылар түсінік айту.
-Күй деп нені айтамыз?
Домбыра немесе басқа ұлттық аспаптарда орындалатын музыкалық шығарма.
-Күйші дегеніміз кім?
-Қандай күйлерді білесіңдер?
-Құрманғазы, Қорқыт, Дина, Дәулеткерей, Тәттімбет, Сүгір, Қазанғап т.б
Қазақ халқының музыкасының белгілі академигі А.Жұбанов «Кең даланы мекен еткен қазақ жұртының ең аяулы қасиетті аспабы-домбыра. Оның сымдай тартылған қос ішегінде сан ғасырлардың ойы, көңіл күйі жатыр»
Өлең оқу. «Күмбірлесін домбыра. »
1. Қандай қазақ ұлттық аспаптарын білесіңдер?
2. Ең кеңінен таралған музыкалық аспап қалай аталады?
3. Домбыра аспабының құрылымын атаңдар.
4. Домбырада не орындалады?
5.Домбыраны қандай ағаштардан жасайды ?
6. Аңыз күй қалай аталады?
Y. Қорытындылау
Балалар, біз бүгін сабақта ұлттық музыкалық аспаптардың ішінде ең танымал қасиетті домбырамен таныстық.
YI. Үйге тапсырма беру.
1. Ішінде үстеуі бар 10 мақал-мәтел жазу.
2. Мәтіннен түсінігін айту.
3. . «Менің сүйікті әншім» эссе.
YII.Бағалау.
Домбыра – еңбекқорлыққа үйретеді.
Домбыра – шежірені білуді талап етеді
Домбыра – адамның ішкі – жан дүниесін емдеп, көңілін көтереді, денсаулықты нығайтады.
Домбыра – иманды болуға жол ашады.
Домбыра – әдебиеттің дамуына ықпал етеді.
Домбыра – жарысу мен таласуға, ізденуге баулиды.
Шығармашылық жұмыс.Сөздік диктантЕкіталай, екібастан, ендігәрі, ерсілі - қарсылы, емін - еркін, алагеуім, алмағайып, алма - кезек, апақ - сапақ, ауызба - ауыз, аяқ астынан, әнеугүні, әртінде.
1.Мезгіл үстеулі тіркесті көрсетініз.
а) Жоғары өрледі. б) Қысы- жазы үзілмейді.
ә) Ышқына өрледі. в) Ілгері кетті.
2. Мекен үстеулі тіркесті көрсетіңіз.
а) Былтыр көрген б) ілгері жылжыды.
ә) Тағы да келді. в) Ән салды.
3. Күшейткіш үстеуді табыңыз.
а) Тіпті, әбден. б) Емін- еркін, әбден.
ә) Амалсыздан, босқа. в) Онша, әжептәуір
4. Сын- қимыл үстеуді табыңыз.
а) Қолма- қол жұмсады. б) Бірталай отырды.
ә) Қасақана кешікті. в) Ерең еңбек етті.
5. Мөлшер үстеуді табыңыз.
а) әдейі, жорта б) дәл, сәл, нақ.
ә) Лажсыздан, амалсыздан в)Анағұрлым, неғұрлым.
6. Мақсат үстеуді табыңыз.
а) қазір келеді. б) босқа кетті.
ә) Жорта үнемдеді. в) Сөйтіп, қаннен- қаперсіз отырды.
7. Себеп- салдар үстеуді табыңыз.
а) Құр босқа бақырған б) Әлгінде келіп кетті.
ә) Ендігәрі келмейді. в) Қыруар әңгіме айтылды
Жаңа сөздер.
Аспап-инструмент
Қос ішекті-двухструнный
Тиек-подструнная подставка
Пернелер-струны
Рухын көтеру-воодушевлять
Жаршысы-проповедник
Сезім-чувство
Қарағай-сосна
Домбыра.
Қазақ халқының музыкалық аспаптары сан алуан. Біздің ерте заманда өмір сүрген ата-бабаларымыз аспапты ойлап тауып, қолдан жасап ойнай білген екен. Ең алғаш пайда болған аспаптар – домбыра және қобыз аспабы.
Домбыра-қазақ халқының ертеден келе жатқан қос ішекті музыкалық аспабы.Қазақ өзінің тарихын, өмірін, сезімін домбыра арқылы баяндаған.Домбыраның шанақ,мойын,тиек,ішек,перне сияқты бөліктері бар.
Домбыраны самырсын,шырша,қарағай секілді ағаштардан жасайды. Шерткенде үні таза болу үшін ағашты әдейі суға қайнатады.Ерте кезде ішегін, пернесін ешкінің ішегінен жасаған.
Домбырада көптеген музыкалық шығармалар орындалады. Ән, күй, терме, жыр, толғау, тіпті классикалық шығармаларды да орындауға болады.
Бұрын ел арасында бірталай әнші, жыршылар мен күйшілер өмір сүрген. Олар ел аралап, домбырамен тойларда ән салып, халықтың көңілін көтерген. Жаугершілік кездерінде домбырадан төгілген күй адамдардың рухын көтерген. Аты аңызға айналған ержүрек батыр Махамбет те домбырада ән салып, күй тарта білген. Ал ұлы күйшілер, күй өнерінің алғаш негізін қалаған Құрманғазы, Дина, Дәулеткерей, Тәттімбеттердің домбыра аспабында ойнау шеберлігі туралы сөз басқа.
Домбыра аспабын қазақ халқымен бірге жаралған деп айтуға болады. Бүгінде бұл аспапта ойнауды арнайы оқу орындарында үйретеді.
Қазір домбыра – ұлттық болмысты бейнелейтін символ, ұлттық музыка өнерінің жаршысы

Мақсат және себеп-салдар үстеулері.Домбыра. (93 KB)

