Тақырыбы: «Біз әрқашан біргеміз» атты ата – аналардың қатысуымен мәнерлеп оқу сайысының жүрісі
Жүргізуші:
— Қайырлы күн, ата – аналар мен оқушылар және ұстаздар! Бүгінгі Отбасы күні мерекесіне орай ұйымдастырылған ата – аналардың мәнерлеп оқу сайысына қош келдіңіздер!
Мақсаты: Ата - аналар мен сайысқа қатыстыра отырып баланың ата - ана өміріндегі маңызын, ата - аналардың балаларға деген тәрбиесін көрсету. Отбасы – Отанның бір бөлшегі екендігін ұғындырып, балаларды ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Жүргізуші:
Аямайық алақанды, қол соғайық,
Ата – аналардың мәртебесін арттырайық.
Халқымыздың өнер сүйген ата – аналарға
Қошеметпен ортамызға шақырайық.
Сайысқа қатысушы 2-3 сынып ата – аналарын ортаға шақырамыз.
Алдымен сайысқа қатысушы ата – аналармен танысып алайық .
1. Аспамбетова Фариза
2. Жексенбаева Марал
3. Қуанышқызы Гауһар
4. Исаева Маржан
5.Бейсенова Баян
6.Есимова Гүлсім
7. Базарбаева Айдана
8. Джолышева Марал
9. Надирбаева Айнур
10. Толеубаева Алия
Жүргізуші: Құрметті әріптестер! Осы мәнерлеп оқу сайысын ашып беру үшін мектеп директоры: Титанов Қайрат Үсенұлына беріледі.
Ән: «Ассалаумагалейкум» Орындайтын: Нурбай Жасулан
Жүргізуші: Қайта туды қазағымның ай- күні,
Күннен –күнге асар ма екен айбыны.
Жетпіс жылда өтті талай кешуден,
Қатар көріп шаттық, табыс , қайғыны.
Олай болса сайысымыздың мақсатымен таныстырып өтейін:
Сайыскерлер отбасы күні мерекесі туралы өлеңдерін мәнерлеп жатқа айтып берулері тиіс.
Сайысымыздың шарттары:
Отбасы туралы өлеңді жатқа оқып беру.
Сайыстың мазмұны:
1.Өлеңді орындаушылық шеберлігі.
2.Көркем мәтіннің тақырыпқа сай болуы.
3.Эмоцияналдық –Эстетикалық әсерін сезіну.
4.Сахна мәдениеті мен киім үлгісі.
5.Дауыс ырғағы сөз бояуларының нақышын сезіне білуі.
Жүргізуші:
Сайыста бақ сыналар, бап сыналар,
Бас жүлдені өнерлі, тапқыр алар.
Кім өнерлі , кім жігерлі шешу қиын,
Әділқазылар болмаса-нақ сын айтар.
Олай болса, бүгінгі сайысымызға баға беретін, әділдік пен шындықты арқа тұтқан, әділ-қазылар алқасын өздеріңізбен таныстырып өтейін.
1. Несипбваев Несибелі – хореограф маманы
2. Ануарбекова Айнур Асылбекқызы – география пәні мұғалімі
Жүргізуші: Ана-бала,бала-ана бір ұғым
Бір –бірінсіз жоқ олардың бақыты
Омыртқаның үзбеу үшін жұлынын
Екеуінің өтсін бірге уақыты
Ана –бала көздің ақ пен қарасы
Бір-бірінсіз таусылмайтын шарасы
Әр ананы арманына жеткізер,
Әр баланың ақылы,ары санасы дегендей ортаға бір – бірден ата – аналарды мәнерлеп оқуға шақырамын.
Жүргізуші:
-Құрметті қонақтар!
Өнерлі өрге жүзер талаптанып
Талабы талмай ұшар қанаттанып- деп, міне сайысымыздың соңғы кезеңі де аяқталды. Әділқазылар алқасы өз шешімдерін шығарғанға дейін мектебіміздің өнерпаздарының өнерлерін тамашалайық.
(Шағын концерттік бағдарлама)
Қазақ биі. Орындайтын: «Сымбат» би тобы
Жүргізуші: -Құрметті қонақтар, бүгінгі сайсымыз өз мәресіне жетіп қалғандай. Әділқазылар алқасы, сөз кезегі өздеріңізде.
(Марапаттау, мадақтаулар)
-. Марапттарыңыз құтты болсын ата – аналар! Осымен «Біз әрқашан біргеміз» атты отбасы күні мерекесіне орай ұйымдастырылған мәнерлеп оқу сайысы осымен аяқталды, қош сау болыңыздар!
«Біз әрқашан біргеміз» атты мәнерлеп оқу сайысының ақпарламасы
Мектебімізде «Отбасы күні» мерекесіне орай алғаш рет 2-3 сынып ата-аналарының қатысуымен «Отбасы – бақыт мекені» атты мәнерлеп оқу сайысы өтті. Мақсаты: Ата - аналар мен сайысқа қатыстыра отырып баланың ата - ана өміріндегі маңызын, ата - аналардың балаларға деген тәрбиесін көрсету. Отбасы – Отанның бір бөлшегі екендігін ұғындырып, балаларды ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Сайысқа жалпы он бір ата-ана қатысты. Әділқазылар алқасы ата-аналардың мәнерлеп оқуына, сахна мәдениетіне, актерлік шеберлігіне баса назар аударды. Көпшілікті қоңыр дауысымен тамсандырып, әртістік қабілетімен ерекшелене түскен ата-аналар мынадай орындарға жайғасты. ІІІ орынды 3«к» сыныбының ата-анасы Толеубаева Алия, 2 «м» сыныбының ата-анасы Бейсенова Баян және 3 «з» сыныбының ата-анасы Қуанышқызы Гауһар алса, ІІ орынды 2 «ә» сыныбының ата-анасы Исаева Маржан мен 2 «б» сыныбының ата-анасы Жексенбаева Марал өзара бөлісті. І орынды 2 «н» сыныбының ата-анасы Базарбаева Айдана иеленіп, қалған ата – аналарымыз алғыс хат марапаттарына ие болды. Сайыс соңында ата – аналар сұхбат беріп, алғыстарын айтты.


Мәнерлеп оқу сайысы (22.65 KB)

