Меню
Разработки
Разработки  /  Прочее  /  Разное  /  Прочее  /  Мәліметтерді беру стандарттары

Мәліметтерді беру стандарттары

Компьютерлік желі (а?ылш. сomputer network) — барлы? ??рыл?ыларды? бір бірімен ?зара ?рекеттесуіне м?мкіндік беретін байланыс желілері ар?ылы ?осыл?ан компьютерлерді? ж?не басып шы?ар?ыштар мен м?тінал?ылар сия?ты бас?а ??рыл?ыларды? тобы.

01.12.2016

Содержимое разработки

Оқулық тақырыбы
Мәліметтерді беру желілерінің стандарттамалары мен хаттамалары

Компьютерлік желі (ағылш. сomputer network) — барлық құрылғылардың бір бірімен өзара әрекеттесуіне мүмкіндік беретін байланыс желілері арқылы қосылған компьютерлердің және басып шығарғыштар мен мәтіналғылар сияқты басқа құрылғылардың тобы.

Желілер шағын немесе үлкен, кабельдер арқылы тұрақты жалғанған, немесе телефон желілері мен сымсыз арналар арқылы уақытша жалғанған болуы мүмкін. Ең үлкен желі — Интернет, ол бүкіләлемдік желілер тобы болып табылады.

Классификациясы

Тармақталған өңдеу

Территориалды таралуы бойынша

·         PAN (Personal Area Network) — персоналды желі, бір иегерге тиісілі түрлі құрылғылардың өзара әрекеттесуі үшін қажет.

·         LAN (Local Area Network) — жергілікті желі, қызмет көрсетушілеріне шығуына дейін тұйық инфрақұрылымы болады. «LAN» термині кішкене офистік желіні де, жүздеген гектар аймақты алатын үлкен зауыт деңгейіндегі желіні анықтай алады. Шетелдікнегіздерде тіпті жуықталған бағалау береді — радиусы алты милге жуық (10 км) болатын желілер. Жергілікті желілер жабық типті желілер болып табылады, бұл желіде өздерінің кәсібіне байланысты жұмыс істейтін, тек қолданушылардың шектелген тобы ғана рұқсатты ала алады.

·         CAN (Campus Area Network — кампустық желі) — жақын орналасқан ғимараттардың жергілікті желілерін біріктіреді.

·         MAN (Metropolitan Area Network) — бір немесе бірнеше қала шегіндегі мекемелер арасындағы қалалық желілер, көптеген жергілікті есептеуіш желілерді байланыстырады.

·         WAN (Wide Area Network) — глобалды желі, үлкен географиялық аймақтарды алатын, ішіне жергілікті желілермен қоса, телекоммуникациондық желілер мен құрылғылар да кіреді. WAN мысалы — пакеттер коммутациясы бар желілер (Frame relay), олар арқылы түрлі компьютерлік желілер өзара "сөйлесе" алады. Глобалды желілер ашық және барлық қолданушыларға қызмет көрсетуге бағытталған болып табылады.

«Корпоративті желі» термині әдебиетте сонымен қатар бірнеше желілерді біріктіруді анықтау үшін қолданылуы мүмкін, ал ішкі желінің әрқайсысы түрлі техникалық, бағдарламалық және ақпараттық принциптерге негізделіп құрылған болуы мүмкін.

Сонымен, желідегі компьютерлердің өзара әрекеттесуі хабарламаларды алмасудың және олардың форматтарының белгілі ережелеріне сәйкес, яғни белгілі хаттамаларға сәйкес жүреді. Байланыстың күрделі топологиясы бар және түйіндерінің көп мөлшері бар желіде сенімді және өнімді ақпарат алмасуды қамтамасыз ету оңай міндет емес, сондықтан ол әдетте көпдеңгейлік иерархиялық тәсілдің көмегімен шешіледі. Осыған байланысты, желіде бір коммуникациялық хаттама емес, деңгейлер бойынша реттелген бірнеше хаттамалар қолданылады. Әрбір деңгей өзінің ішкі міндетін шешеді, ал хаттамалардың барлық жиынтығы коммуникациялық хаттамалардың стегін түзеді. Желілерде кеңінен қолданылатын хаттамалардың стегі жеткілікті. Бұл халықаралық және ұлттық стандарттар болып табылатын стектер, және қандай-да бір фирманың жабдықтарының таралуының арқасында таралған фирмалық стектер. Әйгілі хаттамалардың стектерінің мысалдары болып Novell фирмасының IPX/SPX стегі, Internet желісінде және UNIX операциялық жүйесінің негізіндегі көптеген желілерді қолданылатын ТСР/ІР стегі, стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымның OSI стегі, Digital Equipment корпорациясының DECnet стегі және тағы басқалары. Желідегі қандай-да бір коммуникациялық хаттамалардың стегін қолдану көбінесе желінің келбетін және оның сипаттамаларын анықтайды. Үлкен емес желілерде тек қана бір стек қолданыла алады. Әртүрлі желілерді біріктіретін ірі корпоративтік желілерде әдетте бірнеше стектер қатарлас қолданылады. Желілерде қолданылатын коммункациялық жабдықтар қандай-да бір хаттамаларды іске асырады, және іске асатын хаттама (немесе хаттамалардың жинағы) оның ең маңызды сипаттамаларының бірі болып табылады. Коммуникациялық жабдықтарда жоғарғы деңгейдегі хаттамаларға қарағанда көбірек дәрежеде стандартталған төменгі деіңгейдің хаттамалары іске асады, және бұл әртүрлі өндірушілердің жабдықтарының бірлесіп табысты жұмыс істеуіне алғышарт болып табылады. Желілік сервистер және коммуникациялық хаттамалар желі компьютерлерінде желілік операциялық жүйенің сәйкес бағдарламалық элементтері ретінде іске асады. Тарихи жағынан негізгі желілік операциялық жүйелер көбінесе желілік сервистердің және коммуникациялық жабдықтардың өзінің меншік іске асуларымен жұмыс істеген, сондықтан қандай-да бір операциялық жүйенің қолданылуы желінің келбетін хаттамалардың стегіне қарағанда көбірек дәрежеде анықтайды. Тіпті желіні онда қолданылатын операциялық жүйенің атымен атау қабылданған – Novell NetWare желісі, Bаnyan VINES желісі т.б. Қандай-да бір операциялық жүйенің ортасында жақсы жұмыс істей білу коммуникациялық жабдықтың маңызды сипаттамасы болып табылады. Көбінде желілік адаптердің немесе концентратордың жарнамасында оның арнайы NetWare немесе TJNDC желісінде жұмыс істеуге арналғандығын оқуға болады. Бұл, аппаратураны жасап шығарушылар оның сипаттамаларын осы желілік операциялық жүйеде немесе егер бұл хаттамалар әртүрлі ОЖ-лерде қолданылатын болса, оларды іске асырудың осы нұсқасында қолданылатын хаттамалар қолданатындай етіп оңтайлардырғандығын білдіреді. Хаттамалардың әртүрлі ОЖ-лерде іске асырылу ерекшеліктеріне байланысты коммуникациялық жабдықтардың сипаттамаларының бірі болып оның осы ОЖ ортасында жұмыс істеу мүмкіндігіне сертификатталғандығы қолданылады. Төменгі – физикалық және арналық деңгейлерде – іс жүзінде барлық стектерде (SNA-дан басқасы) бір ғана хаттамалар қолданылады. Бұл жақсы стандартталған Ethernet, Token Ring, FDDI және тағы басқалары, олар барлық желілерде бір ғана аппаратураны қолдануға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде бар стектердің желілік және одан жоғары деңгейдегі хаттамалары көп әртүрлілікпен ерекшеленеді және әдетте ISO үлгісі ұсынған деңгейлерге бөлуге сәйкес келмейді. Жекелей алғанда, бұл стектерде сеанстық және өкілдік деңгейдің функциялары көбінесе қолданбалы деңгеймен біріктірілген. Мұндай сәйкес еместік ISO үлгісінің қолда бар және нақты қолданылатын стектерді жинақтаудың нәтижесі ретінде пайда болғандығына байланысты, керісінше емес.

 

Бақылау сұрақтары

1.Компьютерлік желі дегеніміз не?

2. PANдегеніміз не?

3. CANдегеніміз не?

4.LANдегеніміз не?

Компьютерлік желі – бір бірімен мәлімет аламаса алатын кем дегенде екі компьютердің байланыс құралдары көмегімен қарым-қатынас жасауына арналған ақпарат өңдеудің тармақталған жүйесі. Басқаша айтқанда желі деп дербес компьютерлердің  және де принтер, модем, факсимильдік аппарат тәрізді есептеу құрылғыларының бір-бірімен байланысқан жиынын айтады. Желілер әрбір қызметкерге басқалармен мәлімет алмасып құрылғыларды ортақ пайдалануға, қашықта орналасқан қуатты компьютерлердегі мәліметтер базасымен қатынас құруға  және тұтынушылармен тұрақты байланыс жасауға мүмкіндік береді.

Телекоммуникация құралдарымен байланысқан компьютерлер жиынын компьютерлік желі деп атаймыз.Компьютерлік желілер құрылымы бойынша жергілікті, аймақты және аумақты болып бөлінеді.

Компьютерлік желі дегеніміз – ресурстарды (дискі, файл, принтер, коммуникациялық құрылғылар) тиімді пайдалану мақсатында бір – бірімен байланыстырылған компьютерлер тізбегі.

  Компьютерлік желі жұмыс істеу принципіне, аппараттық және программалық қамтамасыз етуіне байланысты жергілікті (ЖКЖ) және аумақты (АКЖ)компьютерлік желі болып бөлінеді.

1. Жергілікті желі.

    Жергілікті желі шектеулі аймақтағы  (бір бөлмеде, бір мекемеде, зауыт немесе бекетте т.с.с)  компьютерлерді біріктіреді.Жергілікті желі құрудағы себеп — өндірістік процестерді автоматтандыру, әр түрлі құжаттарды жедел өңдеу.Егер жалпы желіге бір-бірінен айтарлықтай қашықтықтағы компьютерлер немесе жергілікті желілер біріктірсе, онда мұндай құрылымды таратылғаннемесе аймақтық желі деп атайды. Қазіргі кезде ірі компьютерлік желілер саны жүздеген мыңдармен есептеледі.

Бір немесе бірнеше желілерді бір – бірімен өзара байланыстыру желіаралық байланыс немесе ауқымды желі деп аталады. Ауқымды желі қала, аймақ, ел, бүкіл Жер шарын қамтуы мүмкін.

2. ЖКЖ – нің  физикалық  негізіЖергілікті желінің физикалық негізі

     Компьютерді жергілікті желіге қосу үшін қажет: желі адаптері (желі картасы), ол кейде кеңейтілген еркін слотқа қойылады немесе аналық тақшамен (материнская плата) бірге болады және арнайы кабелді желіге қосатын орын (разъем) болуы шарт

Шиналық топология – мұнда жұмыс станциялары желі адаптерлері арқылы жалпы шинаға немесе магистральға (кабельге) қосылады. Дәл осындай тәсілмен магистральға басқа да желілік құрылғылар қосыла береді. Желінің жұмыс жасау процесінде тасымалданатын ақпарат жөнелтуші станциядан жұмыс станцияларының барлық адаптерлеріне жеткізіледі, бірақ оны тек адресте көрсетілген жұмыс станциясы қабылдайды

Жұлдыз тәрізді топология – мұнда ортақтандырылған коммутациялық түйін-желілік сервер болуы тиіс, ол барлық мәліметтерді жеткізудіжүзеге асырады. Бұл топологияның артықшылығы – кез келген бір жұмыс станциясының істен шығуы жалпы байланысқа әсер етпейді.

Сақиналық топология – мұнда байланысу арналары тұйықталған сақина бойында орналасады. Жөнелтілген мәлімет біртіндеп барлық жұмыс станцияларын аралап шығады да, оны керекті компьютер қабылдаған соң жұмыс тоқтатылады. Бұл топологияның кемшілігі – кез келген бір жұмыс станциясының істен шығуы жалпы байланысты бұзады.

ЖКЖ — де  ақпаратты тасымалдау үшін төмендегідей физикалық орта  қолданылады,   ыңғайлы болу үшін байланыс түрлерінің салыстырмалы түрде көрсетілген сипаттамасына көңіл бөлейік

Интернет сөзі әдетте, желінің физикалық деңгейін білдіреді, яғни бұл сөзбен компьютерлерден, кабельдерден және де мәліметтерді тасымалдайтын басқа құрылғылардан тұратын аппараттық жабдықтамалар жиынын атайды.

3. Желілік программалық қамсыздандыру.

Желідегі компьютерлер жұмысын программа басқарады, ондағы барлық компьютерлердің бір – біріне жіберетін және қабылдайтын ақпараттарды араласпай, тиянақты жеткізілу үшін, олар бір тіл мен – ортақ ереже мен байланыс жасау қажет. Осындай ортақ ереже  желілік хаттама деп аталады. Windows 2000 Professional операциялық жүйесі тұтынушыға әр түрлі қызмет көрсететін бір пайдаланушыға арналған жұмыс станцияларын серверлермен байланыстыруға есептелген.

Желімен жұмыс жасағанда компьютер екі рол атқаруы мүмкін:Егер компьютер ақпарат алу үшін және сервиспен басқа желідегі  компьютермен байланысса, онда бұндай компьютер жұмыс станциясы деп аталады.

Егер компьютер басқа желідегі компьютерге ақпарат және сервис берсе, онда ол сервер деп аталады.

Серверлер  әр түрлі қызмет  көрсетеді:Файлды сақтау және беру ( файлды сервер);Баспадан шығару (баспа сервері);Факс мәліметтерін беру және алу (факс – сервер);Электронды поштаны алу, сақтау және беру  (пошта сервері);Сайттарды орналастыру (web — сервер);Серверлер көрсеткен жұмысты қызмет деп атайды. Бір серверде бірден бірнеше қызмет атқарылуы мүмкін.Сервер белгілі бір қызмет атқару үшін ОЖ –гі  сервер құрамындағы программаны қосу қажет.Сервер қызметіне қатынау үшін жұмыс станциясынан клиент деп аталатын программаны қосу қажет.

Сервері бар, қызмет көрсететін, және клиент компьютерлері бар жергілікті желі «клиент – сервер» технологиясында құрылған желі деп аталады. Желідегі әрбір компьютермен осы функцияларды атқаруға болады, бұндай компьютерлер тең қызмет атқарады. Бұндай компьютерлерді бір ранголы деп атайды.

4. Windows XP ОЖ – ң желісі.

Компьютер желіге қосылғаннан кейін бірнеше рет іске қосылғанда операциялық жүйе DHCP (Dynamic Host Configuration Protocol)  серверін іздейді. Мұндай типтегі серверлер компьютерлерге желіде бірін – бірі оңай табу үшін адрес меншіктейді. Егер желіде DHCP сервері болмаса, онда операциялық жүйе автоматты түрде қосылғаннан кейін басқа компьютерлерді анықтай алатын режимге ауысады.

     Сервер – ортақ пайдалануға арналған барлық ресурстарды қамтитын компьютер. Ортақ ресурстарды пайдалану үшін сервер қосулы болуы қажет. Желідегі жұмыстың көп бөлігін сервер атқарады.

 

 

Бақылау сұрақтары

1. Жергілікті желі?

2. ЖКЖ – нің  физикалық  негізі?

3. Желілік программалық қамсыздандыру?

Факс, факсимильдік аппарат (ағылш. fax, telefax, facsіmіle duplіcatіng devіce) — қағазға басылған немесе қолжазбалық мәтіндерді, фотосуреттерді, сызбаларды дәл көшірмесін алу арқылы тасымалдау құралы. Факс телефон арналары арқылы графикалық мәліметтерді: мәтінді, кестені, сызбаларды, графиктерді, фотосуреттерд, т.б. жөнелту, тасымалдау, жеткізу жұмыстарын атқарады. Тасымалданатын құжат сканер түріндегі оптикалық-электрондық құрылғымен оқылады да, байланыс арналары арқылы жөнелтуге ыңғайлы сигналдық түрге келтіріледі. Мәліметтерді қабылдау нүктесінде кері түрлендіру жұмысы атқарылып, сигналдар құжаттың алғашқы нұсқасына айналады. Факстың стандартты мәлімет тасымалдау жылд. 4800—9600 бит/с шамасында болады.

Факс-модемдер модем мен факсимильдік байланыс аппаратының функцияларын бірге атқарады. Факс-модемді пайдаланып, мәтіндік мәліметті тек өз обоненттеріңіздің компьютеріне емес жәй қарапайым факс аппаратына да жіберуге және қабылдауға болады.

Мультимедия – информацияны бейнелеудің ең керекті түрі. Ол экранға мәліметтерді түрлі түсті мәтіндік, графикалық , дыбыстық мүмкіндіктерді біріктіре отырып шығарып, ЭЕМ-нің барлық жылжыту, сөйлету, музыка беру жақтарын толық пайдалынады.

Плоттер де (график сызғыш) мәліметтерді, негізінен графиктік информацияны қағазға шығарады.

Лазерлік принтерлер – ксерография принципін қолданатын құралдарға жатады, бұларда әріп бейнелері электірлік тәсілмен бояу жұқтырылған доңғалақ арқылы қағазға түседі.Доңғалаққа әріптер бейнесіндегі бояу жұқтыру компьтер командалары арқылы лазерлік сәулелермен жүргізіледі.

Принтер (баспа құрылғысы) мәтіндік және графикалық мәліметтерді компьтердің жедел жадынан қағазға басып шығаруға арналған. Ол рулон қағаз түрінде де , парақ та бола береді. Қазіргі кезде принтерлердің матрицалық, лазерлік, сия бүріккіш және термогафиктік түрлері бар. Матрицалық принтерлердің қағазға таңба салатын баспа тиегі тік орналасқан металл инелерден тұрады. Баспа тиегі қағаз жолдарымен жылжи отырып , керек кезінде бояйтын лента арқылы қағазды символ сүретіне сәйкес нұқып отырады. Сия бүріккіш принтерлерде қағаздағы бейне арнайы сия тамшыларын бүрку арқылы шығарылады. Бірақ олар қалыңырақ қағазды және тұрақты түрде қадағалап қарап тұруды керек етеді.

Байланыс – ақпаратты, почта және арнаулы жөнелтімдерді қабылдау, жинау, сұрыптау, беру (тасымалдау), жеткізу, тарату. Почта байланысы – почталық жөнелтілімдерді қабылдау, сұрыптау, тасымалдау және жеткізу, сондай-ақ мерзімдік басылымдарды жіберу, жеткізу және тарату. Курьерлік байланыс – фирмалар жүзеге асыратын хаттарды, бандерольдарды және қаптарды алу, тасымалдау және жеткізу, ұлттық почтадан басқа. Электр байланысы (телекоммуникациялар) – белгілерді, сигналдарды, дауыстық ақпаратты, жазбаша мәтінді, бейнелерді, дыбыстарды сым-өткізгіш, радио, оптикалық және басқа электрмагниттік жүйелер бойынша тарату немесе қабылдау. Телефон, телеграф, факсимильдік байланысты, деректерді және құжаттық хабарламалардың басқа түрлерін беруді, сондай-ақ телевизиялық, дыбыстық және радио және сымдық хабар таратудың өзге де түрлерін қамтамасыз ететін желілер мен құралдарды қосады.  Телефон байланысы – жергілікті (қалалық және ауылдық), қалааралық және халықаралық телефонмен сөйлесулердің жүзеге асуын қамтамасыз ету, телефон арналары бойынша деректер беруді ұйымдастыру.

Радио байланысы, радио және телевизия хабарларын тарату – радио және телевидения бағдарламаларын эфирге беру, телефондық-телеграфтық хабарларды, сандық ақпараттарды беруге арналған радио арналар ұсыну.  Деректерді тарату – екі символ түрінде соңынан сұрыптауға арналған немесе есептеу құралдарымен сұрыпталғаннан кейін ұсынылған деректерді электр байланысы құралдарымен таратуды қамтамасыз ететін электр байланысының түрі. 

Интернет – IP-Internet пакеттерін жалғаумен деректерді беру хаттамасында орналастырылған өзара байланыстағы компьютерлік желілердің жиынтығы.

Ұялы байланыс – радиотелефон байланысының жедел әрекетті жүйесі. Бұл жүйенің әрекет ету принципі АТС-қа шығатын қабылдау стансаларының аралардың ұялары сияқты қаланы (ауданды) жабуында. Ұялы радиотелефон иесі орын ауыстырған сайын ол автоматты түрде бір станциядан екіншісіне ауыстырылып-қосылып отырады.

Байланыс қызметтері-Байланыс кәсіпорындарының қызметінен түсетін табыстарға осы көрсетілген қызметтер төлемі мерзіміне қарамастан есепті кезеңде көрсетілген байланыс қызметтері үшін халықтан, кәсіпорындардан және ұйымдардан түскен қаражаттар жатады.  Почта жөнелтілімдері – жазбаша хат-хабарлар, сәлемдемелер, почта контейнерлері, сондай-ақ тиісті орамдағы баспасөз басылымдары.

Трафик – байланыс құралдарына жүктеме жасайтын шақырулар, хабарламалар мен сигналдар ағыны.  Байланыстың желілері мен құралдары

Негізгі телефон аппараттары - телефон станцияларының жабдықтарында бөлінген порты бар және абоненттің шеткі жабдықтарын жалпы пайдаланушының желісімен байланыстыратын белсенді бағыт, соның ішінде сымсыз қолжетімділік жүйелерін пайдаланумен (WiFi, WiMax соған ұқсас), қосарланған кесте бойынша қосылған және автоматты телефон станцияларында әртүрлі нөмірлері бар телефон аппараттары болып

табылады.

Бақылау сұрақтары

1. Байланыс дегеніміз не?

2. Электр байланысы дегеніміз не?

3. Телефон байланысы дегеніміз не?



-80%
Курсы повышения квалификации

Окраска волос

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Мәліметтерді беру стандарттары (176.73 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт