| Пәннің аты Әдебиеттік оқу | ||
| Сабақтың атауы | М. Әлiмбай. Әншi Әмiре | |
| Мақсаты Күтілетін нәтиже | 1. Әміре Қашаубаевтың өмір жолымен таныстыру. Негізгі ойды, идеяны ұғындыру Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту Сабақтың әдісі: СТО элементтері Күтілетін нәтиже: 1. Әнші Әміре Қашаубаев туралы мәлімет алады. 2. Мәтінді мәнерлеп оқуды, мазмұндауды үйренеді. 3. Болжауды, өз пікірін айтуға үйренеді.
| |
| Психологиялық ахуал | Психологиялық дайындық Біз балдырған баламыз, Құстай қанат қағамыз. Дүниені аралап, Оқып білім аламыз. | Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді. |
| Қызығушылықты ояту | Жаңа сабақ І. Қызығушылығын ояту фазасы. Бұл фазада еркін талдау стратегиясын қолданамын. 1. Еркін талдау стратегиясын қолданудағы мақсат: Ой-өрісін, ән мен әнші не білетіндерін еске түсіру, ойын жинақтау. Оқушыларды топқа бөлу, жетон тарату арқылы 4 топқа бөлінеді. -Балалар, ән дегенде ойларыңа не келеді? -Әнші дегенде ойларыңа не келеді? Құлақтан кіріп, бойды алар Әсем әнмен тәтті күй. Көңілге түрлі ой салар Әнді сүйсең, менше сүй, - деп дана Абай қазақтың ән мен күй құдіретін осылай жырлаған. Себебі, қазақтың әні мен күйі – халқымыздың көне заманнан бері қалыптасқан асыл қазынасы, ұлттың бекзат болмысы, жүрек сыздатқан сағынышы, көңілдің нәзік қылын шертер сезімі, мұң-шері, қызық қуанышы. ІІ. Мағынаны тану фазасында Болжау стратегиясын пайдалану. Әміре Қашаубаев туралы не білеміз? Мақсаты: өз пікірін еркін айтуға, өз көзқарасын дәлелдей білуге, өз ойларын қағаз бетіне түсіруге, өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру. 2,Оқулықпен жұмыс. Мақсаты: Әңгімені мәнерлеп, түсініп оқу. Топпен білім алуын қалыптастыру. Болжай отырып мәтінді баяндау. Тапсырмаларды топпен орындау Сергіту сәті Ұлылар Әміре туралы Видеоролик 1-топқа жуан сұрақ. - Жазушы Әміренің сыртқы түрін неліктен қазақтың еркіндігін еске түсіреді деп жазып отыр? - Сахнадағы жүрісі, өзін еркін ұстауы, киім киісі болашақта еркіндіктің боларын сездіреді. 2-топқа жіңішке сұрақ. - Әнді Әміре қалай айтады? - Әнді жүрегімен шабыттанып айтады. 3-топқа жуан сұрақ. — Сол кезде Әмірені мемлекет қайраткері Луначарский: «Қазақ даласының бұлбұлы» деп атаған.Қазіргі кезде қазақтың бұлбұлы атанған әншілерді білесіңдер ме? - Роза Бағланова, Бибігүл Төлегенова, Роза Рымбаева. 4-топқа жіңішке сұрақ. - Әміренің әнін халық қалай тыңдайды? - Халық сүйіп тыңдайды. -Балалар, сендер орындалған әннен қандай әсер алдыңдар, жан дүниелеріңді, сезімдеріңді тебіренте алды ма? Эссе жазу: «Егер мен әнші болсам!» | |
| Сергіту сәті | ||
| Ой толғаныс | ||
| Үйге тапсырма | Мазмұндау | Күнделіктеріне жазып беремін |
| Бағалау | Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
| Бағалау парақшасын толтырады. |
| Кері байланыс |
| Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады |


М. Әлiмбай. Әншi Әмiре (30.23 KB)

