Сабақтың тақырыбы: Көлік және байланыс географиясы.
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Көлік және байланыс географиясы туралы білім
беру, көлік түрлері және олардың дүние жүзілік экономикалық
байланыстағы рөлі, жолаушы және жүк айналымының негізгі
көрсеткіштері мен даму ерекшеліктері туралы түсінік
қалыптастыру.
Дамытушылық: Жаңа терминдерді есте сақтау, тақырыптық
Карталармен, сызба нұсқа, статистикалық кестелермен жұмыс
істеу икемділігін дамыту.
Тәрбиелік: еліміздің экономикасын арттыруға деген көзқарасты
тәрбиелеу. Еңбекқорлыққа өмір жолдарына белгілі мақсатқа қол
жеткізе білуге үйрету.Экономикалық экологиялық тәрбие беру.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес баспасөз – конференциялық сабақ.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру сұрақ – жауап, СТО әдістері элементтерін қолдану.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, Дүние жүзінің саяси картасы
көлік картасы.
Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру бөлімі.
Сыныпты сабаққа дайындау.
Оқушылардың ойын, пікірін жалпы сабаққа қатысын бағалап отыратын эксперт оқушыны сайлап алу. ( оқушылар ұсынысы).
2.Үй тапсырмасын сұрау.
1 кезең. «Географиялық диктант».
1.Дүниежүзіндегі ірі қара мал басы саны – 1,3 млрд.
2.Дүниежүзіндегі етті көп өндіретін алғашқы 5 ел -АҚШ,Қытай,Бразилия,Аргентина,
Ресей
3.Цеце шыбыны тарататын ірі қара ауруы - ұйқы
4.Дүниежүзіндегі қойы көп ел – Аустралия.
5.Дүниежүзіндегі қой басы саны - 1,2 млрд.
6.Қой өсіруден жетекші 5 ел - Аустралия, Қытай, Жаңа Зеландия, Уругвай, Ресей.
7 Дүниежүзіндегі ауланатын балық мөлшерін жан басына шаққанда–7 тоннадан асатын
ел – Исландия.
8.Құстың саны жағынан жетекші 3 ел – Қытай, АҚШ, Ресей.
9.Ауыл шаруашылық өнімдерін өндірудегі жетекші елдер – Қытай, АҚШ, Жапония
Аустралия.
10.Бразилия қандай өсімдік өсіруден және оны экспортқа шығарудан 1 орын алады
– Кофе.
3кезең. Жаңа сабақ.
Тақырыбы; Көлік және байланыс географиясы.
Мақсатымен таныстыру: Көлік және байланыс кешендерінің құрамдас бөліктерін,
дүниежүзілік даму деңгейіне тоқталамыз.
Слайд бойынша сабақ түсіндіріледі.
Көлік жүйесі
Дүние жүзілік жалпы ұзындығы 25 млн км.
Дүниежүзіндегі жалпы ұзындығы 1 млн 250 мың км
Сұрақ: Дж құбыр көлігі қалай дамыған?
Маман: Құрлық жолдары көлігінің арнайы маманданған түрлері құбыр және электронды көліктер. Оларды кез – келген бағытта жүргізуге болады.Әрі темір жолдан қысқа және ең арзан көлік.
Дүние жүзілік жалпы ұзындығы 4,5 – 5 мың км болатын құбырлар.Ресей, Канада, АҚШ.
Қазақстанда құбыр жүйесі ең жақсы дамыған аймақ батыс; одан мұнай мен газдың қуатты ағындары таралады Қазақстанда ең алғаш салынған мұнай құбыры 60 км. Доссор – Ракуша.
Ең алғаш ұзындығы 720 км ² магистралды мұнай құбыры 1936 жылы Атырау мен Ресейдің Ор қаласындағы мұнай өндіру зауыты арасында салынды.
Маңғыстау мұнайын тасымалдау үшін Өзен – Жетібай –Ақтау, Өзен – Ақтау – Самара.
Ресейдің Туймазы- Иркутск мұнай құбырынан Омбы - Павлодар – Шымкент – Чарджоу.
Келешекте Қазақстаннан 5 бағытта мұнай құбырын тарту жоспарлануда.
Атырау облсындағы Теңіз кен орнынан Ресейдің Қара теңіз жағалауындағы Новороссийск портына дейін ұзындығы 1000 жарым км қуаты жылына 75 млн тонна мұнай тасымалдайды.
Теңіз – Баку – Супса – Джейхан құбыр жолы Каспий теңізі арқылы Қазақстан мұнайын халықаралық саудаға шығару мүмкіндігі.
Иран мемлекеті арқылы өтіп Парсы шығанағы жағалауын баратын Теңіз – Харг құбыр жолы.
Батыс Қазақстан – Қытай – Тынық мұқиты жағалауы құбыр жолы Атасу – Алашанькоу.
Батыс Қазақстан – Құмкөл мұнай құбыры.
Дж теңіз көлігінің даму дәрежесі қандай? Теңіз көлігі бүкіл халықаралық сауданың 5,4-ін құрайды. Теңіз порттарының жалпы саны 2,5 мың. Ең ірі порт – Роттердам.
Кеме қатынасы мен жүк тасымалдауда:
1- орынды Атлант мұхиты,
2- орынды Тынық мұхиты,
3- орынды Үнді мұхиты алады.
Жетекші елдер: Панама, Либерия, Грекия, Кипр.
Ла Манш бұғазы арқылы тәулігіне 500 кеме өтеді.
Зонд бұғазы арқылы-175
Гибралтар бұғазы арқылы 140 кеме өтеді.
Қазақстандағы өзен көлігі Ертіс өзенінде жылына 36 мың адам
1-орын -АҚШ Байланыс жүйесінің 2/5, жаңа байланыс жүйесінің 9/10.
4 кезең. Мағынаны ашу. Білімді меңгертуге арналған тапсырмалар.
Картамен жұмыс.
1. Көлік кешенінің негізгі жүк тасымалдау бағыттарын картадан табу.
2. Карта бойынша ірі теңіз проттарын анықтау.
3. Ірі теңіз каналдары мен бұғаздарды көрсетіп олардың жүк тасымалдаудағы маңызын сипаттау.
Білімді бекіту сұрақтары:
1. Көліктің ең жылдам түрі - Ұшақ
2. Таситын жүк көлемі жағынан ірі көлік - Теңіз
3. Ең қымбат көлік - Ұшақ
4. Таситын жолаушылар саны жағынан ірі көлік - Автомобиль
5. Жүк айналымы бойынша ірі көлік – Теңіз.
6. Экологиялық лас көлік - Автомобиль.
7. Ең арзан көлік - Құбыр.
8. Қақпадан қақпаға жеткізетін көлік – Автомобиль.
9. Басқа көлік түрлеріне ұқсамайтын көлік – Электронды.
Сабақты қорыту.
бағалау.
Үйге тапсырма.40 кескін картаға көлік кешенін түсіру.