Оқу ісінің меңгерушісі: ___________________
Сабақ : № 2
Күні:_____________
Пән атауы: Информатика
Сабақтың тақырыбы: Әлемнің ақпараттық көрінісі
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың табиғаттағы ақпарат туралы түсініктерін қалыптастыру, сипаты мен қабылдау тәсілдері бойынша әр түрлі ақпарат түрлерін білуге дағдыландыру.
Табыс критерийлері:
Ақпарат түсінігін ұғына аламын. (1-4бал) 3деген баға
Адам өмірінде ақпараттық рөлі қандай екенін білемін. (5-8) 4деген баға
Ақпарат үдерісі дегеніміз не екенін білемін. (9-10) 5деген баға
Қолданылған модульдер: «Оқыту мен оқудағы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану», «Диалогты оқыту», «Оқуды басқару және көшбасшылық», « Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау», «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», «Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу».
Стратегиялық іс-әрекеттер: "Шаттық шеңбері", "Сұрақ-жауап", "Миға шабуыл", "Түртіп алу", "Диалогты оқыту", "Критериалды бағалау"
Сабақтың барысы:
| Уақыт өлшемі | Мұғалім іс-әрекеті | Оқушы іс-әрекеті | Ресурстар |
| Кіріспе 5 мин. | Оқушыларды сыныпта қарсы алады, сәлемдеседі. Орындарынан тұрғызып шеңбер құрғызып, жақсы тілектерін айтқызады. Оқушылардың назарын сабаққа аударады.
Техника қауіпсіздік ережесі тақырыбындағы үй жұмысын сұрақ –жауап арқылы сұрайды. Компьютер сыныбында қандай ережелерді орындап жүру қажет. Көзге жасалатын жаттығулардың түрлерін атаңдар?
Бірден компьютерден сұрақтардың жауабының нәтижесі көрсетіледі. Информатика кабинетінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтау керектігі жайлы үйге тапсырма берілген. | Оқушылар алдымен өздеріне жылы лебізін білдіріп содан соң бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді. Оқушылар сабаққа дайын екендігін көрсетеді.
Сұрақтарға жауа береді.
Компьютер кабинетінде қауіпсіздік ережесі жайлы түсінік береді. |
Слайдтар
|
| Тұсаукесер 5 мин. | Топқа бөлу. Ақпаратты сақтау. Ақпаратты есту. Ақпаратты көру.
«Миға шабуыл» Ақпарат дегеніміз не, оны қалай түсінеміз?
| Атауларға байланысты шағын топтарға бөлінеді.
Оқушылар танымдық қабілеттерін пайдаланып өз ойларын, білгендерін ортаға салады. |
|
| Негізгі бөлім
15мин
15 мин
| Оқушы білгендерін тыңдай отырып, жаңа сабақ тақырыбымен және мақсатымен таныстыру. Ендеше, бүгінгі жаңа сабағымыз « Әлемнің ақпараттық көрінісі »
Оқулықтағы §2 Әлемнің ақпараттық көрінісі тақырыбын топтарға оқыту. Сол тақырып бойынша оқушылар өздеріне қажетті сөйлемді дәптерлеріне түртіп алу керектігін, содан сон оқушылар топтың ішінде бір-біріне түсіндіру керектігі айтылады. Постер қорғалады. «Түртіп алу» стратегиясы.
«Ақпарат» сөзі латынның түсіндіру, баяндау, мәлімет дегенді ұғымды білдіреді information сөзінен шыққан. Қазіргі кезде ақпарат , күделікті тұрмысқа ғылымның әр түрлі саласына кеңінен енді. Ақпаратты біз жазбаша немесе ауызша, тіпті қимыл –қозғалыс түрінде бере аламыз. «Ақпарат сөз белгілі бір хабардың, жаңалықтардың өткен оқиғалардың мазмұнын білдіреді. Адам ақпаратты үш деңгейде өңдей алады, атап айтқанда , сезім мүшелері, ақылмен ойлау, сөзбен жеткізу. Адам ақпаратты сақтай, жеткізе, өңдей алады. -Біз кітап, газет-журналдар оқығанда ақпаратты есте сақтап жинаймыз да, біраз уақытқа дейін басқа біреуге жеткізе аламыз. Адам миы ақпаратты тек қабылдап қана қоймай сақтай да алады. Бірақ көп уақыт мида сақтай алмайды. Сондықтан ақпаратты сақтау үшін қағаз, түрлі таспалар, дискілер қолданылады. | Жаңа сабақ тақырыбымен танысады.
Оқушылар жаңа тақырып бойынша өздеріне қажетті жерді түртіп алады да мағлұматтарын дәптерлеріне түсіреді, өз тобында талқылайды, постерге түсіріп 3 топ бір-біріне түсіндіреді. Тақырыпты ортаға салады. Өз пікірлерін постер арқылы қорғайды.
Оқушылар берілген тапсырмаларды компьютерде орындайды.
Оқушылар компьютерде жасаған мәліметтерін қалай жасағандығын айтып қорғап шығады.
| АКТ
Оқулық Постер Маркер
АКТ
Компьютерлер. |
| Қорытынды 5 мин | Табыс критерийлері арқылы өздерін бағалайды. Білдім. Білгім келеді.
Үйге тапсырма беру. §2 | Смайликтерді табыс критерийлері бойынша түсінген өздеріне кажетті жерге жабыстырады. Үй тапсырмасын оқушылар күнделікке жазады. | Смайликтер. |


Әлемнің ақпараттық көрінісі (16.64 KB)

