Лексика-грамматикалық тапсырма №1 5 сынып.
1. Реттік сан есімдердің жұрнағын жалға: Бес..... алты..... .....
а/ыншы, інші ә/інші,ыншы б/ншы, ыншы
2. Көп нүктенің орнына жатыс септігінің жалғауын қой: сөмке.... парта..... дәптер.....
а/да, да, ле ә/де, да, де б/да, на, де
3. Қандай сұрағына жауап беретін сөздерді тап:
а/ үлкен, ұзын, сұлу ә/қара, отыр, жат б/ бар, сары, жатыр
4. Жіктік жалғауын тап..
а/менің дәптерім, оқулығым ә/демалыс, орындығым
б/ сен оқушысың, олар құрылысшы, мен студентпін
5. Шығыс септіктің жалғауларын тап.
а/ -ға, ге, қа-, -ке ә/-ның,- нің, -дың, -дің б/ -дан, -ден, -тан, -тен,-нан, -нен
6. Мемлекеттік рәміздерді ата
а/Елтаңба, заң, ереже ә/Мемлекеттік Ту, Елтаңба, Гимн б/Конституция, ереже, бап
7. Барыс септігінің жалғауларын табыңдар
а/ -ға,-ге,-қа,-ке ә/-дан,-ден,-тан,- тен б/-ның,- нің, -дың, -дің
8. Сын есім дегеніміз не табыңыз
а/заттың санын білдіреді ә/ заттың атын білдіреді б/заттың түрін, түсін білдіреді
9. Сын есімнің сұрақтарын табыңыз.
а/неше? қанша? ә/қандай? қай? б/ қайда? қай?
10. Кіммен? Немен? қай септіктің сұрақтары?
а/көмектес ә/барыс б/жатыс
Лексика-грамматикалық тапсырма №2 5 сынып.
1. Барыс септігінің сұрақтарын табыңдар.
а/қайдан? Неден? ә/кімге? Неге? Қайда? б/кімнің? Ненің?
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерді табыңдар
а/гимн, елді мекендер ә/шекара, ту, елтаңба б/ гимн, ту, елтаңба
3. Қаладан келдім. Сөз тіркесі қай септік арқылы байланысқан табыңыз
а/барыс ә/шығыс б/көмектес
4. Республикамызда қанша ұлт өкілі тұрады табыңыз
а/130 ә/ 60 б/500
5. Жатыс септігінің сұрақтарын табыңыз.
а/қайда? Кімде? Неде? ә/қайда? Кімге? Неге? б/кімді? Нені? Неге?
6. Есімдіктерді табыңыз.
а/ менің, сенің, сіздің, оның ә/олар, менде, сенің б/мен, сен, сіз, біз,олар
7. Етістіктің болымсыз түрлерін көрсетіңіз.
а/-ма,-ме, -ба,-бе,-па,-пе ә/үшін, сияқты, және б/не, немесе, және
8. «Здоровый человек» аудармасын тап
а/ ауру адам ә/ адал адам б/дені сау адам
9. Есім сөздердің орнына қолданылатын сөздер қалай аталады табыңыз
а/үстеу ә/есімдік б/етістік
10. Есімдіктерді табыңыз
а/үш, бес ә/оқиды, жазады б/ мен, олар
Лексика-грамматикалық тапсырма №3 5 сынып
1. Өздік есмідігі қатысқан сөйлемді анықтаңдар
а/ол спортпен айналысады ә/өзі сауатты адам б/сендерге барамын
2. Болымсыз етістікті табыңыз
а/ келмеді, келген жоқ ә/келді ме? б/ келуі керек
3. С.Сәпиев қандай спорт түрінен жеңімпаз болды анықтаңыз
а/ауыр атлетикадан ә/жеңіл атлетикадан б/ бокстан
4. Демеулік қатысқан сөйлемді табыңыз
а/сен мектепке барасың ба? ә/әжем келді б/балалар ойнап жүр
5. Ұлттық спорт түрлерін табыңыз
а/күрес, каратэ ә/сурет, мүсін өнері б/тоғызқұмалақ, күрес
6. Көп нүктенің орнына тиісті есімдіктерді қойыңыз.
......мектепте жақсы оқимын. ....ұстазымызбен бірге саяхатқа барамыз.
а/сен, олар ә/мен, біз б/сіз, саған
7. Еңбекке баулу, шеберхана, тарих кабинеттерінің атауын табыңыз
а/история, библиотека, мастерская ә/технология, мастерская, история б/труд, история
8. Үлкен, жарық, қызықты, таза сын есімдерден күшейтпелі шырай түрін жасаңдар
а/жап-жарық, тап-таза, үлкендеу ә/тазалау, жап-жарық, үп-үлкен
б/үп-үлкен, жап-жарық, қып-қызыл, тап-таза
9. «Өмір-үлкен......», «Мектпе-кеме, білім-........», «......-алтын казына» сыңарын тап.
а/мұғалім, кітап, кеме ә/мектеп, кеме, ұстаз б/мектеп, теңіз, кітап
10. Есептік сан есімнің сұрақтарын табыңыз.
а/нешінші? ә/қанша? неше? б/ немен? Қалай?
Лексика-грамматикалық тапсырма №4 5 сынып
1. Есептік сан есімнен жасалған тіркесті табыңыз.
а/екі бала ә/екінші бала б/алты-алтыдан
2. Барыс септікте тұрған сөзді табыңыз
а/қалаға келу ә/қаладан келу б/қаламмен жазу
3. Күшейтпелі шырайда тұрған сөзді табыңыз
а/ үлкендеу ә/үп-үлкен б/үлкенірек
4. «Мектеп» сөзі қай тілден шыққан табыңыз
а/орыс ә/қытай б/араб
5. «Қып-қызыл» сөзі қандай шырайда тұр анықтаңыз
а/жай шырай ә/күшейтпелі шырай б/салыстырмалы шырай
6. Асты сызылған сөздердің аудармасын табыңыз. Біздің мектепте мастерская бар. Ол жерде әртүрлі вешь жасайды.
а/ шеберхана, бұйым ә/ою, шеберхана б/ ою, бұйым
7. Жалғаулық шылауларды табыңыз.
а/оның, сенің ә/мен, сен, сіз б/және, мен, себебі, немесе
8. 25 мая прозвенит последний звонок аудармасын табыңыз.
а/25 маусымда соңғы қоңырау соғылды ә/25 мамырда соңғы қоңырау соғылады
б/25 шілдеде алғашқы қоңырау соғылады
9. Летом мы будем купаться аудармасын табыңыз
а/қыста ойнаймыз ә/жазда өзенге барамыз б/жазда суға щомыламыз.
10. Ученики и родители пойдут в поход аудармасын табыңдар.
а/оқушылар және ата-аналар саяхатқа барады ә/оқушылар мен мұғалімдер саяхатқа
барады. б/оқушылар саяхатқа өздері барады.
Лексика-грамматикалық тапсырма №5 5 сынып
1. Заттың атын білдіретін сөзді не дейміз, анықтаңыз
а/ сын есім ә/зат есім б/етістік
2.Атау септіктің сұрақтарын табыңдар
а/ кім? не? ә/кімнің? Ненің? б/неше? қанша?
3. Жалқы есмідерді табыңыз.
а/ мектеп, сынып, кеме ә/гүлдер, ойнаймын, кеше б/Көкшетау, Петропавл, Қамсақты
4. Менің отбасым, сенің мектебің, оның сөмкесі бұл сөздер қай жалғауда тұр,анықта
а/септік жалғау ә/тәуелдік жалғау б/көптік жалғау
5. Сұраулық шылауларды табыңыз
а/ үйге бар/ма/ ә/ келесің/бе/ б/ жаз/ба/ймын
6. Сезімтал, еңбекқор, мейірімді сөздердің аудармасын табыңдар
а/чувствительный, трудолюбивый, добрый ә/добрый, леивый, скромный
б/чувствительный, радостный, любимый
7. –да, -де,-та,-те, -нда,-нде қай септіктің жалғаулары, табыңдар
а/ барыс ә/табыс б/жатыс
8. –ды,-ты,-ді,-ті,-ны,-ні қай септіктің жалғаулары табыңдар
а/ барыс ә/табыс б/көмектес
9. Заттың ретін білдіретін есім қандай табыңыз.
а/ есептік ә/ реттік б/бөлшектік
10. Алты, жеті, он деген сандарған дұрыс жұрнақтарын табыңдар
а/-ыншы, -інші, ыншы ә/ыншы, -інші, нші
Лексика-грамматикалық тапсырма №6 5 сынып
1. Мен бірінші үйде тұрамын бұл сөйлемнің дұрыс аудармасын анықтаңдар
а/я живу в девятом доме ә/он живет в первом доме б/я живу в первом доме
2. Досым, поезд, автобус сөздерге көмектес септікті жалғаңдар.
а/бен, пен, мен ә/мен, бен, пен б/мен, пен, мен
3. Сан есім дегеніміз не, анықтаңыз
а/заттың түрін, түсін білдіретін сөздер ә/заттың санын білдіретін сөздер
б/заттың атын білдіретін сөздер
4. Барыс септіктің жалғауларын табыңдар
а/-да,-де, -та,-те ә/-ға,-ге,-қа,-ке б-дан,-ден,-тан,тен
5. Заттың қимылын, әрекетін білдіретін сөздерді......деп атайды
а/сын есім ә/сан есім б/етістік
6. Күлме досыңа-......толықтырып жазыңдар
а/келер қасына ә/келер басыңа б/келер қасынан
7. Ілік септіктің жалғауларын табыңдар
а/-нда, -нде ә/-ға,-ге б/-ның,-нің
8. Шұбат, қымыз қай жануарлардың сүттері анықтаңыз.
а/сиыр, жылқы ә/жылқы, қой б/түйе, жылқы
9. Барыс септігінің жалғаулары мен сұрақтарын табыңдар.
а/ кімге? Неге? -ға, -ге ә/ кімде? Неде? -дан, -тен б/ кімнен? Неден? -дан, -тен
10. Сын есімнің сұрақтарын табыңдар.
а/қандай? Қай? ә/қашан? қандай? б/қайда? Қай?
Лексика-грамматикалық тапсырма №7 5 сынып
1. Біздің Республикамыз қандай ел, анықтаңдар
а/егеменді, тәуелді ә/тәуелсіз, егеменді б/тәуелді, бай
2. Қазақстанның астанасы....қай қала
а/ Астана ә/Алматы б/Петропавл
3. Астана қай өзеннің бойында орналасқан, анықтаңдар
а/Тобыл ә/Есіл б/Ертіс
4. «Медеу» мұз айдыны қай қалада орналасқан, анықтаңдар
а/Астанада ә/Қарағандыда б/Алматыда
5. Қазақ тілінде неше септік бар, көрсетіңіз.
а/8 ә/5 б/7
6. Кімме? Немен? қай септіктің сұрақтары табыңыз
а/атау ә/көмектес б/барыс
7. Біздің облыс орталығымыз қай қала, анықтаңыз
а/Көкшетау ә/Петропавл б/Саумалкөл
8. Қазақстанның қай өңірінен көмір табылған, көрсетіңіз
а/Көкшетау ә/Атырау б/Қарағанды
9. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерді табыңдар
а/гимн, ту, елтаңба ә/шекара, ту, елтаңба б/гимн, елді мекендер, киіз үй
10. Қаладан келдім. Сөз тіркесі қай септік арқылы байланысқан, көрсетіңіз.
а/барыс ә/шығыс б/көмектес
Лексика-грамматикалық тапсырма №8 5 сынып
1. Досымның кітабы, оның үйі, біздің жер қай септіктерде тұрғанын анықтаңдар
а/атау ә/барыс б/ілік
2. Дед Мороз и Снегурочка атаулардын аудармасын табыңдар
а/Ақ қалағ Аяз ата ә/Аяз ата, Ақшақар б/Аяз ата, аққар
3. Қыс айларын табыңдар
а/шілде, тамыз, маусым ә/қыркүйек,қазан, қараша б/желтоқсан, қаңтар, ақпан
4. Жаңа жыл біздің елімізде қай күні тойланады, анықта
а/1 желтоқсан ә/16 желтоқсан б/31 желтоқсан
5. Жіктеу есімдікті табыңдар
а/мен, сіз, олар ә/біздің, оның, сенің б/олар, біздер, сендер
6. Өздік есімдіктерді табыңдар
а/біздер, ол, сендер ә/өз, өзім, өзің б/бұлар, сіздер, мен
7. Етістіктің болымсыз түрлерін анықтаңдар
а/жат/па, айт/па, жаз/ба/ ә/барасың/ба/, жазасың/ба/,көр/ме/ б/бар, айт,жатыр
8. Демеулік шылауларды табыңдар
а/-ма,ме,па,пе,ба,бе ә/мен,бен,пен б/ған,ген, қан,кен
9. Футбол спортында немен ойнайды, көрсетіңіз
а/шахматпен ә/шашкимен б/доппен
10. Қазақтың ұлттық спорт түрлерін көрсетіңіз
а/футбол,волейбол,баскетбол ә/бәйге, көкпар, тоғызқұмалақ б/ шахмат, шашки, теннис