Меню
Разработки
Разработки  /  Технология мальчики  /  Мероприятия  /  Прочее  /  " КВН - Кубок директора"

" КВН - Кубок директора"

КВН - это веселая и забавная игра, которая способная заряжать даже самых унылых людей, заряжжя позитивом, учить людей смеяться.

28.02.2017

Содержимое разработки

«Рымбек Байсеитов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі» РМҚК

Директордың ауыспалы кубогына арналған «Жайдарман ойынының» сценарийі


Өткізілетін күні, уақыты: 09.12.2016, 13:35

Өткізілетін орны: Колледждің мәдениет залы

Қатысушылар: 1 негізгі, 2 қысқартылған топ студенттері

Ұйымдастырушы: Жастар ісі комитеті


Жүргізуші: Қайырлы күн, ардақты ұстаздар, студенттер және құрметті қонақтар! Директордың ауыспалы кубогы 2016 арнайы Жайдарман ойынына қош келдіңіздер! Бүгінгі сайыста 1 негізгі, 2 қысқартылған топ студенттері өз бақтарын сынағалы отыр. Асыға күткен ойнымызды бастамас бұрын, топтар арасынан шын жүйрігін таңдап, әділ бағасын беретін қазылар алқасымен таныс болыңыздар:

1. Колледж директоры Арғынғазин Думанғазы Семейғазыұлы

2. Директордың ақпараттық жүйелер бойынша орынбасары Жүнісжанов Бағнұр Бақытказиевич

3. Педагог-ұйымдастырушы Карибжанов Самат Алпамысұлы

4. Жоспарлау бөлімінің басшысы Баймухаметов Мұхтар Асхатович

5. Арнайы пәндер циклдық комиссиясының оқытушысы Игишов Ернар Төлеутаевич

Бүгінгі ойынымыз 2 сайыстан тұрады. 1 сайыс таныстыру. Топтарға қойылатын жоғарғы бал 5 бал болып есептелінеді. Ендеше сахна сыртында өз кезегін күтіп тұрған командаларға кезек берейік. Бастайтын 1 негізгі ФО-2 тобы. Топ жетекшісі Касымханова Бақыт Мұхамадиевна! Сәттілік!

Келесі кезекте 1 негізгі ВТ-1 тобы. Топ жетекшісі Көкенов Нұржан Абылкакович.

Алдарыңызда 1 негізгі Есеп-1 тобы. Топ жетекшісі Тұрлыбекова Амина Сейілгазиевна. Қол соғып қошеметтеп отырыңыздар!

Келесі болып өз өнерлерін көрсететін 1 негізгі ИС тобы. Топ жетекшісі Ихсанова Аяулым Серикқалиқызы.

Сахнаға 1 негізгі ФО-1 тобын қошеметпен шақырамыз! Топ жетекшісі Молдашева Сандуғаш Тулешовна.

1 сайысты аяқтайтын 2 қысқартылған ИС. Топ жетекшісі Қалымжанова Алуа Бақытхановна.




Жүргізуші: Осымен І сайысымыз аяқталды. ІІ сайыс «Жанбату». Барлық топтарды ортаға шақырамыз. Бұл сайыстың ережесі бойынша әрбір команда әр айналымда 2 әзілден оқиды. Әр айналымның аяғында қазылар алқасы өздеріне ұнамаған команданың реттік санын көтереді және сол команда келесі айналымға өтпейді. Сайыс ережелерімен таныс болсақ ІІ сайысымызды бастайық! Командаларға сәттілік!


Жүргізуші: Бүгінгі ойынымыздың 2 сайысы да аяқталды. Қазылар алқасы жеңімпазды анықтап, өз шешімдерін шығарғанша бүгін бізде арнайы қонаққа келген «Достар» жайдарман тобының өнерін тамашалаңыздар!


Жүргізуші: Сайысымызды қорытындылау үшін сөз кезегі колледж директоры Арғынғазин Думанғазы Семейғазыұлына беріледі!


Жүргізуші: Директордың ауыспалы кубогына арналған Жайдарман ойыны өз мәресіне жетті. Келген қонақтарға алғысымызды білдіреміз! Көріскенше күн жақсы, аман сау болыңыздар!

-80%
Курсы повышения квалификации

Исследовательская деятельность учащихся

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
" КВН - Кубок директора" (14.03 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт