Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы Электролиттік диссоциациялану теориясы . Тұздардың гидролизі | Күні: | № 19 М.Мақатаев ЖОМ КММ | ||||||||||||||||||||||||||||||
Мұғалімнің есімі: Битабарова Хадиша Исабековна | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Қатысушылар саны: оқушы | Қатыспағандар: оқушы | |||||||||||||||||||||||||||||||
Сыныбы: 9 | № 7 -сабақ | |||||||||||||||||||||||||||||||
Тақырыбы: Күшті және әлсіз электролиттер. Диссоциациялану дәрежесі | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ негізделген оқу мақсаты | 9.2.3.1. Табиғаттағы және тұрмыстағы күшті және әлсіз электролиттер, электролиттік дисоциациялану дәрежесі туралы түсінік беру. Электролиттік диссоциациялану дәрежесі және оның белгіленуі туралы мағлұмат беру. Күшті және әлсіз электролиттердің айырмашылығын дәлелдеу. | |||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаттары
| Барлық оқушылар: Электролиттер түрлерін анықтай алады Оқушылардың басым бөлігі: Күшті және әлсіз электролиттерді ажыратады Кейбір оқушылар: Дисоциациялану дәрежесін қолдана отырып сан есептерін шығарады. | |||||||||||||||||||||||||||||||
Ойлау деңгейлері | Білу, түсіну | |||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Барлық оқушылар: Оқушылар диссоциациялану дәрежесін табуды және күшті, орташа, әлсіз электролиттерді ажырата білу білігін меңгереді. Оқушылардың басым бөлігі: Қышқылдардің, негіздердің және тұздардың электролиттік диссоциациялану теориясы негізінен диссоциациалануы туралы білімді меңгереді Кейбір оқушылар: Күрделі заттар электролиттердің диссоциациялану теңдеуін жазып біледі. Химиялық реацияның ортасын анықтай алады. | |||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсат | Оқушылар: Қышқылдар, негіздер және тұздар ерітінділердің электрөткізгіштігін тексеру | |||||||||||||||||||||||||||||||
Негізгі сөздер мен тіркестер: Электролит ерітіндісінің электрбейтараптығы және қышқылдардың, негіздердің, тұздардың сатылы диссоциациясы туралы түсінік. Индикаторлардың қышқылдар мен сілтілерге әсері. | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Сыныптағы диалог/ жазылым үшін тілдік бірліктер: Талқылауға арналған тармақтар: Сіз қаншалықты ... білесіз ? Жазылым бойынша: | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Алдыңғы тақырып (меңгерген дағдылар) | Электролиттік диссоциациялану механизмі. | |||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтар
| Достық,адамгершілік,жауапкершілікті құндылықтарын дамыту («Мәңгілік –Ел» бағдарламасы) | |||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Физика ,жаратылыстану | |||||||||||||||||||||||||||||||
Жоспар | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Жоспар- ланған уақыт | Жоспарланған жаттығулар | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||||||||||
Басталуы: 10 минут
| Сәлемдесу.Оқушылардың жылдамдық,шапшаңдық дағдысын дамыту үшін бес секундта бірнеше адаммен сәлемдесу тапсырмасын беру. Топқа біріктіру: . Жаңа материалды оқыту: І-тапсырма. Түрткі сұрақтар: Электролиттердің молекулалары толық диссоциациялана ма? әлде жартылай диссоциациялана ма? Электролиттердің диссоциациялануы неге байланысты? ІІ-тапсырма. 1.Ионды қосылыстардың суда еру механизмін 2. Гридраттанған иондар деген не? 3. Электролиттік диссоциациялану деп қандай процесті атаймыз? 4. Қандай бөлшектер: а) иондар; ә) катиондар; б) аниондар деп атайды? Мысалдар келтіріңдер. ІІІ-тапсырма. Өзіндік жұмысы. І-деңгей 1. Мына сұйықтардың: а) спирт, б) ас түзының судағы ерітіндісі, в) дистильденген су, г) қанттың судағы ерітіндісінің қайсысында электр өткізгіштік көбірек біөлінеді? ІІ-деңгей 1. Төменде келтірілген сұйықтардың: а) 100 проценттік күкірт қышқылы; б) азот қышқылының судағы ерітіндісі; в) азоттың судағы ерітіндісі; г) натрий гидросульфатының судағы ерітіндісінің қайсысында электр тогын өткізу көбірек білінеді? 2.Фторсутектің электр өткізгіштігі өте аз, ал оның судағы ерітіндісі ток өткізеді. Мұны қалай түсінуге болады? ІІІ-деңгей 1. Сусыз күкірт қышқылын темір ыдысқа құйып сақтауға да болады. Ал тұз қышқылын болаттан жасалған ыдыста сақтамай, шыныдан немесе қыштан жасалған ыдысқа құйып сақтайтын себебі не? 2. Хлорсутектің бензолдағы ерітіндісі электр тогын өткізбейді және мырышқа әсер етпейді. Мұны қалай түсінуге болады? | Периодтық жүйе | ||||||||||||||||||||||||||||||
Ортасы: 30 минут
| Мағынаны тану . Мәтінмен жұмыс Тұз қышқылы сірке қышқылына қарағанда иондарға көбірек диссоциацияланады. «Диссоциациялану дәрежесі» ұғымы және α = — .... (мұндағы n – иондарға ыдыраған бөлшектер саны, N – еріген молекуланың жалпы саны) формуласының мәнін нақты мысалдармен түсіндіреді. Мысалы: 20С0-та тұз қышқылының концентрациясы с (НСl) = 0.9 моль/л болған жағдайда диссоциациялану дәрежесі: α = 0,91 немесе 91%. Содан соң оқушыларға деңгейлі тапсырмалар бойынша оқулықпен өзіндік жұмыс орындау ұсынылады. Тапсырма. Оқулықты пайдаланып, мына сұрақтарға жауап беріңдер. 1. «Ерітіндіде сірке сірке қышқылының диссоциациялану дәрежесі 0,013% немесе 1,3%-ке тең» деген сөйлем нені білдіреді? 2.Электролитті суда еріткенде әрбір 100 молекуладан: а) 70; ә) 5 молекула ионға ыдыраған жағдайда оның диссоциациялану дәрежесі неге тең болады? 3. Бейорганикалық қосылыстардың әртүрлі класына жататын электролиттерге 2 мысалдан келтіріңдер: а) күшті; ә) орташа; б) әлсіз. 4. Электролитті суда еріткенде әрбір 100 молекуланың 70-і немесе 10-ы иондарға ыдыраған жағдайда, электролиттің диссоциациялану дәрежесі неге тең? 5. Диссоциациялану дәрежесі 0,31%-ке, 50%-ке, 25%-ке тең дегенді қалай түсінуге болады. Мүмкіндігіне қарай диссоциациялану дәрежесінің концентрацияға, температураға және электролиттің табиғатына тәуелділігін экспериментті түрде көрсетуіне болады. Мысалы, электрөткізгіштікті сынайтын аспапты пайдаланып, сірке қышқылының электрөткізгіштігін тексеруді қарастырамыз. Алғаш электр шамы әлсіз ғана жылтыраса, ерітіндіге су құйған сайын шам жарқырап, жануы күшейе түседі. Күшті және әлсіз электролиттер туралы ұғым бекіту үшін олар мен бірге мынадай кестені толтыруға болады Оқулықпен жұмыс. Сулы орта үшін электролиттердің жіктелуі.
| Флипчарт, түрлі – түсті қаламдар, Интербелсенді тақта, интернет желісі, Инетербелсенді тақта, кесте | ||||||||||||||||||||||||||||||
Аяқталуы 5 минут | Кері байланыс: Тақырып соңындағы сұрақтарға жауап беру. 1-5 жаттығулар /ауызша/ Оқушылар білімін «Ыстық орындық» әдісі арқылы қорытынды жасалады. Оқушылар білімін кері байланыс «Инсерт әдісі»арқылы қорытынды жасалды. 1.Сіз бүгін нені білдіңіз? 2.Сіз үшін не құнды болды? 3. Қандай тапсырманы орындау қиынға соқты? Оқушылар өз пікірлерін айтып,сабақ қорытындыланды. Үйге: №1,3,4,6 жаттығуларды орында. | | ||||||||||||||||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау – Сіз қосымша көмек (қолдау) көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Анағұрлым қабілетті оқушыларға жаттығуларды күрделендіруді қалай жасайсыз? | Бағалау-оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? | Пəнаралық байланыс. Қауіпсіздік жəне еңбекті қорғау ережелері. АКT байланыстары. Құндылықтардағы байланыс. | ||||||||||||||||||||||||||||||
Формативті бағалау, бір-біріне түсіндіру және дұрыс нәтижеге бағыттау әдістері арқылы қосымша көмек көрсетемін. Деңгейлік тапсырмалар, жұмыстар беру арқылы қаблетті оқушыларды дамытамын. | | Латын тілі алфавиті (таңбалар).математика,биология,физика. | ||||||||||||||||||||||||||||||
Рефлексия Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары сəтті болды ма? | Өз сабағыңыз туралы рефлексияны төмендегі бос орынға жазыңыз. | |||||||||||||||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||||||||||||||||
Қорытынды бағамдау: Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1. Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1. Критериалды бағалауды дұрыс жосарлағанда деп ойлаймын. 2. Академиялық тілді дұрыс қолданғанда. Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім? 1. Қалыптастырушы бағалау кезінде мен нені,қалай оқыту керектігін түсіндім. 2. Кері байланыс ала отырып. |