Сабақтың тақырыбы: «Күмбірле, күй – домбыра!»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды халық музыкасын, мәдениеті мен өнерін түсініп, бойына сіңіре білуге дағдыландыру.
Білімділік міндеті: Қазақ халқының ұлттық өнерін, ұлттық аспап домбыра туралы түсінуі тиіс;
Дамытушылық міндеті: Оқушылардың сабаққа ынтасын, қызығушылығын арттыру, ырғақты сезіну, биік дыбысталуды есту, есте сақтау қабілетін дамыту, домбыра аспабында күй ойнау, ән тыңдау, оқушылардың ой-өрісін жетілдіру;
Тәрбиелік міндеті: Оқушы бойына музыкалық тәрбие қалыптастыра отырып, ұлттық өнерді сүйе білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: бекіту сабағы, лекция-концерт
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, көрнекілікпен түсіндіру, күй тарту, ой бөлісу
Пәнаралық байланыс: музыка, тарих, әдебиет, физика, математика,
бейнелеу
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі ;
Үй тапсырмасын сұрақ-жауап арқылы тексеру;
Сабақты бекітіп, қорытындылау;
Мұғалім: Ал енді, сіздер менің алдымда жатқан шоколадтардан таңдап, алу арқылы 3 топқа бөлінесіздер.
Домбыра, дауылпаз атты шоколад тандаган оқушылар 1-ші топқа;
Қобыз, жетіген атты шоколад тандаган оқушылар 2-ші топқа;
Асатаяқ, қоңырау атты шоколад тандаған оқушылар 3-ші топқа бөлініп отырыңыздар!
- Мен сіздерге үйге қазақтың ұлттық аспаптары жайлы қосымша мағлұмат әкелулеріңізді тапсырғанмын. Сіздер үйден әкелінген мағлұматтарды пайдалана отырып, осы сабақта берілетін тапсырманы топпен бірігіп жасайсыздар.
Үй тапсырмасын сұрақ-жауап арқылы тексеру.
Музыка дегеніміз не? (Музыка дегеніміз - белгілі биіктіктегі дыбыстардан тұратын, адамға сазды әуенімен әсер ететін, дыбыстық көркем бейнеге негізделген өнер түрі.)
Сөз неден құрылады? (пауза) иә, ол әріптерден құрылады, ал музыкалық дыбыстар неден құрылады? (Музыкалық дыбыстар нотадан құрылады)
Неше нота дыбыстары бар? (7еу: до, ре, ми, фа, соль, ля, си)
Мұғалім: Олай болатын болса, нота туралы өлеңді барлығымыз бірге қосылып айтып көрейік! (Ноталардың қысқаша қайырымын оқушылар айтқан кезде, тақтаға нота дыбыстары 5 сызыққа ілінеді және де домбыра аспабында қағыстармен тартып, ойнайды.)
(Нота музыкасы қойылады. Әрбір шумақтан кейін нота дыбысы музыкалық тақтаға орналастыру домбыра аспабында ойнау)
Ноталарға қысқаша қайырым
До нотасына қысқаша қайырым:
Мен отырмын бақылап,
Бірінші сызық жақын-ақ!
До нотасы болған соң,
Көтерілем сатылап.
Ре нотасына қысқаша қайырым:
Мен ре, ре мін, ре мін,
Ре ретінде білемін,
Бірінші сызық астында ,
Қатарлсып келемін.
Ми нотасына қысқаша қайырым:
Бірінші сызық үстіне,
Шығып алдым, күш міне!
Ми нотасы боламын,
Естеріңе түсті ме?
Фа нотасына қысқаша қайырым:
Мен фа, фа нота болғасын,
Екі сызықтың ортасын,
Иеленіп жатырмын,
Меншігімді қорғасып.
Соль нотасына қысқаша қайырым:
Соль мін, соль мін, тұз деме,
Төменнен де іздеме,
Екінші сызық үстінде,
Тұрмын түспей, түс десе.
Ля нотасына қысқаша қайырым:
Мен ля, ля, ля биікпін, биікпін,
Көңілдімін сүйіктім, сүйіктім!
Аяғым екінші сызықта,
Төбем үшке тиіп тұр, тиіп тұр.
Си нотасына қысқаша қайырым:
Си нота деп аталдым,
Рас, біраз мен қиналдым,
Үш сызыққа шыққанда,
Қасыма бәрің жиналдың.
До нотасына қысқаша қайырым:
До нотаның інісімін,
Танысайық бауырлар,
Барлығыңа сәлем беріп,
Мен түсемін сатылап.
Мұғалім: Бәрекелді!
«Мінсіз болсаң – тіл бар ма?
Құлақтан кіріп, бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар.», – демекші біз сабағымызды «Музыкалық үзіліс» айдарымен әрі қарай жалғастырамыз!
М У З Ы К А Л Ы Қ Ү З І Л І С !!!
Имашева Аиданың және де Ахмедия Асланның орындауында Бейсенғали Ғизатовтың «Біз өмірдің гүліміз» атты әнді домбыра аспабында ойнау;
Жағыпар Ақбота – халық күйі «Кеңес»;
Мұғалім: Өте жақсы! Ал енді, кезекті саз жұмбаққа берейік! Оқушылар шығып, әр күйден үзінді ойнап береді, және де компьютерден әннің, күйдің үзіндісі беріледі. Ал қалған оқушылар сол күйді естіп, саз жұмбақты шешуі керек.
Егер оқушылар саз жұмбақтың жауабын таба алмасаңыздар, келген қонақтардың да көмектесулеріне болады.
С А З Ж Ұ М Б А Қ
Тәттімбет – «Сарыжайлау» (компьютер);
Құрманғазы – «Аман бол, шешем, аман бол», (Мұғалім–Усейнова Ф.Г.);
Нұрғиса Тілендиев – «Куә бол» (компьютер);
Халық күйі – «Тепеңкөк», (Әбдіқасов Зият, 3 «Б» сыныбы)
«Әке арманы» (Кенжалиев Әділхан, 5 «Б» сыныбы)
Халық күйі – «Келіншек», (Ғаппар Диас, 5 «А» сыныбы)
Ой қозғау
«Тақырыпты ашу»
Қай ұлттың болмасын өзінің ұлттық музыкалық аспабы болады. Музыкалық аспап белгілі бір ұлттың музыкалық өнерін насихаттаушы құрал.
Қазақ халқының музыкалық аспаптары сан алуан. Біздің ерте заманда өмір сүрген ата-бабаларымыз аспапты ойлап тауып, қолдан жасап ойнай білген екен. Ең алғаш пайда болған аспаптар — домбыра мен қобыз аспабы. Уақыт өте келе
аспаптың басқа түрлері де шыға бастайды: қылқобыз, шаңқобыз, жетіген, сыбызғы, асатаяқ, сазсырнай, дауылпаз, тұяқтас және т.б. (Суреттері көрсетіледі)
Бұл күні тұрақты орын алып төрден,
Әр үйдің санасына жарық берген.
Домбыра сырын жайып сан ғасырдың
Зар-мұңын бабалардың алып келген.
Домбыра туралы видеофильм «Бабалар аманаты – Ұлттық аспап - домбыра
Домбыра аспабы, бір сөзбен айтқанда, қазақ халқымен бірге жаралған деп айтуға болады.
М У З Ы К А Л Ы Қ Ү З І Л І С !!!
Ал енді, ортаға 8 «А» сынып оқушысын Құрманғазының «Алатау» күйін орындауға Исатай Арайлымды шақырамыз!
8 «Б» сыныбы Әбдіхалық Санжар – Құрманғазының күйі «Адай»
Cуретті-постер жасау
Ал енді, сіздер қолдарыңыздағы қосымша мәліметтерді пайдаланып суретті-постер жасайсыздар. Жасап болған топ өздерінің дайын екендерін алақанмен шапалақтау арқылы көрсетесіздер. Суретті-постер жасау үшін сіздерге берілетін уақыт саны – 3 минут. Суретті-постерді қорғауға (2 минут) топ басшысшы мен бір топ мүшесі ортаға шығады. Іске сәт!
1 топ Суретті-постер тақырыбы: «Домбыра, дауылпаз» | 2 топ Суретті-постер тақырыбы: «Қобыз, жетіген» | 3 топ Суретті-постер тақырыбы: «Асатаяқ, қоңырау» |
Мұғалім: Міне, балалар әр топтың дайындалғандары көрініп тұр!
Сабақты бағалау
Бағалау парағы
№ | Критерий
Аты-жөні | Үй тапсырмасын сұрақ-жауап арқылы тексеру | Саз жұмбақ | Суретті-постер | Қорытынды |
1 |
|
|
|
|
|
2 |
|
|
|
|
|
3 |
|
|
|
|
|
4 |
|
|
|
|
|
5 |
|
|
|
|
|
6 |
|
|
|
|
|
Мұғалім: Ал, балалар сіздердің ойларыңызды білгім келеді.
Ой-толғау. «Сыр-сандық»
Музыканы өмірмен қалай байланыстыра аласыздар ма?!
Сәтбаев қаласының мақтанышына айналған өнерпаздары туралы айтсаңыз.
Қаланың абыройын асқақтатқан, талант иелерін бір сөзбен қалай атауға болады?
Мұғалім: Ендігі кезекті ән мен күйге берейік! Жергілікті ақын Мәуия Бекмағанбетованың сөзіне және де композитор Нұрлан Керімбековтың әніне жазылған «Сәтбаев вальсі» атты әнді оқушылармен бірге 5 «А» сынып оқушысы Жағыпар Ақботамен бірге қосылып айтайық!
Сабақты қорытындылау
Мұғалім: Ал, енді бүгінгі сабақтан алған өздеріңіздің білімдеріңізді, көтеріңкі көңіл-күймен, барлығымыз бірігіп, халықтың «Еркем-ай» әнін тартайық;
Келесі тыңдайтындарыңыз халықтың «Жастар» күй;
Рефлексия
Мұғалім: Әр топтың алдарында түрлі-түсті стикерлар жатыр, сіздер осы стикер бетіне сабақтан алған әсерлеріңізді жазып, ортаға шығып рефлексия жасаймыз.
Күй ойнайды қазағымның қанында,
Күй ойнайды қазағымның жанында.
Жүрегінің, жүрегінің, жүрегінің дүрсілі –
Күмбірлеген домбырасы барында.