Меню
Разработки
Разработки  /  Прочее  /  Практикумы  /  10 класс  /  Критериалды бағалау - сапалы оқу негізі

Критериалды бағалау - сапалы оқу негізі

Жаңартылған білім беру мазмұны аясында критериалды бағалаудың тиімділігін түсіндіру.

11.12.2017

Содержимое разработки



Тақырыбы


Критериалды бағалау – сапалы оқу негізі.



Мақсаты




Бүгінгі заман талабына сай, жаңа ағымға қабілетті, өзі шешім

қабылдай алатын, өздігінен білім алуға ынталы тұлғаны

қалыптастыру. Критериалды бағалау жүйесі арқылы оқушының белсенділігін арттыру, оқу үрдісіне жарыса, бәсекелесе білім алуға қол жеткізу.



Күтілетін нәтиже



Мұғалімдер коучинг сабағының соңына дейін, бағалаудың кез-келген оқушы жұмысында қолданылатын критерийлерімен танысады. Коучинг сабағынан соң, мұғалімдер критерий арқылы бағалауды үйренеді.

- Оқушының жеке басы емес, тек қана жұмысы бағаланады;

- Оқушыға бағалау алгоритмі алдын-ала белгілі болады;

- Білім берудің  сапасын артады;

 


Ресурстар



Интерактивті тақта, ақ қағаздар, плакаттар, фломастер, желім, скоч, қайшы.


Жүргізу барысы



І. Ұйымдастыру:

Қош келдіңіздер, құрметті қонақтар!

1. СЕРГІТУ СӘТІ. “ Бағбандар” жаттығуы. картоп  егу  кезіндегі  іс-әрекеттерді  қимылмен  көрсету. /картоп егетін жерді тырмалау, қазу, топырақты қопсыту, тұқым егу, суару, шөптеу, топырақты қопсыту./

Мақсаты: Мұғалімдердің көңіл- күйі көтеріледі, аз да болсын денесі шынығады;

Енді өскен егінді жинаймыз.

2. ТОПҚА БӨЛУ . « Түстер» арқылы ұжымды 4 топқа бөлу.

Жаңартылған білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты-білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді.

Бастауыш сынып пәндеріне арналған оқу бағдарламаларындағы оқу мақсаттары оқушылардан шынайы проблемаларды анықтап зерттей білуді талап етеді. Негізінен жаңартылған білім жүйесі құзыреттілікке және сапаға бағытталған бағдарлама. Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АҚТ –ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу.

1) Топтардың таныстыруы, топ басшысын сайлауы.

Әр топ «МИКС» жаттығуы арқылы алдымен тапсырмасын таңдайды, жұмыстарын қорғайды – 5 мин.

а) Осы тапсырманы көрші топта бағалау

ә) Тақтадағы критерий арқылы бағалату

Критерийлер: - тақырыптың ашылуы

  • топ мүшелерінің толық қатысуы

  • аталған әдісті ұтымды пайдалануы

Теория Слайдты көрсету /Критериалды бағалау бойынша./

«Бағалау» термині «жақын отыру» дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандығы кездейсоқ емес, себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін-өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылады. Бағалаудың мақсаты:

- Оқытудың қиындықтарын анықтау;

- Жетістіктер туралы кері байланыс (оқушылар, мұғалімдер және ата-аналар үшін);

- Болжау және сұрыптау;

- Стандарттарды бақылау және орындау;

- Оқыту бағдарламасының мазмұнын және білім беру стилін бақылау

Критериалды бағалау қалыптастырушы және жиынтық бағалау түрлеріне бөлінеді. Қалыптастырушы бағалау - оқу үдерісін дер кезінде түзетуге мүмкіндік беретін, білім алушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етіп, үздіксіз жүргізілетін бағалаудың түрі. Жиынтық бағалау – белгілі бір оқу кезеңін (тоқсан, триместр, оқу жылы, орта білім деңгейі), сондай-ақ оқу бағдарламаларындағы бөлімдер/ортақ тақырыптарды аяқтаған кезде балл және баға қою арқылы жүргізілетін бағалау түрі. Бағалаудың бірыңғай стандартын белгілеу үшін оқушылардың жиынтық жұмыстарының нәтижесін талқылау үдерісі - модерация. Рубрика бағалау критерийлеріне сәйкес оқу жетістігінің деңгейлерін көрсету құралы.

3) Рефлексия

Видеороликті дыбыстау «Бүгінгі күннен әсерім» тақырыбына Өз дауысыңызбен бүгінгі күн, семинар барысы, критериалды бағалау жайында мультфильм кейіпкерлерін сөйлетіңіз.

5) Сабақтарды талдау Сөз аудандық білім бөлімінің әдіскерлеріне беріледі
















-75%
Курсы повышения квалификации

Профессиональная компетентность педагогов в условиях внедрения ФГОС

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Критериалды бағалау - сапалы оқу негізі (47 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт