Меню
Разработки
Разработки  /  Биология  /  Уроки  /  9 класс  /  Криптозойда тіршіліктің дамуы. Архей. Протерозой.

Криптозойда тіршіліктің дамуы. Архей. Протерозой.

Жер тарихы (ұзақ уақыт аралығы) — заманға, заман — кезеңге, кезең—дәуірге, дәуір—ғасырға бөлінеді. Заманның аттары: 1. Архей -ежелгі заман 2. Протерозой - алғашқы тіршілік 3. Палеозой —ертедегі тіршілік 4. Мезозой — ортадағы тіршілік 5. Кайнозой — жаңа заман

19.04.2018

Содержимое разработки


Сабақтың тақырыбы: Криптозойда тіршіліктің дамуы. Архей. Протерозой. Жануарлардың алуантүрлілігінің күрт жоғарылауы. Палеозой заманында тіршіліктің дамуы. Кембрий, Ордовик, Силур, Девон, Тас көмір, Пермь.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Криптозойда тіршіліктің дамуы. Архей. Протерозой. Палеозой туралы түсінік қалыптастыру;
Дамытушылық: Тіршіліктің пайда болу теориясын талқылау арқылы оқушылардың білімді өздігінен меңгеруі, оқулықпен жұмыс істеу дағдысын, ой-өрісін, шығармашылығын, ізденімпаздығын дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларды қызығушылыққа, ізденуге және ойлауға үйрету, бірлікке, өз ойларын ашық айтуға дағдыландыру, дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыру.
Сабақтың әдісі: аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайд, бңлңм ленд, тірек-сызба, сурет, оқулық , т.б.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі: амандасу, түгендеу, журнал толтыру. Білім алушылардың көңіл-күйін сұрау. Психологиялық ахуал туғызу. Топқа бөлу
II. Үй тапсырмасын тексеру:
Сұрақтар: 1-топ
1.“Эволюция” терминін енгізген ғалым? Ж.Б. Ламарк
2. Эволюция дегеніміз не? Органикалық дүниенің тарихи дамуы
3. Эволюцияның қозғаушы күштері?Тұқымқуалаушылық, өзгергіштік, тіршілік үшін күрес, табиғи сұрыпталу
2-топ
1. Ч.Дарвиннің пікірі бойынша эволюцияның басты қозғаушы күші? Сұрыптау
2. Тіршілік үшін күрестің ең қатал түрі? Түрішілік
3. Алғашқы эволюциялық теорияның авторы? Ж.Б.Ламарк
3-топ
1. Микроэволюция дегеніміз не? Жаңа түрлер мен түршелердің пайда болуы
2. Эволюция себептерін дұрыс көрсеткен ғалым? Ч.Дарвин
3. Ұзақ уақыт бойы тірі ағзалардың біртіндеп жетілу үдерісі? Эволюция
Тест тапсырмасы:
1.Алғашқы эволюционист деп қай ғалымды атайды?
А) Ж.Б.Ламарк В) Л.Уоллес С) Ч.Дарвин Д) К.Линней
2. Тірі табиғаттың алғаш ғылыми классификациялануын кім ашты?
А) Ж.Б.Ламарк В)Л.Уоллес С)Ч.Дарвин Д) К.Линней
3. Эволюцияның басты қозғаушы күші не?
А) Өзгергіштік В)Табиғи сұрыпталу С)Тұқымқуалаушылық Д)Тіршілік үшін күрес 4.Әр алуан тіршілік жағдайында пайда болып, ағзаның құрылым деңгейін күрделендіретін эволюциялық өзгеріс?
А)Дегенрация В)Конвергенция С)Ароморфоз Д)Дивергенция
5.Эволюцияның қарапайым өлшемі:
А) дара В) ареал С) популяция
6. Эволюция теориясын жасаған ғалымдар:
А) Ч.Дарвин, Ч.Лайел В) Ч.Дарвин, А. Вейсман С) Ч.Дарвин, Ж. Ламарк Жауаптары: 1. А 2.Д 3.В 4.С 5.С 6.С III. Жаңа сабақ материалын түсіндіру:
Жер тарихы (ұзақ уақыт аралығы) — заманға, заман — кезеңге, кезең—дәуірге, дәуір—ғасырға бөлінеді. Заманның аттары:
1. Архей — ежелгі заман
2. Протерозой — алғашқы тіршілік
3. Палеозой — ертедегі тіршілік
4. Мезозой — ортадағы тіршілік
5. Кайнозой — жаңа заман
Архей заманында тіршіліктің дамуы
Протерозой заманында тіршіліктің дамуы
Палеозой заманындағы тіршіліктің дамуы
Палеозой заманы  6 кезеңнен тұрады: кембрий, ордовик, силур, девон, тac көмір, пермь.
Мезозой заманы.
Кайнозой заманы.


4. Жаңа сабақты қорытындылау:
Архей — ежелгі заман, Протерозой — алғашқы тіршілік, Палеозой — ертедегі тіршілік, Мезозой — ортадағы тіршілік, Кайнозой — жаңа заман. 5. Жаңа сабақты бекіту, меңгерту: Сәйкестігін тап:
1.Алғашқы тіршілік а Антропоген
2.Ежелгі заман ә Девон кезеңі
3. Ұзындығы 1,5, салмағы 50 кг балық б Мезозой
4. Балықтар кезеңі в Тирас
5. Жерде тас көмір қабаты пайда болған кезең г Архей
6. Ортадағы тіршілік ғ Кайнозой
7. Биіктігі 30-40 м, ені 1-2 м ағаш тектес плаун д Тас көмір кезеңі
8. Жаңа өмір е Протерозой
9. Адам пайда болды ж Латимерия
10”Динозаврлар ғасыры” з Лепидодендрон
Жауаптары:
1-е, 2- г, 3- ж, 4-ә, 5-д, 6-б, 7-з, 8-ғ, 9-а, 10-в

Постер қорғау:
1-топ: Архей
2-топ: Протерозой
3-топ: Палеозой

Үй тапсырмасын беру: §48-50 оқу, мазмұндау; Замандарға байланысты қызықты деректер дайындау.





























































Тест тапсырмасы:

1-топ:
1. Геологиялық мерзімнің ең ірі бөлігі
а) кезең ә) заман б) дәуір
2. Ең ежелгі заман
а) Архей ә) Протерозой б) Кайназой
3. Құпиялы тіршілік дәуірі
а) палеозой ә) криптозой б) мезозой
4. “Строматолитос” сөзінің мағынасы
а) тіршілік ә) дүние б)таскілем
5. Протерозой заманында пайда болды?
а) балдырлар ә) сүтқоректілер б) құстардың пайда болуы

2-топ:

1. Палеозойдың бірінші кезеңі
а) силур ә) кембрий б)ордовик
2. Риниофиттер деген не?
а) алғашқы құрлық өсімдіктері ә) өсімдіктің тамырсабағы б) жапырақ
3. Ордовик қанша жылға созылды
а) 45млн ә) 35млн б) 55млн
4. “Балық ғасыры”
а) девон ә) силур б) карбон
5. Тау түзілу аяқталған кезең?
а) девон ә) силур б)пермь

3-топ:

1.Кембрийдің негізгі ерекшелігі
а) құрлық түзіле бастады ә) алып қырық жапырақтар қалыптасты б) таулар түзілді
2. Орал тауларының қалыптасуы аяқталды?
а) пермь ә)бор б)триас
3. Тұяқтылар пайда болды
а) антропоген ә) неоген б) палеоген
4. Жабық тұқымды өсімдіктер пайда болды?
а) силур ә) бор б) триас
5. Силур қанша жылға созылды
а) 33млн ә) 23млн б) 35млн

Постер қорғау:
1-топ: Архей
2-топ: Протерозой
3-топ: Палеозой

Үй тапсырмасын беру: §48-50 оқу, мазмұндау;
Замандарға байланысты қызықты деректер дайындау.

VII. Бағалау

-75%
Курсы повышения квалификации

Методика обучения биологии в условиях реализации ФГОС

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Криптозойда тіршіліктің дамуы. Архей. Протерозой. (62.79 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт